Технологическая карта урока №



бет32/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

2)Үй тапсырмасын бекіту
Дербес компьютерде жұмыс
Тапсырма: Архаватор бағдарламасын орнату керек. Дайын бумада тұрған құжаттарды архифтеу керек.


III. Жаңа сабақ.
Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс - әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.
Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.
Вирустың пайда болу белгілері:
· Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
· Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.
· Компьютер баяу жұмыс істейді.
· Кейбір файлдардың бұзылуы.
· Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.
Вирустар 3 типке бөлінеді.
1. Мекендеу ортасына қарай.
2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.
3. Мақсатына қарай.
Мекендеу ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет