Тәжірибе бойынша есеп мазм ұ н ы


Энск қаласы «Шығыс» ауданының



бет6/7
Дата09.12.2022
өлшемі57.45 Kb.
#466937
1   2   3   4   5   6   7
азалиян практика жумысссТn

Энск қаласы «Шығыс» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Хаттаманың көшірмесін алдым
2018 жылғы 10 қазан қолы

Хаттаманың көшірмесін бердім


Энск қаласы «Шығыс» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы


Жеке басты тінту
ХАТТАМАСЫ
Энск қаласы 2018 жылғы 10 қазан


Басталуы: 09 сағат 40 минут
Аяқталуы: 10 сағат 00 минут

Энск қаласы «Шығыс» ауданы КПб-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты ________________________________«Шығыс» ауданы ІІБ-нің үй-жайында болғанда Қазақстан Республикасы ҚПК 197, 199, 252, 254, 255-баптарының талаптарын сақтай отырып, куәгерлер:


1. 1991 жылы туған, Энск қаласы, Кутузов көшесі, 72-үй, 2009 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ берген жеке куәлік № 562096127_______________________________________________;
2. 1982 жылы туған, Энск қаласы, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 82-үй, 7-пәтер, 2008 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы ӘдМ берген жеке куәлік № 829022127 ____________________________қатысуымен
1997 жылғы 15 наурызда туған, Энск қаласы, Гумилев көшесі, 15-үй мекенжайы бойынша тұратын, 2016 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ берген жеке куәлік нөмірі № 567980251 _________________________________________________жеке тінту жүргізді.
Тергеу амалының алдында қатысушыларға жеке тінтуді жүргізудің тәртібі жарияланды және қатысушыларға тергеу амалының барысы мен нәтижелерін бекітудің ғылыми-техникалық құралдарының қолданылатыны туралы хабарланды.
ҚПК 82, 110-баптарының талаптарына сәйкес қатысушыларға куәгерлердің мынадай: тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар екені түсіндірілді.
Куәгер: қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
Дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куәгерге ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Куәгерлер: қолы _________________
қолы __________________

____________________________Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 64-бабында көзделген күдіктінің құқықтары түсіндірілді.


Құқықтың мәні түсінікті қолы ___________________


Тергеу әрекетін жүргізетін адам 2018 жылғы 10 қазандағы санкцияланған жеке басына тінту жүргізу туралы қаулыны ұсынды, тыйым салынған немесе іс үшін маңызы бар заттарды өз еркімен беру ұсынылды, осыған азамат С.С. Карасев 2018 жылғы 10 қазанда шамамен сағат 6.30-да Энск қаласы «Зелентрест» аялдамасы ауданынан Гумилев көшесінің бойындағы жолдың жүретін бөлігінде тауып алған есірткі құралын ерікті түрде беруді қалайтынын мәлімдеді.
Осыдан кейін _________________________өзінің қара түсті джинсы шалбарының оң жақ қалтасынан сұр түсті, қандай да бір суретсіз немесе жазусыз сіріңкенің қорабын шығарды. Қорапты ашқан кезде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат байқалады.
Өсімдік затын сіріңкенің қорабынсыз «Ньютон» протативті электронды таразысында өлшеген кезде таразының дисплейінде 20, 0 гр мөлшеріндегі заттың салмағы бейнеленіп көрсетіледі.
Өлшеуге тартылған зат сіріңкенің қорабына қайта салынды. Заты бар қорап целлофан пакетке, одан кейін қағаз конвертке салынып, «Кеңсе үшін» мөрімен, _______________________, куәгерлер________________________, _________________, қорғаушы _______________________және тергеу әрекетін жүргізуші адам __________________________қолдарымен бекітілді.
Конвертте «№1 пакет. Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген, яғни «Есiрткi құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау» қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша жеке басына тінту жүргізу барысында күдікті 1997 жылғы 15 наурызда туған Карасев Сергей Сергеевичтың қара түсті джинсы шалбарының оң жақ қалтасынан алынған салмағы 20,0 гр болатын жасыл түсті өсімдік тектес заты бар сіріңке қорабы» деген жазба жазылған.
С.С. Карасев алынған анашасы бар қорапты ол 2018 жылғы 10 қазанда шамамен сағат 6 сағат 30 минутта Энск қаласы, «Зелентрест» аялдамасы ауданынынан Гумилев көшесінің бойындағы жолдың жүретін бөлігінде тауып алғанын және жеке пайдалану үшін сақтағанын түсіндірді.

Одан әрі іздестіру жүргізілген жоқ. Жеке тінту кезінде басқа ештеңе алынған жоқ. Осымен жеке басын тінту аяқталды.


Күдікті қолы


Қорғаушы: қолы
Куәгерлер: қолы қолы
Тергеу әрекетіне қатысушыларға жеке басын тінту нәтижесімен танысу, сондай-ақ хаттамаға ескертпелер, қосымшалар және түзетулер енгізу құқығы түсіндірілді.

Күдікті қолы


Қорғаушы: қолы
Куәгерлер: қолы қолы
Хаттама тергеу әрекетін жүргізуге қатысқан барлық адамдарға таныстыру үшін көрсетілді.

Хаттамамен жеке оқып шығу арқылы таныстым. Хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер, толықтырулар, түзетулер жоқ.


Күдікті қолы


Қорғаушы: қолы
Куәгерлер: қолы қолы

№1 пакет сот-химиялық сараптама жүргізу үшін Энск қаласы ӘдМ РҒӨЗ-нің СС-ға жолданады.


Хаттаманы толтырған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет