Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №36 Қаулысы



жүктеу 87.71 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі87.71 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 11:28:47
Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 36 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 13 ақпандағы

36 қаулысымен бекітілген



 

 

Банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті ұсыну, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімін ресімдеу

қағидалары

 

Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және кредиттік бюроның кредиттік есепті алушыларға банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті ұсыну тәртібін, борышкер-тұлғаның өзі туралы және оның пайдасына банк шығарған кепілдіктер және кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімдерінің нысанын белгілейді.

1. Кредиттік бюро банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында және 30-3-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша ұсынады.

Бұл ретте банк өзінің пайдасына банк кепілдігін немесе кепілдеме берген тұлға банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті алу үшін банк кепілдігінің немесе кепілдеменің нотариатта куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, қағаз нысанда өзінің пайдасына шығарылған банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті алу туралы сұрау салу береді.

2. Кредиттік есепті алушының борышкер-тұлғаның пайдасына шығарылған банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті алу туралы сұрау салуында Заңның 30-1-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат қамтылады.



Заңның 30-1-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген ақпарат кредиттік есепті алушыда болған кезінде көрсетіледі.

3. Кредиттік бюро кредиттік бюроға осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген сұрау салулар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті алушыға Заңның 30-1-бабының 3-тармағында көзделген ақпараттан өзге банктің кредиттік бюроға өздерінің арасында ақпарат беру туралы жасалған шарт негізінде беретін ақпараты қамтылатын банк кепілдігі немесе кепілдеме туралы кредиттік есепті береді.

4. Кредиттік бюро кредиттік есепті алушыға банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті қолма-қол тапсырады не ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану арқылы электронды нысанда жібереді.

5. Борышкер-тұлғаның өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

6. Борышкер-тұлғаның өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы кредиттік есепті беруге келісімі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

 

Банк кепілдігі және кепілдеме туралы



кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның

өзі туралы және оның пайдасына

банк шығарған кепілдіктер немесе

кепілдемелер туралы мәліметтерді

банктің кредиттік бюроға беруіне

келісімін ресімдеу қағидаларының

1-қосымшасы

 

 

Борышкер-тұлғаның өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы

мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне

келісімі

 

____ жылғы «__»_______

жергілікті уақыт ___ сағат __ минут

 

Жеке тұлға үшін

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні және жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні,)

Заңды тұлға үшін

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(толық атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірi

 немесе оның мемлекеттік тіркелу заңнамасы бойынша заңды тұлғаны (Қазақстан Республикасының резиденті еместі)

сәйкестендіру үшін ресми пайданылатын өзге бірегейлендіру нөмірі)

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(банктің(тердің) атауы көрсетілсін)

өзінің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілдемелер туралы ақпарат

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

(кредиттік бюроның атауы көрсетілсін)

банк ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға (егер осы келісімді ресімдейтін банк Заңның 30-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы кредиттік бюроға ақпарат беретін болса) берілетініне осы келісімді береді

________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

(жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және бар болса - әкесінің аты көрсетіледі, жеке қолы қойылады; заңды тұлға үшін: заңды

тұлғаның атауы көрсетіледі, сенімхаттың деректемелері көрсетіле отырып, егер тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхат

негізінде іс-қимыл жасайтын болса, сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріле отырып, заңды тұлға осы келісімге қол

қоюға уәкілетті еткен тұлғаның қолы қойылады)

________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

(осы келісімді қабылдаған банктің атауы; осы келісімді қабылдауға уәкілетті тұлғаның тегі, аты-жөні және қолы).

 

Банк кепілдігі және кепілдеме туралы



кредиттік есепті беру, борышкер-тұлғаның

өзі туралы және оның пайдасына

банк шығарған кепілдіктер немесе

кепілдемелер туралы мәліметтерді

банктің кредиттік бюроға беруіне

келісімін ресімдеу қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Борышкер-тұлғаның банк кепілдігі және кепілдеме туралы кредиттік есепті беруге

келісімі

 

____ жылғы «__»_______

жергілікті уақыт ___ сағат __ минут

 

Жеке тұлға үшін

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

 (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні және жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

Заңды тұлға үшін

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

(толық атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі, немесе оның

мемлекеттік тіркелу бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе оның мемлекеттік тіркелу заңнамасы бойынша заңды

тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми пайданылатын өзге бірегейлендіру нөмірі)

банк өзінің пайдасына берген және кредиттік бюролардағы банк кепілдіктері немесе кепілдемелер туралы ақпарат осы келісімді қабылдаған кредиттік бюродан ақпарат алушыға жария етілетініне осы келісімді береді

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

(жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, жеке қолы қойылады; заңды тұлға үшін: заңды

тұлғаның атауы көрсетіледі, сенімхаттың деректемелері көрсетіле отырып, егер тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхат

негізінде іс-қимыл жасайтын болса, сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріле отырып, заңды тұлға осы келісімге қол

қоюға уәкілетті еткен тұлғаның қолы қойылады)

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

(осы келісімді қабылдаған банктің атауы; осы келісімді қабылдауға уәкілетті тұлғаның тегі, аты-жөні және қолы).

 

 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет