Тексерген: Таубалдин Бейбит



Дата08.04.2024
өлшемі28.23 Kb.
#497992
түріРеферат
Жеңіл атлетика

Реферат


Тақырыбы:Жеңіл атлетика

Орындаған: Беркінқызы Нұршапағат


Тексерген: Таубалдин Бейбит

2024жыл


Жоспар
1. Жеңіл атлетика
2. Жеңіл атлетика Қазақстанда дамуы
3. Жеңіл атлетиканың даму тарихы.
4. Жеңіл атлетикадағы түрлері топтау.
5. Жеңіл атлетика түрлері мәлімет

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпияда ойындарының бағдарламасына енген.
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл қазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпияда ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
Тарихы
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.
Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары.
Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс.
Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған.
Жеңіл атлетика бойынша әйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі.
Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары.
Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондайақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік. Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі.
Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі кіреді.
Жеңіл атлетика топтарының түрін қарастырайық. Спорттық жүру- арнайы бағытты түрі, арнайы шыдамдылықты қажет етеді. Бұл ерлермен бірге әйелдерге де қатысты. Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км Репозиторий КарГУ 7 Манежде – 3,5 км Жол бойында -10,20 км Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км Манежде – 3,5 км Жол бойында – 35, 50 км Классикалық (К) түрі ерлерде – 20, 50 км, әйелдерде -20 км. Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді. Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру.
Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
Шыдамдылылыққа жүгіру: - орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгірустадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін. Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда Репозиторий КарГУ 8 немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі. Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін.
Эстафеталық жүгіру – құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м әйелдерде
Кросстық жүгіріс –(ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км.
Жеңіл атлетикалық секірулер екі топқа бөлінеді: биіктікке және ұзындыққа секіру. Біріншісіне: а) жүгіріп келіп биіктікке секіру; б) жүгіріп келіп сырықпен секіру. Екіншісіне: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру; б) жүгіріп келіп үштікке секіру.
Жеңіл атлетикалық секірулердің бірінші тобы:
а) жүгіріп келіп биіктікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті,ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан жеңіл атлетиканың ең қиын түрлерінің бірі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы:
а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) - құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итеру деп бөлуге болады:
1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.
2. Шеңберден снарядты лақтыру.
3. Снарядты шеңбер ішінен итеру.
Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әр түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек.
Допты және гранатаны лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секірудің периодтық емес түрі. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие.
Диск лақтыру және балға ( молот) лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді.
Ядро итеру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Стадиондар мен манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей.
Көпсайыс:
Көпсайыстың классикалық түрі: ерлерде онсайыс, әйелдерде жетісайыс. Онсайыстың құрамына: 100 м ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, найза, 1500 м. Әйелдердің жетісайыс құрамына: 100 м к/ж, ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді.
Ал көпсайыстың классикалық емес түрі: сегізсайыс ер балаларға (100 м, ұзындық, биіктік, 400 м, 110 м к/ж, диск,сырықпен секіру, , 1500 м.) қыздар үшін бессайыс (100 м к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда анықталған: әйелдерде бессайыс, төртсайыс және үшсайыс, ал ерлерде тоғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын «пионер сайысы» деп аталған. 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнайы өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы спорттық классификациямен анықталады.Басқа спорт түрімен алмастыруға болмайды.
Техникалық қимылды топтау. Қимыл күші, құрылымы, фазасы
Адамның кез келген қимылы, белгілі бір қозғалу әрекеттерінен тұрады. Биомеханикада қозғалыстың екі түрі бар:
1.Барлық биожүйенің бір нүктеде орналасуы;
2. Дененің деформациясы, жалпы массадан дененің бір біріне белгі беруі немесе қысылуы.
Адам бір- біріне ұқсамайтын, бір- бірін қайталамайтын әр түрлі қимыл қозғалысты іске асыра алады. Адамның қимыл қозғалысын тура, сол адамдай қайталау мүмкін емес, тіпті, сол адамның ӛзі екінші рет қайталай алмайды.Бұл, алдымен, буындардың құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, Репозиторий КарГУ 13 орталық нерв жүйесінің белсенділігіне және басқа да факторларға байланысты болады.
Сәби дүние есігін ашқаннан бастап, біз баланың еңбектеуін, жүруін, жүгіруін күтеміз. Баланы еңбектеуге бізүйретпейміз, тек бақылаймыз. Алғашқы басқан қадамында біз үйретпейміз, ол туа бітетін қасиет. Ал жүгіру ше? Егер балаға жүгіруді үйретпесек, уақыт ӛте келе ол ӛзі үйренеді. Осылайша, қозғалыс техникасы туа біткен немесе жүре болған деп бӛлінеді. «Қимыл техникасы» терминінің ең қарапайым анықтамасы бұл – қозғалыс міндетін мақсатты шешетін белгілі бір қимылдың жүйесі.
Кейбір қимылдарда осы жетекші элементтерсіз қимыл іске аспайтын екі топқа бөлінеді: негізгі және басты.
Барлық қимыл қозғалыс жылдамдату мен жылдамдық кеңістікте іске асырылады. Бұл кинематикалық құрылымда байқалады.
Бірақ осы қимылдар қалай іске асады? Бұл сұраққа жауапты динамикалық құрылымнан алуға болады. Бұл құрылым ішкі және сыртқы мінезді қалыптастырады.
Динамикалық және кинематикалық құрылымдардың өзара байланысы ритмикалық қимылдың құрылымын анықтайды.
Дененің орналасуы бастапқы қимыл мен қозғалысты айқындайды.
Қимыл траекториясын сипаттағанда, обьектіні дұрыс таңдай білу маңызды.
Траектория - белгілі бір нүктенің елестету іс қимылы (қозғалған дененің жүріп ӛткен жолы).
Қимылдың ұзақтығы қимылдың ұзақтығын сипаттайды(снарядтың ұшу жолы).
Қимылдың темпі қимылдың уақытпен бір қалыпты жылдамдығын денеден айқындайды (бір жұмыстың орындалуының жылдамдығы).
Сыртқы күшке : ауырлық күші, реакцияның тірек күші, қарсылық күші, үйкеліс күші, ауырлық түсіру күші, инерция күші жатады. Репозиторий КарГУ 14
Ауырлық күші-оның әрекеті әрқашанда тӛменге бағытталған. Ол горизонтальді қозғалыс кезінде жылдамдықты ӛзгертуге әсер ете алмайды, бірақ тӛмен қарай түскенде қозғалыс жылдамдығын арттырып, жақсы әсер етеді, ал жоғары кӛтерілгенде, керісінше, қозғалыс жылдамдығын азайтады.
Тіректің реакция күші тіреуге басқа күш әсер еткен жағдайда пайда болады. Бұл күш тіреудің сапасына бағынады.Бұл күш тіректің сапасына байланысты.Тірек күштірек болса, реакция күші де көп болады. Мысалы, асфальт пен құмды салыстырыңыз.
Қарсылық күші қимыл кезінде пайда боладыжәне тежеуші ретінде әсер етеді. Ауа, су - бұл сыртқы ортаның қарсылық күші. Ол қимыл техникасына жағымды да және жағымсыз да әрекет етуі мүмкін.
Үйкеліс күші немесе іліну күші. Бұл күшсіз қозғалу мүмкін емес. Мұз айдынындағы жүру мен асфальт үстіндегі жүруді салыстырып кӛріңіз. Үйкеліс күші дененің салмағына және жанасудың үстіңгі жағының кӛлеміне байланысты. Ол қимылдың техникасына жақсы және қарсы әрекет етуі мүмкін (инерция күші бойынша қимылдау кезінде үйкеліс қимылды тежейді).
Ауырлық күші-бір затқа немесе қимылға қарсы шыққанда пайда болатын күш. Оның қимылы ауырлықтың ӛзіне байланысты.
Инерция күші қимыл барысында, денеге күш түспеген жағдайда пайда болады, яғни дене инерция бойынша қозғалады.Ол дененің, заттың салмағына байланысты (мысалы, снарядты лақтырғанда ол инерциялық күштің арқасында ұшады). Ішкі күштерге:актив және пассив қимыл қозғалыстар жатады.
Бұлшық еттің тарту күшіэнергия көздеріне қызмет етеді. Спортшының тұрысын сақтайды немесе ӛзгертеді, қимылды бағыттайды.
Бұлшық еттің тарту күшінің кӛлемі мыналарға байланысты: Репозиторий КарГУ 15
– механикалық
- анотомиялық
- физиологиялық
Пассив күштерге серпімді деформация күші жатады(сіңірлер, сіңір созылғанда серпімді күш беруі мүмкін).
Барлық қимылдар анықталған жылдамдық пен ішкі, сыртқы күштердің ӛзарабайланысуымен кеңістікте және уақыт бірлігінде жұмыс атқарады. Бірақ бұлар тек қана құрамды элементтері, ал белгілі бір техника пайда болуы үшін белгілі бір ритмикалық құрылым құру қажет. Кинематикалық және динамикалық сипаттарыныңжалпы қатынасын табу қажет. Мысалы: тірек пен ұшудың уақыты. Жүгіруде тірек уақыты мен ұшу уақытының арақатысын 1:1 десек , онда ол жүгіру емес, тіректе тоқтап секіру болып табылады. Тірек уақыты ұшу уақытынанан кем, олардың ӛзара ұтымды қатысы жүгіру техникасының визуальді бейнесін береді.
Спорттық жүру -жүрудің спорттық түрі. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алға аттаған аяқтың ӛкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден кӛтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей кӛтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін кӛтеріліп кететін фазасын тӛрешілер мұқият қадағалайды.
Жүру –адам қимылдауының табиғи тәсілі. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы- жылдамдығы жағынан тезірек қимылдауы.
Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері болмауы қажет, әрқашан жерменбайланысболуы қажет. Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында, тігінен тұрған тірек аяқ тізе буынынан жазылуы керек.Спорттық жүруден қарапайым жүрудің айырмашылығы: жаяу жүрісте аяқты тізе буынынан бүгуге болады, ал спорттық жүрісте аяқ тік болуы қажет.
Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың адымы.
Ол қалып төмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі кезеңі; б) екі тіреудің екі кезеңі; в) сермейтін аяқты ауыстырудың екі кезеңі.
Спорттық жүрістің циклін алты шабағы бар дӛңгелек түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дөңгелекті екіге бӛледі - екі тіреудің кезеңі, екі жалғыз шабақосы жартыларды тӛртке Репозиторий КарГУ 17 бӛледі -жалғыз тіреудің кезеңі. Бір аяқтың жалғыз тірегінің кезеңі басқа аяқтың ауысу кезеңімен сәйкес келеді. Екі тіректі период өте жылдам болады, оны көбі байқамай қалады. Бір периодты тірек ұзағырақ болғандықтан екі кезеңге бӛлуге болады:
1) алдыңғы тіректің қатты фазасы;
2) итеру фазасы.
Ауысу фазасы да екіге бөлінеді:
1) артқы адым фазасы;
2) алдыңғы адым фазасы.
Жоғарғы білікті жүрушілер адымдарының жиілігі минутына 190-нан 230 адымға дейінбарады. Адымның ұзындығы 95 см –ден 130 см -ге дейін болады. Осылардың барлығы спортшының аяғының ұзындығы мен бұлшық етіне тығыз байланысты.
Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Ең алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды. Репозиторий КарГУ 20 Алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүрудің дистанциясы Вена – Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – Барселона – 1100 км. Ол 1908 жылғы Олимпиада бағдарламасына 3,5 және 10 шақырымдық спорттық жүруді енгізгенше жалғаса берді. Екінші кезең: 1908 жылдан 1932 жылға дейін жалғасын тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне енгізіледі. 1932 жылы Лос – Анджелестегі олимпиадалық қашықтық 50 км болып енгізілді. Әлемдік рекордтар: 1918ж – 20 км тіркелсе, 1924ж – 50 км тіркелді. Үінші кезең – 1932 – 1952 жылдары жаттығудың қызған кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 1964 -1976 жылдары спорттық жүру біраз елдерге тарады.. Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс – тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Спорттық жүріске дайындалатын адамдар саны кӛбейе түсті.Әр түрлі сатыдағы спортшылар дайындала бастады. Осыдан бастап спорттық жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 1892 жылы Ресейде алғаш рет спрттық жүрістен 1,3 және 10 шақырым қашықтықтажарыс өтті. 1894 спорттық жүрістен жарыс Петербург пен Царское село арасындағы елді - мекендерде өтті. 1946 ж спорттық жүріс бойынша 50 км қашықтыққа алғашқы жарыс өтті. 1952 ж Кеңестік тезжүргіштер Олимпиада ойынына қатысып, шет ел спортшыларына кәдімгідей қарсыластық танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне ұқсас,бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар жоғарғы жылдамдықпен қозғалу, жерге қою сәтінде аяқтың толық түзетілуі,жамбас қозғалысының анық байқалуы (әсіресе, тік білек бойымен қозғалғанда).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет