Электрондық білім беру
Қазіргі таңда барлық мектептер интернет желісіне, қашықтықтан оқытуға қосылған.
Мектептердегі компьютерлер саны 2011 жылы 378 компьютерден 548 компьютерғе дейін көбейіп, 28,7 пайызға артты, соның ішінде 142 компьютер электрондық оқыту бойынша.
Оқушылардың компьютерлік техникамен қамтылуы 2011 жылы 1 компьютерге 9,8 болса, ал қазіргі танда 1 компьютерге 7,9 оқушы. Жаңартылуға жататын компюьтерлерлік техника саны 105.
Қала мектептерінде 37 интерактивті тақта орнатылған, 4 мектеп лингафондық кабинеттермен, 6 - физика кабинеті, 5 - биология кабинеті, 6 - химия кабинетімен жабдықталған.
2013 жылы электрондық кітаптар сатып алуға 970,3 мың теңге бөлінді.
2012 жылы электрондық оқыту жүйесіне №5 және №8 орта мектептер енгізілді.
Білім саласының дамуындағы негізгі мәселелер:
- №3, №4, №5, №6, №8 орта мектептерде қоршау орнатылмаған.
- №1 ОМ спорт зал жоқ.
- №3 ОМ бассейніне күрделі жөндеу қажет.
- №1, №2, №3, №6, №7, №8 ОМ шағын орталықтарының материалдық-техникалық базасының жаңарту қажет .
- №3, №6, №7, №8 ОМ күрделі жөндеуден өткізілуі қажет.
- жалпы білім беру мекемелерінің мектеп жиһаздарын (мектеп парталары) жас ерекшеліктерінің өсуіне сәйкес жаңарту қажет.
- «Қазақстан балалары» бағдарламасына байланысты 5000 балаға 1 маман қажеттілігіне сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық маманы қажет.
Туризм
Туризм-бұл тікелей демалумен, бос уақытты өткізумен, спорт, табиғат және мәдениетпен тілдесудің алдын-ала жоспарланған жеке немесе ұжыммен жетілуімен байланысты қызмет.
Текелі қаласы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Өнеркәсіптің экономикалық мамандануына қарамастан, қалада туристік сала едәуір қарқынды дамып келеді.
Өзінің орналасқан жерінің арқасында Текелі қаласы Жетісу аймағында туризм дамуының орталықтарының бірі бола алады. Қала тікелей (Қора, Шажа, Текелинка) тау өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Бұл өзендер өзінің бастауын Жоңғар Алатауының мұздықтарынан алады. Өзендердің алабы өз ауқымы бойынша өте үлкен, ал өзінің әсемдігімен ландшафтысының әр-түрлі болғандығынан бұл жерлер Қазақстанның басқа аймақтарынан кем емес.
Текелі қаласында туризмнің негізгі даму көрсеткіші – ақылы туристік - сауықтыру қызметтердің көлемі болып табылып, аталған қызметтер мониторингі қала бойынша жүргізіледі. 2013 жылы қала кәсіпорындарымен көрсетілген сауықтыру-туристік қызметі көлемі 71,2 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгеімен салыстырғанда 3,9 %-ға көп (68,5 млн. теңге).
Қалада туризм дамуының жағдайы облысымыздың өзге аймақтарынан өзгеше, өйткені қала туристтерді қабылдау бойынша өте ауқымды мүмкіндіктерге ие. 2013 жылғы мониторинг деректері бойынша туризм инфрақұрылымындағы 9 объекті жұмыс істеген, соның ішінде: 3 қонақ үй, 4 қонақ үйшіктері, 1 шипажай және 1 демалыс аймағы.
Мониторинг деректері бойынша 2013 жылы Текелі қаласында туристік ұйымдармен ішкі туризм бойынша 3200 адамды қызмет көрсетіліп, 2011 жылдың (2300 адам) деңгейімен салыстырғанда 39,1 пайызға артқан.
Текелі қаласында туристік қызметті «СТеК» ЖШС және «Арман» ЖШС жүзеге асыратын, негізгі қызметі сауықтыру-қонақүй қызметтері болып табылатын, туроператорлық қызметті жүргізуге лицензиялары бар ұйымдар болып табылады. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметін "Бектурова" ЖК , "Бейсбекова" ЖК, "Мартыненко" ЖК, "Потасов" ЖК жүргізеді. Шипажай - сауықтыру қызметін «Текелі» емдеу-сауықтыру шипажайы көрсетеді.
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында қалада "Ирбис Текелі" Аумақтық туристік клубы" қоғамдық бірлестігі құрылған. Клуб ішінде балалар туризмінің үйірмелері мен секциялары жұмыс істейді. Бұл орталықта 150-ден астам балалар оқиды.
Туризм дамуының негізгі мәселелері:
-туризм саласын дамытуға бағытталған штаттық бірліктің жоқтығы;
- туризмнің сапалы коммуникациялық инфрақұрылымының болмауы (Қора шатқалына автомобильді жолдың болмауы және Қора өзені арқылы өтетін көпірдің жоқтығы);
- орналастыруға арналған кейбір нысандардын материалдық базасы, қонақ үйлер мен демалыс орындары және басқаларын қосқанда жоғары деңгейде моральдік және физикалық тозуы.
- жарнама-имидждік жұмыстың жеткіліксіздігі, қаланың туристік әлеуетінде ақпараттық, жарнамалық көлемінің болмағандығы.
- қалада туризм саласына мамандандырылған мектептің болмауы.
Мәдениет
Текелі қаласында 4 мәдени нысана бар, оның ішінде: 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі және 1 саңырауларға арналған клуб, 2 тарихи және мәдени ескерткіш. 2013 жылы күрделі жөндеу өткен «Металлург» клубы ашылды.
Мәдениет үйі
Қалада 1 Мәдениет үйі бар, онда саңыраулар қоғамының клубы, балалар демалыс бағы, сонымен қатар 416 адамды қамтитын 24 үйірме жұмыс атқарады. Мәдениет үйінде 420 орынға арналған киноклуб жұмыс істейді. Мемлекеттік реестрде тіркелген сәулет және қала құрылысы ескерткіші «Даңқ Монументі» және археологиялық ескерткіш «Будда» тасы бар.
2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мәдениеттің үйінде штат саны 8-ден 9-ға артты. Жыл сайын материалдық техникалық база нығайтылады. Рациялар, LED- панель және "Тау-Мерген" әскери - отаншылдық секциясына күрес кілемі алынды.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Металлург шағын ауданындағы клубқа күрделі жөңдеу жүргізілді. 2013 жылдан 101 адамды қамтитын 7 үйірме жұмыс істеп, штат саны 7 адам. Осымен қатар іс-шараның саны артуына және қатысатын халық саны (2011 жылы- 516 іс-шара, ауқымы-60 722 адам, 2013 жылы-698 іс-шара, ауқымы-78 215 адам).
Қалада 2013 жылы жастар ресурсты орталығы құрылып, штат саны 3 бірлік. 2014 жылдың 1 қаңтарынан Рудничный ауылдық округінде жастармен жұмыс бойынша қосымша 1 бірлік бөлінді.
Кітапхана
2011 жылы 4 бөлек ғимаратта орналасқан қалалық кітапхана және 1 филиалында 8 штаттық бірлік жұмыс істеді. 2013 жылы косымша 1 штаттық бірлік бөлінді.
Қалалық кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (РАКАЖ), Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (ҚАКАЖ) және ғаламторға қосылған 6 компьютермен жабдықталған.
Мәдениет ұйымының келушілерінің саны 1000 адамға шаққанда 52,3-тен 59,0 бірлікке дейін артты.
Жыл сайын кітап қоры толықтырылып. кітап беру мен жаңа кітаптардың түсуі өсуде.
Соңғы үш жылда кітапхананың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кітап қоры 108 268 данадан 110 407 данаға артып, оның қазақ тілінде 2011 жылы - 7 980 дана, 2013 жылы - 9 682 дана. Алайда, қалалық кітапхананың кітап қорын жинақтау үшін қаржаландыру жеткіліксіз.
Сонымен қатар, Рудничный кентінде бір де бір мәдениет мекемесі жоқ.
Мәдениет саласының дамуыныңдағы негізгі мәселелер:
- Рудничный кентінде бір де бір мәдениет мекемесі жоқ;
- қалалық кітапхананың кітап қорын жинақтаға қаржыландыру жеткіліксіз.
Тілдер
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін Текелі қаласында қажетті жағдайлар жасалған. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін қажет әдістемелік, анықтамалық материалдарымен, сөздіктермен және басқа да көрнекіліктермен қамту жақсарып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ тілінің электрондық оқулығымен қамтамасыз етілген.
Жергілікті басқару органдарында мамандық әлеует қалыптасып, материалдық-техникалық база құрылған. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін барлық жағдайлар жасалған. Қалада қазіргі заман талабына сай 1 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Іс жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де қолданылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін де жағдайлар жасалынуда.
Қала кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту бойынша кабинеттер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту орталығы 96 сағатты бағдарлама бойынша 140 тыңдаушыны сапалы оқытады.
Қалада мемлекеттік тілді енгізу бойынша ақпараттарды электронды құралдарға жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Электронды құжатайналым» ақпараттық жүйесі енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ негізінде ақпарат таратушы құрылғы орнатылған. Бұл жүйеге әкімшіліктің 9 бөлімі және қалалық әкімдік қосылған. Қолданылған шаралар қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді менгерген халық үлесі 45,7 %-дан 47,7%-ға артты.
Тіл саласындағы негізгі мәселелер:
- қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік тілді жүзеге асыру әлеуеті барлық қоғамдық өмірде әлі жеткіліксіз екендігін айту қажет;
- әлеуметтік-коммуникативтік қызметтердегі мемлекеттік тілдің шоғырлану деңгейінің жеткіліксіз болуы;
- компьютерлык техниканы жанарту кажет;
- сыртқы және ішкі фактарларды бағалау;
бірінші. Бұл кезеңдегі мемлекеттік тілді меңгеру процесінің астарында бірыңғай стандартталған үздіксіз оқыту үлгісі жоқ. Бұл тілді меңгеру мен өмір сүрудегі негізгі салаларында шоғырлану деңгейлерінде үйлеспеушілікті тудырады. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесіне мониторинг жүргізу мен ынталандырудың нақты механизмінің болмауы – оны барлық жерде енгізуді біршама қиындатады.
екінші. Тілдерді дамыту мен қызметке енгізу мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдардағы іс жүргізуде шоғырландыруға мүмкіндік берді. Сонда да, іс туралы сөйлесу, бизнес, ғылым салаларында және халыққа қызмет көрсету саласында оның қолданыс деңгейінің төмендігі сақталуда.
Спорт
Қалада дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысатын 43 спорттық объекті бар, оның ішінде 1 стадион, 1 Спорт сарайы, 2 бассейн, 10 спорт залдары, 26 жазық ғимарат, 1 теннистік корт, және т.б. Бірақ Рудник ауылдық округінде әмбебап спорт алаңдары мен спорт ғимараттары жоқ.
Дене шынықтыру және спортпен 2011 жылдан 2013 жыл аралығында айналысатын адамдардың саны 2 %-ға өсті бұл 4845 адам немесе барлық адам санынан 23,2 %.
Қалада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 12 спорт түрлері бойынша шамамен 619 адам жаттығады. Сондада бұқаралық спорт пен балалар-жасөспірімдер спорты осал дамуда.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында БЖСМ-де 37 спорт шеберлері мен әр-түрлі санаттағы жаттықтырушылар дайындалды. Дене шынықтыру және спорт саласына мамандарды тарту жұмысы жүргізілуіне қарамастан, бұл салада қыстық спорт түрлерінен жаттықтырушы-мамандар тапшы.
2013 жылы қала бюджетінен дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 1,8 млн теңге бөлінді.
Қалада әр-түрлі облыстық және қалалық спартакиадалар, біріншіліктер мен турнирлер өткізіледі.
Мүгедек спортшылармен жұмыс жүргізіледі. БЖСМ-де мүгедектер спортының бөлімшесі жұмыс істейді.
Спорт дамуының негізгі мәселелері:
- балалар – жасөспірімдер және бұқаралық спорт нашар дамуы;
- Рудник ауылдық округінде бұқаралық спортты жеткіліксіз ұйымдастыру, әмбебап спорт алаңдары мен ғимараттардың жоқтығы;
- қысқы спорт түрлерінен жаттықтырушы-мамандардың жетіспеушілігі.
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Электрқуаты
Қалада электр жүйесінің жалпы ұзындығы - 342,6 км құрайды соның ішінде:
-
ВЛ-6 кВ – 105,6 км;
-
ВЛ-0,4 кВ – 237,0 км.
Қалада 6/0,4 кВ трансформатор аралық бекеті– 69 дана.
Электр жүйесінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, электр жүйелерінің тозуы 80,0% пайыз, сол себепті авариялық өшулерге әкелуде. 2013 жылы 0,4 кВ желісі бойынша авариялық өшулер саны 161, оның 0,7 өшулері 1 км желіде; 6 кВ желілер бойынша 14 өшулер, оның 0,13 өшулер 1 км желіде; желілерді жоғалту 13,45 пайызды құрады.
Жабдықталып қамтамасыз етілген, тұрғындардың жағдайлары қауіпсізделінген, жолдардағы қауіпсіздіктері қажетті деңгейде қамтамасыздалған, кешкі, түнгі мезгілде жыл сайын жұмыс жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттен көше жарығына электр қуатының төлемдеріне бөлінген қаражаты және көше жарықтарының ахуалдарын уақытылы жөндеп, ауыстырылып отыруын және профилактикалық жоспар бойынша шамшырақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Электр жүйесінің келелі мәселесі:
-
электр жүйесінің техникалық күйі қанағаттандырылмайды, электр сымдарының тозуы 80% құрайды.
-
Сумен жабдықтау және канализация
Қала тұрғындары орталық сумен қамтамасыз етілген.
Қызмет сферасында қаланы сумен жабдықтандырумен канализация әрекетін «Текелі Су Құбыры» ШЖҚ МКК жүзеге асырады.
Жобадағы су құбыры сүзгісінің күштілігі – тәулігіне 20,0 мың м3
Сумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы 167,9 км., соның ішінде Текеліде 152,9 км. Рудничный кентінде 15,0 км. Бес резервуарда – 3000 м3 , екі резервуарда – 500 м3 , бір резервуарда – 800 м3 және бір резервуарда – 600 м3.
Су қақпасының пайда болуы ашық су құбырының (өңіраралық арнасынан Қора өзеніне) сүзгілеу стансасы, салынуы суды тазартумен тазарған сумен жабдықтандыруға арналған.
2014 жылдың 1 қаңтары кезеңіне сумен жабдықтау жүйесінің тозуы – 65% жетіп, желілерде авариялардын болуына әкелуде.
Қабылданған шараларға қарамастан сумен жабдықталған елді мекендерде қомақты қаражат салынған, келелі мәселе сақталуда. Жаз мезгілінде мұздардың еруіне байланысты су көлемі көтерілді, Қора өзенінің бойы сумен шайылып, судың лайлануы осыған байланысты пайда болды. Сүзгіш стансасы лайлы суды тазартып үлгермейді, сол себебтен судың лайлығы «Ауыз су» мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді.
Қала бойынша кәріз жүйесінің ұзындығы 49,7 км. соның ішінде Текеліде 41,9 км. Рудничный кентінде 7,5 км құрайды. Жоба бойынша тазалау құралы тәулігіне 11,0 мың.м3 құрайды.
Қала орталықталынған кәріз жүйесімен жабдықталған.
Кәріз жүйесінің тозуы 65% құрайды.
Бірқалыпты өркендеуге сумен жабдықтау жүйесінде канализация бойынша сұрақ туады және ағын суды тазарту, нәтижесі адам өмірімен өнеркәсіп орындарында.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріндегі негізгі мәселелер:
- кәріз жүйелері мен ғимаратының тозуы, қызмет ету бойынша пайдалану мерзімі нормасынан 1,5 есе өткен;
- суды пайдаланушылардың толықтай су есептегішқұрылғылармен толық қамтамыз етілмеген;
- канализация жүйесінің дамымағандығы.
Жылумен, газбен жабдықтау
Қалада жылумен қамтамасыз етумен 1959 жылдан бастап «Казцинк - ТЭК» ЖШС жүзеге асырады. Орнатылған жылудың қуаты – 88 Гкал/сағ, соның ішіндегі құбыр бойынша – 55 Гкал/сағ.
Жылу жүйелерінің жылулықты сақтау құбырларының минералды вата мен жартылай жаңадан пенополиуританадан жасалған құбырларға жаңаланған.
Жылуды қолданушыларға жылу энергиясы ыстық су тиісті сапада, жылу жүйесімен және ыстық сумен қамтуға, температурасы бекітілген кестеге сәйкес беріледі.
Моноқаланың Кешенді даму жоспарына сәйкес, 2013 жылдың басында магистралды, көшеаралық жылу жүйелері және сорғыш станциялары қаланың коммуналдық меншігіне берілді. Бюджет қаражаты есебінен жылу жүйелерінің жөңдеу бойынша жобалық – сметалық құжаттама әзірлеуге бөлінді.
Жылумен, газбен қамтудын негізгі мәселелері:
- жылу жүйесінің тозуы 80 пайыз, жылу энергиясын жоғалтуға және аварияларға әкеледі;
- облыс аумағында нефть және газды қазып шығару мен қайта өңдейтін кәсіпорынның жоқтығы;
- қала тұрғындары негізінде сұйытылған газ баллонмен қамсыздандырылған.
Автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі
Текелі қаласының жалпы жол созымдылығы 141,5 км құрайды, соның ішінде асфальтбетонды жабын - 112,9 км, гравий жабынды 28,6 км.
Жыл сайын автокөлік жолдарында шұңқырлы, ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2011 жылы мына нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- қала жолдарында құны 18,0 млн. теңге ағымдағы жөндеу (асфальт негізімен) жұмыстары жүргізілді, жөнделген аумағы 11844 м2 құрады: Толстой, Орақты батыр, Айдар би, Асанова, Қора, Жамбыл көшелері бойынша;
- шұңқырлы жөндеу жұмыс құны 13,2 млн. теңге, жөнделген аумағы 5436,4 м2 құрады: Қонаев, Қастеев, Айналма, Тәуелсіздік, Сәтпаев, Чажа жолы, Стадионнан бастап №17 КЛ дейін, Қонаев бұрылысынан Каратал №117 дейін, Абылай хан, Қазақстан, Әуезов көшелері бойынша;
- жолдарды ағымдағы жөндеу (ШПО) құны 78,5 млн. теңге, Қонаев көшесі бойынша жөнделген аумағы 120000 м2 құрады.
- 2012 – 2020 ж. «Моно қаланы дамыту»бағдарламасы бойынша 2013 жылы 122,7 млн тенгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық жөнделген жол 10,6 км.
- 2014 жылы жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары Әуезов, Л. Хамиди көшелері, квартал аралық жол Қора көшесінен Текелі қаласының «Бытовик» гараждық орталығына дейін жүргізіліп жатыр. Жоба құны 371,2 млн. теңге құрайды, жолдарды қайта жаңғырту 4,1 км жолды қамтиды, сондай – ақ Текелі қаласында қайта жаңғырту (Қаратал көшесі) жұмыстары жүргізілуде, жалпы жол созымдылығы 2,6 км құрайды.
Аталған жобаларды жүзеге асыру 2014 жылға жоспарланған.
Жүк тасымалы 2013 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 8,9% ості Текели қ. кәсіпорнын өзі өнімге жүзеге асырады және шикізатты өндіріс үшін иемденеді.
Жолаушылар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 9,4% өсті, өнеркәсіп және қаланың өндірістері дамуына байланысты
Текелі қаласының автостанциясы қалалар аралық 7 бағыт бойынша жолаушыларға, Алматы және Талдыкорған қалалары бағытына және Ескельді ауданның жақын елдімекендерді қызмет көрсетуде.
2.2.4. Аймақтық даму
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі 1 облыстық маңызы бар қала және 1 қалалық типтегі кентпен сипатталады.
Орта тығыздығы – 1 шаршы метрге 499,3 адам.
Текелі дамыған қалалық инфрақұрылыммен туризм мен өнеркәсіптің дамуына әлеуеті бар.
2011-2013 жылдар аралығында білім беру саласында 2 бала - бақша, 1 мектеп күрделі жөңделді.
-
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік қызмет
Текелі қаласының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйегіндегі №983 бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету реесторы» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Бекітілген тізілімге сәйкес, Текелі қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 55 қызмет көрсетіледі, оның ішінде 18-ін халықа қызмет көрсету орталығы жүзеге асырады.
2011 жылы 4654 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2013 жылы 6188 қызмет көрсетілді, яғни 1534 қызметке артты.
Онын ішінде:
жергілікті атқарушы органдардан 2013 жылы – 4231 қызмет, 2011 жылы –4183 қызмет;
қызмет көрсету орталығынан 2013 жылы – 1957 қызмет, 2011 жылы –471 қызмет.
Қағаз аркылы – 423 қызмет көрсетілсе, электрондық бойынша – 1957 қызмет көрсетілді.
2013 жылғы талдау бойынша, ең көп көрсетілген қызмет келесі салаларда:
- «Жұмыспен қамтылуына белсенді жәрдемдесуіне қатысу бойынша жолдау парақшаларын ұсыну» (1123 қызмет)\
- «Жұмыссыз азаматтар есебіне тіркеу және қою» (788 қызмет)
- «Ветеринариялық анықтамаларын беру» (675 қызмет)
- «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) балаларға арналған мектепге дейінгі мекемелерге кезекке тұрғызу» (493 қызмет)
- «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы ұсыну» (430 қызмет)
- «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» (384 қызмет)
- «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» (308 қызмет);
Талдау жасалған кезеңде Текелі қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Проблемалар:
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында үйлестіруді атқаратыні, жергілікті деңгейде құрылымдық бөлімшелердің жоқтығы;
- әр түрлі анықтамалық жүйелердің бар болуы;
- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік құқықтық базаның орталық органдармен әрдайым жетілдірілуі, заңға сәйкес актілердің және сәйкесінше жергілікті атқарушы органдармен актілердің уақытылы қабылданбауына алып келеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару
Өкілді орган: қалалық маслихатта 12 депутаттың 1 депутаты жұмыс жасайды.
Қалалық әкім аппаратынының құрылымына 15 бөлім және 1 Рудничный ауылдық округінің аппараты кіреді.
Ауылдық округте 5 штат бірлігі ауылдық округ әкімінің аппараты жұмыс істеп, өкілеттіктері біршама ұлғайған.
Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару тікелей жергілікті бірлестіктердің мүшелерімен, сонымен қатар маслихатпен және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүзеге асырылады. Қала мен ауылдық округі әкімінің мемлекеттік басқару міндетімен қоса, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндетін жүзеге асырады.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, денсаулығын, өмірінің қажетті қауіпсіздік деңгейін сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайту. Қылмысқа қарсы профилактиканы күшейту. Жол қауіпсіздігін сақтау. Нашақорлық пен есіртікі бизнесіне, қылмыскерлерді іздеу мен қылмыстылыққа қарсы тиімді күресті арттыру.
2013 жылы қала аумағында 523 (2011 жылы -297) жалпы қылмыстық бағыттағы қылмыстар, оның ішінде 32 (2011 жылы- 18) ауыр қылмыстар, 7 (2011 жылы -8) аса ауыр қылмыстар.
Жалпы қылмытарды ашу 53,8 (2011 жылы – 83,5) пайыз.
Қоғамдық жерлерде 99 (2011 жылы -82) қылмыс, оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар – 77 (2011 жылы -48).
Тіркелген жол -көлік оқиғасы -4 (2011 жылы -1), онда қаза болған адамдар- 4 (2011 жылы -1).
Қала аумағында қылмыс пен заң бұзушылықтар профилактикасын күшейту мақсатында қоғамдық жерлерде және қала көшелерінде 14 видеолық бақылау камералары орнатылған.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қалалық ішкі сітер бөліміне жәрдемдесу үшін қалалқы әкімдіктін 2013 жылғы 5 желтоқсандағы №408 қаулысымен қаланың шағын аудандарындағы учаскелік пунктерде қоғамдық Кеңестер құрылып, құрамына «Текелі қаласының Қоғамдық палатасы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері кірді.
Азаматтық құқық
Қалада, шамаман соңғы үш жылда (2011-2013 жж) жыл сайын 50-ге жуық төтенше жағдайлар болуда, оның 50 пайызы өрт салдарынан, болған жағдайларда зардап шеккендер саны 7 адамнан асып, қайтыс болғандар -4 адам, материалдық залалдар 2 млн. 206 мың теңгені құрады.
2013 жылы төтенше жағдайлар салдарынан болған экономикалық залалдар 2 млн. 206 мың теңгеге жетіп, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600,5 мың теңге көбейген.
Ауданда өмір сүру қауіпсіздігіннің сапасына техногендік факторлар, жалпы нормалардан ауытқыған табиғи құбылыстар, қоршаған ортаға жоғары антропогендік қысым әсер етеді. Сонымен қатар, заңмен ұлттық қауіпсіздікке жатқызылған табиға апаттар, авариялар мен апаттарға қарсы тұратын инфрақұрылымның құрылысының аяқталмауы.
Қала аумағына және нысандар мен халық үшін қатер фокторы ның басымдылығы маусымдық тасқын мен селдің жүруі.
Қалада тасқынға ұшыраған 25 уачске анықталып, оның 4-өзен бассейіндерінде, 21 гидротехникалық құрылысы бар.
2011-2013 жылдары қалада тасқын ағымы тіркелмеген.
Қалада жыл сайын 30 өрт тіркеледі.
Қаланың 2 елді мекеніңде (Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округі) жалпы тұрғындар саны 30,0 мың адам, 3 бірлік тхникасымен ПЧ-24 өрт сөндіру бөлімі орналасқан. Өртке қарсы минималдық қорғау үшін Рудничный ауылдық округінде 1 өрт сөндіру депосының құрылыс қажет.
Қалада селдін белсенділігі жоғары. Қала аумағында 4 селдік бассейіндер бар.
Жер сілкінісі өлім саны бойынша, залалдар көлемімен, залал келтірілген аумағымен және одан қорғану қиындығымен табиғи апатардың ең қатерлісі болып табылады.
Қаланың айтарлықтай аумағы сейсмикалық қауіпті болып табылады, онда 30,1 мың адам тұрады. 2011-2013 жылдары қала аумағында 6 жер сілкінісі (2-3 балдан жоғары) тіркелді.
2.3. Аймақтың орта мерзімді болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының мүмкіндіктері мен бәсекелестік ерекшеліктері, тәуекелдік, ұстап тұру факторлары, негізгі мәселелердің кешенді мінездемесі
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларының дамуы негізгі мәселелерді, тәуекелдіктерді, ұстап тұру факторларын, бәсекелік ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді айқындайтын басым бағытты SWOT-талдауда көрсетіледі.
Алымды жақтары
|
Осал жақтары
|
А басымдылығы
-
Ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу бойынша белгілі бір бағытқа салу.
В басымдылығы
-
Бала бақшаның құрылысы және мектепке дейінгі шағын орталықтардың жұмыс істеуі.
-
Көші-қон үшін жоғары қызықтырушылық.
-
Мектепке дейінгі білім беру қызметімен балаларды қамту көрсеткішінің артуы.
-
Компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен қамту негізінде, мектептердің материалды-техникалық қамту деңгейін көтеру мақсатының тұрақтылығы;
-
2010 жылғы 1 компьютерге 10,4 адамға қарсы 8,3 ке келетін оқушылар саны қысқарды.
-
Мүмкіншілігі шектеулі балаларға психология-педагогикалық түзету кабинетінде түзету көмегін алуға мүмкіншілік берілген.
D басымдылығы
-
Экономикалық даму жоспарындағы келешекті ресурстық қамтамасыз ету;
-
Халықтың жалпы мәдениетке ықыласының артуы;
-
Мәдениет инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттігін құру мүмкіншілігі.
Е басымдылығы
-
Компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен қамту негізінде, мектептердің материалды-техникалық қамту деңгейін көтеру мақсатының тұрақтылығы;
-
Жастар саясаты бойынша әрдайым шаралар өткізу;
-
Қаланың тиімді экономика-географиялық орналасуы;
-
Отандық және шет елдік инвесторлардың қызығушылығы.
-
Білім берудің жоғары сапасы болып ҰБТ бойынша көрсеткіштер, қаламыз екніші жыл қатарынан облыс қалаларымен аудандары арасында екінші орынды иеленді.
|
А басымдылығы
-
Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін климаттың қолайсыз жағдайлары;
-
Қаланың өзіндік отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі;
-
Туристік инфрақұрылымның нашар дамуы;
-
Білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігі және оралмандардың көп мөлшерде келуіне есебінен әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі;
-
Мектепке дейінгі білім берумен балалардың 27,8 % қамтылмай қалуда;
-
Мектепке дейінгі мекемелерде білікті мамандардың жетіспеушілігі.
В басымдылығы
-
Автомобильдік тасымалдау жолдарының көп учаскілерінің инфрақұрылым және техникалық стандарттарға сәйкес еместігі;
-
Ауыл шаруашылығы емес саласыда жұмыспен қамтылғандардың жеткіліксіз дамуы;
-
Шағын бизнестің, рекреациялық саласы.
D басымдылығы
-
Электрқуатының жетіспеушілігі және тариф жоғарылығы.
-
Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын таныту және танып білу деңгейінің жеткіліксіздігі;
-
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлығы, нормативті-құқықтық базасының жетілмеуі, мамандандырылған мамандардың жетіспеушілігі.
Е басымдылығы
-
Білікті мамандардың жетіспеушілігі;
-
Отбасыны қолау қызметінің, асыраушы ата-аналар мектебінің жоқтығы;
-
Балалардың құқығын қорғау бойынша білікті мамандардың жоқтығы.
-
Дамуыған туризм инфрақұрылымының жоқтығы, соның ішінде туристік нысандарға алып баратын жолдар жағдайының нашарлығы;
-
Қаланың туристік ресурстары туралы жаранманың жетіспеушілігі.
|
Мүмкіншіліктері
|
Қауіп-қатерлері
|
А басымдылығы
-
Табиғи - шикізат ресурстар базасында бар дамыған туристік кластерлер, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жүйесін кешенді дамытуға мүмкіндік.
В басымдылығы
-
Халық санын арттыру және қалаға жоғары білікті мамандарды тару үшін қолайлы жағдай жасау;
-
Жаңа өндірісті дамыту мүмкіндіктерін ескере, болашақта жұмыспен қамтуды өсіру;
-
Қала аумағында жем өндірісін, өсімдік шаруашылығын дамытуға инновациялық жақындау негізінде, болашақта ауыл шаруашылықтағы өндірісті арттыру.
D басымдылығы
-
Ескерткіш орындар мен тарихи ескерткіштерді орынды пайдалану, қорғау және қалпына келтіру;
-
Халықты жұмыспен қамту.
Е басымдылығы
-
Тіл саясатын орынды пайдалану;
-
Мемлекеттік - жеке серіктестіктерді дамыту, тәжірибеден өткізу үшін кісңпорындар мен оқу орындары арасында меморандумға қол қою;
-
Жастармен жұмыс жасауда ресми мақұлданған жұмыс методикасын қолдану, әрдайым жоғары дәрежедегі шаралар өткізіп тұру;
-
Бәсекеге қабілетті туризмнің инфрақұрылымын құру;
-
Халықты жұмыспен қамту;
-
Кіру және ішкі туризмді дамыту, бюджетке түсімдерді арттыру.
|
А басымдылығы
-
Әлеуметтік және инженерлік нысандар инфрақұрылымының жағдайын қанағаттандырмайтын салдар ретінде өмір деңгейінің төмендеуі;
-
Әлеуметтік көмек алушылардың санын арттыру.
В басымдылығы
-
Электрқуатының тапшылығы және өнеркәсіптік даму қарқынының баяулауы.
D басымдылығы
-
Қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар нысандар мен қорларды жоғалтып алу мүмкіншілігі.
Е басымдылығы
-
Халықтың жастар шараларын қабылдамауы;
-
Білікті қызмет көрсету және басқару персоналының жоқтығы;
-
Туризмді қолдауда қаржылық мүмкіншіліктің шектеулігі, инвестициялық ресурстар мен өзіндік қаражаттың жетіспеушілігі;
-
Туристік бизнесте кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі, көрсетілетін туристік қызметтердің қызмет көрсету бағасы мен сапасының сәйкес келмеуі;
-
Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы, соның ішінде әйелдер арасында;
|
Достарыңызбен бөлісу: |