Тегін ұсынады! М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса»


Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы»



Pdf көрінісі
бет29/49
Дата30.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456535
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
ЭССЕ ЖАУАПТАРЫ(1)

29.Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» 
өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз. 
Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны, аудармашысы болып табылады. Ұлы 
ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» деген ұлы өлеңдері 
көптің көңіліне ой салатын өлеңдері болып табылады. Бұл өлеңдер талдауды қажет 
етеді. 
Бірінші «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіне талдау жасап көреді. «Құлақтан 
кіріп, бойды алар...» Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте 
күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Бұл 
өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 
https://vk.com/mega_education
 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 
Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімаланып 
алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Ал «Өлең – сөздің 
патшасы, сөз сарасы» өлеңіне де кезек келді. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты 
көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін 
ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған 
жоқ-ты. Ең алдымен бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары, әлеуметтік 
тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. 
Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын 
танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық 
жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін 
биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал 
шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де 
даналықтың айғағы дейді.
Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең 
бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан 
поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.Келесі бір-екі шумақта 
Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша 
еңбеделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға 
ұстаздықетуші әулие ғұламасы –бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ 
қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды 
сөз етіп отырған жоқ. 
Қорыта келе, Абайдың бұл өлеңдері қазақ әдебиетінің төрінен ойып тұрып орын 
алды. 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет