Тәжірибелік жұмыс № 13. Түсті металдарды жіктеу және таңбалау
1. Алюминий және оның қорытпалары.
Магний және оның қорытпалары.
Түсті қорытпалардың құраушыларының белгіленуі:
М – мыс Су – сурьма
А – алюминий К – кремний
Мц – марганец Н – никель
С – қорғасын Т – титан
Б – бериллий Кд – кадмий
Мг – магний О – қалайы
Ср – күміс Ф – фосфор
Ж – темір Х – хром
Мш – мышьяк Ц - мырыш
Деформацияланатын алюминий АД әріптерімен белгіленеді. Таза алюминий қолданылған жағдайда 1 саны қойылады. АМг және АМц әріптерінің тіркесімі алюминий (А) магний (Мг) және марганец Мц) қорытпасын білдіреді. Алюминий мен магний қорытпаларында сан магнийдің пайыздық мөлшерін көрсетеді. Мысалы, АМг3, АМг5, АМг6 маркалы қорытпаларда сәйкесінше 3, 5 және 6% магний бар.
Жартылай фабрикат түріндегі қорытпалар қорытпаны таңбалағаннан кейін қойылатын әріптермен белгіленеді:
А — бұл жоғары сапалы қорытпа, ең жақсы алюминийден тұрады дегенді білдіреді;
М — жұмсақ, тазартылған;
П — жартылай нагартталған (қысу дәрежесі 40%)
Н — нагартталған (қысу дәрежесі 80%).
Жасытылған қорытпалар — АДМ, АМцАМ
Жартылай нагартталған — АМгАП
Нагартталған — АД1Н, АМгЗН
Мырыш пен магний қосылған жоғары берік алюминий қорытпасы В94, В95, В96 белгіленеді (екінші сан қорытпаның нөмірін көрсетеді).
Беріктігі жоғары қорытпалардың жартылай фабрикаттарының жай-күйі және плакировка сипаты да әріптік-цифрлық таңбаға ие:
М — жұмсақ, жасытылған; Т— жылумен өңделген, шынықтырылған және табиғи ескіртілген;
Т1 — жылумен өңделген, шынықтырылған және жасанды ескіртілген;
Н — нагартталған (дюралюминий қаңылтырларында шамамен 5—7%, ал қорытпаларда В95—3%);
Н1 —белсенді нагартталған (қаңылтырда шамамен 20%);
В — Шыңдалған және ескіртілген қаңылтырдың шығарудың арттырылған сапасы;
О — жасытылған қаңылтырды шығарудың арттырылған сапасы;
Б — плакировкасыз немесе технологиялық плакировкалы қаңылтырлар;
УП — жұқартылған плакировка (8%);
ГК — ыстықтай илемделген қаңылтырлар, тақташалар;
ТПП—көтеріңкі беріктікті шынықтырылған және ескіртілген профильдер (Д16 үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |