Тәлімгер : Қалыбаева Алия Сынып жетекшісі : Ғабиден Нәзерке Мектеп директоры : Есдаулетова Жаннат



Дата03.01.2022
өлшемі13.17 Kb.
#451372
минездеме


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «5В011300-Биология» мамандығының 3 курс студенті Баймұхат Ғани Бауыржанұлы


М І Н Е З Д Е М Е

Баймухат Ғани Бауыржанұлы -№ 128 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 14.09.2020 – 30.04.2021 ж. аралығында онлайн форматта педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практикадан өту кезінде Ғани өзін жақсы жағынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылар ұжымымен танысып, тез тіл табысып,оларды өзінің мәдениеттілігімен және қарапайымдылығымен өзіне баурай білді.



Педагогикалық практиканың басталуымен – өз ісіне ұқыптылығымен,жауапкершілігімен көрінде. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Баймұхат Ғани Бауыржанұлы тәжірибе барысында сабаққа үнемі жақсы дайындықпен, жан – жақты іздніспен қарады. Өзінің университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Ұйымдаструшылык қыбілеті бар, мінезі салмақты, оқушылармен тіл-табыса алады.Оқушылармен өзін-өзі ұстау мәдениетін біледі.Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары,жеке жұмыстар және т.б тапсырмалар құрастырып,қызықты өткізе білуімен балаларды өзіне тарта білді. Өз сабағымен қатар 8 “б” cыныбына жетекшілік жұмыстар атқарды. Әрбір тәрбие жұмысын жаксы карап оқушылар құрметіне ие болды. Педагогикалық практика кезінде өткізген іс шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Баймұхат Ғани Бауыржанұлы болашақта білімді, байсалды,үлгілі, еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.
Тәлімгер : Қалыбаева Алия
Сынып жетекшісі : Ғабиден Нәзерке

Мектеп директоры : Есдаулетова Жаннат

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет