Тема: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін деңгейлеп оқыту



бет6/27
Дата18.05.2022
өлшемі0.83 Mb.
#457134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Диссер Байдуйсенова Гулмира

Мотивация. Мотивация құру үшін проблемалық мәселелер және тапсырмалармен қатар сахналауды, сөздіктерді, газет материалдарынан үзінді оқуды, статистикалық мәліметтерді (мысалы, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын дамытудың олардың одан әрі оқуына ықпалы туралы) тыңдауды, бір ұғымның саналуан анықтамаларын қолдануға болады.
Осы сатыны ұйымдастыруда бір себептер оқушының белсенді әрекетін оятып, қызу реакциясын туғызуы мүмкін де, ал екінші бір оқушыға онша әсер етпеуі әбден мүмкін. Сондықтан әр сабақта мотивация тәсілдерін алмастырып, оларды түрлендіру қажет.
Мақсаттарды хабарлау. Интерактивтік оқыту сабақтарының мақсаты дәстүрлі оқыту сабақтарынан ерекшеленеді. Ең алғашқы орынға оқушылардың біліміне қатысты мақсаттар қойылады: функционалдық стилдердің белгілерін атау, қазақ графикасында орын алған өзгерістерді атау, орфография, орфограмма үғымдарына түсінік беру. Содан соң біліктілікті қалыптастыруға қатысты мақсаттар қойылады: қазақ орфографиясының әрбір принципіне бағынатын жазу үлгілерін айқындау, мәтіннің стилистикалық құрамын анықтау, топтық жұмыс нәтижесін көпшілік алдына ұсыну. Үшінші орында құндылықтарды атайтын мақсаттар тұрады: орфоэпия нормаларының бірлігін сақтау қажеттілігіне деген өзіндік көзқарасын білдіру, сауатты жазудың мәні туралы өз пікірін айу, алынған білімнің практикалық мәні туралы шешім қабылдау.
Жаңа ақпараттарды ұсыну. Біздің оқытып отырған түсініктеріміз қандай да бір мөлшерде оқушыларға таныс, сондықтан осы сатыны миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Сауаттылық сөзі қандай ассоциация туғызады?», «Қандай үғымдар орфография сөзімен байланысты?». Негізгі ойды білдіретін сөздерді тақтаға бір бағанға жазылып, номірленеді. Жұмыстың осы түрі оқушыларға таныс, бірақ шындығында әлі де түсініксіз ұғымдарды іріктеуге көмектеседі. Осы жұмысты басқаша өткізуге болады: тақтаны арғы бетіне алдын-ала негізгі, яғни кілт сөздерді жазып қояды, мысалы, орфоэпия, оның жан-жағына сөздер орналастырылады: орфоэпиялық сөздіктер, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөз, сөздік қателіктер. Содан соң оқушыларға кілт сөзбен байланысты ұғымдарды таңдау ұсынылады. Оқушылардың оқытылып отырған ұғымдар туралы түсініктері жеткіліксіз болса, онда бұл нұсқа тиімді.
Жаңа ақпарат Жұмыс парағымен ұсынылады, оның жоғарғы бөлігіне сұрақтар мен тапсымалар жазылады, ал төменгі бөлігіне ақпарат орналастырылады. Ақпаратты жеткізу көзі ретінде оқулықтар, сөздіктер, монографиялық мақалалар, мұғалімнің сөзі де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет