Техникалық және кәсіптік білім берудің "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары


Техникалық және кәсіптік білім берудің "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет3/3
Дата18.05.2023
өлшемі92.19 Kb.
#473891
1   2   3
ТУП-ТОРА-каз-553

Техникалық және кәсіптік білім берудің "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Код және профиль: 1200000 – Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану
Мамандығы: 1201000 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Біліктілік: 120107 2 – Автокөлікті жөндеу слесарі
120109 2 – Көліктерді жөндеу шебері
120112 3 – Техник-механик

Базалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Модульдің атауы

Модульге қысқаша шолу

Оқыту нәтижелері және бағалаудың өлшемшарттары

Модульді қалыптастырушы пәндер

Базовые модули

БҚ 1. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану

БМ 01. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану

Бұл модуль кәсіби қызметте қазақ (орыс) және шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар іскерлік қазақ (орыс) және шетел тілінің және кәсіби лексиканың негіздерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін (сөздікпен) қажетті қазақ (орыс) және шетел тілінің лексикалық және грамматикалық минимумын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Өзінің кәсіптік қызметі саласында тілдесу үшін қазақ (орыс) және шетел тіліндегі грамматика мен терминологияны меңгеру.

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі Кәсіптік шетел тілі

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кәсіптік қатынасу үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды меңгереді.
2. Мамандығы бойынша терминологияны қолданады.

Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіби бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқиды және аударады (сөздікпен);

Оқыту нәтижесі: 3) Қазақ (орыс) және шетел тіліндегі кәсіби диалогтік сөйлеу тілін енгізу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жағдайға байланысты қисынды және ретті пікір айта алады.
2. Кәсіби қарым-қатынас үдерісінде диалог жүргізе біледі.

БҚ 2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде құрастыру және ресімдеу

БМ 02. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыру

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыруға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс жүргізу негіздерін; іскерлік құжаттарды жасау тәсілдері мен функцияларын; құжаттардың жіктелуін, тасымалдағыштар, мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде құрастырады.

Оқыту нәтижесі: 1) Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Құжаттардың түрлері мен жіктелуін сипаттайды.
2. Құжаттардың ақпараттық және коммуникативтік функциясын түсінеді.
3. Құжаттардың құрылымын анықтайды.
4. Қызметтік құжаттардың негізгі деректемелерін қолданады.
5. Құжаттың мәтініне қойылатын талаптарды сақтайды.
6. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс жасайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде жасау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын және "Техникалық реттеу туралы" және "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" ҚР Заңдарына сәйкес техникалық реттеу саласындағы қатынастарды реттейтін құжаттар туралы ұғымын меңгерген.
2. Еңбек шартының қажетті талаптары туралы ақпаратты меңгереді.
3. Түйіндемені, өмірбаянды, мінездемені, өтінішті, арызды, сенімхатты, қолхатты мемлекеттік тілде құрастырады.

БҚ 3. Физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру

БМ 03. Физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру

Бұл модуль жеке қасиеттерді және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін, жеке және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, салауатты өмір салтының негіздерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын ұдайы жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайтуы; кәсіби тұрғыда маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамытуы; өзін-өзі бақылау және ағзаның функционалдық жай-күйін бағалау дағдыларын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау.

Дене тәрбиесі

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Салауатты өмір салты негіздері мен мәдениетін ұғынады.
2. Бұлшық етке жүктеме түскен кездегі тыныс алу, қан айналым және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері қызметінің физиологиялық негіздерін сипаттайды.
3. Жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар кешенін орындайды.
4. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Командалық спорттық ойын қағидаларын сақтайды.
2. Денет тәрбиесі жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін сипаттайды.
3. Жаттығуларды орындау техникасын меңгереді.
4. Үйренген ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді оқу ойынында қолданады.
5. Бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тестілерін орындайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Жарақаттану және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.

Бағалаудың өлше
шарттары:

1. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді.
2. Жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

БҚ 4. Құқықтық негіздерді түсіну, өзін және өзінің қоғамдағы орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдау

БМ 04. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

Бұл модуль әлемнің философиялық бейнесін зерттеу, мәдениеттің болмысы мен арналуын түсіну; азаматтық құқықтар мен міндеттерді сақтау; қоғамның даму заңдылықтары мен перспективаларын, қазіргі замандағы әлемнің әлеуметтік-саяси үдерістердің даму үрдістерін түсіну негізінде ойлау мәдениетін қалыптастыруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарды және заңдылықтарды; мәдениеттерді, діндерді және өркениетті; мемлекеттік құқықтық қарым-қатынастар мен құбылыстардың жүйесін; азаматтар мен қоғамдағы саясаттың басқа да субъектілерінің өзара қарым-қатынастары жүйесінің жұмысын меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарға сүйенуі;
философияның негізгі мәселесі мен диалектика заңдарын түсінуі; әлемдік өрнениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын талдауы;
жалпы адамгершілік-адами құндылықтар мен гуманистік дүниетаным негізінде толеранттылық таныта білуі; адам баласын жек көрушілік, экстремистік, радикалдық және террористік идеологияларды мойындамауы; құқық нормаларын сақтауы; әлеуметтік өзара қарым-қатынастар барысында қалыптасатын әлеуметтік және саяси қатынастар жүйесінде бейімделеді.

Оқыту нәтижесі: 1) Жалпы философиялық мәселелерді жақсы білу.

Философия негіздері
Мәдениеттану
Құқық негіздері
Әлеуметтану және саясаттану негіздері

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Негізгі философиялық ұғымдарды меңгереді.
2. Философия тарихындағы таным үдерісінің мәнін және таным үдерісіне әр түрлі пікірлерді түсінеді.
3. "Диалектика", "диалектика заңдары", "болмыс", "материя", "қозғалыс", "кеңістік және уақыт" ұғымдарының мәндерін сипаттайды.
4. Философияның негізгі категорияларының мәні мен өзара байланысын анықтайды.
5. Әлемнің ғылыми, философиялық және діни көріністерінің ерекшеліктерін түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 2) Адам өмірінде еркіндік пен жауапкершілік, материалдық және рухани құндылықтар сияқты философиялық санаттардың арақатынасын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Тұлғаның өмірдің, мәдениеттің және қоршаған табиғи ортаның сақталуына жауапкершілік деңгейін сезінеді.
2. Ғылымның, техника мен технологиялардың дамуымен және пайдаланылуымен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалардың мәнін түсінеді.
3. Адам өміріндегі материалдық және рухани құндылықтардың қатынасы туралы жеке пікірін тұжырымдайды.
4. Өмір шындығы мен мәні туралы әр түрлі пікірлерді талдайды, осы түсініктерге қатысты өз пікірін қалыптастырады.

Оқыту нәтижесі: 3) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Отандық мәдениеттің тарихын, дәстүрлі қазақ мәдениетінің құндылықтарын біледі.
2. Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсінеді.
3. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 4) Толеранттылықты және белсенді тұлғалық көзқарасты қалыптастыратын моралдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің нысандарын және түрлерін, тарихын сипаттайды.
2. Әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихын біледі және қазіргі жағдайын түсінеді.
3. Экстремисттік, радикалдық және террористтік идеологияны ажырата алады.
4. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерді толеранттылықпен қабылдайды.

Оқыту нәтижесі: 5) Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды білу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Құқықтың мәнісін және негізгі белгілерін түсінеді.
2. Заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымын біледі және қағидаттарын сақтайды.

Оқыту нәтижесі: 6) Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді меңгереді.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне сәйкес жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңына сәйкес тұтынушы мен дайындаушы құқықтарын түсінеді.
2. Әкімшілік реттеу әдістерін сипаттайды.
3. Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қажеттілігін түсінеді.
4. Азаматтық және отбасылық құқықтың негізгі ережелерін меңгереді.
5. Салық түрлері туралы ақпаратты меңгереді.
6. Қылмыстық жауапкершілікті және оның туындау негіздемесін түсінеді.

Оқыту нәтижесі: 7) Еңбек заңнамасына сәйкес өзінің құқықтарын қорғау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қызметкердің Еңбек кодексіне сәйкес құқықтары мен міндеттерін түсінеді.
2. Жұмысшы мен жұмыс берушінің материалдық және тәртіптік жауапкершілігін ажыратады;

Оқыту нәтижесі: 8) Әлеуметтанудың және саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Негізгі политологиялық ұғымдарды меңгереді: билік, саяси жүйе, саяси режим, мемлекет, мемлекеттік басқару формалары, мемлекеттік құрылыс формалары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат.
2. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын меңгереді: әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік үдеріс, әлеуметтік ілгерілеу.
3. Жалпы әлеуметтік және саяси үдерістерді жеке фактілермен арақатынасын біледі.

Оқыту нәтижесі: 9) Халықаралық саяси үдерістерді, геосаяси ахуалды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның орны мен рөлін түсінеді.
2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің құрылымын сипаттайды.
3. Саяси мәдениеттің жұмыс істеу мәні мен заңдылықтарын түсінеді.

БҚ 5. Қазақстанның тарихын, әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

БМ 05. Қазақстанның тарихын, әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

Бұл модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары мен маңызын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Негізгі тарихи оқиғаларды түсіну.

Қазақстан тарихы

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар хронологиясын біледі және мәнін түсінеді.
2. Қазақ халқының жалпытүрік қоғамдағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі, Еуразия әлемі халықтарының тарихи-мәдени қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын аша біледі.
3. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси және қоғамдық өзгерістердің мәні мен бағытын түсінеді.
4. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сипаттайды.

Оқыту нәтижесі: 2) Тарихи оқиғалардың себеп-салдар байланысын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан тарихының толыққандылығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды анықтайды.
2. Тарихи оқиғалардың арасында байланыс орнатады.

Кәсіптік модульдер

"1201072 – Автокөлікті жөндеу слесарі" біліктілігі

КҚ 1. Сызбалар мен сызуларды орындаудың, техникалық құжаттаманы оқудың, өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану

КМ 01. Сызуларды орындау және мамандық бағдары бойынша ресімдеу

Осы модуль сызбалар мен сызуларды орындау, техникалық құжаттаманы оқу, проекциялау әдістерін, сызба геометриясы негіздерін, сызба орындау қағидаларын қолдану үшін үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Техниалық сызу қағидаларын, сызуларды ресімдеу қағидаларын, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу қағидаларын қолдану.

Сызу

Бағалу өлшемшарттары:

1. Сызықтардың типтерін қолданады.
2. Сызу қаріптерін қолданады.
3.Сызуларды ресімдеудің қағидаларын біледі.

Оқытудың нәтижесі: 2) Сызуларды орындау және оқу.

Бағалу өлшемшарттары:

1. Геометриялық құрылымдардың дағдыларын меңгерген.
2. Түйіндесулерді құру дағдыларын меңгерген.
3. Геометриялық құрылымдарды қолдана отырып, жалпақ детальдарды сызуды орындайды.
4. Өлшемдерді жазады.
5. Сызуларды оқиды.
6. Құрылымдық электр және кинематикалық сызбаларды орындайды.

КҚ 2. Автокөлік саласында қолданылатын металдар, олардың қорытпалары, материалдары туралы білімдерді қолдану

КМ 02. Автокөлік саласында қолданылатын металдарды, олардың қорытпаларын, материалдарды қолдану

Осы модуль автомобиль саласында қолданылатын металдар, олардың қорытпалары, материалдары туралы базалық білімдерді меңгеру үшін қажетті білімдерді сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Металдардың және олардың қорытпаларының кристалдану және құрылым түзілу процестерінің, олардың жылу өңдеу негіздерінің, металдарды мүжілуден сақтау әдістерінің заңдылығын қолдану.

Металдардың технологиялары

Бағалау өлшем шарттары:

1. Металдардың және олардың қорытпаларының кристалдану және құрылым түзілу процестерін қолданады.
2. Металдарды металды термиялық өңдеудің негіздерін қолданады.
3. Мүжілуден қорғау әдістерін қолданады.
4. Материалдарды, металдар мен олардың қорытпаларын жіктеуді қолданады.

Оқытудың нәтижесі: 2) Композициялық материалдарды жіктеуді және оларды алу әдістерін қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Композициялық материалдарды жіктеуді қолданады.
2. Композициялық материалдар алудың әдістерін қолданады.
3.Композициялық материалдарды қолдану аясын қолданады.
4. Өндірісте қолдану үшін композициялық материалдарды таңдау қағидаттарын қолданады.

Оқытудың нәтижесі: 3) Кесуді есептеу және оның оңтайлы режимін тағайындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жұмыстың әрбір түрі үшін кесуді есептеу және оның режимдерін тағайындау әдістемесін қоланады.
2. Токарлық жұмыстар үшін кесудің оңтайлы режимдерін есептейді.
3. Фрезерлік жұмыстар үшін кесудің оңтайлы режимдерін есептейді.

КҚ 3. Техникалық құралдар мен техникалық процестерді пайдалану қауіпсіздігін арттырудың құралдары мен әдістерін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету әдістерін қолдану

КМ 03. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау құралдары мен әдістерін қолдану

Осы модуль техникалық құралдар мен техникалық процестерді пайдалану қауіпсіздігін арттырудың құралдары мен әдістерін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету әдістерін қолдану дағдыларын меңгеру үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды; кәсіпорын құрылымымен, жұмыс режимімен және кестесімен танысуды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Кәсіпорында еңбек заңнамасының және еңбекті қорғаудың жалпы ережелерін білу.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Оқыту-таныстыру практикасы



Бағалау өлшем шарттары:

1. Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді қолданады.
2. Кәсіпорында еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастырушылық негіздерін қолданады.
3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі құжаттамаларды ресімдеу дағдыларын игереді.

Оқытудың нәтижесі: 2) Кәсіби қызмет саласындағы еңбек шарттарына, қауіпті зақым алу және зиянды факторларға талдау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жарақаттанудың және кәсіби аурудың себептерін түсінеді, оларды ескерту бойынша іс-шаралар әзірлейді.
2. Өндірісте электр қауіпсіздігін, технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негіздерін түсінеді.
3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін және өрт сөндірудің техникалық құралдарын қолданады.
4. Өндірісте өнеркәсіп экологиясының негізгі талаптарын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөлік кәсіпорындары туралы ақпаратты білу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Өңірдің автокөлік кәсіпорның сипаттайды.
2. Өңірдің кәсіпорындарында атқарылатын жұмыстардың технология білімдерін игереді.
3. Өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін игереді.

Оқытудың нәтижесі: 4) Жеңіл және жүк автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету станцияларының жұмысын сипаттау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жеңіл және жүк автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету станциясында жүргізілетін жұмыстардың негізгі түрлерін сипаттайды.
2. Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында жүргізілетін жұмыстардың негізгі түрлерін сипаттайды
3. Жеңіл және жүк автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету станцияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Автожөндеу кәсіпорындарының жұмысын сипаттау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автожөндеу кәсіпорны жұмысының негізін түсінеді.
2. Автожөндеу кәсіпорнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері мен құралдарын қолданады.
3. Автожөндеу кәсіпорнында өндірісті дайындаудың негіздерін игереді.

Оқытудың нәтижесі: 6) Автобус паркінің жұмысымен танысу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөлік кәсіпорындары жұмысының негізін сипаттайды.
2. Автобус паркі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негіздерін сақтайды.
3. Автобус парктері жұмысының ерекшеліктерін игереді.

КҚ 4. Кәсіпорында қызметті автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарламаны, мәтіндік және графикалық редакторларды қолдану дағдыларын меңгеру

КМ 04. Кәсіби қызметте есептеуіш техникалық құралдарды қолдану

Осы модуль кәсіпорында қызметті автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарламаны, мәтіндік және графикалық редакторларды қолдану дағдыларын игеру үшін қажетті білімдерді сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Құжаттарды дайындау үшін бағдарламалық құралдарды қолдану.

Қолданбалы информатика

Бағалау өлшем шарттары:

1. Құжат жасау және ресімдеу үшін қолданбалы бағдарламалардың стандарттық пакетін пайдалану.
2. Көлемі үлкен құжаттарды дайындау кезінде мәтіндік редакторларды пайдалану дағдыларын игеру.
3. Кестелік процессорда есеп жүргізу дағдыларын игеру.

Оқытудың нәтижесі: 2) Кәсіби қызметте жеке өндірістік міндеттерді орындауға бағытталған қолданбалы бағдарламаларды пайдалану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Кәсіпорында құжат айналымын ұйымдастырудың қолданбалы бағдарламаларын қолданады.
2. Өндірісте жобалау жұмыстарын автоматты жобалау жүйесін қолданады.

КҚ 5. Автокөліктер жүйелері мен агрегаттарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізу

КМ 05. Автокөлік агрегаттары мен тораптарының құрылысы және құрылыстық ерекшеліктері

Осы модуль автокөлік жүйелерінің және агрегаттарының техникалық жай-күйіне бастапқы талдауды жүзеге асыру үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды меңгереді:
автокөлік классификациясын, автокөліктің жалпы құрылғысын және оның негізгі механизмдерін.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгереді:
автокөлік жүйелерінің және агрегаттарының техникалық жай-күйіне талдау жүргізу бойынша машықтар мен дағдыларды, автокөлік түзілімдерін, агрегаттары мен механизмдерін бөлшектеу және жинау бойынша машықтар мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін жұмысты орындауы.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автокөліктің жалпы құрылымын игеру.

Автокөлік құрылымы
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөлік құрылымының түрін және үлгісін айқындайды.
2. Автокөліктің негізгі жүйесінің түрлері мен үлгілерін айқындайды.
3. Әр түрлі маркалы автокөліктер құрылымының ерекшелігін айқындайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөліктердің жіктелуі туралы білімдерді игеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөліктердің жіктелуін сипаттайды.
2. Жүк көліктерінің жіктелуін сипаттайды.
3. Автобустардың жіктелуін сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөлік қозғалтқышының құрылымы жөніндегі білімді игеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Иін-бұлғақты жетек механизмінің құрылымы бойынша білімі бар.
2. Газ тарату механизмінің құрылымы бойынша білімі бар.
3. Майлау жүйесінің құырылымы бойынша білімі бар.
4. Салқындатқыш жүйесінің құрылымы бойынша білімі бар.
5. Қуаттандыру жүйесінің құрылымы бойынша білімі бар.
6. Оталдыру жүйесінің құрылымы бойынша білімі бар.

Оқытудың нәтижесі: 4) Трансмиссия агрегаттарының құрылымы бойынша білімді игеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Беріліс қорабы, таратқыш қорабы құрылғысын сипаттайды.
2. Кардандық беріліс құрылғысын сипаттайды.
3. Ажыратқыш құрылғысын сипаттайды.
4. Жетекші белдеме құрылғысын сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Шанақ және жүрістік бөлік құрылғылары бойынша білімдерді игеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Тәуелді асылғы құрылғысын сипаттайды.
2.Тәуелсіз асылғы құрылғысын сипаттайды.
3. Шанақ жіктемесін сипаттайды.
4. Шанақ құрылғысын сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 6) Басқару механизмі құрылғысын білу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Гидрокүшейткішсіз рөлмен басқару құрылғысын сипаттайды.
2. Гидро (электро) күшейткішпен рөлмен басқару құрылғысын сипаттайды.
3. Гидравликалық тежегіш жүйесі құрылғысын сипаттайды.
4. Пневматикалық тежегіш жүйесі құрылғысын сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 7) Автокөлікте бөлшектеу-жинау жұмыстарын жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөліктің тораптары мен механизмдерін дұрыс бөлшектейді және жинайды.
2. Слесарьлық құралдарды дұрыс пайдаланады.
3. Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

КҚ 6. Автокөліктерге бастапқы диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу

КМ 06.
Автокөліктерге бастапқы диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу

Осы модуль автокөліктерге бастапқы диагностиканы, сервистік жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді; автокөліктің электрлік және электрондық құрылғыларына жөндеу жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды меңгереді:
автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетудің, пайдаланылмалы, құрылымдық және технологиялық факторлардың автокөліктің техникалық жағдайына әсер ету негіздерін, автокөліктерді пайдалану және жөндеу жөніндегі нормативтерді; автокөліктердің электрлік және электрондық жүйелерін, олардың құрылғыларын, ерекшеліктері мен осы жүйенің негізгі ақауларын.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетудің негіздерін білу.

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсетудің әдістерін айқындайды.
2. Техникалық қызмет көрсетудің қағидаттарын айқындайды.
3. Автомобильге техникалық қызмет көрсетудің техникалық регламентін сақтау.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөліктердің тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету.

Бағалау өлшем шарттары:

1.Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
2. Трансмиссия агрегаттарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
3. Шанақтар мен жүрістік бөлікке техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
4. Басқару механизмдеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
5.Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету үшін техникалық құрылғыларды пайдалану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Құрылғылардың түрлерін ажыратады.
2. Техникалық қызмет көрсету үшін техникалық құрылғыларды дұрыс қолданады.
3. Құрылғымен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.


Оқытудың нәтижелері: 4) Автокөлікке бастапқы диагностиканы жүзеге асыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Диагностикалау әдістері мен құралдарын ажыратады және қолданады.
2. Негізгі ақауларды және олардың себептерін анықтайды.
3. Қабылдау және тиісті цехтың шеберіне беру үшін автокөліктің техникалық жай-күйін айқындайды.

Оқытудың нәтижелері: 5) Автомобильдің электр жабдықтарының, автомобильдің электрмен жабдықтау жүйелерінің ақауларын, автомобиль электроникасының негіздерін айқындайды.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Қажет жағдайларда электр жабдықтарының қажетті ақауларын таңдайды және таңдаудың дұрыстығын дәлелдейді.
2. Жүйелер бойынша қосуды сипаттайды және оны қосу әдістерін түсіндіреді.
3. Нақты техникалық міндеттерді шешу жөніндегі талаптардан шыға отырып, өлшеу аспаптарын дұрыс таңдайды.

Оқытудың нәтижелері: 6) Автокөліктердің электрондық бортына қызмет көрсету.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөліктердің сызбаларын қосу тәртібін түсіндіреді.
2. Бақылау нүктелеріндегі күшейту деңгейін тексереді.
3.Электрмен жабдықтаудың ақауларын табады.
4. Сызбаларды оқиды, элементтердің пайдалануын айқындайды.
5. Автокөліктердің электр жабдықтары бойынша бөлшектеу-жинау жұмыстарын жүргізеді.
6. Автокөліктердің электр жабдығының ақауларын айқындайды және жояды.

КҚ 7. Автокөлікті жөндеу слесарі біліктілігі бойынша жұмыстың негізгі түрлерін орындау

КМ 07. Слесарьдің автокөлікті жөндеу бойынша жұмыстың негізгі түрлерін орындауы

Осы модуль құралдарға техникалық қызмет көрсетудің, жөндеу технологиясының, құралдарды сынау және қабылдаудың, машиналар мен агрегаттар технологияларының, құралдардың сенімділігін арттыру жолдарының кәсіби дағдыларын, әдістері мен тәсілдерін жетілдіру үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Қозғалтқышты бөлшектеу және жинау бойынша операциялар орындау.

Жұмыс біліктілігін алуға кәсіби практика


Бағалау өлшем шарттары:

1. Иін-бұлғақты жетек механизмін бөлшектейді және жинайды.
2. Газ тарату механизмі жүйесін бөлшектейді және жинайды.
3. Майлау жүйесін бөлшектейді және жинайды.
4. Салқындатқыш жүйесін бөлшектейді және жинайды.
5. Қуаттандыру жүйесін бөлшектейді және жинайды.
6. Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Трансмиссияны бөлшектеу және жинау бойынша операциялар орындайды.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Беріліс қорабын бөлшектейді және жинайды.
2. Кардандық берілісті бөлшектейді және жинайды.
3. Ажыратқышты бөлшектейді және жинайды.
4. Жетекші белдемені бөлшектейді және жинайды.
5.Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Шанақты және жүрістік бөлікті бөлшектеу және жинау бойынша операцияларды орындайды.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Тәуелді асылғыны бөлшектейді және жинайды.
2.Тәуелсіз асылғыны бөлшектейді және жинайды.
3. Автокөлік шанағы элементтерін бөлшектейді және жинайды.
4. Операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 4) Басқару механизмін бөлшектеу және жинау бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Гидрокүшейткішсіз рөлмен басқаруды бөлшектейді және жинайды.
2. Гидрокүшейткішпен рөлмен басқаруды бөлшектейді және жинайды.
3. Гидравликалық тежегіш жүйесін бөлшектейді және жинайды.
4. Пневматикалық тежегіш жүйелерін бөлшектейді және жинайды.
5.Операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Қажетті сапамен технологиялық реттілікті сақтай отырып, мыс, қаңылтыр және дәнекерлеу жұмыстарын орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Әр түрлі металдарды дәнекерлеуді орындайды.
2. Қаңылтыр жұмыстарын орындайды.
3. Электрлік және газдық дәнекерлеу режимін таңдайды.
4. Электрлік және газдық дәнекерлеуді орындайды.
5. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын біледі.

Оқытудың нәтижесі: 6) Металды термиялық өңдеуді және қолмен сомдау операцияларын орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Бөлшектерге қойылатын шарттар мен талаптарға байланысты болатты термиялық өңдеудің түрін таңдайды.
2. Қолмен сомдау кезінде негізгі операцияларды орындайды.
3. Суаруды, жұмсартуды, суытып қатайтуды, қалыптандыруды орындайды.
4. Операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын біледі.

Оқытудың нәтижесі: 7) Генераторды бөлшектеу және жинау бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Генераторды бөлшектейді және жинайды.
2. Генератор тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
3. Генератор тораптарының жұмыс қабілеттілігін айқындау үшін аспаптарды қолданады.
4. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 8) Аккумуляторға қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Аккумулятор қуатының деңгейін тексереді.
2. Электролит деңгейін тексереді.
3. Электролит тығыздығын тексереді.
4. Электролит дайындайды.
5. Аккумялаторды қуаттандырады.
6. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 9) Стартерді бөлшектеу және жинау бойынша операцияларды орындайды.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Стартерді бөлшектейді және жинайды.
2. Стартер тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
3. Стартер тораптарының жұмыс қабілеттілігін айқындау үшін аспаптарды қолданады.
4.Операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 10) Оталдыру және қуаттандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Оталдыру жүйесі тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
2. Қуаттандыру электрондық жүйесі тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
3. Қуаттандыру және оталдыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсетеді.
4. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 11) Электр сымдар жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшемшарттары:

1. Автокөліктің электр құралдарының сызбасын оқиды.
2. Электр сымдар жүйесіне техникалық қызмет көрсетеді.
3. Монтаж және электр сымдар жүйесін қосудың негізгі қағидаттарын қолданады.
4. Электр сымдар жүйесінің үзілген жерін және ақауларын табады және оларды жояды.
5. Операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

"1201092 – Көліктерді жөндеу шебері" біліктілігі

КҚ 8. Жұмысты орындау кезінде электротехника және электроника қағидаттарын қолдану

КМ 08. Жұмысты орындау кезінде электротехника және электроника қағидаттарын қолдану

Осы модуль электротехника және электроника заңдарын түсіну үшін қажетті базалық білімдерді игеру үшін қажетті білімдерді сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Ұдайы тоқ тізбегі, бірфазалы және үшфазалы ауыспалы тоқ тізбегі, трансформаторлар, өлшеу аспаптары негіздері білімін игеру.

Электроника негіздерімен электротехника

Бағалау өлшем шарттары:

1. Электр, электрлік өріс, электромагнетизм негізгі түсініктерін қолданады.
2. Ұдайы тоқ тізбектерінің, бірфазалы және үшфазалы ауыспалы тоқ тізбектерінің жұмысын сипаттайды.
3. Трансформаторлар мен өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаттарын түсіндіреді.
4. Өткізгіш бұйымдарын және электроқшаулағыш материалдарды пайдалану дағдыларын біледі.
5. Электрлік өлшеуіштерді қолданады.

Оқытудың нәтижесі: 2) Ұдайы және ауыспалы тоқтың электр машиналары жұмысының негізгі түрлерін және қағидаттарын қолдану.

Бағалау өлшемшарттары:

1. Ұдайы тоқтағы электр машиналарының жұмысын сипаттайды.
2. Ауыспалы тоқтағы электр машиналарының жұмысын сипаттайды.
3. Ауыспалы тоқтағы электр машиналарын пайдалану дағдыларын біледі.
4. Ұдайы тоқтағы электр машиналарын пайдалану дағдыларын біледі.

Оқытудың нәтижесі: 3) Электроника негіздерін қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Электрваккумдық, газразрядты жартылай өткізгіш, фотоэлектрондық аспаптарды пайдаланады.
2. Электрваккумдық, газразрядты жартылай өткізгіш, фотоэлектрондық аспаптарды пайдалану дағдыларын игереді.
3. Жұмыс қағидатын біледі және электрондық түзеткіштерді, күшейткіштерді, генераторлар мен өлшеу аспаптарын пайдаланады.
4. Негізгі сипаттамасын, пайдалану шарттарын және микроэлектрониканың интегралды сызба жұмыстарының қағидаларын баяндайды.

КҚ 9. Қазіргі заманғы техникада механикалық қозғалыстар заңын қолдану

КМ 09. Механикалық қозғалыстың жалпы заңын қолдану

Осы модуль қазіргі заманғы техникада механикалық қозғалыстардың жалпы заңын қолдану үшін қажетті білімдерді сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Теориялық механиканың негіздерін қолдану.

Техникалық механиканың негіздері

Бағалау өлшем шарттары:

1. Статиканың негізгі түсініктерін және аксиомаларын игерген.
2. Күш жүйелерінде тепе-теңдік шартын қолданады.
3. Нүкте және ось қатынасында күш сәтін айқындайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Материалдар кедергісінің негізгі ережелерін қолдану.

