Тегін ұсынады! М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса»


Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата30.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
ЭССЕ ЖАУАПТАРЫ(1)

12.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер 
жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз. 
Кеңестік дәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ 
әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсірепов есімі аталады. Оның 
қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, очерктер, новеллалар туды. «Оянған өлке» 
романы – жазушымыздың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі. Осы 
романдағы неғұрлым анығырақ көрінген Игіліктің бейнесін сомдаудағы ақынның 
шеберлігі қандай? 
Жазушы Игілік тұлғасын мүсіндеуге айрықша көңіл бөледі. Қыруар малы бар екі 
байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын көрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру 
шынында да тиімді тәсіл. Күш теңесіп, ерегіскен байлар мінездік ерекшелігімен 
көрінбеуге реті жоқ. Авторлық баяндаулардан Игіліктің мән-жайын білеміз. Оның 
екі баласы екі жерде болыс екені, Игіліктің он екі мың жылқысы бар екені айтылады. 
Бұдан кейін де жазушы кейіпкердің өмірін, мінезін ашарлықтай мәлімет, деректі әр 
жерде толықтырып, үстемелей баяндайды. Автордың айтуынан Игіліктің тағы бір 
сырын танимыз. Оны автор: «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын 
да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін»,-деп суреттейді. Сонымен 
қатар ол өзінің байлығы мен салтанатын жүрт мақтағанды ұнататын, бірақ
сырттай белгі бермейтін адам. Жалпы алғанда, жазушының Игілікті өз тарапынан 
мінездеуі едәуір орын алады. Сондықтан да мұны суреткердің характер жасаудағы 
жүйелі тәсілі деп айтуға болады. Игілік тұлғасы өте қомақты, оның сөйлеуінен де 
өзіндік өрнек бар. Осының бәрі қосылып келгенде, жазушының қаһарманды даралап 
көрсету үшін көптеген сурет мүмкіншіліктерін пайдаланғанын аңғарамыз. 
Қорытындылай келе, «Оянған өлке» әдебиет жұртшылығынан жоғар бағаға ие 
болған. Шынында, бұл романнан жазушының суреткерлік шеберлігі арта түскен, өте 
қиын тақырыпты меңгеру үшін көп іөзденгені анық аңғарылады. «Оянған өлкенің» 
басты селкеуі, меніңше, құрылыстық, сюжеттік жүйелік жағында. Ал сюжет – 
автордың алған тақырыбын, идеясын, образдар жүйесін, жалпы жарияламақ болған 
мұратын қаншалық екшеп, талғап, болған-болмағанын байқататын таразы. 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 
https://vk.com/mega_education
 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет