Len () функциясы.Жолдармен жұмыс істеу кезінде Len() функциясы
пайдалы болуы мүмкін, оның мақсаты жолдың ұзындығын анықтау болып
табылады.
Ord() функциясы Тағы бір функция - ord(), оның синтаксисі
ord("таңба") көрсетілген таңбаның кодын қайтарады.
Chr() функциясы Chr(Сан) синтаксисі болатын функцияның әрекеті
ord() функциясына тікелей қарама-қарсы, атап айтқанда таңбаның ASCII
коды бойынша таңбаны қайтару.
Upper() әдісі .Stroka.upper() әдіс синтаксисі. Жолдың барлық
таңбаларын жоғарғы регистрге түрлендіреді
Lower() әдісі. Stroka.lower() әдіс синтаксисі.. Жолдың барлық
таңбаларын төмеңгі регистрге түрлендіреді.
Swapcase()әдісі . Stroka. swapcase() әдіс синтаксисі. Кіші әріптермен
жазылған жолдың барлық таңбаларын жоғарғы және керісінше түрлендіреді.
Capitalize()әдісі . Stroka.capitalize() әдіс синтаксисі. Жолдағы бірінші
әріпті жоғарғы регистрге, ал қалғанын төменгі регистрге түрлендіреді.
Title() әдісі. Stroka.title()әдіс синтаксисы. Жолдағы барлық бірінші
әріптерді жоғарғы регистрге, ал қалғандары төменгі регистрге түрлендіреді.
Startswith() әдісі . Stroka.startswith(podstroka)әдіс синтаксисі. Stroka жолының podstroka(жол үзіндісінен) көрсетілген ішкі жолдан басталатынын
тексереді.
Endswith() әдісі .Әдіс синтаксисі: stroka.endswith(podstroka). Stroka жолының podstroka ішкі жолымен аяқталғанын тексереді.
Replace()әдісі .Әдіс синтаксисі: stroka. replace (old, new), мұнда old-
ішкі жолды ауыстыру үшін, new-жаңа ішкі жол. Әдіс strokaжолында old ішкі
жолды тауып алып new ішкі жолмен ауыстырады.