Қазақстан Республикасы
су қорының
трансшекаралық мәселелері
Қазақстан үшін трансшекаралық өзендер суын пайдалану мәселесі , оны халықаралық құқық және өзара ынтымақтастық негізінде шекаралас мемлекеттермен бөлісу проблемасы ерекше маңызды. Қазақстан Республикасы су кодексінің трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық механизмі деген 143 бабында трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекетттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету делінген .
Трансшекаралық өзендер проблемасы ШЫҰ қатысушы елдердің әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың ең өткір проблемалардың бірі болып табылады. Екі ірі Ертіс және Іле өзендері Қытай жерінен басталып , Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
Ал Ертіс Ресей жері арқылы да өтеді. Қазақстанның оңтүстік – шығысы үшін бұл өзендер су пайдалану жүйесінің негізі болып табылады, себебі егер бұлардың су көлемі азайса. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы , су энергетикасы , өндіріс , эклогия салаларында ауыр жағдайлар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |