Тексерілді: пән


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс



бет3/3
Дата10.01.2024
өлшемі26.69 Kb.
#488796
1   2   3
Жер - ортақ үйіміз (1)

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
5-тапсырма. Өлеңді оқып, сурет салыңдар.
Мүбәрәк Жаманбалинов
Жомарт дала
Қайда болдың, бал ара?
– Жүрдім бақта, далада.
– Неге жүрдің далада?
– Қонақтадым аралап.
Күлді күллі атырап,
Жайыпты гүл, жапырақ.
Жауқазын дәм татырды.
Райхан да шақырды.
Раушанның, алманың –
Бәрін-бәрін шарладым.
Бәрінен де бал алдым,
Жомартын-ай даланың!




  1. Топпен ән айту.

Қазақ жері
Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев
Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев
Жатыр бұлттың ішінде
Тауларымыз – биік тау.
Барлық жердің ішінде
Сол жер маған сүйікті-ау.
Қосыл досым, әніме
Жаным-жомарт, күн кеуде.
Не керектің бәрі де
Табылады бұл жерден.
Көгімізде күн ғажап,
Күлімдейді үнемі.
Өз жеріндей қазақтың
Жаны жомарт біл оны.




7. Үй тапсырмасы.
1. №32 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №33, Сырбай Мауленов «Балалық» өлеңін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет