Технологиясы


Автоматты қалыптау сызығы



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

Автоматты қалыптау сызығы (21-сурет) – қалыптау процесінің 
толық автоматты өндірістік мысалы. 1 позицияда арнайы механикамен 
қалыптау қоспасыз 13 позицияға ауысатын жоғарғы опока түсіріледі, құю 
қоспасымен және құймамен конвейермен 1 позициядан 2 позицияға, содан 
кейін төменгі жартылай қалыптың төменгі опокасына қоспалар мен 
құймалардан босайтын 3 механизмге бағытталады. Құймалар шабу 
бөліміне, ал қалыптау қоспасы – қайтадан өңдеуге бағытталады. Құю 
қоспаларынан тазарған опокалар қалыптау автоматтарына беріледі: 
жоғарғы –12 автоматына, төменгі – 4 автоматқа. Үлгілі плиталарды 
ауыстыру 11 арбалардың көмегімен жүзеге асады.
4 қалыптау автоматында жасалған төменгі жартылай қалып 8 
кантователмен 180° бұрылады және 7 позициясында 5 арнайы 
щеткалармен алдын ала тазартылған 16 құю конвейерінің 6 арбасына 
орнатылады және жартылай қалыптарды жұптау механизміне беріледі. 12 
автоматта жасалған жоғарғы жартылай қалып 10 роликті конвейермен
позициясына ауысады, сол позицияда төменгі қалыппен жұптастырылады. 
Жинақталған 14 құю қалыбы конвейермен 15 құю учаскесіне 
тасымалданады. Құю қалпына өзектерді қою қалыптың 7 позициядан
позицияға 
жылжығанда 
орындалады
Құйылған 
қалыптардағы 
құймалардың суыту уақытын ұзарту үшін конвейер екі деңгейлі қосымша 
ілгекпен орындалған. 
21-сурет.Автоматты қалыптау сызығы
3.6 Өзекшелерді дайындау 
Өзекшелерді дайындау процесіне келесі операциялар кіреді: шикі 
өзекшені қалыптау, кептіру, құрғақ өзекшені әрлеу және бояу. Егер өзекше 
екі немесе бірнеше бөліктерден тұрса, онда кептіргеннен кейін 
желімдейді.
Өзекшелерді ажыратқыш өзектік жәшікте қолмен жасағанда (22, а 


41 
сурет), өзектік жәшіктің жартысын бөлек толтырады (поз. 1). 
Ажырағыштың беткі қабаттарына желім жағылады және жарты 
жәшіктерді бір бірімен жабыстырады және металды инемен желдеткіш 
арна жасайды (поз. 2). Содан кейін өзекшені өзектік жәшіктен алып 
тастайды, кептіру плитасына қояды (поз. 3) және кептіру пешіне 
жіберіледі. 4 позицияда жинақтауға дайын өзекше көрсетілген. 
Өзекшелерді құмүрлейтін машиналарда жасау кезінде (сурет. 22, 
б)өзекше қоспа 12 бункерден құмүрлейтін 9 резервуарға кезеңді түседі. 
Сығылған ауа 9 ресирверден 10 тезәсерететін клапан арқылы 
1резервуарды толтырады және 2,11 саңылау арқылы қысымы жылдам 
артатын 3 гильзаға барады және өзекше қоспа өзекшежәшіктің 6 қуысына5
22 -сурет. Өзекшелер дайындау процестерінің сұлбалары: 
а -қолмен; б – құм үрлейтін машиналармен ; в – қыздыру жабдығында; г 
– сұйық әйнекті қоспалардан
шүмек арқылы итеріледі. 4 үрленгентақта мен 6 өзекше жәшікте ауа 


42 
шығару үшін 7,8 венттер қарастырылған. Бұл машиналар өзекшелердің 
жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді және толығымен автоматтандырылған 
жоғарғы өнімділікті қамтамасыз етеді. 
Қыздырылған жабдықтарда өзекшелерді дайындау (22, в сурет) 
келесіден тұрады. 1 позицияда 200...300 °С температурасына дейін 
қыздырылған 2 өзекше жәшіктер жартылары мен 3 босатқыштарды 
жинақтайды. 1 құмүрлейтін резервуардан өзекше қоспа синтетикалық 
смоламен 
өзекше 
жәшікке 
үрленеді. 
Қыздыру 
кезінде 
байланыстыратындар 4 өзекше беріктілігін қамтамасыз ете отырып 
қатаяды. Жалғаспаған ұстаудан кейін (13...120 с) 3 босатқышты шығарады 
және пневматикалық цилиндрмен жарты жәшіктің біреуін алады (поз. 2).
Осыдан кейін жәшіктің екінші жартысы 90°-қа бұрылады, және өзектік 
жәшіктен 4 өзекше 6 итергіштермен жойылады (поз. 3). Осы әдіспен 
алынған өзекшелер жоғарғы беріктілікке, өлшемдер дәлдігіне
газөткізгіштікке ие болады. Бұл әдіспен өзекшелерді жоғарғы өнімді 
автоматты машиналарда жасайды.
Сұйық әйнектер қоспаларынан өзекшелерді жасау өзекшелерді 
көмірқышқыл газымен үрлеу жолымен сұйық әйнекті химиялық 
қатайтудан құрастырылады. Дайын болған 2 өзекшені 5 плитаға қояды 
және 1 қақпақпен жабады (22, г сурет). Плитаның 3 істіктер, 6 резеңке 
тығыздағыштар және 4 сынаулар көмегімен плитамен қақпақ тығыз 
байланысады. Өзекше 1...10 мин бойы 0,1...0,3 МПа қысыммен 
көмірқышқыл газымен үрленеді. Үрлеуден кейін өзекшелерді әрлейді 
және өздігінен кебетін бояулармен бояйды. Осы әдіспен салмағы орташа 
және ірі өзекшелерді әзірлейді. 
Салқын қататын қоспалардан өзекшелерді дайындау келесідей: 
байланыстырушысы синтетикалық шайыр болып табылатын өзекше 
қоспалар катализатордың қатысуымен қалыпты температурада өзектік 
жәшікте қатаяды. Өзекшті жәшікте 2...15 мин ұстайды. Қажетті 
беріктілікке қол жеткізгеннен кейін өзекті жәшіктен алады және оның 
соңғы қатаюы ауада жүргізіледі. 
Ірі сериялы және жаппай өндіріс жағдайында өзекшелерді 
дайындау кезеңді қызмет ететін арнайы араластырғыштар кіріктірілген
жартылай автоматты құм үрлегіш машиналарда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет