Қол бұрғысы – әрқилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған (14-сурет).
Бұрыштық – бөлшектерді біріктіру кезінде тік бұрыштарды тексеруге арналған аспап. Бұрыштық белгіқойғыш аспапқа жатады және ағаш шеберлері жұмыста жиі қолданады.
Стусло – бөлшектерді тура және қисық бұрышта (45о) кесу үшін қажет жабдық (15-сурет).
Бұрағыш – бөлшектерді бұрандамен бекіту үшін қажет (16-сурет). Шебердің қолында әртүрлі пішінді және пайдаланатын бұранданың басындағы шлицаға сәйкес мөлшері бұрағыштар жиынтығы болуы керек. Жалпы бұрағыш тек ағаш шеберханада ғана емес барлық шеберханада қажет аспап.
Тістеуіктер мен қысқаштар – ұсақ шегелерді алу және басқа да қосымша жұмыстар үшін қажет.
ІV.Сергіту сәті
|
Жұмбақтар шешу.
1. Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.
(Ағаш кескіш ара)
2. Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер.
( Пышақ)
3.Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын таппайды,
Шығар желке түбінен.
(Сүргі)
4. Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.
(Балға)
|
V. Қорытынды
|
Ағаш өңдеу кезінде балтаның қандай түрлері пайдаланылады?
Қандай қол ара түрлерін білесіңдер?
Ағаш балғаны не үшін қолданады?
Сұргіні қанда мақсатта пайдаланады? Сүргінің негізгі түрлерін атаңдар?
Ағаш қңдеу кезінде қадағалау үшін қандай аспаптар қолданылады?
Саңылау бұрғылау үшін қандай аспап пайдаланады?
|
VІ. Үй тапсырмасы
|
§4. Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар
|
VІ. Бағалау
|
Достарыңызбен бөлісу: |