Дәрiске әдiстемелiк нұсқау
Дәрiсте берiлген материалды игеру үшiн ағындарды нақты қосымшалар жасауүшін қолданғанда берiлген анықтамаларына көңiл бөлiп, оларды ажырата бiлу керек. Дәрiсте берiлген негiзгi мәселелер мен сұрақтарға мән берiңiз. Ағындарды нақты қосымшалар жасау үшін қолдануға талдау жасаңыз.
5.7 Процестің құрылуы
Мақсаты:
Процестерді құру әдістерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
Процестің құрылу тәсілдері.
Тақырып бойынша негізгі түсінік:
Компьютердегі барлық бағдарламалық қамтама, соның ішінде амалдық жүйеде, тізбектелген процестер жиыны түрінде ұйымдастырылған. Амалдық жүйеге барлық процестер бар екендігін растайтын әдіс керек. Қарапайым жүйеде және құрамында бір ғана қосымшасы бар жүйеде барлық ерте ме кешпе орындалатын процестердің болуын тексеру қиын емес. Әмбебап жүйелерде процестерді жасайтын және үзетін әдістерді ойлап табу керек. Жалпы процестерді жасау үшін келесі төрт оқиға болуы шарт:
Жүйені инициалдау;
Процесті жасау үшін жұмыс істеп тұрған процесс шығарған жүйелік шақыруды орындау;
Пайдаланушының процесті жасауға сұратымы;
Дестелік тапсырманы инициалдау.
Әдетте, амалдық жүй жүктелген кезде бірнеше процессте жасалады. Олардың кейбіреулері жоғарағы қалаулы да, пайдаланушыны мен осы жұмысты орындаушының өзара әрекеттесуін қаматамасыз етеді. Қалғандары аялық болады, олардың нақты пайдаланушымен байланысы жоқ, бірақ олар ерекше функцияларды атқарады. Электрондық поштаға, Web-сайттарға, жаңалықтарға, баспаға шығаруға және басқаға байланысты аялық процестер демон деп аталады.Үлкен жүйеде ондаған демондар болады.
Процестер тек амалдық жүйе жүктелгенде ғана жасалмайды, олар кейін де жасала береді, мысалы, ағындағы процестің сұратымы бойынша жасалады. Жаңа процестерді жасау, әсіресе, орындалатын есепті бір-бірімен байланысы бар, бірақ тәуелді емес, өзара әрекеттесетін процестер жиынтығы ретінде құрастырған жағдайда өте пайдалы. Егер ары қарай өңдеу үшін желіден үлкен мөлшерде деректер таңдау қажет болса, онда бірінші процесті деректерді таңдау және оларды бірге пайдаланатын буферге орналастыру үшін, ал екінші процесті буфердегі деректерді оқу және оларды өңдеу үшін жасау өте ыңғайлы болады. Мұнда, егер әрбір процесті көп процессорлы жүйедегі жеке процессорда жіберсе, онда бұл модель деректерді өңдеуді едәуір жылдамдатады. Интерактивті жүйеде бағдарламаны пайдаланушы пернетақтадан команданы теріп немесе мауспен оның бегісінде екі рет шертіп жібере алады. Екі жағдайда да нәтижесінде жаңа процесс жасалып, онда бағдарлама жіберіледі.
UNIX жүйесінде X Windows жұмыс істесе, жаңа процесс өзі жіберілген терезені алады. Windows жүйесінде процесс жіберілгенде, оның жеке терезесі болмайды, бірақ ол бір немесе бірнеше терезені жабуға міндетті. Айтылған амалдық жүйелердің екеуінде де пайдаланушы әрқайсына жеке процесс сәйкес келетін бірнеше терезелерді бірмезгілде аша алады. Пайдаланушы тышқан арқылы бір терезеден екінші терезеге өтіп, процестермен әрекеттесе алады. Мысалы, процестердің орындалуына қажет деректерді керегінше енгізіп отыруына болады.
Жаңа процесті жасауға әкелетін соңғы оқиға майнфреймдегі (үлкен компьютердегі) дестелерді өңдеу жүйесіне байланысты. Пайдаланушылар мүмкін қашықтағы терминал арқылы, дестелік тапсырманы жібереді, ал амалдық жүйе жаңа процесс жасап, қажетті ресурс босаған кезде кезектегі келесі тапсырманы жібереді.
Техникалық жағынан барлық жоғарыда айтылған жағдайларда жаңа процесс бірдей әдіспен жасалады: ағымдағы процесс жаңа процесті жасау үшін жүйелік шақыруды орындайды. Ағымдағы процестің рөлін пайдаланушы жіберген процесс, пернетақта немесе мауыс арқылы жіберілген жүйелік процесс, сондай-ақ, дестелерді басқаратын процесс орындауы мүмкін. Бірақ, барлық мүмкін жағдайда ағымдағы процесс тек жүйелік сұратымды орындап, жаңа процесті жасайды. Жүйелік сұратым амалдық жүйеге жаңа процесті жасаттырады және осы процессте жіберілетін бағдарлама жайында тура немесе көлденең ақпаратты қамтиды.
Процестердің жасалуы аяқталғаннан кейін, ол өзінің жұмысын бастайды. Бірақ ешнәрсе шексіз болмайтындықтан, процесс ерете ме кеш пе жұмысын аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |