4.4.ТҮЗУ TICTI ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІҢ TICTEPIH ИІЛУГЕ ЕСЕПТЕУ
Тістерді иілу беріктігне есептеу төменгі жорамалдармен жүргізіледі:
1. Барлық ілінісу кезінде жүктер бір жұп тістер арқылы беріледі және олар тістің төбесіне әсер етеді деп есептейміз.
2. Шеңбердің бойындағы күштер тіс ұзындығына бірдей әсер етеді.
3. Тістер арасындағы үйкеліс күші өте аз болатындықтан, оны есепке алмаймыз және тістердің бір-біріне әсер ететін күш профильдерге жүргізілген нормаль бойынша бағытталған деп есептейміз. Тістерге әсер ететін күшті деп, оны екі құраушы күшке жіктейміз (4.5-сурет), сонда мұндағы Ft —шеңберге жанама бойынша әсер ететін шеңберлік күшті:
, (4.8)
4.4.-сурет.
ал, Fr — шеңбер радиусы бойымен әсер ететін радиалдық күшті
Fr = Fttg , (4.9)
береді. Мұндағы d — бөлгіш шеңбердің диаметрі:
. (4.10)
Енді және деп белгілейміз, ceбeбi > , сондықтан F't мен Ft, F'r мен Fr тең емес:
Достарыңызбен бөлісу: |