Технологиялар кафедрасы



бет4/34
Дата15.02.2024
өлшемі444.59 Kb.
#491707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Ерсултанова З.С. Амалдық жүйелер

Мақсаты:
Амалдық жүйені пайдаланушыға интерфейс ретінде ыңғайлы, әрі тиімді жақтарын көрсету.
Дәріс жоспары:
1. Қазіргі кездегі амалдық жүйелердің ерекшелігі;
2. Бұрынғы және қазіргі кездегі компьютерлердің айырмашылықтары мен мүмкіншіліктері.
Тақырып бойынша негізгі түсінік:
Біріншіден, амалдық жүйені пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс ретінде қарау оның компьютердегі барлық күрделі бөліктерді басқару үшін компьютер құрылымындағы механизм деген ұғымды білдіреді. Компьютерлер процессордан, жадыдан, желілік интерфейстен, принтерден және басқа көптеген құрылғылардан тұрады. Екіншіден, амалдық жүйе жұмысы оларды пайдаланатын әр түрлі бағдарламалар арасында енгізу-шығару құрылғылардың және жад пен процессорлардың бөлінуін ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Бір компьютерде үш бағдарлама жұмыс істесе және олардың бәрі бір мезгілде соңғы мәліметтер бірғана принтерде басып шығарғысы келетін жағдайды ойлап көріңіз. Мүмкін беттің басында бірінші бағдарламадан, сонан кейінгі жолдар үшінші бағдарламадан болған болар ме еді. Нәтижесінде ешкім түсінбес жағдай қалыптасар еді. Амалдық жүйе осындай жағдайларда толық тәртіп енгізеді.
Амалдық жүйе бағдарлама жұмысының барысында оның шығар мәндерін уақытша файл түрінде сақтайды. Соңынан, осы бағдарлама жұмысы біткенде, жүйе мәліметтерді принтерге жібереді. Компьютерді (немесе желіні) бірнеше пайдаланушы қолданылатын болса жадты, енгізу-шығару құрылғыларын, басқа ресурстарды басқару және оларды қорғау қажеттегі күрт артады. Өйткені пайдаланушылар оларға кез-келген ретпен шығуы мүмкін. Пайдаланушылар арасында тек жабдықтарды ғана емес, ақпараттарды (файлдар, деректер базасы және с.с.) бөлуге тура келеді. Осы көзқарас тұрғысында амалдық жүйе міндеті кім және қандай ресурс пайдаланатындығын, ресурстарға сұраныстарды өңдеу, жүктеу коэффициентін есептеуді және әртүрлі бағдарламалармен пайдаланушылардың қарама-қайшылықтар мәселелерін қадағалап отыру болып табылады.
Ресурстарды басқару екі тәсілмен жүзеге асады: уақыт бойынша және кеңістік бойынша. Ресурс уақыт бойынша, бөлінген жағдайда, әр түрлі пайдаланушылар оларды кезекпен пайдалануға мүмкіндік алады, одан соң басқасы т.с.с. Мысалы, бірнеше бағдарламалар орталық процессорға шығады. Бұл жағдайда амалдық жүйе алдымен процессорға бір бағдарламамен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды, соңынан ол жеткілікті уақыт істеген соң, басқа бағдарламаға, одан соң келесіге, ең аяғында қайтадан біріншіге береді. Ресурс уақыт бойынша қанша рет пайдаланылады, келесі кім болады және оған ресурс қанша уақытқа беріледі. Осының барлығына амалдық жүйе міндетті.
Негізі түсінік бойынша нақты амалдық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйенің тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез-келген қолданушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

  • Дәріске әдістемелік сипаттама беру

Дәріспен жұмыс кезінде дәрістің негізгі түсінігіне мұқият көңіл бөліңіз. Дербес компьютердің амалдық жүйесімен танысуда сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді. Өткізілген дәрістегі ерекшеліктерді сақтау және қызығушылықты арттыру.

1.4 Амалдық жүйенің жіктелуі


Мақсаты:
Амалдық жүйенің әртүрлі жіктелуінің мүмкіндіктерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Амалдық жүйенің бір есепті және көп есептілігі.
2. Амалдық жүйенің бір пайдаланушылық және көп пайдаланушылық болып жіктелулері.
Тақырып бойынша негізгі түсінік:
Амалдық жүйелер майнфреймдік, серверлік, көпроцессорлық, нақты уақтылық, дербес компьютерлік, ендірілген деп жіктеледі.
Мэйнфреймдердің енгізу-шығару мүмкіндіктері өте жоғары, олар мыңдаған дискілермен және көлемдері терабайт болатын деректермен жұмыс істейді. Мэйнфреймдік амалдық жүйе бір мезгілде көп тапсырманы (негізінен енгізу-шығару амалдары) орындауға бағытталады және ол мынадай үш дестелік өндеу, транзакцияны өндеу (топтық операциялар), және уақытты бөлу режімде жұмыс істейді.
Серверлік амалдық жүйелер бір мезгілде көп пайдаланушыларға қызмет көрсетеді және оларға өзара бағдарламалық және аппараттық ресурстарды бөлуге мүмкіндік береді.
Көппроцессорлық жүйеде екі немесе бірнеше орталық процессорлар бір ортақ оперативті жадқа толық қолжеткізуді бөледі, яғни, бүкіл жадты адрестеуді бөледі.
Нақты уақытты амалдық жүйелерде неізгі параметр уақыт болады. Олар қатал уақытты жүйе немесе икемді уақытты жүйе болып екіге бөлінеді. Біріншісінде орындалатын амал немесе көрсетілетін қызмет тек дәл анықталған уақытта орындалуы міндетті (оларды уақыттан кешіктіріп орындауға мүлде болмайды), ал екіншісі орындау уақытын жыжытуға болады.
Дербес компьютерлік амалдық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді. Бір есепті амалдық жүйе әрбір уақытта адамға компьютерде бір ғана есепті шешуге, яғни, тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Бір есепті жүйелер қарапайым, шағын, ең аз қуатты компьютерлерде жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көп есептіден ұтылады, сондықтан оларға жылдам жол беріп, ығыстырылып келеді. Көп есепті амалдық жүйе бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар (параллель) жұмыс істейтін болады.
Бір пайдаланушылық амалдық жүйе компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көп пайдаланушылық жүйеде әрбір пайдаланушы барлық ақпараттармен және құпиясөз енгізу арқылы тек өзіне қатысты жеке ақпараттармен байланыса алады.
Кейбір көп пайдаланушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше пайдаланушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейне монитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы бағдарлама орындауы мүмкін. Пайдаланушылар өз терминалдарында бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді.
Терминал компьютерден қашықта (бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде) орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп пайдаланушылық амалдық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютер мен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады. Терминал негізгі компьютермен және дүниежүзілік компьютерлік желі Internet арқылы байланыса алады.
1990 жылдарға дейін көп адамның амалдық жүйемен қарым- қатынасы командалық режімде болған: пайдаланушы жүйенің шақыруына жауап ретінде команданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режім көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін.
Соңғы жылдары графикалық көп терезелі интерфейс жиі қолданылады, мұнда қажетті әрекеттер және объектілердің сипаттамасы мәтін түрінде енгізілмейді, мәзірден, файлдар тізімінен немесе маус арқылы таңдалады. Бұл көп терезелі интерфейс бір мезгілде бірнеше бағдарламалармен жұмыс істегенде ерекше қолайлы: олардың әрқайсысымен адам жеке терезеде жұмыс істейді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Microsoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір пайдаланушы командалық интерфейсі бар MS-DOS амалдық жүйесі ең танымал болған. Бұл жүйе дербес компьютерде ең қарапайым ресурстармен жұмыс істеуге қабілетті болатын.
Бүгінгі дербес компютерлердің қуаты сонша күшті болғандықтан, оған көп терезелі графикалық интерфейсі бар қуатты, көп есепті амалдық жүйені орнату тиімді. Олардың ішінде ең көп тарағаны Windows.
Сонымен қатар, амалдық жүйелердің кішірейтілген версиялары қалталы компьютер немесе қалтаға сыйатын шағын (телефондық және жазба кітапшасы және блокнот) қызмет орындайтын кішкентай компьютерлерде ендіріліп орнатылады.

  • Қорытынды шығару.

Негізі түсінік бойынша нақты амалдық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйенің тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген пайдаланушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

  • Дәріске әдістемелік сипаттама беру

Дәріспен жұмыс кезінде дәрістің негізгі түсінігіне мұқият көңіл бөліңіз. Дербес компьютердің амалдық жүйесімен танысуда сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді. Өткізілген дәрістегі ерекшеліктерді сақтау және қызығушылықты арттыру

1.5 Амалдық жүйенің жады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет