Қорытынды
Су – Қазақстан үшін стратегиялық байлық қана емес, аса маңызды энергетикалық шикізат көзі де алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, «2025 жылға қарай тұщы су тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетуі де әбден ықтимал. Соның барлығын саралай келе, халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін алға тартады».[27] Бұл үрейлендіру үшін айтыла салған мәлімет те емес екендігі соңғы жылдары айқын аңғарылуда. Ендеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан ГиМунның: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деп атап көрсетуі де сондай қауіп-қатердің мәнін барынша аңғартса керек. Жалпы жаһандық Ұйым Бас хатшысының алаңдаушылығы бекер емес. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де нақтылай түсетіндей. Мәселен, «БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық әсіресе «Қара құрлық» пен Аспан асты елінде қатты білінеді-міс. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға шұбырады, Қытай да ұлы көші-қон үдерісінен қашып құтыла алмайды. Бұдан бөлек, 2025 жылға таман трансұлттық корпорациялар дамушы елдерден орасан зор көлемде тұщы су көздерін сатып алады».[27] Нәтижесінде жаһандық нарықта су экспорты халықаралық алып бизнеске жол ашады. Тапшылық төркіні суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға мәжбүрлейді. Халықаралық сараптың сорпасын сапырып отырғандардың зерттеуі осындайды болжайды. Мұндай болжамның өзінен су мәселесінің шын мәнінде әлемдік саясаттың басты құралына айналатынына да көз жететін тәрізді. «Қара алтынның» орнын тұщы су тапшылығы басады» деу де осындай негізден туса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Ақбасова А.Ж. Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары. Алматы «Бастау» баспасы 2003 ж. 292б.
- Жатканбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы «Зият пресс» 2004ж. 241б.
- Қазақ Энциклопедиясы
- Водный кодекс Республики Казахстан
- Интернет желісі: startinfo.kz
Достарыңызбен бөлісу: |