Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне


§ 5. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер тораптарына және деректерді



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#131189
1   2   3   4   5   6
§ 5. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер тораптарына және деректерді

тарату желілерінің операторларына қолжетімділік

 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен  43 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



43. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер тораптарына және деректерді тарату желілерінің операторларына төмендегі қолжетімділік түрлі сызбалар бойынша ұйымдастырылады:

1) ОПТЖ АҚТС-ға байланыс саласындағы уәкілетті органмен тағайындалатын ҚҚК операторының кодын пайдаланумен жабдықтарға қосу. Мұнда қолжетімділік нөмірлеу аумақтары жабдықтары АҚТС-қа қосылған нөмірлеу аумақтары абоненттері үшін ғана ұйымдастырылады;

2) (қосудың) стандартты нүктесіне қосылған жергілікті желі байланыс арналарының абоненттерінен бір бағытты шығыс бойынша абдықтарды ОПТЖ-ға жергілікті деңгейде қосылумен.

44. ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

45. Арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызмет көрсету иелерімен ұсынылатын қызметтерге пайдаланушылардың қолжетімділігін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен (пейджингтік желілер) дербес радиошақыру желілері операторларының жұмысын ұйымдастыру үшін абоненттік нөмірлер немесе сериялық нөмірлерді бөлумен абоненттік жолдар ұсынылады. Абоненттік жолдарды бөлуге Шартта олар қандай мақсатқа бөлінгендігі көрсетіледі.

Сериялық нөмірлерді бөлу тәртібі және сериялық нөмірлерді бөлетін жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен сериялы нөмірлер иелерінің өзара әрекеті осы Ережеге 5-қосымшада келтірілген.

46. ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен  Ереже толықтырылды; ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен § 5-1 жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



§ 5-1. IP –операторлар желісінің IP-телефониясын (Интернет-телефонияны) ОПТЖ-ға қосу

 

46-1. IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары желілеріне қосу халықаралық деңгейде қызметтерге қолжетімділік кодын (бұдан әрі - ҚҚК) пайдаланумен жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператор кодын пайдаланумен қатар, уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қолжетімділік нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін, мұнда IP-телефония (Интернет-телефония) операторлары жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қосу деңгейі қалааралық болып қалады.

46-2. ҚҚК және Х1Х2Х3Х4 оператор коды байланыс саласындағы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте тағайындалады.

46-3. IP-телефония (Интернет-телефония) қызметтеріне қолжетімділік АҚТС-ке оператордың қолжетімділік торабы қосылған аталған нөмірлеу аумағының операторлары үшін ұйымдастырылады.

 

§ 6. Қосылатын оператордың техникалық



мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 47-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

47. Қосылуға техникалық мүмкіндіктер қосылу өтініміне сәйкес беріліп және мынаны білдіреді:

1) қосылуды қамтамасыз ететін пайдаланылатын сәйкес жолды-кәбілді және станциялық құрылыстар, осы құрылыстар мен станциялық қондырғының қажеттіліктерін көрсету арқылы желілерді қосу әдісі (байланыс құралдарын);

2) қосылатын желінің трафигін өткізу үшін бар телекоммуникация ғимаратын пайдалану, мұндай ғимарат болмаған жағдайда - тараптардың келісімі бойынша жаңа ғимараттарды салу қажеттілігі;

3) қосылатын желі нүктелеріндегі техникалық параметрлер сигналдар деңгейі, сигналдар спектрі, тарату жылдамдығы және өзге де түйісу параметрлері;

4) пайдаланылатын сигналдау жүйесі;

5) тактілі синхронды желі жүйесіне бекіту;

6) уәкілетті органмен қосылатын операторға бөлінетін нөмірлеу ресурсы;

7) қосуды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар, құрылыс-құрастыру жұмыстарының алдын-ала тізімі;

8) қосу бойынша жұмыстар кезеңдері.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) орындалу мерзімі (алты айдан кем емес).

ОПТЖ цифрлық станцияларын қолдайтын сигналдау хаттамаларының шектеулі тізімі осы Ереженің 6-қосымшасында көрсетілген.

48. Техникалық мүмкіндіктерге объектілер мен ғимараттарды салудағы жалғауды қосу, сонымен қатар трафикті өткізуге қатыссыз қондырғыны орнату, тек өтемақысыз негізде болмаса ғана жіберілмейді. Қосылудың техникалық мүмкіндіктермен белгіленетін жұмыс көлемі желілерді салу бойынша нормативті техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

49. Компенсациялық негізде объектілерді салу деп қарастырылатын жағдай байланыс операторларының, қосатын желі мүддесімен қосылатын желінің байланыс операторлары орындайтын жұмыс бағасымен қосылатын желіге/ден трафикті жүргізумен байланысты емес телекоммуникация объектілері арасындағы шарттасу бойынша құрылыс түсіндіріледі.

50. Қосудың техникалық мүмкіндіктерін беру кезінде қосылатын желінің байланыс операторына қосылатын жолды және өзге қондырғыларды, қосылатын желі байланыс операторының есебінен желілердің өзара қатынасын қамтамасыз ету үшін салынатын ғимараттарды таратуды қосатын операторлар жеке меншігіне беру жіберілмейді.

51. Қосылудың техникалық мүмкіндіктері олардың берілуі үшін қарастырылған мерзімде келесі жағдайларда анықталады:

1) қосуды жүзеге асырған желідегі нөмірлеудің өзгеруі;

2) қосылатын желімен тікелей өзара қатынасатын, қосылуды жүзеге асырған желілердің техникалық құралдарын жаңғырту, қайта құрау немесе ауыстыру, сигналдау және т.б. жүйесін өзгертуді талап ететін жалғанған желілермен тікелей өзара қатынасы;

3) жалғанған желінің қондырғысын жетілдіру қажеттілігі және (немесе) оның сыйымдылығын кеңейту;

4) уәкілетті органдардың нормативті кесімдеріне сәйкес жалғау деңгейінің өзгеруі;

5) байланыс операторының қосылған желінің «DEF» немесе «АВС» кодтарын алу;

6) қосылған желінің байланыс операторымен желілердің қосылуын талап ететін телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге басқа лицензияларды алуы.

52. ОПТЖ жетілдіруді жүргізу кезінде қосатын желінің байланыс операторы жетілдіру жобасын бекіткеннен кейін барлық мүдделі байланыс операторларына, желі иелеріне техникалық мүмкіндіктердің өзгеру мүмкіндігі туралы хабарлау керек. Қажетінше қосатын оператор жетілдіруді жүргізуге дейін үш ай ішінде қосылатын операторға техникалық мүмкіндіктерге өзгерістерді береді.

53. Осы Ереженің 51-тармағында қарастырылған жағдайда, қосылатын желінің байланыс операторы жалғанған желінің байланыс операторына өз желісінің ОПТЖ-ға жалғау туралы техникалық мүмкіндіктерін анықтау үшін көмек сұрауына болады.

Қосылудың техникалық мүмкіндіктерін анықтау техникалық мүмкіндіктерді беру үшін осы Ережелермен айқындалған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады. Жаңа техникалық мүмкіндіктерге сәйкес қосу бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін өзара әрекеттестіктегі байланыс операторларымен Қосу шарты анықталуы тиіс.

Қосылудың техникалық мүмкіндіктерін өзгерту немесе нақтылау жағдайларында осы Ережемен реттемеленген мәселелер шегінен шықпай және үйлесімді қажетті, негізделген болуы тиіс.

54. Байланыс саласының уәкілетті органдарының нормативті құқықты немесе нормативті-техникалық кесімдеріне қосылу сәйкес келмеген жағдайда қосылатын желі операторымен байланыс саласындағы уәкілетті органмен осы Ережелерге сәйкес уәкілетті органның ұйғарымы бойынша жалғанған желінің байланыс операторына техникалық мүмкіндіктер осы Ережеге сәйкес берілуі тиіс. Осы арада болған шығындар өзара әрекеттестіктегі операторлармен олардың арасындағы белгіленген шарттар пропорциясында екі тараппен төленеді.

4. Қызметтерді ұсыну процесінде телекоммуникация желісінің байланыс



операторларының өзара әрекеттестігі

§ 1. Қызметтерді ұсыну процесінде байланыс операторларының өзара

әрекеттестік тәртібі

55. Байланыс операторлары міндетті:

1) өз желілерінде әрбір байланыс қызметтерін тұтынушы үшін техникалық мүмкіндігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде нақты елді мекеннің жергілікті желісі шегінде байланыс операторын еркін таңдауын қамтамасыз ету; жергілікті телекоммуникация желісін цифрлауды аяқтаннан кейін өз желілерінде нақты елді мекендердің жергілікті желісі шегінде байланыс қызметтерін пайдаланушылар байланыс операторларын өз еркімен таңдауға техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етуге;

2) өз желісін пайдаланушыларға ОПТЖ-ның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну құқығы бар кез-келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз етуге;

3) байланыс қызметін пайдаланушыларға стандарт сапасы, техникалық нормалар, байланыс қызметін ұсыну шартының ережелеріне сай байланыс қызметтерін ұсыну.

56. Пайдаланушыларға телекоммуникация қызмет көрсетулерін ұсынатын бірыңғай технологиялық процеске қатысатын байланыс операторлары арасында шарт жасалуы тиіс. Шарт төмендегі жағдайларды қарастырады:

1) ұсынылған телекоммуникация қызмет көрсетулерінің сапасына өзара жауапкершілік;

2) байланыс қызметінің сапасының төмендеуіне немесе қызметті көрсете алмауына әкеліп соғатын, техникалық пайдалану бойынша нормативтік актілердің талабы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда байланыс қызметін пайдаланушылар мен байланыс операторларына материалдық және моральдық шығынының орнын толтыру тәртібі;

3) басқа операторлармен ұсынылатын телекоммуникация қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізетін байланыс операторының уәкілдігі және осы қызметтер үшін пайдаланушылармен есеп айырысу кезіндегі олардың өзара қатынасының тәртібі;

4) пайдаланушылар шағымдарын қарау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі;

5) өзара қатынастағы желілердің трафигін өткізу тәртібі;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізудің жағдайы мен тәртібі;

7) желілермен шұғыл-техникалық басқару жүйесінің өзара қатынас мәселелері;

8) байланыс құралдарының қызметтермен қамтамасыз етудегі бөгелістеріне әкеліп соғатын апаттық тоқтаулар туралы және байланысты қысқа уақыттың ішінде қалпына келтіру үшін шаралар қолдану туралы ақпаратты басқа байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерге өз уақытында ұсыну;

9) қызметтерді ұсыну кезінде тоқталыстарға әкеліп соғуы мүмкін желілерде жоспарланған алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерді өз уақытында хабардар ету;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 10) тармақшамен толықтырылды



10) ОКС 7 желілерін жалпы арналық сигнализацияға сәйкес сигналдық өлшемдердің түзеу таратылуын, оның ішінде егер байланыс операторының коммутациялық жабдықтарының (Cal Detail Record қоңыраудың бөлшектенген жазбасы) бастапқы жазбасында болған жағдайда, шақыратын абоненттің халықаралық форматтағы (А абонент нөмірі) нөмірін қамтамасыз ету.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 57-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

57. Ұсынылатын қызметтердің қолданыстағы нормаларға сәйкессіздігі байқалған жағдайда өзара әрекет етуші байланыс операторлары мұндай сәйкессіздіктің себептерін анықтап, бұл себептерді жою үшін шаралар қолдануы тиіс. Бұл жағдайда шығындар қолданыстағы нормаларға сәйкессіздік табылған желінің байланыс операторына жүктеледі.

58. Жергілікті телефон байланысы желісінің өзара әрекеттестіктегі операторлары ОПТЖ-ға шыға алатын барлық пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тізім бойынша шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін байланысу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

59. Телефон желілерінің өзара әрекет етуші операторлары Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде қолданылатын бірінші және екінші желілерді басқару және оларды байланыс саласындағы уәкілетті орган қабылдаған нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланудың технологиялық алгоритмдерін сақтауы тиіс.

Жергілікті телефон қосылыстарын уақыт бойынша есепке алуды енгізу кезінде байланыс операторлары абоненттерге байланыс операторлардың осы мақсаттардағы шығындарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша өтейтін жергілікті атқару органдарымен келісілген тізім бойынша елді мекеннің әлеуметтік маңызы бар нысандарына байланысу мүмкіндігінің ұсынылуын қамтамасыз етуге тиісті.

60. Қосылатын желілердің байланыс операторлары анықтама қызметін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын шығару немесе жалпы анықтамалық дерек базаларын құру үшін келісім бойынша жалғаушы желінің операторына сұрау бойынша ай сайын деректер ұсыну мақсатында бір-біріне сұрау салу бойынша өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге енуді ұсынуы тиіс. Ұсынылатын деректердің жалпы қолжетімді анықтама қызметтеріне енгізу қосылатын желінің операторының қосымша өтініші бойынша жүргізіледі.

Қосылған желілердің иелері сондай-ақ мұндай ақпаратты қосылатын желінің байланыс операторының сұрауы бойынша немесе келісім бойынша ұсына алады.

§ 2. ОПТЖ арқылы трафиктің өткізілуін реттеу тәртібі

61. Байланыс операторлары өздерінің желілерінің трафиктерінің өткізілуін осы Ережелерге, байланыс саласындағы өкілетті органның берген лицензиялары мен нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

62. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын әрбір байланыс операторы (желі иесі) өз желісінің шегінде тұйықталатын телефон трафигінің өткізілуін басқаруды өз бетінше жүзеге асыруға құқылы, және байланыс саласындағы уәкілетті органның және ОПТЖ магистралды операторының олардың құзырет шегіндегі төмендегілерді қамтитын нұсқауларын орындауға тиісті:

ұлттық желінің шегінде тұйықталатын трафикті маршруттау жөніндегі нұсқаулар;

халықаралық шығыс, кіріс және транзиттік трафикті маршруттау жөніндегі нұсқау;

өз желісінің техникалық жағдайы мен жұмысы туралы толық ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну жөніндегі нұсқау.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 63-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63. Жергілікті, қалааралық, халықаралық трафикті ОПТЖ-ға және P-телефония (Интернет-телефония) операторларының трафигін босату және қосылу нәтижесінде желілердің техникалық құралдары бойынша деректерді тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосатын және қосылатын желілердің байланыс операторлары арасында жасасқан шарттар негізінде ғана рұқсат етіледі.

Қосатын байланыс операторлары тиісті трафик түрін босатуға шарт жасаспаған қосылатын байланыс операторларының жоғарыда аталған трафик түрлерін босатуды жүзеге асырмайды.

64. ОПТЖ қосылатын байланыс желілерінің және ОПТЖ шығатын және кіретін халықаралық телефон трафигін өткізу Қазақстан Республикасының ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының ХЖО коммутация алаңы арқылы жүзеге асырылады.

65. Заңда белгіленген жағдайларда байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілеріндегі телефон трафигін өткізудің тікелей орталықтандырылған басқаруын жүзеге асырады.

66. Нөмірді теру кезінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдауға арналған префикстер байланыс саласындағы уәкілетті орган тарапынан тағайындалады және тек шығатын байланыс кезінде ғана пайдаланылады.

Кіретін байланыс кезінде кіретін халықаралық (қалааралық) станциядан байланыс операторын таңдап алу операторлар арасындағы кіретін трафиктің жергілікті телекоммуникация желісінің абоненттеріне баратын бағыты бойынша жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

67. Желіде зақымдар, шамадан тыс жүктемелер немесе штаттан тыс жағдайлар болған кезде байланыс операторлары тез арада байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, трафиктің бағытталған пунктіне қарай маршруттау үшін айналма жол ұйымдастыру жөніндегі келісілген шаралар қолдануы тиіс.

Қалааралық және халықаралық байланыс рыногын монополиясыздандыру кезінде ОПТЖ-да қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметін ұсынуға құқығы бар бірнеше байланыс операторы пайда болған кезде, олар пайдаланушылардың тұрақты түрде немесе әрбір жалғанған кезінде қызмет көрсету үшін осы операторлардың бірін таңдап алу құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

Байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, трафикті бағытталған пунктіне қарай маршруттау үшін айналма жолды ұйымдастыру жөніндегі әрекеттерді байланыс саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес ҚР ОПТЖ Бас басқару орталығының қызметтерін атқаратын магистралды операторлардың біреуі үйлестіреді.

5. Желілік ресурстардың пайдаланылуы және трафиктің

өткізілуі үшін өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі

68. Телекоммуникация желілерін жалғау нәтижесінде өзара әрекет ететін байланыс операторларының ара қатынастары өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде келесі ережелерге негізделеді:

1) ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) телекоммуникация желілерінің ресурстарын (коммутациялық станциялардың, арналардың және жолдардың өткізу қабілетін) мейлінше көп пайдалану;

3) шақыруларға қызмет көрсету және пайдаланушыларға қызметтер ұсыну сапасының көрсеткіштерін арттыруға дем беру;

4) тең құқылы әріптестік;

5) әрбір жақтың телекоммуникация желісінің станциялық және желілік құрылыстарын салуға және пайдалануға салған салымдарын ескеру.

69. Байланыс операторлары арасындағы ұсынылатын желілік ресурстар үшін өзара есеп айырысу тәртібі келесілерді ескере отырып анықталады:

1) техникалық құралдар мен ОПТЖ-ға енуді қамтамасыз ететін телекоммуникация құрылыстар меншігіне қатыстылығы;

2) ОПТЖ-ға қосылу деңгейі;

3) трафикті ОПТЖ арқылы өткізудің есепке алыну қажеттігі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 69-1-тармақпен толықтырылды

69-1. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен табыстарды өтеуден (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш есе көлемінен аспайтын) қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын білдіреді.

Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеген уақытта алаңдар мен орын-жайларды жалға алу бойынша шығындар енбейді.

Қолданыстағы қосылу қуаттылығын кеңейту шарттық негізде екі тараптың да мүдделерін есептеумен жүргізіледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 70-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



70. Өзара әрекет ететін байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрлерін босатуға өзара есеп айырысу абоненттермен байланыс қызметтеріне, сондай-ақ, қосылыстың ұзақтығын уақытқа қарай есептеу аппаратурасына есеп айырысудың сертификатталған және тексерілген автоатты жүйелерінің енгізілген әрбір өзара әрекет етуші байланыс операторынан алынған биллингтік деректер негізінде жүргізіледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 71-тармақ өзгертілді; ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 71-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

71. Операторлардың өзара әрекеттестігі қосушы және қосылушы кезінде олардың арасындағы өзара есеп айырысу өткізілген кіріс, шығыс және транзиттік трафиктер, қосылу қызметтері үшін үшін және жалданатын телекоммуникация құралдары мен құрылыстары үшін жүзеге асырылады.

Өткізілген трафик үшін өзара есеп айырысу кезінде пайдаланушыдан төлем алатын шығыс бағыттың байланыс операторы өктізілетін трафиктің бағыт кіріс немесе транзиттік болып табылатын байланыс операторымен есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде есеп айырысады.

Егер бір оператормен телекоммуникация қызметтерін ұсыну басқа оператордың абонеттеріне алдын ала төлем карталары бойынша немесе олардың арасындағы тікелей шартпен жүргізілсе, операторлар арасындағы өзара есеп айырысу есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде операторға төлем қарастыратын, шығыс қосу кезінде абоненттік жалғауды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер арқылы жүргізіледі.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 72-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

72. Қосатын және қосылатын операторлардың арасындағы өткізілген трафик үшін есеп айырысу былай жүргізілуі тиіс:

1) трафиктерді өткізу қызметтері:

жергіліктіге (кіріс, шығыс, транзит);

қалааралыққа(ішкі аймақтық) (кіріс, шығыс, транзитті);

халықаралыққа (кіріс, шығыс, транзитті);

ұтқыр операторлар желісіне(нен);



IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының;

Байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттар трафигінің енуі;

2) траснпорттық желі арналарына қолжетім қызметтері:

байланыс арнасын ұсыну жалға алу (баламалы, немесе цифрлы) және (немесе) басқа байланыс операторларының желілерімен қосылудың әр түрлі нүктелері арасындағы жалғау желісі;

3) байланыс операторының желісіне қол жетімділікті ұйымдастыру қызметтері:

арналарды ұйымдастыру және қосу бойынша және (немесе) жалғасатын желілер арасындағы жалғау желісіндегі жұмыстар (қосу нүктесінің географиялық орналасуына қарай әрбір жалғанатын оператор желісінен қосу желісіне дейін);

4) Қосатын байланыс операторының қызметтеріне қол жеткізу:

биллинг өткізу және абонеттерден төлем жинау;

жалға ұсыну немесе кабельді кәрізді және қосу мақсатындағы технологиялық мүлікті пайдалану;

техникалық қызмет көрсету жүргізу және жабдықты қарау;

5) басқа да қызметтер.

73. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары шетелдік халықаралық операторлармен халықаралық трафик үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



74. Байланыс операторларының халықаралық трафикті өткізгені үшін өзара есеп айырысу шарттық негізде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополиялар және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



75. Төлем шақыратын оператордың байланыс қызметтеріне жүзеге асырылатын қызметтерге байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара әрекет ететін операторлар арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.

76. Аймақ ішіндегі немесе жергілікті деңгейде қосылатын өзара әрекеттестіктегі желілердің арасындағы өзара есеп айырысулардың ішіне есеп айырысу ставкасы негізінде трафик бірлігі үшін төлем әдісімен осы Ереженің ұсыныстары мен ХЕО ұсыныстары (D сериясы), сондай-ақ, қажет болған жағдайларда және қосымша шарттар негізінде байланыс арналары мен телекоммуникация құрылыстарын пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем үшін есеп айырысу кіреді.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 77-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

77. Бір жалғау жолына операторлар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүргізу кезінде 64 кбит/с стандартты цифрлы арна, 3,1 кГц үнді жиілік кеңдігіндегі баламалы арна, 50 Бод тарату жылдамдығымен бір төртсымдық арна алынады. Е1 ағыны G.704 п. 5.2 «n*64 кбит/с арналары әкелетін, 2048 кбит/с-қа түйіс» ұсынысына сәйкес 30 стандартты цифрлық арнаға алынды.

n*64 арналарының ағынында кіріс және шығысқа бөліну қосылатын арнаның байланыс операторы ұсынған қызмет көрсету түріне байланысты болады және қосуға техникалық мүмкіндіктер беру және орындау кезеңінде анықталады.

Қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі дауысты тарату үшін 30 цифрлы арнаны қамтамасыз ететін, Е1 цифрлық портымен қалыптасады, синхрондау үшін жеке арна және басқару сигналдарын тарату үшін жеке арна, барлығы 64 кбит/с жылдамдылығы 2 Мбит/с бойынша барлығы 32 арна.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 78-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



78. Байланыс операторлары арасында трафикті босатқаны үшін өзара есеп айырысу қосылу шарттары негізінде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополияларға және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 79-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

79. Байланыс операторларының арасындағы есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу трафикті өлшеу шығатын, сондай-ақ кіретін бағыттарда жүргізілуі тиіс. Бұл кезде байланыс операторларының әрқайсысы басқа операторлармен үш жылға жасалған шарттардың талаптарына сәйкес салыстыруды жүргізу үшін барлық пайдаланылатын жүктемелерді өткізу жолдары бойынша өткізілген трафик туралы бірінші деректерді сақтауы және деректердің сенімділігі үшін жауап беруі тиіс.

80. Әр түрлі бағыттар бойынша өткізілетін трафиктің көлемдері туралы сенімді деректер алу мақсатында байланыс операторлары оның көлемдерін анықтау мүмкіндігі мен тура және айналып өтетін арналарды қоса отырып, жалғануларды орнатудың барлық пайдаланылатын бағыттары бойынша шақыруларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануы тиіс.

81. Байланыс операторлары арасындағы келісім бойынша трафик туралы деректерді жинақтау және өңдеу өзара әрекет етуші операторларының біреуіне тиесілі ортақ есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асырыла алады.

82. Есеп айырысу мезгілі ретінде бір күнтізбе айын алу ұсынылады. Операторлар арасындағы келісім бойынша өзге де есеп айырысу мезгілін пайдалануға болады.

83. Жүктемені есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдарына қарамастан коммутациялық станциялардың барлық түрлеріндегі трафикті өлшеу үшін және қосылуды орнату бағыттары мен шығатын халықаралық трафиктің құрылымы (құрамы) туралы барынша толық ақпарат алу үшін оның шамасының есебі АҚТС тарифтеу аппаратурасының, жергілікті телефон қосылыстарының құнын уақыт бойынша есептеу аппаратураларының (немесе электронды АТС-ларды тиісті бағдарламалық қамту) деректері және шығатын қалааралық және халықаралық сөйлесуге берілген тапсырыстардың бланкілерінің (МТФ-4, МТФ-5 қатаң есеп берушілік нысаны) негізінде жүргізілуі тиіс.

84. Трафиктерді есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органы тарапынан берілген сәйкестік сертификаты болуы тиіс (өз бетінше немесе сертификатталған телефон станциясының құрамында).

85. Операторлардың байланыс саласындағы уәкілетті орган тарапынан бекітілген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ұсынған қызметтік байланысы тегін ұсынылады және өзара есеп айырысу кезінде есепке алынбайды. Қызметтік байланыстың көлемі өткізілген трафиктің көлемінің 2%-нан аспауы тиіс немесе қол жеткізілген келісім көлемінде болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының



Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 1-қосымша

Зақымданған кездегі және апаттық жағдайларда

техникалық қызметкерлердің бірігіп әрекет етуін ұйымдастыру. ОПТЖ

байланыс операторының ведомстволық, корпоративтік, арнайы және АТС

шақыртуларын маршруттау

1. Зақымданған кездегі және апаттық жағдайларда

қосылған АТС техникалық қызметкерлерінің бірігіп

қызмет етуін ұйымдастыру

1. Зақымданулар жалғанған немесе тіректі автоматтық телефон станцияларына (АТС) тиесілі станциялық жабдықтарда, тарату жүйесі мен жол құрылыстары жабдықтарында пайда болуы мүмкін. Зақымданулар үш санатқа бөлінеді:

1) бірінші санат - станция жабдықтарының және оған қосылған арналардың жұмыс қабілеттілігін толық жоғалтуға алып келетін апаттар;

2) екінші санат - жекелеген модульдердің немесе блоктардың істен шығуына алып келетін, трафикті жоғалтуға әсер етпейтін апаттар;

3) үшінші санат - станция жұмысына елеусіз әсер ететін немесе оған қосылған бағыттарда болатын апаттар, жекелеген абоненттік жиынтықтардың немесе арналардың зақымдануы.

2. Апаттарды қалпына келтіру мерзімдері зақымданудың санатына қарай технологиялық карталармен реттеледі және іске қосу кезінде қосымша келісімдерде қарастырылады.

3. ОПТЖ-ның АТС қосылған жабдықтың немесе жол құрылысының апаттық жағдайын апаттық сигналдардың негізінде бірігіп әрекет ететін АТС техникалық қызметкерлері анықтайды.

4. Бірігіп қызмет ететін техникалық қызметкерлер зақымдану себебін анықтайды. Әрбір тарап өз учаскесіндегі зақымдануды қалпына келтіру үшін жауапты болады. Апат себебінен болған ақауларды жойып, зақымданған жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіргеннен кейін осы жабдықты бақылау тексерістерінен өткізеді.

5. Іске қосылған және тіректі АТС арасындағы сызықтық ұштары жабдығының жұмыс қабілеттілігін жоспарлы тексерулер осы үлгідегі жабдықты техникалық пайдалану нұсқауларына сәйкес алдын алу тексерулері жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

6. Өзара әрекеттестіктегі АТС арасындағы байланыс сапасының уақытша төмендеуіне алып келуі мүмкін алдын алу және өлшеу жұмыстарын жүргізген жағдайда, екі АТС техникалық қызметкерлері міндетті түрде бұл туралы байланыс операторының диспетчерлік қызметіне хабарлауға міндетті.



2. Шақыртуларды маршруттау

1. Қосылатын АТС байланыстың мынадай негізгі түрлерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек:

1) қосылатын АТС абоненттерінің арасында (ішкі станциялық жалғаулар);

2) ОПТЖ желілерінің абоненттерімен (жергілікті, қалааралық және халықаралық);

3) арнайы қызметке шығу.

2. Қосылатын АТС іске қосылған ОПТЖ АТС тобынан шығатын сыртқы шығыс байланысы абоненттердің ведомстволық, корпоративтік, арнайы және шағын АТС шығуының бір мәнді префиксін (ұсынылатын Пж=9) теруі, содан кейін талап етілген абоненттің толық нөмірін теруі арқылы жүргізілуі керек.

3. Қосылатын АТС абоненттерінің шығыс қалааралық, халықаралық байланысы шығу префиксі жолымен «8» (немесе «8-10»), болашақта «0» және «00» сәйкес түрде теріп, содан кейін қалааралық (халықаралық) нөмірді теру арқылы жүзеге асырылуы керек. Егер жалғанған АТС АХТС-ғы ТЖЖ бумасы ұйымдастырылса, АХТС-ға шығу кезінде Пж префиксі терілмейді.

4. Жоғарыда аталған абоненттердің арнайы қызметтерге шығыс байланысы шығу префиксін, содан кейін арнайы қызмет нөмірін теру арқылы жүзеге асырылуы керек. Шығу индексін термей-ақ арнайы қызметке шығуға жол беріледі.

5. Сыртқы байланысқа шығу құқығы жоқ қосылатын АТС абоненттері төтенше арнайы қызметтермен (01, 02, 03, 04. Нөмірлеудің жаңа жоспары енгізілген кезде осы қызметтер жаңа нөмірлерге ие болады) ақысыз сыртқы байланыс орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі керек.

6. Қосылатын АТС абонеттерінің арасындағы жалғаулар орнатылған кезде ішкі қысқартылған нөмір (қосылатын АТС сыйымдылықтарына қарай үш мәнді немесе төрт мәнді) қолданылуы мүмкін.

7. Қосылатын АТС абоненттерінің арасындағы байланыс ұйымдастырылған жағдайда қосылатын АТС сыйымдылығына қарай ішкі үш мәнді немесе төрт мәнді нөмір теріледі.

Қазақстан Республикасының



Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 2-қосымша

Жүктеме және қосылыс орнату сапасының нормативтері

ОПТЖ АТС-на кез-келген типті қосылулар бір жолға (арна) 0,7 Эрл. дейінгі норма жүктемесімен қосу жолдары арқылы жалғануы керек.

Қосылатын кез-келген үлгідегі АТС тіректі, аралас немесе транзитті цифрлық станциялар арқылы немесе олар болмаған жағдайда, жергілікті телефон қосылуларының уақытпен есептеу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС арқылы ОПТЖ-не қосылады.

Қосылатын АТС бір жолға (арна) 0,7 Эрл дейін болатын жүктеме нормалы жалғау жолдары арқылы немесе екі сымды абоненттік жолдар (бұдан әрі - АЖ) бойымен цифрлық тіректі немесе құрастырылған АТС абоненттік жиынтықтар арқылы жалғануы мүмкін.

Бір абоненттік жолдағы (АЖ) орташа жиынтық (шығатын және кіретін) телефон жүктемесі 0,15 Эрл. артпауы керек (14.09.00 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен ЦСИО қызметтерімен ОТТ УАТС).

АЖ жүктеуді шектеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек. Жүктемені шектеу әрбір абоненттік жол бойымен шағын АТС(сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын) пен тіректі АТС арасында жүзеге асырылуы керек. Егер шағын АТС-тің жүктемені шектеуге қаражаттары болмаса, онда осы шағын АТС телефон желісіне қосу кезінде қосылатын тараппен жасалған келісім бойынша жергілікті желіге шығуға құқылы шағын АТС абоненттерінің белгілі бір саны қатаң түрде бекітіледі.

Жалғауларды белгілеу сапасы 1-Кестеде келтірілген шығындар нормативтерімен анықталады.

1-Кесте. Сапа көрсеткіштерінің нормативтері

    ┌───────────────────────────────────────────────┬─────────────────┐

    │               Көрсеткіштің атауы              │   Норма көлемі  │

    ├───────────────────────────────────────────────┼─────────────────┤

    │Көрші станциялардың кірулерінің арасындағы                       │

    │ықтималдылық мыналардан артық болмауы керек:                     │

    │жергілікті шығыс қосылысы кезінде                    0,5%        │

    │жергілікті кіріс қосылысы кезінде                    0,5%        │

    │қалааралық, халықаралық кіріс қосылыстары                        │

    │кезінде                                              0,1%        │

    ├─────────────────────────────────────────┬───────────────────────┤

    │               Көрсеткіштің атауы        │      Норма көлемі     │

    ├─────────────────────────────────────────┴───────────────────────┤

    │Мыналарға байланысты ақауларды жоюды                             │

    │бақылау мерзімдері:                                              │

    │а) коммутациялық жабдықпен                Қызмет көрсетілетін    │

    │                                          АТС-ға 45 минут, қызмет│

    │                                          көрсетілмейтін АТС-ға  │

    │                                          2 сағат                │

    │б) желілі-кәбілді жабдықпен:                                     │

    │      келесі сыйымдылықтағы кәбіл                                │

    │      толығымен зақымданбағанда муфтты                           │

    │      ашу арқылы станция аралық,                                 │

    │      магистральды және таратып бөлу                             │

    │      кәбілдерінде:                                              │

    │- 200х2 дейін және қоса алғанда           18 сағат               │

    │- 400х2 дейін және қоса алғанда           24 сағат               │

    │- 600х2 дейін және қоса алғанда           30 сағат               │

    │- 800х2 дейін және қоса алғанда           36 сағат               │

    │- 1200х2 дейін және қоса алғанда          60 сағат               │

    │- 1400х2 дейін                            70 сағат               │

    │- 1600х2 дейін                            80 сағат               │

    │- 1800х2 дейін                            96 сағат               │

    │- 2000х2 дейін                            120 сағат              │

    │- 2400х2 дейін                            144 сағат              │

    │                                                                 │

    │в) келесі сыйымдылықтағы кәбілдің                                │

    │аралығын ауыстыру талап етілгенде                                │

    │станция аралық байланыс, магистральды                            │

    │және таратып бөлу кәбілдерінде:                                  │

    │- 300х2 дейін және қоса алғанда           36 сағат               │

    │- 400х2 дейін және қоса алғанда           48 сағат               │

    │- 600х2 дейін және қоса алғанда           60 сағат               │

    │- 800х2 дейін және қоса алғанда           72 сағат               │

    │- 1200х2 дейін және қоса алғанда          100 сағат              │

    │- 1400х2 дейін                            120 сағат              │

    │- 1600х2 дейін                            140 сағат              │

    │- 1800х2 дейін                            150 сағат              │

    │- 2000х2 дейін                            170 сағат              │

    │- 2400х2 дейін                            190 сағат              │

    │                                                                 │

    │г) станция аралық байланыс немесе                                │

    │станция аралық БСА жоғары жиілікті                               │

    │кәбілдерде кәбілді немесе тіректі                                │

    │ауыстырумен                               24 сағат               │

    │                                                                 │

    │д) оптикалық кәбілдің муфтіндегі          48 сағат               │

    │зақымдануларды жою                        48 сағат               │

    └─────────────────────────────────────────────────────────────────┘

Қазақстан Республикасының



Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 3-қосымша

ОПТЖ-ға қосылатын АТС қойылатын техникалық талаптар

1. ОПТЖ-ға АТС қосу әдістерінің нұсқалары

1) қосылатын АТС физикалық жалғау жолдары бойымен іске қосу:

[Графикалық нысанды қараңыз]

2) цифрлық жалғау жолдары бойымен қосылатын АТС іске қосу:

[Графикалық нысанды қараңыз]

ЦАП - цифрлық-баламалы түрлендіргіш

АЦП - баламалы-цифрлық түрлендіргіш

2. ОПТЖ-ға шағын АТС іске қосу нұсқалары:

1) баламалы абоненттік жолдар бойымен ОПТЖ АТС-ға шағын АТС қосу

[Графикалық нысанды қараңыз]

- цифрлық АТС-да баламалы абоненттік жиынтық (АЖ) қолданылады;

- желілі сигналдар шлейфті әдіс арқылы беріледі;

- нөмірді батареялық импульстармен немесе DTMF сигнализациясымен беру

2) цифрлық абоненттік жолдар бойымен ОПТЖ-ның АТС-ына шағын АТС қосу

[Графикалық нысанды қараңыз]

- NT интерфейс арқылы ISDN қызметтерін цифрлық абоненттік жиынтық (АЖ) пайдаланады;

- NT - пайдаланушы жабдығының желілік ұштары.

3. Шағын АТС үшін қол жетімділікті ұйымдастыру:

1) шағын АТС екі сымды абоненттік жолдар бойымен цифрлық тіректі немесе аралас АТС абоненттік жиынтықтары арқылы іске қосылады;

2) тіректі АТС абоненттік жиынтықтарды шағын АТС үшін жалғау жолдары ретінде пайдалануы абоненттік жолдарды пайдалану жүйесін бұзбауы керек (ақауларды, өзгерістерді тексеру, т.б.);

3) ОПТЖ-не шағын АТС-н қосу цифрлық АТС-те немесе жергілікті телефон жалғауларын уақыттық есепке алу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС-е жүргізіледі;

4) ОПТЖ-не шығу үшін жергілікті префикс ретінде (Пж) «9» цифрін қолдануға нұсқау беріледі.

4. Сериялық іздеуді ұйымдастыру:

Қандай да бір арнайы қызметке байланысты орнату кезінде сериялық іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін абоненттік жиынтықтар (АЖ) қолданылады. Мұндай жағдайда жүктеуге шектеу қойылады: әрбір абоненттік жол үшін < 0,15 Эрл.

Қазақстан Республикасының



Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 4-қосымша

1. Қосу жолдарының параметрлері

1. Қосылатын АТС тарату жылдамдығы 2048кБит/с болатын физикалық жалғау жолдары мен цифрлық жалғау жолдары бойымен ОПТЖ-не қосылатын АТС байланысын қамтамасыз етуі керек.

2. Қосылатын жолдардың саны телефон жүктемесіне сүйене отырып анықталады. («Сымды байланыс құралдары. Қалалық және ауылдық телефон желілерінің станциялары» технологиялық жобалаудың ведомстволық нормалары).

3. Үш сымды физикалық қосылу жолдарының параметрлері.

1) жергілікті жалғаулар үшін қолданылатын жалғау жолдары:

«a», «b», «c» сымдарының қарсыласуы 1000 Ом көп болмауы керек (РЖЖ жиынтықтарынсыз АТС ДШ кіру байланысы кезінде - 700 Ом);

«a», «b», «c» сымдарының арасындағы оқшаулаудың қарсылығы, «b», «c» және «жер» арасында кем дегенде 150 кОм болуы керек;

«a» мен «жер» сымы арасында - кем дегенде 50 кОм;

жұмыс сыйымдылығы - көп дегенде 1,6 мкФ.

2) халықаралық қосылыстар үшін қолданылатын қосылыс жолдары:

«a», «b», «c» сымдарының кедергісі 1500 Ом-нан артық болмауы керек (РЖЖ жиынтықтарынсыз АТС ДШ кіру байланысы кезінде - 700 Ом);

«a», «b», «c» сымдары арасындағы, «b» және «c» және «жер» арасындағы оқшаулау қарсылығы кем дегенде 150 кОм болуы керек;

«a» мен «жер» сымы арасында - кем дегенде 50 кОм;

жұмыс сыйымдылығы - көп дегенде 1.3 мкФ.

Тарату жылдамдығы 2048 кбит/с болатын ИКМ цифрлық жалғау жолдарының параметрлері ХЭО-Т G.703, G.704 және G.732 Ұсыныстарына сәйкес болуы тиіс.

2. Шағын АТС қосылған абоненттік жолдардың параметрлері

1. Шағын АТС қосылған абоненттік жолдардың параметрлері мыналардың параметрлерінің жиынтығы болып табылады: физикалық жолдар, төртполюстік шағын АТС, оның абоненттік жолдары, телефон аппараттары және абоненттік жолдар үшін белгіленген нормалардан артпауы керек. Тұрақты тоқ бойынша, соның ішінде шағын АТС абоненттік жолы параметрлері мынадай болуы керек:

1) кіру интерфейсінің кедергісін ескере отырып, шлейфтің кедергісі - 1800 Ом-нан көп емес;

2) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы оқшаулау кедергісі - кем дегенде 20 кОм;

3) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы сыйымдылық көп дегенде 0,5мкФ;

4) 1020 Гц жиіліктегі барынша өшіру талшық диаметрі 0,5 мм болатын кәбіл үшін 35 дБ және талшық диаметрі 0,32 мм болатын кәбіл үшін көп дегенде 45 дБ.

2. Шағын АТС абоненттік жолдар бойымен келетін шақыруларды қабылдап (кернеуі 95 +/- 5 В болатын және жиілігі 25 Гц болатын ауыспалы тоқ), «АЖ шлейфінің жібуі» жауап сигналына ұқсауы керек.

 

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 4-1-қосымшамен толықтырылды



Телекоммуникация желілерін ортақ

пайдаланылатын телекоммуникация

желісіне қосу және

Қазақстан Республикасының ортақ

пайдаланылатын телекоммуникация

желісі бойынша трафикті өткізуді

реттеу ережелерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы

Ақпараттандыру және байланыс

агенттігі төрағасының 2004 жылғы

12 шілдедегі № 145-ө бұйрығына

4-1-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет