Тәжірибелік жұмыс № 2. Ақаудың түрлері және металдардың қасиетіне әсері
а) - Бос орын; б) – орналасқан атом; в) – түйінаралық атом
Нүктелік ақаудың түрлері
Шеттік дислокация ( а ) жəне оның түрлену механизмі (ə )
Тәжірибелік жұмыс № 3. Темірдің суыну қисығы
Тәжірибелік жұмыс № 4. Ыстықтай және суықтай деформация
Деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттерiне қыздырудың әсерi. Пластикалық деформация металды құрылымы тұрақсыз күйге әкеледi (тойтарма). Шамалы ғана қыздырудың өзi (мысалы Fe үшiн 300-400С) дислокоациялардың өзара жойылуымен iшкi кернеулердiң азаю нәтижесiнде, олардың кескiнi бұзылады. Бұл процестi қайту немесе тынығу деп атайды. Нәтижесiнде қаттылық пен берiктiк азаяды (20-30-ға), ал созылымдылық арта түседi.
Тынығумен бiрге полигонизация процесi бiрге жүруi мүмкiн. Полигонизация – түйiршiк iшiндегi ретсiз орналасқан дислокациялар бiр қатарға орналасып, қуысты, құрылысты құрайтын дислокациялар жиналады.
Өте жоғары температураларда қайта кристалдану процесi өтедi. Ал жаңа түйiршiктердiң пайда болу процесi былайша түзiледi: Тқ. крист. Тбалқу, мұндағы - коэффициентi, металдың тазалығына байланысты. Металл тазалығы жоғары болған сайын, соғұрлым Тқ.крист төмен болады. Жай техникалық таза металдарда 0,30,4. Қорытпаларда қайта кристалдану температурасы таза металдардың қайта кристалдану температурасынан жоғары және 0,8 Тбалқу. Өте таза металдарда 0,10,2 Тбалқу жетуі мүмкiн. Қайта кристалданудан кейiн металдың құралымы мен оның қасиеттерi деформацияға дейiнгi күйдегiдей болады. Мысалы: Fe үшiн Тқ. крист. 450С; Cu металл үшiн Тқ. крист. 270С; Al үшiн Тқ. крист. 50С; Zn металл үшiн Тқ. крист. 20С.
Қайта кристалдану температурасы деформацияның дәрежесiне байланысты. Неғұрлым деформация дәрежесi үлкен болса, яғни құрылым қателерi көп болса, соғұрлым ол тұрақсыз және қайта кристалдану процесi жеңiлденедi, қайта кристалдану температурасы азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |