Технологиялар кафедрасы


 Дәрiске әдiстемелiк нұсқау



бет8/34
Дата15.02.2024
өлшемі444.59 Kb.
#491707
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Ерсултанова З.С. Амалдық жүйелер

 Дәрiске әдiстемелiк нұсқау


Дәрiсте берiлген материалды игеру үшiн компьютерлік жүйенің енгізу/шығару құрылғыларының түрлері, олардың ерекшеліктеріне көңiл бөлу керек. Негiзгi ұғымдарға анықтама берiп, оларды ажырата бiлу керек. Дәрiсте берiлген негiзгi мәселелер мен сұрақтарға мән берiңiз. Берiлген терминдерге анықтама берiңiз. Компьютерлік жүйенің енгізу/шығару құрылғыларына талдау жасаңыз.

2.2 Амалдық жүйенің құрлары


Мақсаты:
Амалдық жүйенің құрларының түрлері, функциялары және басқа қасиеттерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:

  1. Құрлардың түрлері мен сипаты;

  2. Енгізу/шығару құрылғыларымен жұмыс істеуі.



Тақырып бойынша негізгі түсінік:
Құрлардың түрлері мен сипаты.
Pentium компьютерінің үлкен жүйесінің құрылымында сегіз құр бар: кэш құры, локалды құр, жад құры, PCI құр, SCSI құр, USB құр, IDE құр, ISA құр. Амалдық жүйеде компьютерді басқару үшін барлық аталған құрлар туралы ақпарат болуы қажет. Төменде Pentium компьютерінің үлкен жүйесінің архитектурасы көрсетілген.

Құлардың әрқайсы өзінің функциялары және жылдамдықтары бой­ынша бір-бірінен айырылады. Көрсетілген құрлардың ішінде екі негізгі құр бар. Олар өндірістік стандартты архитектура – Industry Standard Architectura (ISA) және шеттегі құрылғылар интерфейсі – Peripheral Component Interconnect (PCI). ISA құр ең алғаш IBM PC/AT компью­терінде пайда болды, оның жылдамдығы 16,67 Мбайт/сек. PCI құр ISA құрдың ізбасары ретінде жасалды, оның жылдамдығы 528 Мбайт/сек. Оған жылдам жұмыс істейтін құрылғылар қосылады. Жүйеде үш арнаулы SCSI, USB, IDE құрлар бар. Мұндағы SCSI – шағын компьютерлердің жүйелік құры, ол жіберу мүмкіншілікті молынан талап ететін жылдам дискілерге, сканерге және басқа құрылғыларға арналған жоғарғы өнімді арнаулы құр, оның жылдамдығы 160 Мбайт/сек. USB - әмбебаб тізбекті құр, оның жылдамдығы 1,5 Мбайт/сек., ол компьютерге барлық баяу жұмыс істейтін енгізу/шығару құрылғыларын (пернетақта, маус, принтер және т.б.) қосу үшін арналған. IDE құр жүйеге сыртқы дискі және CD/DVD дискіден/ге оқитын/жазатын құрылғыларды қосу үшін арналған. Сонымен қатар, Apple компаниясы жасаған тағы FireWire немесе IEEE 1394 құрды қодануға болады. FireWire құр USB құры сияқты тізбекті болады, бірақ ол жылдамдығы 50 Мбайт/сек. жететін деректердің дестемен жіберілетінді­гін қолдайды. Оған цифрлық бейнекамера және басқа мультимедиялық құрылғыларды қосуға болады.


Компьютердің жүктелуі.
Компьютердің осы конфигурациясында орталық процессор локалды құр арқылы PCI-көпірге деректер жібереді, ол ары қарай жад құры арқылы оперативті жадпен қатынас жасайды. Бұл компьютерде кэш жадының екі деңгей бар: L1 – ендірілген кіші кэш, L2 – сыртқы үлкен кэш. Орталық процессор соңғысымен арнаулы кэш құры арқылы қатынас жасайды.
Амалдық жүйе құрылғыларды өзі тауып, оларды баптай алуы қажет. Ол үшін Intel мен Microsoft компаниялары қос та жұмыс істе - plug and play атты дербес компьютерінің жүйесін жасап шықты. Оны жасаудың алдында әрбір енгізу/шығару тақташасында енгізу/шығару регистрлерінің бекітілген адрестері және үзілімнің сұратым деңгейі болды. Егер әртүрлі құрылғы бір үзілімді пайдаланса, онда олар бір-бірімен қарама қайшылықа келеді. Оларды шешу үшін арнаулы тұйықтағыш – jumper қолданды. Кейін бұл проблема plug and play стандартында автоматты шешілді, ол үшін алдымен жүйедегі барлық енгізу/шығару құрылғылары туралы ақпарат жиналды, бір ортадан үзілім деңгейлері мен енгізу/шығару адрестері тағайындалды, сонан кейін осыны әрбір тақташаға жеткізді. Әрбір компьютердің аналық тақташасында BIOS деген бағдарлама болады. Онда төменгі деңгейдегі енгізу/шығару бағдарламалыры бар, олардың ішінде пернетақтадан оқу, ақпаратты экранға шығару, деректерді дискіден/ге енгізу/шығару және т.б. Егер BIOS-та қате табылса, онда оны амалдық жүйе түзей алады.
Компьютер алғаш қосылғанда BIOS жіберіледі де келесі қадамдар орындалады:

  1. BIOS орнатылған оперативті жадтың мөлшерін, пернетақта және басқа негізгі құрылғылардың қосылып тұрғандығын және олардың берген жауаптарының дұрыстығын тексереді. Тексеру ISA және PCI құрларынан басталады, себебі оларға барлық негізгі құрылғылар қосылады. Қосылған барлық құрылғылар, солардың ішінде plug and play құрылғысы да, тіркеледі;

  2. Егер компьютердегі құрылғылар оның соңғы жүктелгенінен өзгеше болса, онда жаңа құрылғылар конфигурацияланады;

  3. BIOS қай құрылғыдан (иілгіш дискіден, компакт дискіден, қатты дискіден) жүктелу керектігін анықтайды, ол үшін CMOS жадында болатын тізімді қарайды. Пайдаланушы бұл тізімді өзгерте алады;

  4. Жүктелу құрылғысынан жадтқа жазылғанның бірінші секторы орындалады, себебі, онда жүктелу секторының аяғында орналасқан қандай бөлім белсенді болатындығы көрсетілген кестені оқитын бағдарлама болады;

  5. Сол бөлімнен екінші жүктегіш оқылады. Ол амалдық жүйені белсенді бөлімнен оқып, оны жібереді;

  6. Амалдық жүйе компьютердің конфигурациясын білу үшін BIOS-қа сұрақ қояды;

  7. Ол тіркелген барлық құрылғылардың драйверлері барлығын тексереді;

  8. Егер драйвер болмаса, онда амалдық жүйе пайдаланушыдан қажет драйвер бар иілгіш немесе компакт дискіні компьютерге қоюды сұрайды;

  9. Егер драйвер орнында болса, онда амалдық жүйе оны ядроға жазады;

  10. Амалдық жүйе драйверлер кестесін айқындайды;

  11. Амалдық жүйе барлық аялық (фондық) процестерді жасайды;

  12. Әрбір терминалда құпиясөзді енгізетін бағдарламаны немесе графикалық интерфейсті жібереді.

Негізі түсінік бойынша нақты Амалдық жүйенің құрларының түрлерін және олардың жұмыс ітеу принциптерін білмейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес және қазіргі дербес компьютердің кез келген пайдаланушысында ертеме, кешпе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет