Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесі Жалпы ережелер


Антенналы-фидерлік құрылғыларды және антенналы-діңгектік құрылыстарды пайдалану тәртібі



бет3/3
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159735
1   2   3

13. Антенналы-фидерлік құрылғыларды және антенналы-діңгектік құрылыстарды пайдалану тәртібі


  1. Металды антенналы тіреудің жөндеу және пайдалану жөніндегі жұмыстарын антенналы-діңгектік құрылыстарды (АДҚ) пайдалану бойынша нұсқауларға сәйкес,  сондай-ақ,  АДҚ аталған түріне жасалған технологиялық карталар арқылы жүргізуге қажет.

  2. АДҚ-ны  және антенналы-фидерлік құрылғыларды, көтергіш механизмдерді жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстар  телерадио хабарларын таратушы операторының  биікте жұмыс жасауға рұқсат берілген және медициналық куәландырылудан өткен пайдаланушы қызметкерімен жүргізіледі.

  3. АДҚ қайта құру жұмысын өндіру жобасына сәйкес, арнайы құрастыру ұйымы жүргізуі тиіс. Қайта құрастырылғаннан кейін, АДҚ қабылдау жұмыстары АДҚ қайта құрастыру жобасын әзірлеген  ұйым өкілдерінің қатысуымен және комиссиямен жүргізілуі тиіс.

  4. Көтергіш құрылғылары мен қосымша аспаптарды пайдалану жүк көтергіш құрылғыларға арналған Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілуі тиіс, ал жеделсатыларды пайдалану жеделсатыларға арналған Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.  

  5. Телевизиялық антенналар мен антенналық фидерлерді пайдалануын өнімге техникалық құжаттамада келтірілген өндіруші-зауыттың техникалық талаптарына сәйкес өткізілуі қажет.



14. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі техникалық құралдарын өшіруді талап ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі


  1. Теле-, радиобағдарламаларды трансляциялаудың техникалық құралдарын өшіруді талап ететін телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің (ТҰЖ) техникалық құралдарында жүргізілетін жұмыстар жоспарлы алдын алу жұмыстары, жоспарлы жөндеу жүргізу жұмыстары, күтпеген жөндеу жұмыстары мен апатты қалпына келтіру жұмыстары болып бөлінеді.

  2. ТҰЖ техникалық құралдарында жүргізілетін жоспарлы-алдын алу және жоспарлы жөндеу жұмыстарына жыл сайын бекітілетін жылдық жоспар-кесте бойынша Ережелер талаптарына сәйкес орындалатын алдын алу және жөндеу жүргізу жұмыстары жатады.

  3. ТҰЖ техникалық құралдарында жүргізілетін күтпеген жөндеу жұмыстарына қажеттілігі кез келген уақытта күтпеген жерден туындайтын және ТҰЖ қызметтендірілуін қамтамасыз ету үшін орындалу уақытын жылжытуға болатын және олардың уақыт бойынша зардапсыз орындалуы жатады.

  4. Апатты қалпына келтіру жұмыстарына апат салдарының алдын-алу және жою жөніндегі жұмыстарды кейінге қалдыруға болмайтын, орындалуының тоқтап қалуы өндірісте бақытсыз жағдайдың орын алуына немесе ұзақтығы 10 минуттан жоғары ТҰЖ дұрыс жұмыс жасамауы бұзылымға әкелуі мүмкін жұмыстар жатады.



15. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық желілеріндегі техникалық құралдарға жөндеу жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі


  1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы ТРХТ жерсеріктік арналарда алғаш таратылатын алдын алу жұмыстарының кестесін ескере отырып, келесі жылға телерадио хабарларын таратудың республикалық желілеріне алдын алу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесін жыл сайын жасайды.

  2. Жасалынған алдын алу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі келесі жылы телерадио хабарларын тарату саласындағы өкілетті органдарға келісу үшін жіберіледі.

  3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы өкілетті органдармен келісілген алдын-алу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі, келесі жылы ақапарат және хабар тарату торының келесі жылғы және апта сайынғы кестесін жасау кезінде басшылыққа алу үшін теле-,радиокомпанияларға жіберіледі.

  4. Аса маңызды хабарды жүргізу кезінде, апатты жағдайларды жою немесе болдырмау жөніндегі жұмыстардан басқа бұрын жоспарланған барлық алдын-алу жұмыстары тоқтатылады.



16. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық желілеріндегі техникалық құралдарға күтілмеген жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі


  1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы болжанып отырған күтілмеген жөндеу жұмыстарының басталуына дейін 10 жұмыс күні ішінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органдармен күтілмеген жөндеу жүргізу олардың қажеттілігін негізге ала отырып, жұмысты жүргізудің талап етіліп отырған мерзімі мен уақытын, сондай-ақ трансляциялаудың өшірілетін техникалық құралдарын, теле-,радиоарналардың толық тізбесін көрсете отырып өтінімді келісуге жібереді.

  2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган бес күнтізбелік күн ішінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторымен көрсетілген мерзімде күтілмеген жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін анықтайды және өтінімдерді келісуді іске асырады.

  3. Алынған келісім негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторлары бес жұмыс күнінен кем емес уақытта теле-,радиокомпанияларға трансляциялаудың техникалық құралдарының өшірлетіні және жұмыстар жүргізілетін аймақтар әкімдіктері, жұмыстарды жүргізу кестесі туралы хабарлайды.

  4. Эфирде теле-,радиобағдарламалардың міндетті түрде болуын талап ететін жағдай күтілмеген жұмыстарды жүргізу мерізімінде туындағанда, телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторларынан телерадио хабарларын таратуды жаңартудың техникалық мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін, ТТҰЖ техникалық құралдарының өшірілуімен жұмыстарды орындауды тоқтатады және жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімін анықтайды.



17. Телевизиялық ретрансляторлардың пайдалануын ұйымдастыру


  1. Телевизиялық ретрансляторлардың барлық жұмыстары телевизиялық станциялар және бағдарламаларды беру құралдарының жұмыс кестесіне сәйкес жасалған кесте негізінде жоспарланады.

  2. Телевизиялық ретрансляторлардың қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін болып бөлінеді.

  3. Қызмет көрсетілетін телевизиялық ретрансляторлар болып пайдаланушы қызметкерінің болуын талап ететін ретранслятор саналады.

  4. Қызмет көрсетілмейтін телевизиялық ретрансляторлар болып техникалық талаптар бойынша пайдалануы оның орнату орнына байлынысты емес, пайдалану қызметкерінің үнемі қатысуын талап етпейтін ретранслятор саналады.

  5. Телевизиялық ретрансляторлар жұмысын бақылайтын РТС қызметкері телерадио хабарларын тарату желілері операторларының техникалық жетекшісімен бекітілген телевизиялық ретранслятордың жұмысына бақылау жасау жөніндегі арнайы нұсқауды басшылыққа алуы тиіс.

  6. Қызмет көрсетілетін телевизиялық ретрансляторларды техникалық тексеру және жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу осы ТПЕ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  7. Аппатты жағдайлардың алдын алу үшін жабдыққа жөндеу және күйге келтіру жұмыстарын жүргізу уақытында телевизиялық ретрансляторлардың жұмыстары теле-,радиокомпанияларға әрі қарай ескерту арқылы жоспардан тыс тоқтатылуына рұқсат етіледі.

  8. Жоспардан тыс тоқтату уақыты кепілдендірілген жүктемелерге қосылады, бірақ төлемге жатпайды.

  9. Аса маңызды хабарларды жүргізу күндері апатты қалпына келтіру жұмыстарынан басқа кез келген жоспарлы жөндеу жүргізу алдын алу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.



18. Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату жүйелерін тағайындау


  1. Қазақстан Республикасындағы жерсеріктік хабар таратудың техникалық құралдары, мемлекеттік және коммерциялық телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлік таратқыштар желісінде алғаш таратуда, телекөпірлерді, бейнеконференцияларды ұйымдастыруда, радио-,бейнематериалдарды бір адреске таратуда, тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсынуда пайдаланылады.

  2. Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату жүйелерінің негізгі элементі, сигнал көзінен жерсеріктік байланыс арқылы қабылдағыш станциялар желісіне телерадиосигналды таратуды іске асыратын цифрлық телевидение сигналдарын тарататын жерсеріктік жер станциясы болып табылады.



19. Жер станцияларын техникалық пайдалануды ұйымдастыру


  1. Жер станцияларының (ЖС) қызметтері жерсеріктік хабарларын тарату операторымен және ТРА арасында жасалатын шартқа сәйкес ұсынылады.

  2. ЖС жұсмыстары Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

  3. ЖС жұсмыстары ТРА-мен келісілген хабарларды тарату көлемінің негізінде жоспарланады.

  4. ЖС жабдығын жүктеу көлеміне тоқсанда бір рет тоқсандық кешенді алдын алу және өлшеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

  5. Алдын алу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі және келесі жылдың өлшеу регламенті жоспарланған жылға дейін 1 (бір) ай бұрын әр ТРА-ға жеткізіледі.

  6. ЖС жұмыстары апталық кесте күшіне енгенге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырыс берушіге ұсынылатын нақтыланған апталық кесте бойынша жасалады.

Теле-,радиоарналардың тәулікбойы хабар таратуы немесе хабардың басталуы және аяқталуы тіркелген уақытта апталық кесте берілмейді.

  1. Телеарна хабарларының басталу уақыты идентификациялау бейнесін тарату сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейненің алып тасталуы болып табылады.

  2. ЖС жабдығын хабар таратуға дайындау, бағдарлама басталуға 15 минут қалғанға дейін аяқталуы тиіс.



20. Телевизиялық хабарларды ұйымдастыру барысында техникалық құрылғыларды дайындау тәртібі


  1. Бағдарлама басталғанға 30 минут бұрын бағдарламаларды беру орнынан ЖС-ға кіруге (АСК, бағдарламаларды жіберу құралдары) ТСК телерадио хабарларын тарату операторының бейне арнасы бойынша бағдарлама белгісі арқылы және үн жиілігі 1000 Гц болатын дыбыстық сүйемелдеу арнасы бойынша беріледі. Мұндай жағдайда алғашқы 15 минут ішінде ЖС - бағдарлама орны учаскесінде сигналдардың өту сапасы тексеріледі, келесі 10 минут ішінде жерсеріктік қабылдау станциясы учаскесі орнында тексеріледі.

  2. ЖС бағдарламаларын беру орнындағы учаскесінің телевизиялық және дыбыстық трактісінің сапасын бағалауды жерсеріктік хабар тарату операторының кезекші қызметкерлері жүргізеді. Белгіленген нормаға тракт параметрлері сәйкес келмеген жағдайда, кезекші бұл туралы (АСК, бағдарламаларды жіберу құралдары) бағдарламаны берудің тиісті орнындағы кезекшіге хабарлауға міндетті.

  3. Техникалық сынақтағы сигналдардың сапасы қанағаттандырылмаған жағдайда, жерсеріктік хабарларын тарату операторының кезекші қызметкерлері және бағдарламаны беру орны сапасының нашарлауы себебін жою және анықтау үшін шаралар қолдануы тиіс.

  4. Телерадио хабарларын тарату операторы хабар тарату уақытынан бос кезде ұлттық теле-,радиоарналардың техникалық құралдары бойынша тестілік бейнені және(немесе) дыбыстық сигналдарды беруге құқылы.


21. Телевизиялық хабарларды жүргізу тәртібі


  1. ЖС жауапты өкілімен хабарды дайындау және жүргізу уақытында ЖС ауысым бастығы болып табылады. Хабар тарату үдерісінде туындаған телевизиялық және радиохабарларын үздіксіз таратуға қатысты барлық мәселелерді ЖС бастығы АСК ауысым бас маманымен және(немесе) бағдарламаларды беру құралдарындағы ауысым бас маманымен шешеді

  2. Бағдарламаларды беру орнынан келетін телевизиялық сигнал параметрлері нашарлаған жағдайда, жерсеріктік хабарларын тарату операторының шұғыл кезекшісі АСК немесе бағдарламаларды беру құралдарындағы ауысым бас маманына хабарлайды және тіркеу журналына телерадио хабарларын тарату құралдары жұмысының басталу уақытын, аяқталуын, ақаудың сипатын және АСК кезекші қызметкерінің тегін немесе бағдарламаның беру құралдарын жазып алады.

  3. Телевизиялық және(немесе) радиохабарларды тарату сигналдарының параметрлері нашарлаған жағдайда, ЖС кезекші қызметшісімен бұзушылықтар себебіне тексеру жүргізіледі. ЖС және АСК шұғыл кезекшілері нашарлау себебі мен учаскені анықтайды, ЖС жұмысын резервтегі жабдыққа ауыстырады және пайдалану құжаттамасындағы тиісті жазбаға сәйкес бұзушылықтарды жоюға шара қолданады.

  4. Тестілік сигналдарды тарату уақытында теле-,радиокомпаниялардың кінәсі бойынша телерадиосигналдарды техникалық үзіліс кезінде беру, ЖС жалпы жүктеме көлеміне кіреді және қолданыстағы тариф бойынша төленеді.

  5. ТСК сигналдарын алу және бағдарламаларды таратуды жаңарту АСК және(немесе) бағдарламаны беру құралдарындағы ауысым бас қызметшілерінің командасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл сәт ЖС-ға тәуелді емес себеп бойынша техникалық тоқтап қалулардың аяқталуы болып саналады.

  6. Телевизиялық хабар тарату аяқталғаннан кейін ЖС ауысымының бастығы және бағдарламаны беру құралдарының ауысым бас қызметшісі хабардың нақты аяқталу уақыты мен басталуын, техникалық ақаудың уақыты мен ұзақтығын, техникалық үзілістерді өзара салыстыруға және олардың орын алу себебін, өз тегін хабарлауға міндетті.

  7. Жабдықтың қалыпты жұмыс жасауындағы бұзылымдар себебін анықтау үшін, ауысым бас қызметшісі қажеттілігіне қарай хабарлар аяқталғаннан кейін бірден тексеру өлшеу жұмыстарын жүргізеді. Орын алған жағдайдың себептері туралы ақырғы қорытындыны ауысым бас қызметшісі шығарады. Нәтижесі телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын тіркеу журналына енгізіледі. Бір ауысым жұмысы барысында туындаған барлық даулы мәселелер тәулік ішінде нақты анықталуға қойылады.



22. Жабдықтың қалыпты жұмыс жасауы кезіндегі жерсеріктік жер станцияларының кезекші қызметкерлерінің міндеттері


  1. Техникалық құралдардың тоқтаусыз жұмыс жасауына, осы Ереже мен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесінің орындалуына, лауазымдық нұсқаулар мен ішкі тәртіп ережелеріне жауап беретін ауысым бас қызметшісі ЖС техникалық-пайдалану қызметкеріне басшылық жасайды.

  2. Хабар тарату басталғанға дейін 45 минут ішінде ауысым бас қызметшісі, хабарларды таратуға дайындалып жатқан жабдықтардағы барлық жөндеу, алдын алу және күйге келтіру жұмыстарын (апаттан басқа) тоқтатуға міндетті.

  3. Өлшеу, күйге келтіру және жұмыс режимін тексеру үшін кестеден тыс барлық жабдықтарды қосуды телерадио хабарларын тарату желілері операторларының техникалық басшылары рұқсат бергеннен кейін, кезекші қызметкер жүргізеді. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына қосу уақыты (өшіру) мен жұмыс сипаты жазылады.

  4. Ауысым қызметкерлері қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жабдықты тексеруді және аралап шығуы, суыту аппараты жүйесінің жұмысқа қабілетін, таратқыштардың қуатын бақылау, антеннаны байқау жүйесінің жұмысын, жерсеріктен берілетін маяк сигналының деңгейін кезең бойынша тексеруі тиіс.

  5. Төменде көрсетліген ЖС-ға кіру кезіндегі бейнесигналдардың параметрлері және дыбыстық сүйемелдеу сигналы теле-,радиокомпаниядан жіберілген белгілердің ұзақтығы бейнесигналдар үшін 5 секунд және дыбыстық сүйемелдеу сигнал үшін 30 секундқа нашарлаған жағдайда, ауысым бастығы АСК және (немесе) бағдарламаларды беру құралдары аусымның бас қызметшілеріне бұл туралы дереу хабарлауы тиіс.

  6. Антеннаның жылыту жүйесі жоқ болған жағдайда, ауа райы бұзылып қар жауса, кезекші қызметкер қабылдау антеннасының жоғары жағын қардан үнемі тазалап тұруы қажет.

  7. Антенна өрісіндегі және дизельді генератор орын-жайдағы апатты ауыстырып қосу жұмыстарын 2 адамнан кем емес (бұл ретте аппаратты жұмыс орнында кем дегенде бір адам болуы тиіс) жұмыскер жүргізеді. Жұмыс жасау кезінде шағын радио станциясын қолдану қажет.

  8. Жұмыс бөгде ұйымдармен жүргізілген кезде тиісті журналадарда жұмыстың мақсатын, басталу және аяқталу уақытын, жұмысты орындаушылардың тегі мен қолын міндетті түрде тіркеу қажет.

  9. Ауысымнан тыс қызметкерімен жерсеріктік арналардағы өлшеу және реттеп күйге келтіру жұмыстары телеарнаның техникалық үзілісі кезінде жүргізіледі. Ауысымнан тыс қызметкерге эфир (жазба) уақытында жүргізуге қажетті өлшеу және реттеп күйге келтіру жұмыстары ауысым қазметкерінің бақылауымен және барынша сақтық шараларымен жасалады.

  10. Кезекшілікті өткізіп жатқан ауысым бас қызметшісі, кезекшілікті өткізу барысында кезекшілік уақытында түскен барлық өкімдермен, хаттармен, нұсқаулармен және жабдық жұмысында орын алған бұзулармен және тарату сапасының нашарлауымен кезекшілікті қабылдайтын ауысым бас қызметшісін таныстыру тиіс.



23. Жерсеріктік станцияларындағы ауысымнан тыс қызметкерлердің міндеттері


  1. Ауысымнан тыс ЖС қызметкері осы Ережеге және Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесіне сәйкес жөндеу алдын алу, өлшеу, тексеру ж.т.б. жұмыстарын жүргізеді.

  2. Тексеру, өлшеу және жабдыққа жөндеу жүргізулер бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, сондай-ақ ЖС техниклық басшысының өкімі және ауысым бас қызметшісінің келісімі бойынша кестеден тыс жүргізіледі.

  3. Барлық жүргізілген жұмыстар және табылған ақаулар (жойылған және жойылмаған) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына тиісті түрде жазылады.

  4. Жабдықтардағы жұмыстың орындалуы (жұмыс немесе резервті) ауысым бастығының рұсаты және жұмысқа кіру рұқсаты ресімделгеннен кейін осы Ережеге және Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.


24. Метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру


  1. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдаланудың метрологиялық қамтамасыз етуілуі ол – теле-,радиобағдарламалардың трансляциялау сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған метрологиялық қызметтерімен жүргізілген өзара байланысушы іс-шаралар кешені.

  2. Метрологиялық қызметтің функцияларын телерадио хабарларын тарату операторы қызметін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген құрылымдық бөлімшелер орындайды. Бұл құрылымдық бөлімшелер кәсіпорынның техникалық басшысына бағынуы тиіс.

  3. Метрологиялық қызметтің міндеттері:

    1. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалану кезіндегі өлшемдердің күйіне талдау жасау және ұйымдастыру, өлшенетін параметрлер тізбесін және өлшемнің қажетті дәлділігін анықтау;

    2. өлшемдерді орындауда қазіргі заманғы әдістерді енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    3. өлшеудің жұмыс құралдары тізбегін белгілеу;

    4. кәсіпорында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеруді ұйымдастыру;

    5. өлшеу құралдарын жөндеуді ұйымдастыру;

    6. метрология саласындағы кадрлар біліктілігін арттыру мен дайындықты жүзеге асыру және ұйымдастыру.

  1. Метрологиялық қызметті пайдаланудың нақты жағдайларына негізделген аралықтар арасын және өлшенетін параметрлер номенклатурасын нақтылауы тиіс.

  2. Барлық өлшеу құралдарын тексеру жыл сайын жасалатын кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс: үлгі түріндегі– 1 жылдан кем емес, жұмыс істейтіндерді – пайдалану шарттарына негізделген (пайдалану дәрежесі, климаттық жағдайлар және т.б.).

  3. Телерадио хабарларын тарату жүйесінің сапалы көрсеткіштерін бақылау үшін өлшеу құралдарының жиынтық тізбесі нысанды жобалаушымен жасалады.



25. Пайдалану-техникалық құжаттамасы


  1. Әрбір құрылымдық бөлімшеде келесі құжаттамалар болуы тиіс:

  1. Осы Ереже;

  2. «Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәуле көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелер;

  3. РТС ішкі тәртібінің ережелері;

  4. РТС нысандарының техникалық жобалары;

  5. жеке құрылыстар мен кәсіпорын нысандарын пайдалануға қабылдау актілері;

  6. жабдыққа, құрылыстарға және жалпы РТС нысандарына техникалық төлқұжаттар;

  7. радиоэлектрлік құралдарды пайдалануға рұқсат;

  8. радиожиілік спектрін қолдануға рұқсаттамалар;

  9. жалға алушылардың радиоэлектрондық құралдарын пайдалануға рұқсаттамалар көшірмелері;

  10. лауазымдық нұсқаулар;

  11. әр теле-, радиоарнаның хабар тарату торлары.

  1. Әр РТС-те жұмыс орнындарындағы кезекші ауысым жұмысына басшылық жасау үшін келесі құжаттамалар болуы тиіс:

  1. осы Ереже;

  2. аса маңызды хабарларды жүргізу бойынша нұсқаулар;

  3. теле-, радиоарналардың хабар тарату торлары;

  4. резервке көшу және жабдыққа қызмет көрсету бойынша нұсқаулар және сипаттамалар, сызбалар (принциптік және қайта құрастыру) жиынтығы;

  5. ауысым қызметкерінің кезекшілік кестесі;

  6. РТС басқарушыларының, құрылымдық бөлімшені пайдаланумен байланысты ұйымдардың телефон нөмірлерінің тізімі;

  7. медициналық көмектің, өрт күзетінің, құтқару қызметінің телефон нөмірлерінің тізімі;

  8. алдын алу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі;

  9. өлшеу және жоспарлы алдын алу жұмыстарының жылдық кестесі;

  10. телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының параметрлерін өлшеу хаттамалары;

  11. Техникалық-пайдалану құжатттамасы: кезекшілікті өткізу және қабылдау журналы, телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын еспке алу журналы, жұмысты өндіру журналы.



26. Өндірістік зертханалар


  1. Өндірістік зертханалар телерадио хабарларын тарату операторларының құрамында ұйымдастырылады. Телерадио хабарларын тарату операторларының өндірістік зертханалары, техникалық басшымен немесе телерадио хабарларын тарату операторларының және(немесе) РТО бірінші басшысымен бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасайды.

  2. Өндірістік зертханалардың негізгі міндеттері болып табылатындар:

  1. сенімділігін және олардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында, телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын жетілдіру;

  2. қызметкерлерге жаңа технологиялар жабдықтарында жұмыс істеу әдістерін оқыту;

  3. жабдықтардан бас тарату деректерін пысықтау мен талдау және жабдық жұмыстарының сенімділігі мен сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды пысықтау;

  4. жаңадан енгізілген антеналы-фидерлік сәулелердің бағыттылығы бойынша электрлік параметрлер мен диаграммаларды күйге келтіру және өлшеу жүргізу;

  5. антеналы-діңгектік құрылғыларға күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі жұмыс көлемін анықтау үшін діңгектің металл құрылымдарына ревизия жүргізуге көмек көрсету.


Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің

техникалық пайдалану ережесінің

1 қосымшасы
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналы

күні_айы – 2012ж.




РТС

Бағдарламаның атауы

Арна нөмірі

Таратқыштар ( Вт) қуаты

Жабдық түрі

Тех.тоқтап қалулар

Тех. тоқтап қалулардың себебі

Тех. тоқтап қалулардың белгілері

РТС кезекшісінің тегі

Күні

Бағдарламаның басталуы

Күні

Бағдарламаның аяқталуы

Ұзақтылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сағат

мин

минутта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кезекші

 

 



Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің

техникалық пайдалану ережесінің

2 қосымшасы
Алдын алу жұмыстарын жүргізу журналы


Күні

Жабдық түрі

Жұмыс түрі

Орныдаушы







































Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің

техникалық пайдалану ережесінің

3 қосымшасы
Өкімдерді тіркеу журналы




Күні

Уақыты


Өкім

Қабылдаушының

А.Ә.Т.














Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің

техникалық пайдалану ережесінің

4 қосымшасы
Тенологиялық жабдықтарға енгізілген барлық сызбалық және құрылымдық өзгертулер туралы техникалық ақпараттар журналы

№р/н

Күні

Орындаушының тегі мен қолы

Енгізілген өзгерістердің сипаты мен сызбасы


Жұмысты қабылдап алатын жауапты тұлғаның қолы





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет