Таусоғарова А



бет20/33
Дата14.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#483222
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
annotation18047

Тақырыптары: Э. Роштың прототиптер туралы теориясы.

  • Прототип ұғымының семантикаға енгізілу жайлары (Э.Рош).

  • Категорияның ішкі құрылымы: прототип және периферия.

  • Прототип ұғымының Дж. Лакофф, Ч.Филлмор еңбектерінде жалғасын табуы. Америка психологы Э.Рош семантиканы зерттеуде прототип ұғымын енгізді. Э.Рош тікелей зерттеу нысаны ретінде “табиғи” (түр-түс, форма т.с.с.) және “семантикалық” (жеміс, құс, ауру, жиһаз т.б.) категорияларды атайды. Зерттеу нәтижелері соларға сәйкес сөздердің семантикасына таралуы мүмкін: қызыл, жеміс, құс т.б. Э.Рош бойынша, кез келген категория ішкі құрылымға ие: ол прототиптен және перифериядан тұрады. Прототип – бұл белгілі бір категориядағы эталон мүше, онда сол категорияға тән негізгі белгілер қамтылады (мысалы, торғай, бүркіт, бозторғай, сауысқан т.б. – құс. Негізгі белгілері: қанаты, ұшатыны). Прототип бойынша, категорияны тұтастықта тануға болады. Әрбір категорияға тән белгілер жиынтығы – прототип: 1) тірі; 2) ұшады; 3) қанаттары бар; 4) қауырсыны бар; 5) тұмсығы бар; 6) жұмыртқа салады; 7) құрт, құмырсқа, дәнді қорек етеді; 8) сайрайды; 9) еркіндікте өмір сүреді т.б.

Белгілердің иерархиясы категорияның құрылымын, оның ядросы мен перифериясын сипаттауға мүмкіндік береді, яғни тілді тұтынушының (тіл иесінің) эксперимент барысында көрініс беретін интуициясы. Тілді тұтынушының құс туралы таным-түсінігін бейнелейтін осы белгілерге сәйкес бұлбұл бүркітке қарағанда құсқа көбірек жақындайды; ал бүркіт страуспен салыстырғанда құс ретінде дәрежесі жоғары. Сол сияқты өлі құс немесе құстың суреті тірі құсқа қарағанда құс ретіндегі дәрежесі төмен.
Сондай-ақ осы белгілердің барлығы емес, жартысы ғана тән болса, онда ол құс категориясының перифериясына жатады. Құстың түрі осы категорияға тән маңызды белгілердің қайсысына ие, және қанша белгіге ие болуына қарай иерархия түзіледі: 1) торғай, шымшық; 2) бүркіт, қаршыға; 3) тауық, үндік; 4) пингвин, түйеқұс; 5) өлі құс, қарақшы құс (чучело птицы); 6) құстың мүсіні немесе скульптурасы. Кейбір құсқа жатпайтын объектілер жоғарыда санамаланған құсқа тән белгілерге ие: мысалы, самолет (ұшады, қанаты бар). Құс категориясының прототипі – торғай, себебі ол осы категориядағы типтік өкіл. Прототиптің анықталуы тілдік және мәдени ерекшеліктерге байланысты. Мысалы, орыс және американдық мәдениетте жеміс категориясының прототипі бірдей емес. Орыс мәдениетінде – алма болса, американдықтарда – апельсин. Лингвистикада прототиптік тұрғыда зерттеу Дж. Лакофф, Ч. Филлмордың еңбектерінде де жалғасын тапты.
Әдебиеттер:

  1. Лакофф Дж. Мышление в зеркале классификаторов // НЗЛ. Вып. ХХІІІ. М., 1988. с. 350-368.

  2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. –Уч. пособие. М., 2004.

  3. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет