Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы



бет11/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

2

Атыс дайындығы

1) Калашников автоматын жартылай бөлшектеу жəне жинақтау жаттығулары – Автоматты жартылай бөлшектеу жəне жинақтау, автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі орналасу қалпын және ату кезіндегі бөлшек механизмдерінің жұмыс істеуімен танысуды;
2) Атуға ыңғайлануға жаттығу (АК-74, пневматикалық винтовка) – Оқжатарды патрондармен оқтау және оқжатарды сөмкеге салу. Атуға ыңғайлану (атуға қажет қалыпты қабылдау және автоматты оқтау). Ату (қарауыл мен өткізгішті орнату, иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу және ату кезінде автоматты мықтап ұстау). Атуды тоқтату, оқжатарды алу және атып болған соң автоматты тексеруді;
3) Қол гранаталарын лақтыру – Жарықшақты қол гранаталарын және танкіге қарсы гранаталарды лақтыруды;
4) Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату – Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) іс жүзінде атуды қамтиды.

1) Кез-келген жерден әр түрлі жағдайда атыс жүргізу.

1) Қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
2) Пневматикалық винтовкадан ату және Калашников автоматын толық емес бөлшектеп құрастырудағы нормативтерді орындайды.

2) Танкіге қарсы жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдерін білу.

1) Қол гранатасын қашықтыққа лақтыру нормативін орындайды.
2) Қол гранатасын дәлдікке лақтыру нормативін орындайды.

3

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары

1) Әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасуы, өмірі және күнделікті тұрмыс-тіршілігі – Әскери бөлімнің (бөлімшенің) тарихы. Әскери қызметшілердің орналасуы. Ақпараттық-тәрбие жұмысына арналған бөлме. Қару сақтауға арналған бөлме. Сарбаз асханасы, спорт базасы, оқу қалашықтарын;
2) Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері – Ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы жəне қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің атқаратын міндеттері. Өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері. Бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі. Ротаға басқа ротаның əскери қызметшілер келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттерін;
3) Сақшының міндеттері – Қарауылдық қызметке тағайындалу және қарауылдың атқаратын міндеттері. Бекет және оны жабдықтау, жарақтандыру. Бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттерін. Қаруды қолдану тәртібін;
4) Бекеттегі сақшының міндеттері және орындайтын әрекеттері – Қаруды оқтау тәртібі. Бекетте тұрған сақшы қаруының орналасу қалпы. Бекетті тапсырған және қабылдаған, бекетте өрт болған және өзінің немесе көрші бекет маңында тәртіп бұзушылық орын алған жағдайдағы сақшының әрекеттерін қамтиды.

1) Әскери бөлімнің оқу-материалдық базасын білу.

1) Әскери бөлімдегі күн тәртібі ережесін түсіндіреді.
2) Оқ-дәрілер мен қарулардың сақталу ережелерін түсіндіреді.

2) Ротаның тәуліктік кезекшілігінің міндеттерін білу.

1) Рота бойынша кезекшінің міндеттерін орындайды;
2) Ротаға бастық келген кезде рота бойынша кезекшінің іс-әрекетін қайталап дағдыланады.

3) Қарауылдық қызметті атқару ережесін білу.

1)Посттағы сақшының іс-әрекетін тәжірибелік дағдыда көрсетеді.
2) Қарауылдық қызметті атқаруда штаттан тыс жағдайды талдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет