Суды тұндыру
Тұндырғыштар суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Олар сүзгілердің жұмысын жеңілдетеді және заттарды 10-20 мг/л-ге дейін азайтады. Тұндырғыштың жұмыс тиімділігі оның сыйымдылығына тура пропорционал.
Судың қозғалу бағытына байланысты тұндырғыштар үш түрге бөлінеді: көлденең, тік, радиальды.
Көлденең тұндырғыштар: тік бұрышты, ұзындығы 40-100 м болатын резервуары бар, онда судың баяу жылжуы нәтижесінде өлшенділер тұнбаға түседі.
Көлденең тұндырғыштың схемасы: 1 – ластанған судың түсуі; 2 – тұндырылған судың шығуы.
Тұнбаның шөгуі үшін қолайлы жағдай қажет: тұндырғыштың ұзындығы үлкен және биіктігі төмен болуы керек. Тұндырғыштың ұзындығының тереңдігіне қатынасы 10-нан кем болмауы кажет. Шөгінділердің лай жиналатын науаға және шұңқырға сырғып түсуі үшін, тұндырғыштың түбі көлденең және бойлай еңістеу болады. Тұндырғыштағы судың қозғалу жылдамдығы 2-4 мм/сек. Көбіне тұндырғыш қатар жүмыс істейтін бірнеше коридорларға бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде екі қабатты және көп қабатты көлденең тұндырғыштарды пайдалану да орын алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |