Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары Жалпы ережелер Осы Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы»


Телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібі



бет2/2
Дата11.06.2016
өлшемі404 Kb.
#127799
1   2

3. Телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібі
55. Байланыс операторлары өз желілері трафиктерінің өткізілуін осы Қағидаларға, сондай-ақ Қосу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

56. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын әрбір телекоммуникация операторы, желінің иесі, телекоммуникация провайдері өз желісінің шеңберінде тұйықталатын трафиктің өткізілуін басқаруды өз бетінше жүзеге асырады және төтенше жағдайлар басталған кезде байланыс саласындағы уәкілетті органның:

1) ұлттық желінің шеңберінде тұйықталатын трафикті маршруттау бойынша;

2) халықаралық шығыс, кіріс және транзиттік трафикті маршруттау бойынша;

3) ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафикті өткізу бойынша;

4) өз желісінің техникалық жағдайы мен жұмысы туралы толық ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну бойынша нұсқауларын орындайды.

57. Жергілікті, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде қосылысты жасау кезінде трафикті Қазақстан Республикасынан тыс маршруттауға жол берілмейді.

58. Берешекті өндіріп алу мақсатында байланыс операторларының осындай берешекті өтегенге дейін кіріс қалааралық және/немесе халықаралық трафикті шектеуіне жол беріледі. Өзге жағдайларда соттың тиісті шешімінсіз байланыс операторларының кез келген түрдегі кіріс/транзиттік трафикті өткізуді шектеуіне жол берілмейді.

59. Қосылу нәтижесінде туындаған желілердің техникалық құралдары бойынша жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон трафигін, деректер беру трафигін (оның ішінде ІР-телефония операторларының трафигін), ұялы байланыс желісінен/-не трафикті өткізуге қосатын және қосылатын операторлардың арасында жасалған шарттар негізінде ғана жол беріледі.

Телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне жергілікті, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс желісіне рұқсат етілмеген трафикті өткізуге жол берілмейді.

60. Ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафикті өткізу кезінде байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорына енгізу кезінде абоненттік нөмірлерге

берілген маршруттау нөмірлерін пайдаланады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында бастама жасалған трафикті өткізу шақыруды бастамашының желісімен жүзеге асырылады. Шақыруды маршруттау (жалғау) реципиент-оператор желісінің деңгейінде жүзеге асырылады.

Ұялы байланыс операторларының желісіне кіріс халықаралық дауыстық трафикті өткізуді халықаралық (қалааралық) байланыс операторлары шақыру маршрутталған ХҚО арқылы жүзеге асырады.

Кіріс халықаралық дауыстық емес трафикті (SMS/MMS) өткізуді реципиент-оператор жүзеге асырады.

61. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын байланыс желілерінің шығыс, кіріс, транзиттік халықаралық телефон трафигін өткізу Қосу шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының ХКО коммутациялық өрісі арқылы жүзеге асырылады.

62. Абоненттің қалааралық, халықаралық, ұялы байланыс операторын және телекоммуникация провайдерлерін таңдауына арналған префикстерді байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді және олар абоненттен шығатын байланыс кезінде ғана пайдаланылады.

Кіріс байланыс кезінде кіріс халықаралық (қалааралық) стансыдан байланыс операторының желісін таңдау жергілікті телекоммуникация желілерінің абоненттеріне кіріс трафиктің бағыты бойынша операторлар арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

63. Бүлінулердің орын алуын, абоненттердің желіні пайдалануда кедергілердің туындауын, байланыс желілерінде артық жүктемелер және авариялық жағдайларды болдырмау үшін байланыс операторларының басқа операторлардың желілерінен кіріс трафиктің көлемін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.

64. Желіде бүлінулер, артық жүктемелер және авариялық ахуалдар туындаған кезде телекоммуникация операторлары және желілердің иелері тез арада байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, жеткізу пункттеріне трафикті маршруттау үшін айналма жолдар ұйымдастыру бойынша келісілген шаралар қабылдауы тиіс.

Трафикті айналма жолдар бойынша маршруттау тәсімдері, айналма жолдарды қалыптастыру тәртібі телекоммуникация операторларының және/немесе желілер иелерінің бірлескен шешімдерімен белгіленеді.

Байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жедел басқаруды қалааралық және халықаралық байланыс операторларының біреуі іске асырады.

65. Абоненттің нөмірі (А нөмірі) айырбасталған трафикті қоса алғанда, рұқсат етілмеген трафик өткізілген жағдайда трафикті қабылдайтын байланыс операторы бұл жөнінде тез арада осы трафикті жіберген байланыс операторын хабардар етеді. Желісінен рұқсат етілмеген трафиктің өткізілгені туралы хабарламаны алған байланыс операторы 10 күнтізбелік күн ішінде себебін анықтап, осындай трафикті жоюға шаралар қабылдау керек.

Рұқсат етілмеген трафикті өткізу жойылмаған жағдайда осындай трафикті өз желісіне қабылдайтын байланыс операторы сот органдарына жүгінеді.

66. Телекоммуникация желілерін қосу нәтижесінде өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының және/немесе желілердің иелерінің арасындағы қарым-қатынастар өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде мынадай жалпы ережелерге негізделеді:

1) телекоммуникация желілерінің ресурстарын (коммутациялық стансылардың, арналардың және желіжолдардың өткізу мүмкіндігін) мейлінше көп пайдалану;

2) шақыруларға қызмет көрсету және қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсыну сапасының көрсеткіштерін арттыруды ынталандыру;

3) тең құқылы әріптестік, оның ішінде трафиктің біртекті санаттары үшін есептесуде симметриялық есептеу мөлшерлемелерін пайдалану;

4) әрбір тараптың телекоммуникация желісінің стансылық және желіжол құрылыстарын салуға және пайдалануға салған үлесімдерін есепке алу.

Егер тараптардың біреуі барлық операторлармен бірдей талаптармен өзара есеп айырысуды жүргізуге басымдыққа ие оператор болып танылмаған жағдайды қоспағанда, оператораралық трафик өткізудің есептік мөлшерлемелерін шарттың тараптары айқындайды.

Оператораралық мөлшерлемелерді белгілеу кезінде бірдей санаттағы трафикті өткізуге симметриялық емес мөлшерлемені пайдалануға жол

берілмейді.

67. Байланыс операторларының және/немесе желілердің иелерінің арасындағы ұсынылатын желілік ресурстар үшін өзара есеп айырысу тәртібі:

1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қатынауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен телекоммуникация құрылыстары меншігіне қатысын;

2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылу деңгейін;

3) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды ескере отырып анықталады.

68. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосылудың (қосудың) стандартты нүктесін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен пайданы өтеуді (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш еселік көлемінен аспайтын) негізге ала отырып, қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын көрсетеді.

Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеу кезінде алаңдар мен үй-жайларды жалға алу бойынша шығындар қосылмайды.

Қосылу қолданыстағы қуатын кеңейту екі тараптың мүдделерін ескере отырып, шарттық негізде жүргізіледі.

69. Өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрін өткізу үшін өзара есеп айырысу сертификатталған меншікті биллингтік жүйелер қалыптастыратын шоттардың негізінде жүргізіледі.

Ұялы байланыс операторларының абоненттерге жіберетін (мысалы, абоненттің қолжетімді болуы немесе қолжетімді болмауы) техникалық автоматты хабарламалары SMS-трафик бойынша оператораралық есептеулерге қосылмайды. Есепке телекоммуникация қызметтерінің абоненттері бастамаға алған және алатын SMS хабарламалар ғана қосылады.

Өлшемдер тұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеліміне енгізілуі және қолданыстағы тексеру сертификатына ие болуы тиіс қосылыстардың ұзақтығын өлшеу жүйесінің деректері және деректер беруді өлшеу жүйесі биллингтік жүйемен абонентке ұсынылған трафикті өткізу қызметтері үшін шотты қалыптастыруға негіздеме болып табылады.

70. Қосатын және қосылатын операторлардың өзара іс-қимылы кезінде олардың арасындағы өзара есеп айырысу трафик (кіріс, шығыс және транзиттік трафик түрі), қосылу қызметтері үшін, жалға алынатын телекоммуникация құралдары мен құрылыстары және басқа да қызметтер үшін жүзеге асырылады.

Өткізілген трафик үшін өзара есеп айырысу кезінде бағыты шығыс болып табылатын және абоненттен төлем алатын байланыс операторы операторымен өзара іс-қимыл жасайтын тараптармен келісілген және Қосу шартында көзделген есептік мөлшерлемелердің негізінде осы бағыт бойынша өткізілетін трафик кіріс немесе транзиттік трафик болып табылатын байланыс

операторымен есеп айырысады.

Егер бір оператор басқа оператордың абонеттеріне алдын ала төлем карталары немесе олармен жасалған тікелей шарттар бойынша телекоммуникация қызметтерін ұсынуды жүргізсе, операторлар арасындағы өзара есеп айырысу есептік мөлшерлемелердің негізінде шығыс қосылыс кезінде абонентті жалғауды қамтамасыз ететін операторға төлеуді көздейтін қосымша келісімдер арқылы жүргізіледі.

71. Қосылатын және қосатын байланыс операторларының арасында:

1) трафикті өткізу қызметтері:

жергілікті (кіріс, шығыс, транзиттік);

қалааралық (аймақішілік) (кіріс, шығыс, транзиттік);

халықаралық (кіріс, шығыс, транзиттік);

ұтқыр операторлардың желісіне(-нен);

IP-телефония (интернет-телефония) операторларының;

байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттардың кіріс трафигі;

SMS, MMS;

2) тасымалдау желісінің арналарына қатынау қызметтері:

басқа байланыс операторларының желілерімен қосылудың түрлі нүктелері арасындағы байланыс арнасын (аналогтық немесе цифрлық) және (немесе) жалғау желіжолын жалға беру;

3) байланыс операторының желісіне қатынауды ұйымдастыру қызметтері:

қосылатын желілер арасында арнаны және (немесе) жалғау желіжолын ұйымдастыру және қосу бойынша жұмыстар (қосу нүктесінің географиялық орналасуына қарай әрбір қосылатын операторлардың желісінен қосу орнына дейін);

4) қосатын байланыс операторының қызметтеріне қатынау:

биллинг жүргізу және абонеттерден төлемдерді жинау;

қосылу мақсатында кәбілдік кәрізді және технологиялық мүлікті жалға немесе пайдалануға беру;

техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және жабдықты байқау;

5) қосылу қызметтері үшін есеп айырысу жүргізіледі.

72. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары шетелдік халықаралық байланыс операторларымен халықаралық трафик үшін өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.

73. Халықаралық трафикті өткізу үшін байланыс операторларының өзара есеп айырысуы шарттық негізде және байланыс және табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

74. Шақырылатын абоненттің есебінен байланыс қызметтері үшін байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара іс-қимыл жасайтын операторлар арасындағы шарттық негізде жүзеге асырылады.

75. Аймақішілік немесе жергілікті деңгейде қосылатын өзара

әрекеттесетін желілердің байланыс операторлары арасындағы есеп айырысуға есептік мөлшерлемелердің негізінде, сондай-ақ, қажет болған жағдайда және жалғау желіжолдарын, байланыс арналарын және телекоммуникация құрылыстарын пайдалану үшін жалдау төлеміне қосымша шарттардың негізінде трафик бірлігі үшін төлем әдісі бойынша осы Қағидалардың ұсынымдарын және мен ХЭО ұсынымдарын (D сериясы) қамтиды.

76. Операторлардың өзара есеп айырысу жүргізу кезінде 64 кбит/с стандартты цифрлық арна, беру жылдамдығы 50 Бод бір төртсымды арна бір жалғау желіжолы болып есептелінеді. G.704 ұсынымының «n*64 кбит/с арнаны тасымалдайтын, 2048 кбит/с түйіспе» 5.2-тармағына сәйкес 30 стандартты цифрлық арна Е1 ағын болып есептелінеді.

N*64 арналарының ағынында кіріс және шығысқа бөлу қосылатын желінің байланыс операторы ұсынатын қызметтердің түріне байланысты болады және қосылуға техникалық талаптар беру және орындау кезеңінде анықталады.

Қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі 30 цифрлық дауыс немесе деректер беру арнасын, синхрондау үшін бөлек арнаны және басқару сигналдарын беру үшін бөлек арнаны, барлығы 64 кбит/с және жылдамдығы 2 Мбит/с 32 арнаны қамтамасыз ететін Е1 цифрлық портымен, сондай-ақ ІР-желі арқылы ақпарат топтамалары коммутациясының технологиясы бойынша сөйлеу сигналын беру арнасымен (64 кбит/с стандартты цифрлық арна инкапсуляциясы) құрылады. Қосылуды 30 еселік арналар топтарын ұйымдастыра отырып жүргізу ұсынылады.

77. Трафикті өткізу үшін байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысу Қосу шарттары негізінде және байланыс және табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

78. Байланыс операторларының арасында есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу үшін трафикті өлшеу шығыс трафикпен қатар, кіріс трафикпен жүргізілуі тиіс. Бұл ретте әрбір байланыс операторы басқа операторлармен үш жылдан кем емес мерзімге жасалған шарттардың және деректердің дұрыстығы үшін жауап беру талаптарына сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін жүктемені өткізудің барлық пайдаланылатын жолдары бойынша өткізілген трафик туралы бастапқы деректерді сақтайды.

79. Түрлі бағыттар бойынша өткізілетін трафиктің көлемдері туралы дұрыс деректерді алу мақсатында байланыс операторлары тура және айналма арналарды қоса алғанда, оның көлемдерін анықтау мүмкіндігі мен қосылысты орнатудың барлық пайдаланылатын бағыты бойынша шақыруларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

80. Байланыс операторлары арасындағы уағдаластық бойынша трафик туралы деректерді жинауды және өңдеуді өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асыруға болады.

81. Есептесу кезеңі ретінде бір күнтізбелік айды алу ұсынылады.

Операторлар арасындағы уағдаластық бойынша өзге де есептесу кезеңін пайдалануға болады.

82. Байланыс операторының трафикті есепке алу үшін пайдаланылатын, қосылыстар ұзақтығын және деректер беруді өлшеу жүйелерін қосатын техникалық құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеліміне енгізілуі және қолданыстағы тексеру сертификатына ие болуы тиіс.

Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
1-қосымша

Бүлінулер және авариялық ахуалдар кезінде техникалық қызметкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ ведомстволық, корпоративтік, арнайы байланыс желілерінің және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АТС шақыруларын маршруттау



  1. Бүлінулер және авариялық ахуалдар кезінде қосылған АТС техникалық қызметкерлерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру

1. Бүлінулер қосылған немесе тірек автоматтық телефон стансыларына (бұдан әрі – АТС) тиесілі стансылық жабдықта, беру жүйелері жабдығында және желіжол құрылыстарында туындауы мүмкін. Бүліну мынадай үш санатқа бөлінеді:

1) бірінші санат – стансы жабдықтарының және оған қосылған арналардың жұмыс істеу мүмкіндігін толық жоғалтуға алып келетін авариялар;

2) екінші санат – трафикті жоғалтуға әсер етпейтін жекелеген модульдердің немесе блоктардың істен шығуына алып келетін авариялар;

3) үшінші санат – стансының немесе оған қосылған бағыттардың жұмысына елеусіз әсер ететін болатын авариялар, жекелеген абоненттік жиынтықтардың немесе арналардың бүлінуі.

2. Аварияларды жою мерзімдері бүлінудің санатына қарай технологиялық карталармен реттеледі және қосу кезінде қосымша келісімдерде қарастырылады.

3. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің АТС-на қосылған жабдықтардың немесе желіжол құрылыстарының авариялық жағдайын авариялық сигналдардың негізінде өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық қызметкерлері анықтайды.

4. Өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық қызметкерлері бүліну себебін анықтайды. Әрбір тарап өз учаскесіндегі бүлінуді жоюға жауапты болады. Аварияларды жойғаннан соң және бүлінген жабдықтың жұмысын қалпына келтіргеннен кейін осы жабдыққа бақылау мақсатымен тексеру жүргізіледі.

5. Қосылған және тірек АТС арасындағы желіжолдық түпкілікті жабдықтың жұмыс істеуін жоспарлы тексеру жабдықтың осы түрін техникалық пайдалану нұсқаулықтарына сәйкес профилактикалық тексеру жоспарларына сай жүргізіледі.

6. Өзара әрекеттесетін АТС арасындағы байланыс сапасының уақытша

нашарлауына алып келуі мүмкін профилактикалық және өлшеу жұмыстарын жүргізген жағдайда екі АТС техникалық қызметкерлері бұл туралы байланыс операторының диспетчерлік қызметіне хабарлайды.



  1. Шақыруларды маршруттау

7. Қосылатын АТС байланыстың мынадай негізгі түрлерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек:

1) қосылатын АТС абоненттерінің арасында (стансыішілік қосылыстар);

2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің абоненттерімен (жергілікті, қалааралық және халықаралық);

3) арнайы қызметтерге шығу.

8. Қосылатын АТС-дан ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған АТС-ға шығыс сыртқы байланыс ведомстволық, корпоративтік, арнайы және шағын АТС абоненттерінің бірмәнді шығу префиксін (ұсынылатын Пж=9) теруі, содан кейін талап етілген абоненттің толық нөмірін теруі арқылы жүргізіледі.

9. Қосылатын АТС абоненттерінің шығыс қалааралық, халықаралық байланысы «8» (немесе «8-10»), перспективада, тиісінше, «0» және «00» тере отырып, шығу префиксін теру жолымен, содан соң қалааралық (халықаралық) нөмірді теру арқылы жүзеге асырылады.

10. Жоғарыда көрсетілген абоненттердің арнайы қызметтерге шығыс байланысы шығу префиксін, содан кейін арнайы қызметтің нөмірін теру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Арнайы қызметтерге шығу индексін термей-ақ шығуға жол беріледі.

11. Сыртқы байланысқа құқығы жоқ қосылатын АТС абоненттері арнайы шұғыл қызметтермен (101, 102, 103, 104) тегін сыртқы байланыс орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі керек.

12. Қосылатын АТС абонеттерінің арасындағы қосылыс орнатылған кезде ішкі қысқартылған нөмір (сыйымдылыққа, қосылатын АТС-ға қарай үш мәнді немесе төрт мәнді) қолданылуы мүмкін.

Телекоммуникация
желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
2-қосымша

Қосылыстар орнату жүктемесінің және сапасының нормативтері
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылатын кез келген түрдегі АТС бір желіжолға (арна) 0,7 Эрл. дейінгі жүктеме нормасымен жалғау желіжолдары арқылы қосылуы керек.

Қосылатын кез келген түрдегі АТС тірек, аралас немесе транзитті цифрлық коммутациялық стансылар арқылы ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылады.

Қосылатын АТС бір желіжолға (арна) 0,7 Эрл дейін болатын жүктеме нормасы бар жалғау желіжолдары арқылы не абоненттік желіжолдар (бұдан әрі – АЖ) бойынша қосылуы мүмкін.

Бір АЖ-ға орташа есеппен алғандағы телефон жүктемесінің жиынтығы (шығыс және кіріс) 0,15 Эрл аспауы керек.

АЖ-ға жүктемені шектеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Жүктемені шектеу әрбір АЖ бойынша шағын АТС (сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын) пен тірек АТС арасында жүзеге асырылуы тиіс. Егер шағын АТС-да жүктемені шектеу құралдары болмаса, онда телефон желісіне осы шағын АТС қосу кезінде қосатын тараппен келісе отырып, жергілікті желіге шығуға құқылы шағын АТС абоненттерінің белгілі бір саны қатаң түрде бекітіледі.

Қосылыстарды белгілеу сапасы 1-кестеде берілген жоғалту нормативтерімен анықталады.



1-кесте. Сапа көрсеткіштерінің нормативтері


Көрсеткіштің атауы

Норма шамасы

Көрші стансылар кірістерінің арасындағы жоғалту ықтималдылығы мыналардан артық болмауы керек:




жергілікті шығыс қосылыс кезінде

0,5 %

жергілікті кіріс қосылыс кезінде

0,5 %

қалааралық, халықаралық кіріс қосылыс кезінде

0,1 %

Мыналармен байланысты ақауларды жоюдың бақылау мерзімдері:




1) коммутациялық жабдықпен

қызмет көрсетілетін АТС-да 45 минут,
қызмет көрсетілмейтін АТС-да 2 сағат

2)желіжол-кәбілдік жабдықпен:
мынадай сыйымдылықтағы кәбіл толығымен бүлінгенде, муфтаны ашу арқылы стансыаралық, магистральдық және тарату кәбілдерінде:




200х2 дейін қоса алғанда
400х2 дейін қоса алғанда
600х2 дейін қоса алғанда
800х2 дейін қоса алғанда
1200х2 дейін қоса алғанда
1400х2 дейін
1600х2 дейін
1800х2 дейін
2000х2 дейін
2400х2 дейін

18 сағат
24 сағат
30 сағат
36 сағат
60 сағат
70 сағат
80 сағат
96 сағат
120 сағат
144 сағат

3) мынадай сыйымдылықтағы кәбілдің аралығын ауыстыру талап етілгенде, стансыаралық байланыс, магистральдық және тарату кәбілдерінде:




300х2 дейін қоса алғанда
400х2 дейін қоса алғанда
600х2 дейін қоса алғанда
800х2 дейін қоса алғанда
1200х2 дейін қоса алғанда
1400х2 дейін
1600х2 дейін
1800х2 дейін
2000х2 дейін
2400х2 дейін

36 сағат
48 сағат
60 сағат
72 сағат
100 сағат
120 сағат
140 сағат
150 сағат
170 сағат
190 сағат

4) стансыаралық байланыс немесе стансыаралық ӘБЖ жоғары жиілікті кәбілдерінде

кәбілді немесе тіректі ауыстырумен



24сағат

48 сағат


5) оптикалық кәбілдің муфтасындағы бүлінулерді жою

48 сағат

Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
3-қосымша

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын

АТС-ға қойылатын техникалық талаптар
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне АТС қосу тәсілдерінің нұсқалары:

1) цифрлық жалғау желіжолдары бойынша қосылатын АТС қосу:



Беру жылдамдығы 2048кбит/с ИКМ цифрлық жалғау желіжолдарының параметрлері ЭХО-Т G.703, G.704 және G.732 ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс.

2. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне шағын АТС қосу нұсқалары:

1) шағын АТС телекоммуникация желісіне аналогты абоненттік желіжолдар бойынша қосу:



- цифрлық АТС-да аналогты абоненттік жиынтық (АЖ) пайдаланылады;

- желіжол сигналдары шлейф тәсілімен беріледі;

- нөмір терімін беру - батарея импульстерімен немесе DTMF сигнал беруімен;

3. Шағын АТС-ға қатынауды ұйымдастыру:

1) шағын АТС ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне екі сымды абоненттік желіжол бойынша цифрлық тірек немесе аралас АТС абоненттік жиынтықтары арқылы қосылады;

2) тірек АТС абоненттік жиынтықтарын шағын АТС үшін жалғау желіжолдары ретінде пайдалану абоненттік желіжолдарды пайдалану жүйесін бұзбауы тиіс (ақауларды, өзгерістерді тексеру, т.б.);

3) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде шағын АТС цифрлық АТС-ға қосу жүргізіледі;

4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне шығу үшін жергілікті префикс (Пж) ретінде «9» цифрын қолдану ұсынылады.

4. Қосылатын коммутациялық стансыларды топтамалар коммутациясы бар желі бойынша қосу.

Қосудың бұл түрі желіаралық трафикті өткізу үшін виртуалды жекеменшік (VLAN/VPN) ұйымдастыра отырып, әрбір оператор желісі шекарасында SBC орнату арқылы (сессиялардың шекаралық контроллері) және одан кейін сөйлеу сигналын беру арналарын және ақпарат топтамалары коммутациясы технологиясы бойынша шақыруларды басқару сигнализациясын ұйымдастыра келе, қосылатын және қосатын операторлардың 1/10 GE арналары бойынша интернет желілерінің физикалық түйіспелері арқылы жүзеге асырылады.

Операторлардың интернет желілері берілетін сөз сапасы сөздің ұғынықтылығы орташа сараптамалық бағасының шәкілі бойынша 3,5 балдан төмен болмайтын технологияны қолдауы тиіс (MOS - Mean Opinion Score).



5. Сериялық іздеуді ұйымдастыру.

АТС қандай да бір арнайы қызметке байланысты ұйымдастыру кезінде сериялық іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін абоненттік кешендер (АК) пайдаланылады. Бұл жағдайда жүктеме бойынша шектеулер қойылады: әрбір абоненттік желіжол үшін <0,15 Эрл.

Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
4-қосымша

Шағын АТС қосу ерекшеліктері

Шағын АТС қосылған абоненттік жинақтардың параметрлері
1. Шаєын АТС қосылған абоненттік жинақтардың параметрлері мынадай параметрлердің жиынтығы болып табылады: физикалық желіжолдар, шағын АТС төртполюстігі, оның абоненттік желіжолдары жіне телефон аппараттары және абоненттік желіжолдар үшін белгіленген нормалардан артпауы тиіс. Шағын АТС абоненттік жинағын қоса алғандаєы тұрақты ток бойынша параметрлер мынадай болуы керек:

1) кіру интерфейсінің кедергісін ескере отырып, шлейфтің кедергісі – 1800 Омнан көп емес;

2) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы оқшаулау кедергісі – кем дегенде 20кОм;

3) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы сыйымдылық 0,5мкФ артық емес;

4) 1020 Гц жиіліктегі барынша өшіру талшық диаметрі 0,5 мм болатын кәбіл үшін 35 дБ және талшық диаметрі 0,32 мм болатын кәбіл үшін 45дБ аспайды.

2. Шағын АТС абоненттік желіжолдар бойымен келетін шақыруларды қабылдап (кернеуі 95+/-5 В болатын және жиілігі 25 Гц болатын ауыспалы тоқ), «Абоненттік желіжол шлейфінің ажырауы» сигналына ұқсауы керек.


Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Қосылуға техникалық талаптар
20__ жылғы «____» __________ № ____ қосылуға техникалық талаптар
_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(қосатын оператор)

мынадай техникалық талаптармен желіні қосуды (қосылатын оператордың, желі иесінің) жүргізеді:

1. Қосылу деңгейі

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

қосылатын оператор (желі иесі) ұсынатын қызметтер түрімен, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына сәйкес айқындалады.

2. Желінің нөмірленуі байланыс саласындағы уәкілеттік органның тиісті бұйрығына сәйкес

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

3. Қосылатын желінің сыйымдылығы байланыс саласындағы уәкілеттік органның тиісті бұйрығына сәйкес

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Қосылатын жабдық түрі қосылатын оператордың (желі иесі) өз желісін қосатын қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізілімінде тіркелген, қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификатына сәйкес

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________
4. Жалғау желіжолдары бойынша сигнал беру қосылатын оператордың (желі иесі) өз желісін қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификатына;

ортақ пайдаланылатын телекоммункация желілеріндегі цифрлық стансылар қолдайтын сигнал беру протоколдарының шектеулі тізбесіне сәйкес

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

5. Стансыаралық байланысты ұйымдастыру осы Техникалық талаптардың 1-тармағына және 4-тармағына сәйкес

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

6. Синхрондау

Қосылатын оператор (желі иесі) жабдығы мынадай нұсқалардың бірі бойынша қосатын оператор телекоммуникация желісімен синхрондалуы керек:

1) синхрондаудың жеке көзінен кемінде 10-11 синхросигнал тұрақтылығының коэффициентімен (қосылатын оператор (желі иесі) қосылуға өтінішке Қазақстан Республикасы сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген синхрондау көзіне сәйкестік сертификатын және көздердің техникалық параметрлерін қоса ұсынады).

2) қосатын оператор тактілік желілік синхрондау (ТЖС) желісінен.

7. Тарифтеу.

1) Телефон трафигін есепке алу қосатын оператор және қосылатын оператор (желі иесі) қосылыстарын уақытына қарай есепке алу аппаратурасының деректері негізінде жүргізіледі;

2) Қосылатын оператор (желі иесі) желісінің абоненттері қосатын оператор желісі арқылы аймақішілік, қалааралық және халықаралық байланысқа шыққан уақытта трафикті есептеу қосатын оператордың АҚТС-да (ҚТТ/ХКО) жүргізіледі.

3) Уақытына қарай есепке алу аппаратурасының өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаты және тексеру туралы сертификаты болуы керек.

8. Телефон трафигін өткізу.

Қосатын оператордың коммутациялық өрісі арқылы қосылатын оператор (желі иесі) желісі абоненттерінен (абоненттеріне) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне (желісінен) трафикті өткізу жүзеге асырылады.

9. Жобалау жұмыстары.

1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосуға жобалау құжаттамасын ұсынады. Қосу желіжолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптарды алғанға және жобалау құжаттамасын (ЖҚ) жасағанға дейін қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) түпкілікті жабдықтың орналасу орнын реттейді.

2) қосатын операторға осы техникалық талаптарға және қосатын желіжолдарды ұйымдастыруға техникалық талаптарға сәйкестікке ЖҚ келісу актісінің көшірмесі ұсынылады. Актіге қосатын оператордың уәкілетті өкілдері (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) және қосылатын оператор (желі иесі) қол қояды.

10. Құрылыс-құрастыру жұмыстары:



1) қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалында (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) жалғау желіжолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптар алады;

2) жалғау желіжолдарын ұйымдастырумен байланысты барлық жұмыстар (арналарды жалға алу, кәбіл жүргізу, түпкілікті жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.

11. Жалпы мәселелер:



1) құрылыс-құрастыру жұмыстарының жоспары (кәбіл тарту тәсімі, түпкілікті жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі;

2) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) барлық жұмыстар мен талаптарды келісе отырып, қосылатын оператор (желі иесі) түпкілікті жабдықты электр энегиясымен қамтамасыз етуді көздейді;

3) осы техникалық талаптарды орындау бойынша жұмыстарды аяқтау қосу деңгейін, желі нөмірлеуін, сигнал беру түрін, ТСС базалық желісіне қосылу класын, синхрондау нұсқасын және тестілік қосылуға дайындығын көрсете отырып, акт ресімделеді. Актіге қосатын оператор филиалының уәкілетті өкілдері (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) мен қосылатын оператор (желі иесі) қол қояды. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады;

4) қосылатын оператордың желісін қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосудың алдында тестілік сынақтар жүргізіледі. Тестілік сынақтар оң нәтиже бергенде Тестілік сынақтардың нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында енгізу туралы акті жасалады. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады. Актіде қосылу нүктесі, желі нөмірлеуі, қолданысқа енгізілген желілік ресурстар саны, синхрондау нұсқасы, тестілеу мерзімдері, тестілеу нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында қосу күні көрсетіледі. Актіге қосылу жүзеге асырылған қызмет көрсету аймағындағы қосатын оператор филиалының және қосылатын оператордың (желі иесінің) уәкілетті өкілдері қол қояды;

5) жалғау желіжолына 0,7 Эрл үлес жүктемесі асқан жағдайда, арна сыйымдылығын арттыруды қамтамасыз ету қажет;

6) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосу осы техникалық талаптарды орындағаннан кейін жүргізіледі;

7) егер осы техникалық талаптар олар берілген мерзімнен бастап алты айдың ішінде орындалмаса, онда осы техникалық талаптар жойылады;

8) осы техникалық талаптар шеңберінде қосатын оператордың

телекоммуникация желісіне қосылатын байланыс операторы желісін (желі иесін) қосу Қосу және өзара әрекеттестік шартында көзделген қызметтер үшін ғана қолданылады;

9) қосылатын оператордың техникалық талаптарды орындау кезінде бос желілік ресурстар (порт сыйымдылығы) болмаған жағдайда, бұл қосылыс қосатын оператор _______________ толықтай жабдықтағаннан кейін мүмкін болады;

10) қосылатын оператор желісін (желі иесін) синхрондау тәсіміне кез келген өзгерістер қосатын оператормен келісіледі.

_______________________________________________________________



Қосатын оператор филиалының атауы

_______________________________________________________________



Қосатын оператор филиалының басшысы (аты-жөні және қолы)

Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
6-қосымша

Сериялық нөмірлерді бөліп беру және сериялық нөмірлерді бөліп беретін жергілікті телекоммуникация желілерінің байланыс операторларымен телекоммуникация провайдерлерінің өзара іс-қимыл

тәртібі
1. Сериялық нөмірлерді жергілікті телекоммуникация операторлары арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызметтердің иелері ұсынатын қызметтерге пайдаланушылардың қатынауын ұйымдастыру үшін және телекоммуникация қызметтерінің операторлары үшін қосу шарттары негізінде беруі мүмкін.

2. Нақты бір топтық стансылық нөмірі, сериялық қосылу нөмірі бар абоненттік желіжолдар жиынтығы сериялық қосылу дегенді білдіреді. Сериялық қосылу нөмірі стансылық нөмірге сәйкес келетін не қысқартылған нөмір болуы мүмкін.

3. Сериялық нөмірлер мынадай қызметтерге ұсынылуы мүмкін:

1) арнайы;

2) ақпараттық-анықтамалық;

3) сервистік.

4. Сериялық нөмір алушыларға қойылатын талаптар:

1) сериялық қосылудың әрбір желіжолы бойынша мейлінше көп жүктемелі сағатта (бұдан әрі - ЕЖС) туындайтын жүктеменің жиынтық қарқындылығы (шығыс және кіріс) 0,15 Эрл аспауы тиіс;

2) осы Қосымшаның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметтерге бөлінген сериялық нөмірлерді пайдалану осы қызметтерге шығыс байланысқа тыйым сала отырып, біржақты тәсім бойынша жүргізіледі;

3) жабдықты қосудың талаптары әр нақты жағдайда келісіледі;



4) жергілікті телекоммуникация желісінің қысқартылған немесе әдеттегі нөмірі бөлінетін қызметтерге кез келген абоненттік телефон нөмірінен немесе қосатын желінің таксофонынан қатынау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс;

5) сериялық нөмірлер алынған барлық жағдайларда қолданысқа енгізілген абоненттік желіжолдар саны 15 (он бестен) аспауы тиіс. Көрсетілген желіжолдар санынан асып кеткен жағдайда байланыс операторы (алушы) қосатын операторға стансыаралық жалғау желіжолдарын пайдалана отырып, жергілікті деңгейде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне өз желісінің қатынау торабын қосуға өтінім береді.

5. Сериялық іздеуде бөлінетін абоненттік желіжолдарды нөмірлеуді осы

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес пайдаланушының өтінімі берілетін жергілікті телекоммуникация желілерінің тиісті операторлары анықтайды.

6. Сериялық қосылу нөмірлері бар абоненттермен жергілікті телекоммуникация желісі абоненттерінің байланысы қысқартылған нөмірді немесе осы желіде пайдаланылатын әдетегі абоненттік нөмірді теру арқылы қамтамасыз етіледі.

7. Байланыс операторларының мүдделері үшін сериялық нөмірлерді бөліп беру тәртібі:



1) сериялық нөмірді алушы жергілікті телекоммуникация желісінің операторына сериялық нөмірді бөлуге өтінім береді, онда мыналар көрсетіледі:

сериялық нөмірді пайдаланудың қажеттілігіне негіздеме;

қосылу үшін сериялық нөмір қажет болатын пайдаланылатын жабдықтың түрлері мен сипаттамасы;

Көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда өтінім қаралмайды;

2) жергілікті телекоммуникация желісінің операторы бір айлық мерзім ішінде өтінімді қарап, өтінім берушімен сериялық нөмірлерді пайдалануға шарт жасасады (техникалық мүмкіндігі бар болған жағдайда);

абоненттік желіжолдарды ұйымдастыру үшін бос желілік сыйымдылық болмаған жағдайда өтінім берушіге бір айлық мерзімде абоненттік желіжолдарды ұйымдастыруға техникалық талаптар беріледі. Өтінім беруші техникалық талаптарды орындағаннан кейін шартқа қол қойылады.

Өтінімді қараудан бас тарту қосатын операторда сериялық нөмірлер болмаған жағдайда мүмкін болады. Бас тарту өтінім берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде беріледі.

8. Сериялық іздеу желіжолдарындағы жүктемені есепке алу:

1) байланыс операторларына сериялық нөмірлерді бөліп беру кезінде жергілікті телекоммуникация желісінің операторы:

сериялық нөмірдің барлық желіжолдарына жүктемені біркелкі бөлуді қамтамасыз етеді;

сериялық нөмір бөлінген әрбір байланыс операторы үшін ЕЖС анықтайды;

сериялық іздеудің әрбір абоненттік желіжолындағы жүктеме деңгейіне өлшеу жүргізілетін кестені жасайды және бекітеді.

2) өлшеу деректері актімен ресімделеді және онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

өлшеу жүргізу күні мен уақыты;

өлшеу нәтижелері;

жүктеме деңгейін нормаға келтіру үшін қабылдануы тиіс шаралар.

Акт жергілікті желі операторының сериялық нөмірді алушымен өзара іс-қимыл бойынша шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады;

3) желіжолдар санына жалпы жүктемеден бөліп алғанда жеке ретінде анықталатын ЕЖС-дағы сериялық нөмірдің бір абоненттік желіжолына орташа жүктеме қалыпты деңгейден жоғары болса, байланыс операторы желіжолдар санын ұлғайтады.

9. Жергілікті телекоммуникация желісі операторының сериялық нөмірлерді алушымен өзара іс-қимылы:

1) осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген жүктеме нормалары артып кеткен жағдайда, жергілікті телекоммуникация желісінің операторы сериялық нөмірді алушының атына Жүктемеге өлшеуді жүргізу туралы актінің көшірмесімен бірге жазбаша хабарлама жолдайды, сондай-ақ онымен келісім бойынша желіжолдардың санын арттыруға техникалық талаптар немесе стансыаралық жалғау желіжолдары бойынша қосуға техникалық талаптар береді;

2) алушы жүктемені азайту немесе сериялық іздеу абоненттік желіжолдарының санын арттыру бойынша шаралар қолданады;

3) сериялық нөмірлерді алушы жүктеменің қалыпты деңгейін белгілеу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінен сериялық нөмірге қатынау кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылып қойылуы мүмкін.

Телекоммуникация


желiлерiнің қосылу және өзара
іс-қимыл жасасу қағидаларына
7-қосымша

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде цифрлық стансылар қолдайтын сигнал беру протоколдарының

шектеу тізбесі
Мазмұны:
1) 1-кесте. Халықаралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі

2) 2-кесте. Қалааралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі

3) 3-кесте. ХЖЖ және ТЖЖ үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі

4) 4-кесте. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен, байланыс операторлары (желілер иелерінің) желілерімен түйісуі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі

5) 5-кесте. Қалалық және ауылдық телекоммуникация желілері үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі

1-кесте - Халықаралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі


№№

Желі учаскесі

Сигнал беру жүйесі

Ескертпе

1

Халықаралық желі: ХКО-ХКО

OKC - 7, кіші жүйелерді қоса алғанда:

MTP: ITU-T Q.700-Q.714;

TUP: ITU-T Q.720-Q.724;
ISUP: ITU-T Q.767;
SCCP: ITU-T Q.711-Q.716;

TCAP: ITU-T Q.771-Q.775;



Арналардың коммутациясымен желілер үшін өзара іс-қимылға жол беріледі




SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Арналардың коммутациясы бар желілер үшін өзара іс-қимылға жол беріледі


2-кесте. Қалааралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі


№№

Желі учаскесі

Сигнал беру жүйесі

Ескертпе

1

АҚТС - АҚТС; АҚТС - ХКО

ЖАС - 7, кіші жүйелерді қоса алғанда:

MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік


ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік
SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік

TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік



Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалар

коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы





3-кесте. ХЖЖ және ТЖЖ үшін сигнал беру протоколдарының шектеулі тізбесі


№№

Желі учаскесі

Сигнализация жүйесі

Ескертпе

1

ТЖЖ

ЖАС - 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік
ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік
SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік
TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Пакеттердің коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

2

ХЖЖ

OKC - 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік

ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік


SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік
TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалардың

коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы





4-кесте – Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен, байланыс операторлары (желілер иелерімен) желілерімен түйісуі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі


№№

Желі учаскесі

Сигнал беру жүйесі

Ескертпе

1.

ТЖЖ

OKC - 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік
ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

2.

ХЖЖ

ЖАС- 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік
ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалардың

коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы



3.

Қалааралық

ЖАС - 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік
ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалардың

коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы



4.

ЖЖ

ЖАС - 7
MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік
ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



Топтамалардың

коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы



6.

Халықаралық роуминг

ЖАС - 7
MTP: ITU-T 1988 Q.700-Q.714
SССP: ITU-T 1988 Q.711-Q.716
TCAP: ITU-T 1988 Q.771-Q.775
MAP: GSM 09.02
(GSM стандарты үшін)

Арналардың коммутациясы бар желілер үшін «А» абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы

Корпоративтік және ведомстволық желілерді Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын желісіне қосу кезінде PRI интерфейсімен EDSS1 сигнал беруін қолдануға жол беріледі.



5-кесте. Қалалық және ауылдық телекоммуникация желілері үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі


Сигнал беру жүйесі

Ұлттық желі учаскесі

ҚТС

СТС

СКП-мен түйіспе

Желіжолдық сигнал беру

1. ЖАС

Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес

2. SIP-T/SIP-I

IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5.

RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890



3. V 5.1

ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар




4. V 5.2

ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар.
Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес




5. Абоненттік шлейф бойынша сигнал беру

7.2.4.2.4 -тармақ




6. EDSS1

ISDN функциясымен АТС-дағы ОТТ сәйкес.

Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес








7. Телематикалық қызметтер және деректер беру желілерімен түйіспедегі сигнал беру жүйесі




Х ITU-T сериясы протоколдары

8. H.248

ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар.

Ұлттық спецификацияға сәйкес








Белгілер мен қысқартулардың тізімі





Қысқартулар

Ашып көрсету

ХЭО-Т
(ITU-T)

Халықаралық электр байланысы одағы, электр байланысын стандарттау секторы

ETSI

Телекоммуникациялық стандарттардың еуропалық институты (European Telecommunication Standards Institute)

ТП

Техникалық талаптар

АҚТС

Автоматты қалааралық телефон стансысы

ХКО

Халықаралық коммутация орталығы

ҚТУ

Қалааралық транзиттік торап

АТС

Автоматты телефон стансысы

ҚТЖ

Қалалық телефон желісі

АТЖ

Ауылдық телефон желісі

TMN

Телекоммуникация желісін басқару
(Telecommunication Management Network)

НАА

Нөмірді автоматты анықтау

ТЖЖ

Тапсырыс-жалғау желіжолдары

ЖАС - 7

Жалпыарналық сигнал беру жүйесі ( ITU-T-N 7 сыныптауышы бойынша)

ЖЖ

Жалғау желіжолдары

ҚЖЖ

Қалааралық жалғау желіжолдары

IETF

Internet Engineering Task Force - Интернетті инженерлік қолдаудың мақсатты тобы

ISUP

ISDN User Part – 7 ЖАС-7 сигнал беруін қолдайтын желілер тораптары арасында шақыруларды басқару ақпаратын беретін шақыруларды басқару протоколы


MAP

Mobile Application Part –жылжымалы қолданудың кіші жүйесі

MTP

Message Transfer Part – хабарламаларды берудің кіші жүйесі (MTP3) ОАС - 7, 3-деңгей

MUP

Mobile User Part – жылжымалы байланыс пайдаланушысының кіші жүйесі

RTP

Real-Time Transport Protocol (нақты уақыттағы тасымалдау протоколы)

RFC

Request for Comments - Жұмыс ұсынысы

SCCP

Signaling Connection Control Part – ЖАС – 7 сигнал беруді қосуды басқарудың кіші жүйесі

SIP

Session Initiation Protocol — байланыс сеансын орнату протоколы

SIP-I

SIP- ХЭО-Т әзірлеген және желіаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған SIP протоколының ISUP нұсқасы

SIP-T

Интернет инженерлік проблемалары тобының комитеті әзірлеген және желіаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған SIP протоколының нұсқасы

TCAP

Transaction Capabilities Application Part – транзакция мүмкіндігі бар сигнал берудің кіші жүйесі

TUP

Telephone User Part – телефонияны пайдаланушының кіші жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет