Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысу


Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері



бет2/8
Дата19.12.2023
өлшемі26.87 Kb.
#487122
1   2   3   4   5   6   7   8
f61533e642af250

Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Оқу практикасының мақсаты болып теориялық курстан алынған материалды іс-тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.
Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:
- педагогикалық сынып жағдайын зерттеу және зерделеу:
- кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;
- таңдаған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік білімдерін және дағдырларының қалыптасуы;
- таңдаған мамандыққа қызығушылықты тәрбиелеу және теориялық білімдерді саналық игеруіне талаптану.
- педагогикалық іс-әрекет объектісін зерттеу саласында болашақ оқытушының болжамгерлік, талдау және жоспарлау, іскерліктерін қалыптастыру;
- педагогикалық процестің жай-күйін және оқушы тұлғасын зерттей отырып педагогикалық қызмет міндетін айқындау қабілетін қалыптастыру;
- ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін жүйелі қолдана отырып зерттеу жүргізудің негізінде педагогикалық процестің жай-күйін, оқушы тұлғасын зерделей алу қабілетін қалыптастыру;
- жаңа әдістемелеремен танысады;
- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орында және тиімді пайдалануды меңгереді;
- практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге үйренеді;
Оқу практикасының өткізілуіне қойылатын талаптар
Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшалығымен жүргізіледі. Практика алдында студенттерге практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері, сабақтың жүру ерекшеліктері, практикадан алынатын соңғы нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.Сабақтың соңында студент практикалық тапсырманы орындағаны туралы мәлімет өткізеді.
Практика жетекшісі тпапсырманы қабылдап алады. Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.
Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.
Педагогикалық практиканың мақсаты болып студенттің жалпы білім беріп мектептің мұғалімі қызметін атқаруға дағдылану болып саналады. Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет:
- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;
- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;
- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;
- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;
- сынып оқушыларына писхологиялық мінездеме түзуді меңгеру;
- сыныптағы психологиялық климатты анықтау, оқушылармен қарым-қатынас түзуге дағдылану;
- Мұғалімге төменгі сынып білім алушыларының ата-аналарымен жұмысына көмек көрсетуге машықтану.
- жалпы мектеп мұғаліміне қажетті педагогикалық ұстанымдарды меңгеруге дағдылану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет