Белсенділікті күту немесе дайындықты күту әдісі. Пайдаланушының бағдарламасы жүйелік сұратым береді, жүйе ядросы сәйкес драйверлерінің процедураларына аударады. Сонан кейін, драйвер енгізі/шығару процесін бастайды. Осы уақытта драйвер қажет құрылғының дайындығын сұрайтын өте қысқа циклды бағдарламаны орындайды. Енгізі/шығару амалы орындалып біткеннен кейін драйвер қажет жерден/жерге деректерді оқиды/орналастырады да өзінің алғашқы жағдайына оралады. Соңында, амалдық жүйе басқаруды сұратым жасаған пайдаланушы прогрммасына қайтарады.
Бағдарламалық үзілімді қолдану әдісі. Драйвер құрылғыны жібереді және енгізі/шығару біткеннен кейін үзілімді беруді сұрайды. Осыдан кейін драйвер деректерді қайтарады, амалдық жүйе шақырған бағдарламаны бұғаттайды және, егер керек болса, басқа тапсырмаларды орындайды. Контроллер деректерді беру аяқталғандығын байқағанда, амалдың аяқталғандығы туралы хабар беру үшін үзілімді тудырады.
DMA тура қатынау жадының арнаулы контроллерін қолдану. Бұл контроллер оперативті жад пен кейбір контроллер арасындағы ағынды орталық процессорды тұрақты араластырмай басқарады. Процессор DMA контроллерін шақырып, оған қанша байтты жіберу керектігін анықтап, құрылғы мен жадтың хабарлап, деректерді жіберу бағытын (енгізу/шығару) көрсетіп алып, ары қарай оның өзі әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Кейбір үзілімдер басқа үзілімді өңдеп жатқанда пайда болуы мүмкін. Орталық процессордың бұларды өңдеуге тиым салып, оған рұқсатты кейін беретін мүмкіншілігі бар. Үзілімдерге тиым салынып тұрғанда жұмыстарын аяқтаған барлық құрылғылар өзінің сигналдарын процессорға жібере береді, бірақ одан процессордың жұмысы үзілімдер рұқсат алмайынша үзілмейді. Егер үзілімдерге тиым салынып тұрғанда бірнеше құрылғылар жұмыстарын бірден аяқтаған болса, онда үзілімдер контроллері олардың қайсысы бірінші шешу үшін олардың артықшылығын қолданады. Жоғары артықшылығы бар құрылғыға алдымен қызмет көрсетіледі.
Негізі түсінік бойынша нақты компьютерлік жүйенің енгізу/шығару құрылғыларының түрлерін және олардың жұмыс ітеу принциптерін білмейінше, олармен жұмыс істеу мүмкін емес және қазіргі дербес компьютердің кез келген пайдаланушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |