«Технология» ұғымы


«Педагогикалық технология» ұғымы



бет2/2
Дата20.01.2022
өлшемі17.01 Kb.
#454691
1   2
Бастауыш бб.технологиялар

«Педагогикалық технология» ұғымы

Сипаттамасы

1

Г.М. Құсайынов

педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарлары мен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

2

Б.Т. Лихачев анықтамасы

«педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе,

3

В.П. Беспалько анықтамасы

В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты.

4

И.П. Волков анықтамасы



«Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі)»

5

В.М. Монахов анықтамасы

педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың ара-қатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау. 

Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.

1.Оқу процесін жобалау кезеңі.

2.Осы жобаны іске асыру кезеңі.




6

М.В. Кларкин анықтамасы



«Педагогикалық технология дегеніміз – педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық, методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет