Кейбiр iрi өзендер бассейнінің
жеке проблемалары
және олардың су қорларының
қолдануы.
Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды.
Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.
Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады.
Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi. Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады. Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда. Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған. Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды. Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек.
Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда. Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады. Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң жағдайына тәуелдi болады
Достарыңызбен бөлісу: |