Технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125
 
1.28. Теріні өңдеу цехы 
 
Терідегі негізгі заттар – су жəне ақуыз, май жəне май тəрізділер 
кездеседі, сонымен қатар аз ғана мөлшерде көмірсулар, минералды 
тұздар жəне ферменттер бар.
Үлкен малдың терісінің құрамында су аз болады, ал жас малдың 
терісінде үлкендікіне қарағанда көбірек, семіз малдың терісінде – май 
көп болады. Булы терідегі судың құрамы: опоекта 71-73%, яловка 
жəне бычинада 69%, буғайда 67%, ал шошқаның терісінде 64% 
кездеседі.
Теріде липидтердің мөлшері көбірек. Қойдың терісіндегі 
майдың құрамы – 30%, ірі қара малдың терісінде 0,5-1,5%.
Терінің құрамына альбумин жəне глобулин, глюкопротеид 
(муцин жəне мукоид), фосфопротеид, липопротеид жəне хромо-
протеид, сонымен қатар склеропротеид (коллоген, кератин, эластин 
жəне ретикулин) кіреді. 
Ақуыздың 90% астамы коллаген үлесіне кіреді. Бычин дерме-
сіндегі коллагеннің құрамы – 32% құрайды, булы массаның, 
эластиннің жəне ретикулиннің – 34%, альбумин жəне глобулиннің – 
0,7%, мукоидтердің – 0,16% құрайды.
 
1.29. Технология 
 
Малдың ұшасынан жаңа ғана сыпырып алынған тері булы деп 
аталады. Микроорганизмдердің жəне ферменттердің əсерінен қыл-
шығы аз терілер тез бұзылады. 
Дені сау малдың терісінде коккалар, споралы бактериялар
сонымен қатар шіріткіш бактериялар бар. Ірі қара малдың терісінің 
шошқанікіне қарағанда бактериялдық ластанулары жоғары болып 
келеді. 
Булы теріні консервілеуге немесе кожы өндірістеріне өткізуге 
дайындауды теріні санитарлық өңдеу деп атайды. 


29 
Ол келесі операциялардан тұрады: ластарды тазалау (ластанған 
теріден), жуу, контурлау, олардың салмағын немесе ауданын анықтай 
отырып сорттау. Теріні булы жағдайда өткізу кезінде оларды 
қосымша партияларға компілектілеп, жылдам кожы заводына 
тасымалдайды. 
Қой, ешкі жəне шошқа терілерін аудан бойынша, ал басқаларын 
салмақ бойынша қабылдайды. 
Жаңадан сойылған мал терісін салқындатылғаннан кейін 
өлшейді. Жуылған терінің салмағын одан су ағылғаннан соң екі 
сағаттан кейін анықтайды. Консервіленген терінің салмағын тұз 
салмағын есептеп анықтайды. Сиыр, жылқы жəне түйе терісін 
алғаннан кейін консервілеу процессінде үш сағат, ал қой жəне шошқа 
терісін өңдегенде екі сағаттан аспау керек.
Навалды тазарту. Терілерді навалды жəне навалсыз деп екіге 
бөледі. Навалды терінің мөлшері, сонымен қатар навалдану дəрежесі 
ірі қара малдың ауыл шаруашылығындағы ұстау жағдайына 
байланысты. Өңдер алдында жуу олардың мөлшерін азайтып, 
жағдайын жақсартады. 
Теріні навалдан навалтазалағыш ММ-4, ММ-3, ММ-А 
машинасында тазалайды. Навалдан тазарту үшін терінің қылшық 
жағын жоғары қаратып машинаға тастайды. 
Теріні жуу жəне ағызу. Навалсыз ірі қара малдың терісін 
салқындату үшін жəне ластан, қаннан тазарту үшін суық сумен 
жуады. Жуу душтың астында немесе шлангымен жүреді жəне үздіксіз 
жұмыс істейтін айналмалы саңылауы бар барабанда жуу тиімді. Ұсақ 
малдың жəне шошқаның терісін жумайды. 
Теріні шелдеу. Бұл бұлшық ет жəне май ұлпаларын, сонымен 
қатар тері астындағы жасушалардың бөлігін кесіп алу болып 
табылады.
Ірі қара малдың терісін өткір пышақпен шелдегіш ММ-4, ММ-3, 
ММ-А машинасында шелдейді.
Ұсақ малдың терісін тұздықта консервілейтін жағдайда ғана 
машинада шелдейді. 
Пішіндеу. Ұшадан сыпырылған терінің пішіні күрделі жəне 
айнымалы болып келеді. Олардың шеткі аймақтары ет комбинатында 
жəне былғары заводында механикалық өңдеу кезінде қалдық түзе 
отырып жұлынады. Сонымен бірге қалдыққа құны аз аймақтармен 
бірге араласып жамау үшін қажет аймақтар кетеді. Былғары 


30 
өндіргенде қалдықтардың жалпы мөлшері шикізат массасының 16% 
жетеді. 
Былғары өңдеу кезінде шикізаттың қалдығын тері пішінін 
пішінделгенмен салыстыра отырып азайтады. Теріні салмағының 8-
30% алып тастап пішіндеу көптеген жерлерде қолданылады.
Ірі қара малдың терісінен алып тастайтын жерлер олардың 
салмағының 12% құрайды.
Сорттау. Терілерді столда табиғи жарықты, жарықтандырылған 
столды, рефлекторды қолдана отырып шелді жəне қылшықты жағын 
тексереді. Ұсақ малдың терісінен басқа малдың барлық түрінің 
терісінің салмағын анықтайды. Ал ұсақ малдың терісінің ауданын 
өлшейді. Терінің ауданын дециметражды тақтай жəне планиметр 
арқылы анықтайды. Терілерді сапасы, мөлшері, көлемі жəне кемістігі 
бойынша төрт сортқа бөледі. 
Консервілеу. Консервілеу кезінде коллагеннің өзгеруі болмау 
керек. Себебі олардың қасиетімен жағдайына жəне мехтың сапасына 
тəуелді. 
Шикізатты уақытша көнсервілеу. Бұл əртүрлі химиялық жəне 
физикалық əдістермен жүзеге асады. Көптеген жағдайларда 
консервілеу антисептиктердің көмегімен жүзеге асады. Бұл терінің 
екі күнен бірнеше аптаға дейін сапасы бұзылмай сақталуына кепіл 
береді.
Уақытша консервілеу кезінде қолданатын антисептиктерге 
альюминий тұзы, гипохлоид, оның бар қышқылы мен қоспасы, 
құрамында 1% натрий сульфаты жəне 1-3% сірке қышқылы бар 
ерітінді, фторид, сульфат, цинк тұзы, беттік активті тұздар
диметилсульфоксид жəне фенол ертіндісі жатады. Мысалы: 5% тұз 
қоспасы жəне 0,5-1% антисептик теріні 21 күн сақтауға мүмкіндік 
береді. 
Тұздықтау. Тұздықтау əдісімен консервілеу процессі келесі 
стадиялардан тұрады: өзіндік тұздықтан, теріден тұздықтың артығын 
алып тастаудан (қысу немесе ағызу арқылы) жəне штабельде 
тұздаудан тұрады.
Балғын тұздықта консервілеу процессінде терідегі микро-
организмдердің мөлшері оларды тұздықта жуу нəтижесінде азаяды, 
əсіресе алғашқы екі сағат ішінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет