8.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп дайындауға қойылатын талаптар
Тәжірибелік жұмыс туралы есепті дайындау кезінде келесі құрылым мен
элементтердің кезектілігі ұсынылады:
-
бастапқы бет;
- зертханалық жұмыстың атауы;
- зертханалық
жұмыстың мақсаты;
- зертханалық жұмыстарға арналған жеке тапсырма (нұсқаларға сәйкес);
- жеке тапсырманы орындау туралы қысқаша түсініктемелер және есепті
шешу алгоритмінің блок-схемасы;
- жеке тапсырмаға қажетті бағдарламалық код; - бағдарламаның нәтижелері; -
тұжырымдар.
Зертханалық жұмыстарға арналған жеке тапсырма оқытушыдан алынған жеке
тапсырманың
толық мәтінін, жеке тапсырманы орындау алгоритмінің
сипаттамасын және есепті шығарудың алгоритмінің блок-схемасын қамтиды.
Жеке тапсырмаға қажетті бағдарлама кодында студент
әзірлеген бағдарлама
кодының толық мәтіні болады.
Бағдарлама жұмысының нәтижелерінде әдетте бағдарламаның терезелерінің
көшірмелері болады(скриншот).
8.6 Зертханалық жұмысты қорғауға арналған бақылау сұрақтары
8.6.1. Әріптік-цифрлық таңбалардың кодталуын
қолдайтын кодтау қалай
аталады? Оның құрылымы туралы айтыңыз.
8.6.2. Таңбалармен жұмыс істеудің негізгі функцияларын атап өтіңіз.
Мысалдар келтіріңіз.
8.6.3. Жол таңбаларын әртүрлі пернетақта регистрлеріне түрлендіруге
мүмкіндік беретін жолдармен жұмыс істеу әдістерін атаңыз..