Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы №541 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет2/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.64 Mb.
#174422
1   2   3   4   5   6   7
заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

 

 

4. Жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау



 

27. Жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімін, сақтау және тасымалдау шарттарын санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша оны дайындаушы белгілейді.

28. Дайындаушы белгілеген сақтау, тасымалдау шарттары жарамдылық мерзімі ішінде жеміс-көкөніс өнімдерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.



Жарамдылық мерзімін көрсету:

- тазаланбаған, кесілмеген немесе өңделмеген картоптарды қоса алғанда жаңадан піскен жемістер мен көкөністер үшін;

- шараптар, ликерлар, көбікті шараптар, хош иістендірілген шараптар, жемісті шараптар және көпіршікті шараптар үшін;

- құрамында 10% немесе одан астам алкоголь бар сусындар үшін талап етілмейді.

29. Сақтауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға дайындаушы белгілеген жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және тасымалдау шарттарын сақтайды.



 

 

5. Өнімді сату



 

Сатылатын өнім осы Техникалық регламенттің талаптарына жауап беруге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

30. Базарда жеміс-көкөніс өнімдерін орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын субъектілердің нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің нақты түрлерін қабылдау, бақылау, бірдейлендіру және сақтау мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлары мен жағдайлары болуы тиіс.

31. Өнімнің сатылуы адамның өмірі мен денсаулығын және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып, сауда саласындағы заңнамаға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.



Сатылатын өнім қауіпсіздігі бойынша осы Техникалық регламенттің талаптарына, ал басқа көрсеткіштер бойынша шартта көрсетілген жағдайларға сәйкес болуы қажет. Шартта өнімнің осы тобына заңнамада белгіленген көрсеткіштермен салыстырғанда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне барынша жоғары талаптар көзделуі мүмкін.

32. Өнімді сату барысында, дайындаушы белгілеген сақтау шарттары сақталуы тиіс.

33. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сапасыздық белгілері бар, осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып таңбаланған, белгіленген нысандағы ілеспе құжаттары жоқ өнімдер сатуға жіберілмейді.

34. Өнімді сатып алушылар мен тұтынушылар өздерінің қауіпсіздігі мақсатында таңбалауда көрсетілген талаптарға сәйкес өнімді пайдалану және тұтыну бойынша дайындаушының (сатушы) ұсынымдарын сақтайды.



 

 

6. Жеміс-көкөніс өнімдерінің қадағалануы



 

35. Тұтынушыларға арналған өнімдерді қадағалау жеміс-көкөніс өнімдерін, технологиялық құралдарды, тамақ қоспалары мен ингредиенттерді, буып-түю материалдарын, сондай-ақ қызметтерді жеткізудің бір тізбегіне қатысушылардың өнімдер партиясын құжаттық сәйкестендіру арқылы қамтамасыз етіледі.

36. Дайындаушылар, сондай-ақ сақтауды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын тұлғалар әр партияның шегінде жеміс-көкөніс өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз етеді.

37. Ұйым өнім партиясын және олардың шикізаттарға, өңдеу және жеткізу жөніндегі жазбаларға қатысын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қадағалау жүйесін белгілейді және қолданады.

38. Қадағалау жүйесі тікелей жеткізушіден келетін материалдарды және соңғы өнімді бөлудің бастапқы маршрутын сәйкестендіруге мүмкіндік беруі тиіс.

39. Қадағалау жөніндегі жазбалар ықтимал қауіпсіз емес өнімдер айналымы үшін және өнімді кері қайтарып алу жағдайында жүйені бағалау мақсатында уақыттың белгілі бір кезеңінде ұсталуы тиіс.

 

 

7. Сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жеміс-көкөніс өнімдерін кәдеге



жаратуға және жоюға қойылатын талаптар

 

Өнімді кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

40. Сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болып мынадай:

- осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін;

- айқын сапасыздық белгілері бар;

- өнімнің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өнімді дйындаушының (берушінің) құжаттары жоқ;

- жарамдылық немесе сақтау мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен жеміс-көкөніс өнімдері танылады.

 

 

8. Сәйкестігін растау



 

41. Осы Техникалық регламент пен үйлестірілген стандарттардың талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

42. Сәйкестікті растау схемасын таңдау дұрыс емес бағалаудың жиынтық қатерін және сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудың зардабын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Өнімнің сәйкестігін растаудың ұсынылатын рәсімдері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында берілген.



 

 

9. Үйлестірілген стандарттар тізбесі

 

1) ҚР СТ 3.4 «Өнім сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар»;

2) ҚР СТ 3.27 «Тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін сертификаттаудың тәртібі»;

3) ҚР СТ 3.34 «Сәйкестігін растау кезіндегі тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін сәйкестендіру»;

4) ҚР СТ 3.63 «Жемістердің, көкөністердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің сәйкестігін растау тәртібі»;

5) ҚР СТ 1014-2000 «Өнімді сәйкестендіру. Жалпы ережелер»;

6) ҚР СТ 1010-2002 «Тамақ өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар»;

7) ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 «Сынау, калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»;

8) ISO 2200:2005 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. Өнімдер жеткізу тізбегіндегі ұйымдарға қойылатын талаптар»;

9) ISO/Т8 22004:2005 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. ИСО 22000:2005 қолдану жөніндегі басшылық»;

10) ISO 2169:1981 «Жемістер және көкөністер. Суықта сақтаудың физикалық шарттары. Анықтамалар және өлшемдер»;

11) ISO 6949:1988 «Жемістер және көкөністер. Реттелетін атмосфера жағдайында сақтау қағидаты мен әдістемесі».

 

 

10. Нарықтағы сәйкестік белгісі



 

43. Сәйкестікті растау органы жеміс-көкөніс өнімдерін сертификаттау кезінде мерзімі ресімделген сертификаттың қолдану мерзімінен аспайтындай сәйкестік белгісімен таңбалауды ұсынуы мүмкін және/немесе өніммен бірге жүруі үшін сәйкестік сертификатының көшірмесін ресімдейді.

44. Сәйкестік белгісімен таңбалау нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



 

 

11. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары



 

45. Осы Техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

46. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар қолдану мерзімі біткенге дейін қолданыста деп саналады.



 

Техникалық регламентке



1-қосымша

 

Жемістердің, көкөністердің, түйнекжемістілердің

және оларды қайта өңдеу өнімдерінің Қазақстан

Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар

номенклатурасы (ҚР СЭҚ ТН) кодына сәйкес тізбесі

 

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

1

2

0601

Пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді

тамырлар, түйнекті пияздар,

бұтақталғандарды қоса алғанда,

вегетативтік тыныштықтағы, вегетация

немесе гүлдену жағдайындағы тамыр

сабақтары; 1212-тауар позициясындағы

тамырлардан басқа, өсімдіктер және

шашыратқының тамырлары:

0601 10

- вегетативтік тыныштық жағдайындағы

бұтақталғандарды қоса алғанда, пияздар,

түйнектер, түйнек тәрізді тамырлар,

түйнекті пияздар:

0601 10 100 0

-- гиацинттер

0601 10 200 0

-- нарцистер

0601 10 300 0

-- қызғалдақтар

0601 10 400 0

-- гладиолустар

0601 10 900 0

-- өзгелері

0601 20

- пияздар, түйнектер, түйнек тәрізді

тамырлар, түйнекті пияздар,

бұтақталғандарды қоса алғанда,

вегетативтік тыныштықтағы немесе гүлдену

жағдайындағы тамыр сабақтары, өсімдіктер

және шашыратқының тамырлары:

0601 20 100 0

-- өсімдіктер және шашыратқының тамырлары

0601 20 300 0

-- орхидеялар, гиацинттер, нарцистер және қызғалдақтар

0601 20 900 0

-- өзгелері

0602

Өзге де тірі өсімдіктер (олардың

тамырларын қоса алғанда), қаламшалар

немесе сұлатпа бұтақтар;

саңырауқұлақтың жіпшумағы:

0602 10

- тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар:

0602 10 100 0

-- жүзімнің

0602 10 900 0

-- өзгелері

0602 20

- телінген немесе телінбеген, жеуге жарайтын жемістер немесе жаңғақтар беретін ағаштар, бұталар және бұташықтар:

0602 20 100 0

-- тамырланбаған қаламшалар мен сұлатпа бұтақтар

0602 20 900 0

-- өзгелері

0602 30 000 0

- телінген немесе телінбеген

рододендрондар мен азалиялар

0602 40

- телінген немесе телінбеген раушандар:

0602 40 100 0

-- телінбеген немесе қаламшаланған

0602 40 900 0

-- телінген немесе қаламшаланған

0602 90

- өзгелері:

0602 90 100 0

-- саңырауқұлақтың жіпшумағы

0602 90 200 0

-- ананас өсімдіктері

0602 90 300 0

-- көкөніс дақылдарының өсімдіктері,

бүлдірген және құлпынай

  

-- өзгелері:

  

--- ашық топыраққа арналған өсімдіктер:

  

---- ағаштар, бұталар және бұташықтар:

0602 90 410 0

----- орман ағаштары

  

----- өзгелері:

0602 90 450 0

------ тамырланған қаламшалар және жас өсімдіктер

0602 90 490 0

------ өзгелері

  

---- ашық топыраққа арналған өзге де өсімдіктер:

0602 90 510 0

----- көпжылдық өсімдіктер

0602 90 590 0

----- өзгелері

  

--- қорғалған топыраққа арналған өсімдіктер:

0602 90 700 0

---- кактустарды қоспағанда, тамырланған

қаламшалар және жас өсімдіктер

  

---- өзгелері:

0602 90 910 0

----- кактустарды қоспағанда, гүлшанақтар

немесе гүлі бар гүлдейтін өсімдіктер

0602 90 990 0

----- өзгелері

0701

Жаңадан піскен және тоңазытылған картоп:

0701 10 000 0

- тұқымдық

0701 90

- өзгесі:

0701 90 100 0

-- крахмал өндіру үшін

  

-- өзгесі:

0701 90 500 0

--- жас, 1 қаңтардан 30 маусым аралығы

0701 90 900 0

--- өзгелері

0702 00 000

жаңадан піскен және тоңазытылған қызанақтар:

0702 00 000 1

- 1 қаңтар - 31 наурыз

0702 00 000 2

- 1 сәуір - 30 сәуір

0702 00 000 3

- 1 мамыр - 14 мамыр

0702 00 000 4

- 15 мамыр - 31 мамыр

0702 00 000 5

- 1 маусым - 30 қыркүйек

0702 00 000 6

- 1 қазан - 31 қазан

0702 00 000 7

- 1 қараша - 20 желтоқсан

0702 00 000 9

- 21 желтоқсан - 31 желтоқсан

0703

Пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей

пиязы және өзге де пиязшық

көкөністер, жас және тоңазытылған:

0703 10

- пияз және шалот пиязы:

  

-- пияз:

0703 10 110 0

--- себілетін пияз

0703 10 190 0

--- өзгелері

0703 10 900 0

-- шалот пиязы

0703 20 000 0

- сарымсақ

0703 90 000 0

- порей пиязы және өзге де пиязшық

көкөністер

0704

Қаудандық қырыққабат, түрлі-түсті

қырыққабат, кольраби, жапырақты

қырықкабат және Вrаssіса туысынан

ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жас

және тоңазытылған:

0704 10 000 0

- түрлі-түсті қырыққабат және брокколи

0704 20 000 0

- брюссельдік қырыққабат

0704 90

- өзгелері:

0704 90 100 0

-- аққауданды және қызылқауқанды қырыққабат:

0704 90 900 0

-- өзгелері

0705

Латук салаты (Lactuca sativa) және

цикорий (Сichorim spp.), жас және тоңазытылған:

  

- латук салаты:

0705 11 000 0

-- қаудандық латук салаты (қаудандық салаты)

0705 19 000 0

-- өзгелері

  

- цикорий:

0705 21 000 0

-- кәдімгі цикорий (Сichorim іntybus var.  foliosum)

0705 29 000 0

-- өзгелері

0706

Сәбіз, тұрып, асханалық қызылша, ешкі

сақал, тамырлы балдыркөк, шалқан және

өзге де ұқсас жеуге жарайтын тамыр

тұқымдары, жас және тоңазытылған:

0706 10 000 0

- сәбіз және шалқан:

0706 90

-- өзгелері

0706 90 900 0

--- өзгелері

0707 00

қиярлар және корнишондар, жас және

тоңазытылған:

0707 00 050

- қиярлар:

0707 00 050 1

-- 1 қаңтар - ақпанның аяғы

0707 00 050 2

-- 1 наурыз - 30 сәуір

0707 00 050 3

-- 1 мамыр - 15 мамыр

0707 00 050 4

-- 16 мамыр - 30 қыркүйек

0707 00 050 5

-- 1 қазан - 31 қазан

0707 00 050 6

-- 1 қараша - 10 қараша

0707 00 050 9

-- 11 қараша - 31 желтоқсан

0707 00 900 0

- корнишондар

0708

Аршылған немесе аршылмаған бұршаққап

көкөністері, жас немесе тоңазытылған:

0708 10 000 0

- бұршақ (Pisum sativum)

0708 20 000 0

үрме бұршақ (Vigna spp.,

Phaseolus spp.)

0708 90 000 0

- өзге де бұршақ көкөністер

0709

Өзге де кекөністер, жас және

тоңазытылған:

0709 10 000 0

- артишок

0709 20 000 0

- қасқыржем

0709 30 000 0

- баялдылар (бадриджандар)

0709 40 000 0

- тамырлы балдыркөктен басқа, өзге де балдыркөк


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет