3.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз. Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі І.Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді. Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын атаұты пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз. Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көзіміз жетеді. «Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің ашуы жатыр. Құлагердің жүйрік, нағыз сәйгүлік болуы көптің ішіне іштарлық құртын түсіргені белгілі. Сол замандағы әлеуметтік мәселені қозғайтын болсақ таяқтың бір ұшы осыған келіп тиеді. Бұл тек сол заманның ғана емес адамзат баласының тарихында әр кезде басты мәселе болатыны анық. «...Тірегі көңілімнің бәйтерегім, Бұл жерге қалайша құлап едің?» - деген жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған ғасырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, адамдардың пендешілігінен. Ал адам баласы пендешілікке салынбай ақыл мен жүрегінің үнімен жүрсе ешқашан ақ жолдан адаспас еді. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз. Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге толтыратын болса мұндай мәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- демекші кез келген нәрсенің қадірін білейік.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!