Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет18/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Суды фторлау

Суды фторлау кезіндегі негізгі кезең фтордың қажетті мөлшерін тандау болып табылады. Судың құрамындағы фтордың шекті көрсеткіші 0,7-1,5 мг/л. Суды фторлау үшін келесі реагенттер қолданылады:



  • Фторлы натрий. Судың кермектігі 4 мг-экв/ластаған жағдайда 1-2 пайызды ертіндісі түрінде қолданылады.

  • Кремний фторлы натрий – супер фосфаты өндірісіндегі жанама өнім. Ең оңай өндірілетін, арзан, реагент құрамындағы фторы 60%-ға дейін жетеді.

  • Фторид — аммоний бифториді. Ерігіштігі жоғары 6 пайызды ерітінді түрінде кездеседі.

  • Кремнефторлы қышқылы. Реагентті ауыз суды дайындайтын су кұбырының таза су жинайтын резервуарына қосады немесе сүзгіден өткізу алдында қосады. Егер реагентті коагулянтпен бірге қосса, онда фтор шығын болуы мумкін. Жер асты суынан су тасымалдау жүйесінде реагентті таза су резервуарынан түсер алдында қосады. Құрамында аммоний бар фтор реагенттері хлордың залалсыздандыратын әсерін төмендететінін ескерген жөн.

  • Суды фторлаудағы санитарлык бақылау:

  1. Жерлікті жағдайға байланысты фтордың оптимальді мөлшерін білу.

  2. Реагенттің түрін және оны қосатын жерін келісу.

  3. Мөлшердің дәлдігін бақылау.

  4. Реагентпен жұмыс істейтін адамдардың еңбегін қорғауды бақылау.

Суды фторлаудың тиімділігін білу үшін 2–3 сынып оқушыларының кариеспен зақымдануын тексереді. Егер тиімділігі аз болса, бірақ флюороз жоқ болса, судағы фтордың деңгейін көтеруге болады.

Суды залалсыздандыру әдістері



Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде пайдаланатын суды тазарту әдістері (мөлдірлендіру, түссіздендіру т.б.) оның бактериялық ластануын едәуір төмендетеді, бірақ эпидемиялық қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ішек инфекциясының берілуін болдырмау үшін су залалсыздандырылуы қажет. Қазіргі уақытта суды залалсыздандырудың көп әдістері бар, солардың ішінде көбірек белгілі болғандары: хлорлау, озондау, суды ауыр металдардың иондарымен өндеу, гамма сәулесімен әсер ету, улътракүлгін сәулелерімен және ультрадыбыспен әсер ету және т.б.. Дегенмен де сумен қамтамасыз етуде залалсыздандырудың үш әдісі жиірек қолданылады: хлорлау, озондау, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет