3.6 Қосымша материалдар мен тапсырмалар
Алматы қаласы аудандарының гербтерінен
Төмендегі гербтерге сипаттама беріңдер.
Жетісу ауданының белгілері.
|
Медеу ауданының белгісі.
|
Алмалы ауданының белгісі.
|
Әуезов ауданының белгісі.
|
Төмендегі гербтер қай қалаға тән және олар қашан қабылданған?
Олардың әрқайсысына сипаттама беріңдер.
Тест сұрақтарына дайындық.
Гербтер неден, қалай жасалған және олар нені білдіреді?
Металлдар
Алтын – сары түсті. Байлықты, қуатты, адалдықты және тазалықты бейнелейді.
Күміс – ақ түсті. Кінәсіздікті, ақтықты, пәктікті білдіреді.
Түстер
Бес геральдикалық түс келесі атаулар мен белгілерді білдіреді:
Қызыл (Марс) – жоғарыдан төмен қарайғы сызық. Батырлықты, ерлікті, қайсарлықты білдіреді.
Жасыл (Шолпан) – қалқанның жоғарғы сол жақ бұрышынан төм енгі оң жағына қарай жүргізілетін сызықшалар. Сенім мен молшылықты білдіреді.
Қара (Сатурн) – түзу бұрыштың астынан жүргізілетін сызықша. Ұстамдылықты, білімділікті, қайғыны білдіреді.
Көкшіл (Меркурий) – қалқанның бір шетінен екіншісіне қарай жүргізілетін горизонталды сызық. Ұлылыұты, сұлулықты және айқындықты білдіреді.
Қызғылтым көгілдір (пурпурлық) (Меркурий) – оң жақ жоғарғы шеттен астыңғы сол жақ шетке қарай диагонал бойынша жүргізілген сызық. Күш, құдыреттілік белгісі.
Терілер
Ақкістің терісі - тазалық символы.
Ақтиін терісі - тазалық
Табиғи фигуралар
Гербтерде табиғи фигуралар жиі кездеседі.
Періште –екі, төрт және алты қанатты ретінде бейнеленеді
Арыстан – кең таралғангеральдикалық аң. Әдетте күш, ерлік және ақкөңілділік ретінде сипатталады.
Қабылан – қайсарлық пен ерліктің символы
Жылқы – ерлік, қырағылық, күш, жылдамдық, икемділік символы
Ит –берілгендік пен бағыныштылық белгісі
Мысық – тіуелсіздік бейнесі.
Қасқыр – жауыздық, ашқарақтық және сараңдық бейнесі
Аю – сақтықтың белгісі
Бұқа – жерд құнарлылығы бейнесі
Қой – жуастық, ауыл өмірі белгісі
Ешкі – көктем символы
Бұғы – жеңіскер жауынгер бейнесі.
Қабан – ерлік пен батылдық символы
Құстар
Қыран - билік, өктемдік, кеңпейілдік пен көрегендік символы
Қарға – көпжасаушылық, сақтық
Әтеш – күрес, шайқас
Көкқұтан – қырағылық, қорқақтық
Тауыс – мақтаншақтық, өркөкіректік
Достарыңызбен бөлісу: |