Тегін ұсынады! М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса»


С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген



Pdf көрінісі
бет16/49
Дата30.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456535
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
ЭССЕ ЖАУАПТАРЫ(1)

16.С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген 
махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз. 
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы өлең үлгілерін әкелгендердің 
ортасында Сырбай Мәуленовтің орны ерекше. Сырбай Мәуленов – қазақтың ұлттық 
әдебиетінің классигі. Ақын өмірдің сан түрлі құбылыстарына мән беріп
талғампаздығының арқасында әсерлі жырлар жазды. Әрбірімізге Отанымыз 
қаншалықты қымбат болса соншалықты ақынға да туған жері қымбат. Осыған 
орай ақынның «Шөңге», «Қаратау» өлеңдерінде туған жерге деген махаббаты 
сипатталады. «Шөңге» өлеңінде туған жеріне деген сағынышын бірғана тікенек 
арқылы сипаттайды. Оны біз: 
Сағыныппын, дариға, туған жердің, 
Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де,- 
деген жолдардан біле аламыз. Ақын үшін туған жер дүниедегі ең ұлы, ең асылдардың 
бірі. Себебі, ол – кіндік қаны тамған жер, бақытты балалық шақ өткен жер.ақын 
бұл туралы: 
Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім, 
О, туған жер, сен күнсің балаң үшін. 
Қалтама сол шөңгеңді салып алдым
Бала күнді еске алып қарау үшін, -
деп жырлайды. Расул Ғамзатовтың: 
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы, -
деген өлең шумақтары сияқты Сырбай ақын да Атырау мен Алтай арасындағы 
байтақ табиғатқа арнаған құрметі ретінде «Қаратау» өлеңін жазды. Ақын ойынша 
қазақ тауының бабасы – Қаратау. Шексіз махаббатқа ие ақын жүрегі Қаратауды 
бірде бақ-берекеге теңесе, бірде алтын қазынаға, мол кен-құрышқа теңейді. 
Қаратау – кен-құрыш, 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 
https://vk.com/mega_education
 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 
 Қаратау – өндіріс. 
Халқымның бақ-құты, 
Қаратау – мол ырыс. 
Қортындылай келе, ақын екі өлеңде де туған жерін, елі, оның табиғатын асқан 
шеберлікпен, нәзік сезімімен жырлайды. Өлеңдерді оқу арқылы сағыныш 
шебін,жүрегіне мейірім ұялатқан табиғат перзентін көрдім, сезіндім. Сырбай 
Мәуленовтің сырлы да, әуезді, мол махаббатқа толы осы шығармалары арқылы 
«Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деп бекер айтылмағанын түсінесің. 
Оның әдебиет әлемінде орны зор. Оның сырға толы өлеңдері әрдайым халық 
жадында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет