Суды дезодорациялау
Бұл – суға органикалық емес қосылыстардың енуіне байланысты пайда болатын исі мен дәмділігін жойып, оның минералдық құрамын жақсарту үрдісі. Сонымен қатар, негізінен табиғи жер беті суларында органикалык заттардың (балдырлардың, бактериялардың және де басқа су организмдерінің ыдырауынан) болуына байланысты биогенді исі мен дәмділігі болуы мүмкін. Суды тазарту және хлорлау судың бұл қасиеттерін едәуір мөлшерде жояды, бірақ түбегейлі емес, сондықтан бұл жағдайда көбіне арнайы өңдеу әдістерін қажет етеді:
Суды калий перманганатымен немесе сутегінің асқын тотығымен өңдеу. Реагенттерді суға тұндырғыштардың немесе сүзгілердің алдында қосады, ал мөлшерін тәжірибе арқылы анықтайды.
Суды активтелген көмірмен өңдеу (көмірлеу). Бұл кеңінен қоладанатын әдіс болып табылады. Ол жеке немесе хлорлау әдісімен бірге қолданылады. Көмір шаңы суға суспензия түрінде тұндырғыштың алдында қосылады. Көмірлеу үшін көмірдің ең жоғарғы маркасі ОУ және А – сілтілік түрлері едәуір жарамды.
Аэрация.
Достарыңызбен бөлісу: |