Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу


Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен



бет6/18
Дата04.03.2024
өлшемі3.01 Mb.
#494254
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ñàáà? áàðûñûíäà ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàð ?æûìäû

3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен
бакылау 25 - 30 мин


Ауызша сұрақтар:
1. Паллиативтік көмек және медбике күтімін көрсету қағидалары
2. Ауырсынудың медикаментозды терапиясында медбикеге ұсыныстар
3. Ауыр халдегі және қозғалыссыз жатқан пациентте келесі қажеттіліктердің
қанағаттануы бұзылады
4. Паллиативті көмек алатын пацинттерде болатын қауіпті факторлар
5. Ауыр халдегі пациенттерге медбикелік күтім мазмұнының тармақтары
6. Белсенділік тәртібіне қарай физикалық белсенділікті ұйымдастыру бойынша
медбикеге ұсыныстар
7. Ауыр халдегі пациенттерге үй жағдайларында күтім ерекшеліктері

1. Паллиативтік көмек және медбике күтімін көрсету қағидалары


Пациенттер күтімі ауру себептеріне қарай қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін, сонымен қатар жалпы және арнайы шараларды өз ішіне алады.
Пациенттің патологиясы және жағдайына, оның жеке қажеттіліктеріне байланысты күтімнің бір неше түрлері бар:

  • Алмастыратын - пациент өзіне күтім жасай алмайды, күтім бойыншга шаралардың барлығын медбикее орындайды (салданғанда, бас ми немесе жұлын жарақаттарында, кейбір операциялардан соң, психикалық ауруларда);

  • Компенсациялық - пациент мүмкіндігіне қарай өзіне күтім жасайды, ал медбике орындай алмайтын кейбір шараларда көмектеседі;

  • Консультациялық - пациент толығымен өзіне күтім жасай алады, оның физикалық және психикалық белсенділігі сақталған, бірақ пациентке үйрету, түсіндіру және бақылау қажет.

Медбикелер паллиативті көмекті ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Инкурабельді пациентке көмек көрсеткенде медбикенің негізгі міндеттері болып саналады:

  1. ауырсыну синдромын динамикалық бақылау;

  2. жалпы күтім;

  3. симптомдарды (анорексия, кахексия, жүрек айну, құсу, бас айналу, іш қату, диарея, ұйқысыздық, сана бұзылулары т.б.) бақылау;

  4. гиподинамиямен байланысты болған асқынулардың алдын алу;

  5. пациентті және жанұя мүшелерін психологиялық қолдау;

  6. пациентке және туыстарына өзіндік және өзара көмек тәсілдерін үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет