4
|
Саптық дайындық
|
1) Әскери сәлемдесу – Бір орында және қозғалыс кезінде орындалатын әскери сәлемдесулерді;
2) Саптан шығу және сапқа қайта тұру – Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Бастыққа келу және одан кетуді;
3) Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын іс-қимылдар – «Автоматты кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды қой!», «Қаруға!», «Қаруды!» тәсілдерін орындауды;
4) Бөлімшенің сабы – Бөлімшені өрістетілген сапқа және жорықтық сапқа тұрғызу. Бөлімшені өрістетілген саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан өрістетілген сапқа тұрғызу. Бөлімшенің жинақталуы және жазылуын қамтиды.
|
1) Орнында тұрғанда және қозғалыста әскери сәлемдесу тәртібін білу.
|
1) Әскери сәлемдесу бойынша саптық дағдыларды орындайды;
|
2) Саптық тәсілдерді қарумен және қарусыз орындау.
|
1) Саптан шығу және бастыққа келуді орындайды.
2) Бөлімше құрамында саптық тәсілдерді орындайды.
|
5
|
Әскери топография
|
Азимут бойынша қозғалыс – Көкжиек тұстарын және магнитті азимутты анықтауға жаттығу. Азимут бойынша қозғалысты қамтиды.
|
1) Магниттік азимут пен көкжиек тұсын анықтау.
|
1) Картасыз таныс емес жерде бағдарланудың негізгі тәсілдерін түсіндіреді;
2) Көкжиек тұстарын анықтауда жергілікті нысандарды пайдаланады.
|
2) Магниттік құлабыз (компас) көмегімен жергілікті жерде бағдарлану.
|
1) Өзінің қадамын анықтап, қос қадаммен қашықтықты анықтайды.
2) Азимут бойынша қозғалыс сызбасын құрастырады.
|