Бағалау өлшемшарттары:

1. Кесу және қысуға арналған есеп дағдыларын игерген.
2. Бөлшектердің жалпақ кесіктердің геометриялық сипаттамаларын қолданады.
3. Динамикалық және қайта-ауыспалы жүктемелердің әрекеті туралы түсінік бар.

Оқытудың нәтижесі: 3) Машина бөлшектерінің негізгі сипаттамаларын және есептеу әдістерін қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Машина бөлшектері туралы негізгі түсініктерді игереді.
2. Механикалық берулердің түрлерін және олардың сипаттамаларын, белдіктерді, осьтерді, мойынтіректерді, жалғастырғыштарды сипаттайды.
3. Машина бөлшектерін қосуды және олардың сипаттамаларын түсінеді.
4. Бөлшектерді, берулерді, қосулар мен құрылғыларды есептеудің әдістерін игереді.

КҚ 10. Нормативтік-техникалық құжаттаманы және мемлекеттік стандарттар белгілерін қолдану; шектерді, қондырмаларды және кедір-бұдырлықты таңдау, бақылаудың қазіргі заманғы әр түрлі құралдарымен өлшеу жүргізу


КМ 10. Нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдану және бекітілген стандарттарға сәйкес жұмысты орындау

Осы модуль нормативтік-техникалық құжаттаманы және мемлекеттік стандарттар белгілерін қолдану; шектерді, қондырмаларды және кедір-бұдырлықты таңдау, бақылаудың қазіргі заманғы әр түрлі құралдарымен өлшеу жүргізу үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Стандарттау әдістерін, қағидаттарын, Конструкторлық құжаттардың бірыңғай стандарттарының қолданыстағы стандарттарын қолдану.

Стандарттау және метрология негіздері

Бағалау өлшем шарттары:

1. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай стандарттарының стандарттаудың мемлекеттік жүйесі ережелерінің негізгі ережелерін қолданады.
2. Нормативтік-техниканы қолданады.
3. Автокөлікте сапаны бақылау жүйесінің негізгі ережелерін сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Шектер және қондырмалар туралы білімдерді игеру

Бағалау өлшем шарттары:

1. Үлгілік қосылулардың өлшемдеріне арналған шектерді және қондырмаларды, сызулардағы олардың мағынасын түсінеді.
2. Шек нысандарын, үлгілік қосылулардың кедір-бұдырлы беттердің орналасуын қолданады.
3.Шектерді және қондырмаларды есептеу дағдысын игереді.
4.Әр түрлі бұйымдарды өлшеудің әдістері мен құралдарын пайдаланады.

КҚ 11. Автокөлік пен оның агрегаттарының ақаулары белгілерін және диагностикалау әдістерін айқындау; бөлшектерді, тораптарды, жүйелерді және механизмдерді қалпына келтіру және жөндеу

КМ 11. Автокөліктің бөлшектерін, тораптарын, жүйелерін және механизмдерін қалпына келтіру және жөндеу

Осы модуль автокөлік пен оның агрегаттарының ақаулары белгілерін және диагностикалау әдістерін айқындау; бөлшектерді, тораптарды, жүйелерді және механизмдерді қалпына келтіру және жөндеу үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды игеруі тиіс: негізгі технологиялық жабдықтардың құрылғыларын және жұмысын; бөлшектерді, агрегаттар мен жүйелерді өлшеу және бақылау құралдарын; бөлшектердің тозуын және контсрукторлық бірліктерді жіктеуді, бөлшектердің тозуының түрлерін; жабдықтарды пайдалану кезінде әр түрлі тозудың түрлеріне қарсы күрес шараларын.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгеруі маңызды: бөлшектер мен тораптардың тозуының көлемін айқындауы, олардың туындауының себептерін негіздеу; автокөліктерге сервистік қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техникалық регламентке сәйкес әрекеттердің реттілігін айқындауы; техникалық қызмет көрсетудің мамандандырылған және әмбебап станцияларында дианостиканы ұйымдастырудың нысанын айқындауы; автокөлік тораптарын және агрегаттарын қалпына келтіру, автокөлік тораптарын және агрегаттарын бөлшектеу, жинау және ақауларды жою әдістерін айқындауға мүмкіндік беретін жұмысты орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Бөлшектерді қалпына келтірудің әдістері мен тәсілдерін қолдану.

Автокөлікті жөндеу
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Негізгі терминдер мен анықтамаларды игереді.
2. Технологиялық процестердің, жабдықтардың түрлерін сипаттайды.
3. Көтергіш-көлік жабдықтарымен және ілесетін жарақтармен жұмыс дағдыларын игереді.
4. Технологиялық құжаттаманы оқиды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Цилиндрлік бөлшектерді қалпына келтіру әдістерін және жарамсыз деп тану параметрлерін қолданады.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Білікті қалпына келтіру әдістерін қолданады.
2. Біліктерді жарамсыз деп тану параметрлерін сипаттайды.
3. Осьтерді қалпына келтіру әдістерін сипаттайды.
4. Осьтерді жарамсыз деп тану параметрлерін сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Корпустық және басқа да бөлшектерді қалпына келтіру әдістерін және оларды жарамсыз деп тану параметрлерін қолданады.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Картерлерді қалпына келтіру әдістерін қолданады.
2. Картерлерді жарамсыз деп тану параметрлерін ескереді.
3. Басқа да бөлшектерді қалпына келтіру және жарамсыз деп тану әдістерін қолданады.

Оқытудың нәтижесі: 4) Автокөлік жүйелерінің, агрегаттарының және механизмдерінің ақаулары белгілерін айқындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Қозғалтқыш ақауларының белгілерін айқындайды.
2. Трансмиссия агрегаттары ақауларының белгілерін айқындайды.
3. Басқару механизмі ақауларының белгілерін айқындайды.
4. Шанақ пен жүрістік бөлік ақауларының белгілерін айқындайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Бөлшектерді жөндеу және тозуға төзімділікті арттыру жөніндегі білімдерді практикада қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Бөлшектер мен тораптардың тозу көлемін айқындайды.
2. Бөлшектер мен тораптардың тозуының себептерін анықтайды.
3. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстың тікелей өндірісіне байланысты шешімдер қабылдайды.

КҚ 12. Автокөліктің электрлік және электрондық жабдықтарына жөндеу жүргізу; автокөліктің электрондық жабдықтарын диагностикалау құралдары мен технологияларын қолдану

КМ 12. Автокөліктің электрондық жабдықтарына диагностика және жөндеу жүргізу


Осы модуль автокөліктің электрондық жабдықтарын диагностикалау құралдары мен технологияларын қолдану үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгеруі маңызды:
диагностикалық жұмыстар жүргізуге арналған технологиялық жабдықтарды, деректер алмасу хаттамаларын, автокөліктің электрондық жүйелерін қабылдау және диагностикалау әдістерін; сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасын.
Білім алушылардың автокөліктердің электрондық жабдықтарын диагностикалау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды іс жүзінде орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автокөліктің қосымша жабдығын орнату.

Электрондық жабдық негіздерімен автокөліктерді электрлік жабдықтау
Диагностикалаудың құралдары мен технологиялары
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Қосымша жабдықты орнату үшін автокөліктің электрлік сызбаларын айқындайды.
2. Қосымша жабдықты орнатудың негізгі қағидаттарын қолданады.
3. Қосымша жабдықты баптайды.
4. Жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөліктің электрондық жабдығының жұмыс қабілеттілігін тексеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Тетіктің жұмыс қабілеттілігін тексереді.
2. Бұғаттауға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігін тексереді.
3. Автоматты беріліс қорабынның жұмыс қабілеттілігін тексереді.
4. "Круиз-бақылау" электрондық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексереді.
5. "Климат-бақылау" электрондық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексереді.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөліктің агрегаттарын электрондық бақылау жүйесіне қызмет көрсету.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жанармайды бүрку жүйесін диагностикалайды.
2. Бұғаттауға қарсы жүйенінің жүйесін диагностикалайды.
3. Автоматты беріліс қорабынның электрондық жүйесін диагностикалайды.

Оқытудың нәтижесі: 4) Басқарудың электрондық блогынның функцияларын білу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жанармайды бүрку жүйесін басқару блогының функцияларын диагностикалайды.
2. Бұғаттауға қарсы жүйені басқару блогының функцияларын диагностикалайды.
3. Автоматты беріліс қорабынның электрондық жүйесін басқару блогының функцияларын диагностикалайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Басқарудың электрондық блоктарының тетіктеріне диагностикалау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Отынды бүрку жүйесінің электрондық блоктары тетіктерінің функцияларын диагностикалайды.
2. Бұғаттауға қарсы жүйені басқарудың электрондық блоктары тетіктерінің функцияларын диагностикалайды.
3. Автоматты беріліс қорабынның жүйесін басқарудың электрондық блоктары тетіктерінің функцияларын диагностикалайды.

Оқытудың нәтижесі: 6) Электрондық тетіктердің жұмыс қабілеттілігі жай-күйін айқындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жанармайды бүрку жүйесінің электрондық блогы тетіктерінің жай-күйін айқындайды.
2. Бұғаттауға қарсы жүйені басқарудың электрондық блогы тетіктерінің жай-күйін айқындайды.
3. Автоматты беріліс қорабынның жүйесін басқарудың электрондық блогы тетіктерінің жай-күйін айқындайды.

Оқытудың нәтижесі: 7) Басқарудың электрондық блоктарының қателерін айқындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жанармайды бүрку жүйесінің электрондық блоктарының қателерін айқындайды.
2. Бұғаттауға қарсы жүйені басқарудың электрондық блоктарының қателерін айқындайды.
3. Автоматты беріліс қорабынның жүйесін басқарудың электрондық блоктарының қателерін айқындайды.

КҚ 13. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын білу және пайдалану

КМ 13. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Осы модуль жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылардың мыаларды игеруі тиіс: жол қозғалысы қағидаларын, автокөлік кәсіпорындары қызметіне қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін игереді.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгереді:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жүкті орналастыру және бекіту, ақауларды жоюға мүмкіндік беретін жұмысты орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Жол қозғалысы қағидаларын сақтау.

Жол қозғалысының қағидалары және қауіпсіздігі
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жүргізушінің, жолаушының, жаяу жүргіншінің міндеттерін сипаттайды.
2. Басқарушының, бағдаршамның, қиылыстардан өту ережелерінің талаптарын, қозғалыс жылдамдығына талаптарды орындайды.
3. Арнайы сигналдардың, апаттық сигнализациялардың және апаттық аялдама белгілерінің мағынасын түсінеді.
4. Автомагистральдар, тұрғылықты аймақта бойынша, темір жол жолдары арқылы маневр жасау, қозғалыс қағидаларын түсінеді.
5. Тоқтау және аялдама қағидаларын сақтайды.
6. Жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Жүктер мен жолаушыларды орналастыру және тасымалдау қағидаларын сақтау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жүктерді орналастыру қағидаларын сақтайды.
2. Жүктерді тасымалддау жөніндегі қағидаларды сақтайды.
3. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Көлік кәсіпорнында жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Көлік кәсіпорнында жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастырудың негіздерін сақтайды.
2. Көлік құралдарын тану белгілерімен, ескерту құрылғыларымен жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды.
3. Қозғалыс қауіпсіздігі қызметі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін біледі.

Оқытудың нәтижесі: 4) Жол-көлік оқиғаларын жіктеуді білу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жол-көлік оқиғаларын жіктеуді біледі.
2. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атап шығады.
3. Жол-көлік оқиғаларына сараптама жасау тәртібін атап шығады.

Оқытудың нәтижесі: 5) Автокөлікті пайдалануға тыйым салынатын ақауларды айқындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Шанақ ақауын анықтайды.
2. Тежегіш жүйенің ақауын анықтайды.
3. Рөлдік басқарудың ақауын анықтайды.
4. Қозғалтқыштың ақауын анықтайды.

Оқытудың нәтижесі: 6) Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жүргізуші еңбегінің психофизиологиялық негіздерін сипаттайды.
2. Әр түрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары болады.
3. Зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде әрекеттер ретін сақтайды.

КҚ 14. "Көліктерді жөндеу шебері" біліктілігі бойынша жұмыстың негізгі түрлерін орындау

КМ 14. Көліктерді жөндеу шеберінің жұмыстың негізгі түрлерін орындауы

Осы модуль автокөлік жүйелеріне, агрегаттары мен тораптарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, автокөлік жүйелерін баптау бойынша практикалық жұмыстарды, тиісті біліктілік алу мақсатында өндірістік процестерді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындауға қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды орындау.

Жұмыс біліктілігін алуға кәсіби практика


Бағалау өлшем шарттары:

1. Диагностиканы жоспарлайды.
2. Учаскелерде жөндеу жүргізуді жоспарлайды.
3. Орындаушылар арасында жөндеу бойынша операцияларды бөледі.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөліктерге техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың техникалық процестерін ұйымдастырады.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтарды іріктейді.
2. Автокөліктерді гаражда және ашық сақтауды ұйымдастырады.
3. Автопайдалану материалдарын сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады.

Оқытудың нәтижесі: 3) Орындалған жұмыстардың сапасын бақылау және бағалау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиялық процестерін бақылайды.
2. Орындалған жұмыстардың сапасын бағалайды.
3. Жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды бақылайды.

Оқытудың нәтижесі: 4) Қауіпсіздік жүйелерін орнату бойынша операциялар орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Қосу нүктелерін табады.
2. Сигнализацияны қосады.
3. Қауіпсіздік жүйесін баптайды.
4. Қауіпсіздік жүйесін монтаждау қағидаларын біледі.

Оқытудың нәтижесі: 5) Жайлылық жүйелерінн қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Кондициялау жүйелері тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
2. Жылыту жүйесі тораптарының жұмыс қабілеттілігін тексереді.
3. Рөлдің электр күшейткішіне техникалық қызмет көрсетеді.
4. Жайлылық жүйелерінің ақауларын жояды.
5. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

"1201123 – Техник-механик" біліктілігі

КҚ 15.Өндірістік шығындарға есеп жүргізу, жұмыс сметаларын жасау; материалдық ресурстарда қажеттіліктерді есептеу; экономикалық тиімділікке және шаруашылық қызметке талдау жүргізу

КМ 15. Экономикалық тиімділікке және шаруашылық қызметке талдау жүргізу


Осы модуль өндірістік шығындарға есеп жүргізу, жұмыс сметаларын жасау, материалдық ресурстарда қажеттіліктерді есептеу жәнеэкономикалық тиімділікке және шаруашылық қызметке талдау жүргізу үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Жеке меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындар қызметінің негізгі ерекшеліктерін сипаттау.

Өндіріс экономикасы
Есеп жұмысы

Бағалау өлшем шарттары:

1. Нарық, кәсіпорынның өндірістік қорлары экономикалық түсініктерін қолданды.
2. Өндірістік қызмет менеджементінің, маркетингтің және жоспарлаудың негіздерін қолданады.
3. Сметалық құжаттамаларды әзірлеу дағдыларын игереді.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөліктерді пайдалану кезінде өндірістік процесті ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың және нормалаудың негіздерін игереді.
2. Кәсіпорынның өндірістік бағдрламаларын жоспарлау, кірістерді, түсімдерді және жұмыстың табыстылығын жоспарлау дағдыларын игереді.
3. Өндірістік процестердің экономикалық тиімділігін есептеу, кәсіпорын қорларының көрсеткіштерін есептеу, сметалық есеп өндірісі дағдыларын игереді.

КҚ 16. Механизмдердің әр түрлі үлгілерінің және автокөлік агрегаттары жүйелерінің конструкторлық ерекшеліктерін ажырату; пайдалану материалдарын қолдану

КМ 16. Механизмдердің және автокөлік жүйелерінің конструкторлық ерекшеліктерін айқындау және есепке алу

Осы модуль автокөліктер мен қозғалтқыштардың конструкторлық ерекшеліктеріне талдау жүргізу үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылардың мыналарды игереді: автокөліктік пайдалану материалдарын; оларды қолдануды жіктеуді және ұтымдылықты; майлау жүйелерін және жұмыс орындау технологиясын, механизмдердің әр түрлі үлгілерінің және автокөлік агрегаттары жүйелерінің құрастырымдық ерекшеліктерін игеру қажет.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгеруі маңызды: автокөліктер тораптары, агрегаттары және жүйелері ақауларының себептерін анықтауға, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстың өндірісіне майлау материалдарын таңдауға; реттеуіш және бекітпе жұмыстарын орындауға; көтергіш-көлік жабдықтарымен және ілеспе жарақтармен жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автокөліктің пайдалану қасиеттерін ескеру.

Автокөліктер мен қозғалтқыштар теориясы
Автопайдалану материалдары
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөлік орнықтығы қағидаттарын сипаттайды.
2. Автокөлік басқарушылығы қағидаттарын сипаттайды.
3. Автокөлікке әсер ететін күштерді айқындайды.
4. Автокөліктің тарту сипаттамасын сипаттайды.
5. Автокөлікке тарту сынауын жүргізеді.
6. Тежегіш динамикалық параметрлерін сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөлік қозғалтқыштары теорияларының негіздерін игеру

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жылу қозғалтқышының жұмыс циклін сипаттайды.
2. Қозғалтқыштың теориялық циклдерін сипаттайды.
3. Қуаттылық және экономикалық көрсеткіштерді сипаттайды.
4. Қозғалтқыштардың сипаттамаларын ескереді.
5. Қозғалтқышты сынау қағидаттарын атайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөлік қозғалтқыштарының құрастырымы туралы білімдерді игеру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Қосиінді-бұлғақты механизмнің кинематикасын сипаттайды.
2. Қосиінді-бұлғақты механизмнің динамикасын біледі.
3. Қозғалтқыштарды теңдестіру қағидаттарын сипаттайды.
4. Қозғалтқыш сипаттамаларын алуды жүргізеді.

Оқытудың нәтижесі: 4) Автокөліктік пайдалану материалдарының негізгі сипаттамалары және оларды қолдану, сақтау және жоюдың ерекшеліктерін қолданады.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Әр түрлі жанармайдың түрлеріне сипаттамаларды ескереді.
2. Техникалық қызмет еөрсету бойынша өндірістік жұмыс үшін майлау материалдарын таңдайды.
3. Лак-бояу өнімдерін, синтетикалық желімдерді қолдану бойынша ерекшеліктерді сипаттайды.
4. Жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды.

КҚ 17. Автокөліктің тиімді және рационалды жұмысын жүзеге асыру

КМ 17. Көлік және жөндеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану

Осы модуль нормативтік құжаттамаға сәйкес автокөліктің тиімді және рационалды жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылардың мыналарды игереді: өндіріске басқарудың автоматтандырылған жүйесін және қолданбалы бағдарламалар пакетімен практикалық жұмысты.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгереді:
электрондық есептеуіш машиналар базасында диспетчерлік басқаруды ұйымдастыруға; тасымалдау процесін ұйымдастыру кезінде оңтайлы бағыттарды айқындауға мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Көлік кәсіпорындарын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің құрылымын және қосалқы жүйелерінің ақпараттық байланыстарын пайдалану.

Басқарудың автоматтандырылған жүйелері
Көлік логистикасы
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің құрамдарын сипаттайды.
2. Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қосалқы жүйелерін және оларды құру қағидаттарын сипаттайды.
3. Олардың функционалдық тиесілігі бойынша басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жіктеуді сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Көлік кәсіпорындарында басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қосалқы жүйелерін пайдалану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Негізгі қағидаттарды және деректер базасын басқару жүйелерінің функцияларын қолданады.
2. Деректер банкілерімен және базаларымен жұмыс істейді.
3. Ақпараттық қауіпсіздік санаттарын түсінеді.
4. Тасымлдауды басқарудың қосалқы жүйелерінің алгоритмін қолданады.
5. Көлік кәсіпорны бөліністеріндегі ақпараттық ағындарды ескереді.
6. Көлік кәсіпорны бөліністерін автоматтандыру саласындағы қолданбалы бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдыларын игереді.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөлікті басқарудың навигациялық жүйесін қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Тұрған жерді және байланысты айқындайтын жүйелерді пайдаланудың негізгі қағидаттарын қолданады.
2. Жер серіктік байланыстың жүйелерін сипаттайды.
3. Автокөлік жұмысының параметрлерін байқаудың қазіргі заманғы жүйелерін сипаттайды.

Оқытудың нәтижесі: 4) Қозғалмалы құрамды жедел басқарудың қосалқы жүйелерін қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жүк кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын игереді.
2. Жолаушылар кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын игереді.
3. Қозғалмалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымында басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын игереді.

Оқытудың нәтижесі: 5) Қозғалмалы құрамның қозғалысын ұйымдастыру қағидаларын қолдану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Электрондық жабдықтарды пайдалану базасында диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру қағидаттарын сипаттайды.
2. Жүктерді тасымлдауды ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескереді.
3. Кәсіпорындарға және тұрғындарға көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негіздерін қолданады.

КҚ 18 . Автокөлікті диагностикалау және жөндеу үшін жөндеу-технологиялық жабдықтарды іріктеу және қолдану

КМ 18. Автокөлікті диагностикалау және жөндеу үшін жөндеу-технологиялық жабдықтарды іріктеу және қолдану

Осы модуль автокөлікті диагностикалау және жөндеу үшін жөндеу-технологиялық жабдықтарды таңдау және пайдалану үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылардың мыналарды игереді: бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды қалпына келтіру және жөндеу технологиясын; көлік кәсіпорнының жөндеу аймақтарында еңбекті техникалық нормалауды; автокөлік кәсіпорнының жөндеу аймақтарын жобалаудың негіздерін; диагностикалық шам жұмысын және ақау кодтарын көрсету режимін; диагностика жүргізу сызбасын; ақау кодтарының диагностикалық карталарын; басқарудың автокөлік жүйесінің әдеттегі ақауларын; диагностика жүргізуге арналған аспаптап мен жабдықтарды біледі.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгереді:
Жөндеу аймақтарын жоспарлауға; еңбекті нормалауға және маштналық уақытты есептеуге; диагностиканы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жұыстарды орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Жөндеудің технологиялық процесін әзірлеу.

Автокөлікті жөндеу
Курстық
жоба
Өндірістік оқыту

Бағалау өлшем шарттары:

1. Бөлшектерді қалпына келтіру әдістерін, бөлшектерді, тораптарды және аспаптарды жөндеу технологияларын қолданады және әзірлейді.
2. Көлік кәсіпорнының жөндеу аймақтарында еңбекке техникалық нормалауды жүзеге асырады.
3. Көлік кәсіпорнының жөндеу аймақтарын жобалайды.

Оқытудың нәтижесі: 2) Диагностикалық аспаптар мен құрылғыларды пайдалану және қызмет көрсету.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Диагностикалық аспаптар мен құрылғылардың жалпы сипаттамасын атап айтады.
2. Автокөліктерді басқару жүйелерінің теориясын сипаттайды.
3. Диагностикалық карталарға түсіндіруді жүзеге асырады.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөліктерді жөндеу мамандарына және слесарьлерге жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Технологиялық процеске сәйкес технологиялық жабдықтарды іріктейді.
2. Бөлшектерді қалпына келтірудің технологиялық процестерін жүргізеді.
3. Орындаушылардың қауіпсіздік техникасын сақтауға бақылауды жүзеге асырады.

Оқытудың нәтижесі: 4) Автокөлікке ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автокөліктерді және агрегаттарды бөлшектейді.
2. Бөлшектерге ақаулау және іріктеу жүргізеді.
3. Агрегаттарды толықтыруды, жинауды және сынауды орындайды.
4. Қозғалтқыштың негізгі бөлшектерін жөндеуді жүзеге асырады.
5. Электр жабдықтарын, трансмиссия бөлшектерін және басқару механизмдерін жөндеуді жүзеге асырады.
6. Автокөлік шиналарын, шанақтарды және кабиналарды жөндеуді жүзеге асырады.

КҚ 19. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, жұмысқа бақылауды жүзеге асыру

КМ 19. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, жұмысқа бақылауды жүзеге асыру

Осы модуль жұмыс нәтижелігін, нормативтік құжаттамаға сәйкес автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, жұмысқа бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылардың мыналарды игереді: өндірістік аймақтардың жұмысын жоспарлауды, автокөлікке техникалық қызмет көрсетуді, пайдаланатын материалдарды сақтауды ұйымдастыруды.
Білім алушылардың мынадай машықтарды меңгеруі маңызды: автокөлік кәсіпорындарының өндірістік аймақтарын және учаскелерін жобалауға; автокөлік кәсіпорнының технологиялық прцесін, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автобус парктерін жобалауға және есептеуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындайды.

Оқытудың нәтижесі: 1) Автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді және пайдаланатын материалдарды сақтаудың әр түрлерін және әдістерін қолдану.

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Өндірістік оқыту
Курстық
жоба

Бағалау өлшем шарттары:

1. Шиналарды, бөлшектерді сақтауды ұйымдастырады.
2. Жанар-жағармай материалдарын сақтауды ұйымдастырады;
3. Автокөліктерді ашық сақтауды ұйымдастырады.
4. Автокөліктерді гаражда сақтауды ұйымдастырады.

Оқытудың нәтижесі: 2) Автокөлік кәсіпорнының түріне байланысты өндірістің технологиялық процесін ұйымдастыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсету станцияларында жеңіл және жүк көліктеріне өндірістің технологиялық процестерін ұйымдастырады.
2. Автокөлік кәсіпорнының технологиялық процесін ұйымдастырады.
3. Автобус паркінің технологиялық процесін ұйымдастырады.
4. Жоспарлы-ескерту жөндеулерді жоспарлайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Автокөлік кәсіпорындарының өндірістік аймақтарын және учаскелірн жобалау

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсету өндірісінің технологиялық процесін жобалайды.
2. Автокөлік кәсіпорны өндірісінің технологиялық процесін жобалайды.
3. Автобус кәсіпорны өндірісінің технологиялық процесін жобалайды
4. Технологиялық жабдықтарға іріктеуді жүзеге асырады.
5. Өндірістің аймақтарды жобалайды.

Оқытудың нәтижесі: 4) Өндірістің аймақтарды және автокөлік кәсіпорындарының учаскелерін есептеу.

Бағалау өлшем шарттары:

1.Өндірістік аймақтарды есептейді.
2. Техникалық қызмет көрсету өндірісінің технологиялық процесін есептйді.
3.Автокөлік өндірісінің технологиялық процесін есептейді.
4. Автобус паркі өндірісінің технологиялық процесін есептейді.

Оқытудың нәтижесі: 5) Цехтарда жұмыстарды орындауға бақылауды жүзеге асыру.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Мотор цехында жұмыстарды орындаудың талаптарын, тізімі мен тәртібін орындайды.
2. Электротехника цехында жұмыстарды орындаудың талаптарын, тізімі мен тәртібін орындайды.
3. Агрегаттық цехта жұмыстарды орындаудың талаптарын, тізімі мен тәртібін орындайды.
4. Шиномонтаж цехында жұмыстарды орындаудың талаптарын, тізімі мен тәртібін орындайды.

КҚ 20. Техник-механик біліктілігі бойынша жұмыстың негізгі түрлерін орындау

КМ 20. Диплом алдындағы практика

Диплом алдындағы практика оқыту процесінде алынған білімдер мен практикалық дағдыларды қорытындылауға және жетілдіруге; тікелей кәсіпорындарда жөндеудің қазіргі заманғы әдістерімен, жаңа жабдықтармен, өндірістің экономикасымен, экологиялық проблемаларды шешу жолдарымен танысуға; дипломдық жобаны орындау үшін техникалық материалдарды жинауға және дайындауға бағытталған.

Оқытудың нәтижесі: 1) Құрылымдық кәсіпорындарды сипаттау.

Кәсіби (диплом алдындағы) практика

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жұмыс орнында дублердың функциясын орындайды.
2. Жеке меншіктің және кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының нысандарын біледі.
3. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескереді.

Оқытудың нәтижесі: 2) Қозғалмалы құрамға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлау практикасын игереді.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жұмыс орнында дублердің функцияларын орындайды.
2. Цехтың (учаскенің) жұмысын жоспарлайды.
3. Техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің кестелерін жасайды.

Оқытудың нәтижесі: 3) Пайдаланатын және лауазымдық нұсқаулықтарды пайдалану.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Пайдалану нұсқаулықтарын қолданады.
2. Лауазымдық нұсқаулықтарды игереді.
3. Нұсқаулықтар жасайды.

Оқытудың нәтижесі: 5) Жүк және жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларының жұмысына талдау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Техникалық қызмет көрсету станцияларын дипломдық жобалау үшін деректерді жинайды.
2. Жиналған деректерге талдау жүргізеді.
3. Практика бойынша есеп дайындайды.

Оқытудың нәтижесі: 6) Жүк көлігі кәсіпорнының жұмысына талдау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Жүк автокөлігі кәсіпорның дипломдық жобалау үшін деректер жинайды.
2. Жиналған деректерге талдау жүргізеді.
3. Практика бойынша есеп дайындайды.

Оқытудың нәтижесі: 7) Автожөндеу кәсіпорнының жұмысына талдау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автожөндеу кәсіпорның дипломдық жобалау үшін деректер жинайды.
2. Жиналған деректерге талдау жүргізеді.
3. Практика бойынша есеп дайындайды.

Оқытудың нәтижесі: 8) Автобус паркінің жұмысына талдау жүргізу.

Бағалау өлшем шарттары:

1. Автобус паркі бойынша дипломдық жобалау үшін деректер жинайды.
2. Жиналған деректерге талдау жүргізеді.
3. Практика бойынша есеп дайындайды.

Ескерту:
Қолданылған аббревиатуралар:
БҚ - базалық құзыреттілік;
КҚ - кәсіптік құзыреттілік;
БМ - базалық модульдер;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет