Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне


Қосуға техникалық талаптардың типтік құрылымы



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#131189
1   2   3   4   5   6

Қосуға техникалық талаптардың типтік құрылымы

 

Субъектінің қосуға техникалық талаптары



200_ жылғы «_____» ________ № ____

Субъект мынадай техникалық талаптарда Субъектінің __________________________________________________________________

(Оператордың атауы)

телекоммуникация желісіне желіні қосуды жүргізеді:

1. Қосылу деңгейі _______________________________________________________________

Қосылатын оператор (желі иесі) ұсынылатын қызметтер түрлерімен, байланыс саласында қызметтерді ұсынуға Мемлекеттік лицензия талаптарымен сәйкес, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу тәртібін реттейтін және Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу құжаттарымен және байланыс операторлары желілерін қосу қосатын оператор желісіне телекоммуникация желісіне қосу нүктесінің тізімімен анықталады.

2. Желінің нөмірленуі

__________________________________________________________________ байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.

3. Қосылатын желінің сыйымдылығы

__________________________________________________________________ байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.

Қосылатын жабдықтың типі __________________________________________________________________

Қосатын оператор желісіне өз желісін қосуға қосылатын оператор (желі иесі) Өтініміне және қолданылатын жабдыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатына сәйкес.

4. Қосылу желілері бойынша сигнализация

__________________________________________________________________ өз желісін Қосатын оператордың желісіне қосуға қосылатын оператор (желі иесі) өтініміне;

қолданылатын жабдыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатына;

ОПТЖ цифрлық арналарын қолдайтын сигнализация хаттамаларының шектеулі тізіміне сәйкес.

5. Станцияаралық байланыс ұйымдары: __________________________________________________________________

Осы Техникалық талаптардың 1-тармағына және 4-тармағына сәйкес

6. Синхрондау

Қосылатын оператор (желі иесі) жабдығы мынадай нұсқалардың бірі бойынша қосатын оператор телекоммуникация желісімен синхрондалуы керек:

1) синхрондаудың жеке көзінен кемінде 10-11 синросигнал тұрақтылығының коэффициентімен (қосылатын оператор (желі иесі) қосылуға өтінішке Қазақстан Республикасы сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесі тізімінде тіркелген синхрондау көзіне сәйкестік сертификатын және көздердің техникалық өлшемдерін қоса ұсынады).

2) қосатын оператор тактілік желілік синхрондау (ТЖС) желісінен. Қосатын оператордың ТЖС-тың базалық желісіне қосылуға техникалық талаптар қосатын оператордың филиалында алынған қосу жолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптар алғаннан кейін және ТЖС базалық желісіне қосылуға қосылатын оператор (желі иесі) өтінімі негізінде беріледі.

7. Тарифтеу

7.1. Телефон трафигін есептеу қосатын оператор және қосылатын оператор (желі иесі) қосылысын уақытқа қарай есептеу аппаратураларының деректері негізінде жүргізіледі.

7.2. Уақытқа қарай есептеу аппаратурасының өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаты және түгендеу туралы сертификаты болуы керек.

7.3. Қосылатын оператор (желі иесі) желісінің абонеттері қосатын оператор желісі арқылы ішкі аймақтық, қалааралық және халықаралық байланысқа шыққан уақытта трафикті есептеу қосатын оператор АҚТС-та (ҚТТ/ХКО) жүргізіледі.

8. Телефон трафигін өткізу.

Қосатын оператор коммутациялық желісі қосылатын оператор (желі иесі) желісі абоненттерінен (абоненттеріне) ортақ пайдаланымдағы телекоммуникацияның желісіне (желісінен) трафикті өткізу жүзеге асырылады.

9. Жобалық жұмыстар

9.1. Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосуға жобалық-құжаттамалық құжаттаманы ұсынады. Қосу жолдары ұйымдарына техникалық талаптарды алу үшін және жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) құру үшін Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) шеткері жабдықтың орналасқан орны реттеледі.

9.2. Қосатын оператор ЖСҚ келісу актінің көшірмесі осы техникалық талаптарға және қосатын жолдардың ұйымына техникалық талаптарына сәйкестігіне ұсынылады. Акт қосатын оператордың уәкілетті өкілдерімен және қосылатын оператор (желі иесі) (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) қол қойылады.

10. Құрылыс-монтаждау жұмыстары:

10.1. Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалында (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) қосатын жолдардың ұйымына техникалық талаптар алады.

10.2. Қосылу жолдары ұйымымен байланысты барлық жұмыстар (арналарды жалға алу, кәбіл төсеу, шеткері жабдықты орнату және т.б.) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.

11. Жалпы мәселелер

11.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспары (кәбіл төсеу сұлбасы, шеткері жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) жүзеге асырылады.

11.2. Қосылатын оператор (желі иесі) электрмен қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар мен талаптарды қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісе отырып, шеткері жабдықты электр энергиясымен қамтамасыз етуді көздейді.

11.3. Осы Техникалық талаптарды орындау бойынша жұмыстарды аяқтау қосылатын оператор (желі иесі) желісі қосатын оператордың (осы Техникалық талаптардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес синхрондау нұсқасын таңдаған жағдайда) ЖСҚ базалық желісіне қосудың техникалық талаптарына және мәтіндік қосуға дайындылығына сәйкес, ЖСҚ базалық желісіне қосылу деңгейін, желі нөмірленуін, сигнализация түрінің, қосылу класын көрсетумен Акт ресімделеді. Акт қосатын оператордың филиалының уәкілетті өкілдерімен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады. Актінің көшірмесі қосатын оператордың ұсынылуы қажет.

11.4. Қосылатын оператор (желі иесі) желісін қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосудың алдында тестілік сынақтар жүргізіледі. Тестілік сынақтардың оң нәтижесінде тестілік сынақтардың нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында енгізу туралы акті жасалады. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады. Актіде қосылу нүктесі, желі нөмірленуі, кірістірілген желілік ресурстар саны, ЖҚС базалық желісіне қосу класы, тестілеу мерзімі, тестілеу нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында қосу датасы көрсетіледі. Акт қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында қосатын оператор филиалының уәкілетті өкілдерімен және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады.

11.5. Қосу жолына 0,7 Эрл үлес жүктемесінен асқан жағдайда, арналық сыйымдылығын ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет.

11.6. Қосатын оператор телекоммуникация желісіне қосу осы техникалық талаптарды орындаудан кейін жүргізіледі.

11.7. Егер осы Техникалық шарттар берілген мерзімнен бастап алты айдың ішінде орындалмаған жағдайда, онда бұл Техникалық шарттар жойылады.

11.8. Байланыс операторы желісін қосатын оператор телекоммуникация желісіне осы техникалық талаптар шеңберінде қосу қосылатын оператор (желі иесі) Мемлекеттік лицензиясымен көзделген қызметтер үшін ғана қолданылады.

11.9. Қосылатын байланыс операторымен техникалық талаптарды орындау сәтінде (порттық сыйымдылықтың) бос желілік ресурстардың болмағаны жағдайында, аталған қосылу қосатын оператормен _______________ қайта жабдықтаудан кейін мүмкін болады.

11.10. Қосылатын байланыс операторы (желі иесінің) желісінің синхрондау сызбасына кез-келген өзгерістер қосатын оператормен келісіледі.

_______________________________________________________________ 

                      Қосатын оператор филиалының атауы



_____________________________________________________________

Қосатын оператор филиалының басшысы (Ф.А.Ж. және қолы)

 

Қазақстан Республикасының



Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 5-қосымша

Сериялық нөмірлерді бөліп беру және сериялық

нөмірлерді алушылардың сериялық нөмірлерді бөліп

беретін жергілікті телекоммуникация желілерінің

байланыс операторларымен бірлесіп әрекет

ету тәртібі

1. Сериялық нөмірлер сериялық нөмірлерді қолдану арқылы қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларына уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес және телекоммуникация операторларының қосу туралы шарттарының негізінде бөлінуі мүмкін.

2. Сериялық жалғану дегеніміз ортақ топтық станциялық нөмірі, яғни сериялық қосылу нөмірі бар абоненттік жолдардың жиынтығы дегенді білдіреді. Сериялық қосылу нөмірі станциялық нөмірге сәйкес келетін немесе қысқартылған нөмір болуы мүмкін.

3. Сериялық нөмірлер мынадай қызмет орындарына ұсынылуы мүмкін:

1) арнайы;

2) ақпараттық-анықтамалық;

3) сервистік, сондай-ақ мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін:

заңды және жеке тұлғаларға қарасты және басқару қызметін (өндірістік және байланыс қызметін ұсынуға байланысты емес өзге де қызмет) іске асыру үшін пайдаланылатын шағын АТС-ға (ең жоғарғы сыйымдылығы 128 нөмірлік) қосылу;

байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының иелігіндегі сыйымдылығы 128 абоненттен аспайтын дербес радиошақыру желілерінің (пейджинг желілерінің) жұмысын ұйымдастыру.

4. Сериялық нөмір алушыларға қойылатын талаптар:

1) әрбір жолдағы ең көп жүктемелі сағатта (бұдан әрі - ЕЖС) туындайтын жүктеменің (шығатын және кіретін) жиынтық қарқындылығы 0,15 Эрл шамасынан аспауы тиіс;

2) осы Қосымшаның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметтерге бөлінген сериялық нөмірлерді пайдалану осы қызметтердің сыртқа шығатын байланысына тыйым салына отырып бір жақты сызба бойынша жүргізіледі;

3) жабдықты осы Қосымшаның 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында аталған жағдайларда қосу әрбір нақты жағдайда алдын ала келісіледі;

4) жергілікті телекоммуникация желісінің қысқартылған немесе кәдімгі нөмірі бөлінетін қызметтерге кез-келген абоненттік телефон нөмірінен немесе жалғаушы желінің таксофонынан қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс;

5) сериялық нөмірлер алынған барлық жағдайларда іске қосылған абоненттік жолдардың саны 15 (он бестен) аспауы тиіс. Көрсетілген жолдар саны шамадан асып кеткен жағдайда байланыс операторы (алушы) жалғаушы операторға өзінің қол жетімдік торабының жергілікті деңгейдегі ОПТЖ станция аралық қосылыс жолдарын пайдалана отырып жалғау туралы өтініш беруге міндетті.

5. Сериялық іздеудегі бөлінетін абоненттік жолдарды нөмірлеуді пайдаланушының өтініші осы Ережелердің 38-тармағында көрсетілген Ережелерге сәйкес берілетін жергілікті телекоммуникация желілерінің тиісті операторлары анықтайды.

6. Жергілікті телекоммуникация желісінің абоненттерінің сериялық қосылу нөмірі бар абоненттермен байланысы қысқартылған нөмірді немесе осы желіде пайдаланылатын кәдімгі абоненттік нөмірді теруі арқылы қамтамасыз етіледі.

7. Байланыс операторларының мүдделері үшін сериялық нөмірлерді бөліп беру тәртібі:

1) байланыс операторы (сериялық нөмірді алушы) жергілікті телекоммуникация желісінің операторына сериялық нөмір бөлу туралы өтініш береді, онда мыналар көрсетіледі:

сериялық нөмірді пайдаланудың қажеттілігіне негіздеме;

лицензияның нотариальдық куәландырылған көшірмесі (байланыс операторлары үшін);

жалғану үшін сериялық нөмір қажет болатын пайдаланылатын жабдықтың үлгісі мен сипаттамасы;

сериялық іздеу жолдарының жоспарланатын нөмірленуі;

Көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда өтініш қаралуға жатпайды;

2) жергілікті телекоммуникация желісінің операторы бір айлық мерзім ішінде өтінішті қарап, өтініш берушімен сериялық нөмірлерді пайдалануға шарт жасасады (техникалық мүмкіндігі бар болған жағдайда);

абоненттік жолдарды ұйымдастыру үшін бос желілік сыйымдылық болмаған жағдайда өтініш берушіге бір айлық мерзім ішінде абоненттік жолдарды ұйымдастыруға техникалық шарттар берілуі тиіс. Шартқа өтініш беруші техникалық шарттарды орындағаннан кейін қол қойылады.

Байланыс операторларының мүдделері үшін сериялық нөмірлерді телекоммуникация қызметтерін ұсынуға құқығы жоқ жеке және заңды тұлғалармен жасасқан телекоммуникация қызметтерін ұсыну жөніндегі шарттар негізінде ұсынуға жол берілмейді, бұл мақсат үшін оператордың қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну туралы шарт жасалады.

Өтінішті қараудан бас тарту жалғаушы операторда сериялық нөмірлер болмаған жағдайда мүмкін болады. Бас тарту өтініш берілген күннен бастап 15 күн ішінде жазбаша түрде беріледі.

8. Сериялық іздеу жолдарындағы жүктемені есепке алу:

1) байланыс операторларына сериялық нөмірлерді бөліп беру кезінде жергілікті телекоммуникация желісінің операторы мыналарды орындауға тиіс: жүктемені сериялық нөмірдің барлық жолдарына біркелкі етіп тарату;

сериялық нөмір бөлінген әрбір байланыс операторының ЕЖС анықтау;

әрбір сериялық іздеу абоненттік жолындағы жүктемелердің деңгейін өлшеуді жүргізу кестелерін жасау және бекіту.

2) өлшеу деректері мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс актпен ресімделеді:

өлшеу жүргізілген күн мен уақыт;

өлшеу нәтижелері;

жүктеме деңгейін нормаға келтіру үшін қабылдануы тиіс іс-шаралар.

Кесім жергілікті желі операторының сериялық нөмірді алушымен өзара әрекеті жөніндегі шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады;

3) егер сериялық нөмірдің бір абоненттік жолының ЕЖС-дағы жолдар санының жалпы жүктемесінің бөлігінен жеке ретінде анықталатын орташа жүктемесі бір қалыпты деңгейден жоғары болса (4-тарм. 1) тармақшасын қараңыз), байланыс операторы жолдардың санын арттыруға міндетті.

9. Жергілікті телекоммуникация желісінің операторының сериялық нөмірлерді пайдаланылатын байланыс операторларымен, басқа сериялық нөмірлерді алушылармен өзара әрекеттері:

1) жүктеме осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген нормадан асқан жағдайда, жергілікті телекоммуникация желісінің операторы сериялық нөмірді алушыға жүктемені өлшеуді жүргізу туралы кесімнің көшірмесімен бірге жазбаша хабарлама жолдайды, сондай-ақ онымен келісім бойынша жолдардың санын арттыруға техникалық шарттар немесе станция аралық қосылыс жолдары арқылы жалғануға техникалық шарттар береді;

2) алушы жүктемені азайту немесе сериялық іздеу абоненттік жолдарының санын арттыру бойынша шаралар қолдануы тиіс;

3) байланыс операторы, басқа сериялық нөмірлерді алушы бір қалыпты жүктеме нормасын орнату (4-тарм. 1) тармақшасы) үшін шаралар қолданбаған жағдайда, ОПТЖ-ның сериялық нөміріне(н) қол жеткізу мүмкіндігі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылып қойылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының

Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелеріне 6-қосымша

ОПТЖ-ның цифрлық станцияларын қолдайтын сигнал беру хаттамаларының

шектеулі тізбесі

     Мазмұны:

     1-кесте.  Халықаралық  желілер  үшін  сигнал  беру    хаттамаларының

               шектеулі тізбесі

     2-кесте. Қалааралық желілер үшін сигнал беру хаттамаларының шектеулі



              тізбесі

     3-кесте. ХЖЖ және  ТЖЖ  үшін  сигнал  беру  хаттамаларының  шектеулі



              тізбесі

     4-кесте.  ОПТЖ  жылжымалы  байланыс  және  тараптар  операторларының



               желілеріне түйісуі үшін сигнал беру хаттамаларының шектеулі тізбесі

     5-кесте. Қалалық және селолық телекоммуникация желілері үшін  сигнал



              беру хаттамаларының шектеулі тізбесі

     Ескерту: Құжаттарда ТФБЖМЖ немесе ITU-T бойынша басқару құжаттарының



              кестелерінде көрсетілген сілтемелер берілген.

     6-кесте. Белгіленген екі сигнал арналар (2БСА) бойынша  сигнал  беру



              кезіндегі ЖЖ және ТЖЖ бойынша жол сигналдарын таратудағы сигнал коды

     7-кесте. Белгіленген екі сигнал арналар (2БСА) бойынша  сигнал  беру



              кезіндегі ХЖЖ бойынша жол сигналдарын таратудағы сигнал коды

     8-кесте. Белгіленген екі сигнал арналары (2БСА) бойынша сигнал  беру



              кезіндегі қалааралық арналар бойынша жол  сигналдарын  таратудағы

              сигнал коды

     9-кесте. R2 сигнал беруі

1-кесте - Халықаралық желілер үшін сигнал беру хаттамаларының

шектеулі тізбесі

   


 №

   


   

     Желі учаскесі   

                      

                      


      Сигнал беру жүйесі   

 Ескерту  

           

           


   сызықтық 

  тіркемелік 

1.  Халықаралық желі:      ХКО-ХКО       № 5/ITU-T                

                                         Q.140-Q/146              

                                         № 5/ITU-T                

                                         Q.151-Q/157              

                           R2d/ITU-T     R2/ITU-T                  

                           Q.421-Q.430   Q.440-Q.458              

                           ЖКА N7                      МТР бойынша

                           MTP: ITU-T 1988             өзара әре. 

                           Q.700-Q.714;                кеттестікке

                                                       жол беріледі

                                                       1988 ж.    

                           TUP: ITU-T 1988                        

                           Q.720-Q.724; ISUP:                     

                           ITU-T 1988 Q.767;           SCCP опера.

                           SCCP: ITU-T 1988            торларының 

                           Q.711-Q.716;                талап етуі 

                                                       бойынша.   

                           TCAP: ITU-T 1988            SCCP-мен   

                           Q.771-Q.775;                өзара әре. 

                                                       кеттестікке

                                                       жол беріледі

                                                       1988 ж.    

                                                       Сәйкес қыз.

                                                       меттерді   

                                                       жүзеге асыру

                                                       барысындағы

                                                       операторлар.

                                                       дың талап  

                                                       етуі бойынша

                                                       (парасаттық

                                                       желі, желіні

                                                       басқару және

                                                       т.б.)      


 

 

 

 

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет