Венн диаграммасы
Оқушының біреуі Word мәтіндік редакторы мен Excel электрондық кестесінің ұқсастықтарын, екіншісі айырмашылықтарын табады.
Сабақ соңында оқытушы оқушылардың білімін бағалайды.
10.Бекіту сұрақтары:
1. MS Excel деген не?
2. Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
3. Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері қандай?
4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?
6. Электрондық кестедегі кітап деген не?
7. Стандартты және Пішімдеу құралдар үстелінің айырмашылықтары қандай?
8. Өрнек жолағының атқаратын қызметі қандай?
11.Оқушыларды бағалау.
12.Үйге тапсырма: Excel электрондық кестесі туралы оқу.
Байжұманов М.Қ, Жапсарбаева Л.Қ. Информатика
104-108 беттер.
|
Оқытушы оқушыларды түгелдеп, сыртқы көрінісіне, сабаққа дайындығына назар аударады.
Оқушылардың жеке жұмыстары
Дәптерге конспект ретінде жазу
Оқушылардың жеке жұмыстары
Жалпы сұрау
|
2 мин
10 мин
74 мин
2 мин
2 мин
|
1. ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excel командасын орындаймыз.
2. Excel бағдарламасының терезесі
Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:
1-сурет. Excel бағдарламасының терезесі
Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз.
Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады.
Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады.
Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).
Кестенің құрылымыЭлектронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”).
Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2.
Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.
Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.
Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады.
Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.
Microsoft Excel терезесіне шолуExcel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады.
Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады
ҰЯШЫҚТАР ДИАПАЗОНДАРЫ.
Диапазон – іргелес ұяшықтардаорналасқан, формулалардаоларғабіртұтасэлементсияқтықатынасатынмәліметтертобы. Жолдағынемесебағандағыдиапазондарғаолардыңалғашқыжәнесоңғыадрестерінкөрсетуарқылықатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.
Тік төртбұрышты диапазонғажоғарғысолтөбементөменгіоңтөбеніңадрестерінкөрсетуарқылықатынайды, мысалы А1:С15.
Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б) енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін
- бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;
- автотолтыру (автотолтырумаркеріарқылы);
- прогрессиялытолтыруды
қолданады.
Толтыру маркері- бұл белгіленген диапазонның бұрышындағы кішкентай қара квадрат. Тышқанның курсоры толтыру маркеріне түскен кезде қара крест түріне ие болады:Автотолтыру маркері – белгіл
енген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан қара квадрат.
АВТОТОЛТЫРУ– бұл мәліметтерді тезірек енгізуге көмектесетін функция. Маркерді жылжытқанда ұяшықтарда тек көшіру ғана жүргізілмейді. Мысалы: кез келген ұяшыққа 1, ал көрші ұяшыққа(оң жағына) 2 санын енгізіп, екі ұяшықты қатар белгілеп жол бойымен тартатын болсақ 1,2,3,4......қатары пайда болады.
ТӘЖІРБИЕЛІК ЖҰМЫС: ТАПСЫРМА № 1.
Місrosoft Excel кестелік процессорында «Менің сабақ кестем » атты кесте құру оны толтыру. Автотолтыру функциясын қолдана отырып.
Достарыңызбен бөлісу: |