Темір жол көлігі туралы 2001 ж. 8 желтоқсандағы №266-іі



бет1/8
Дата04.07.2016
өлшемі468.5 Kb.
#176742
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.03.2011 18:06:47
Темір жол көлігі туралы

2001 ж. 8 желтоқсандағы № 266-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 13 баптар)

2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару

(14 - 17 баптар)

3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар

(18 - 21 баптар)

4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек  қатынастарын реттеу ерекшеліктері

(22 - 24 баптар)

5-тарау. Темір жол көлігінде жолаушыларды сақтандыру

(25 - 29 баптар)

6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру

(30 - 35 баптар)

7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру

(36 - 55 баптар)

8-тарау. Кірме жолдар

(56 - 63 баптар)

9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау

(64 - 72 баптар)

10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік 

(73 - 88 баптар)

11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою

(89 - 93 баптар)

12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(94 - 97 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)

Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен ;  2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен   ; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) алушы – багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

2) арнайы жылжымалы құрам – магистральдық темір жол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін темір жол көлігі құралдары;

3) арнаулы тасымалдаулар – мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;

4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары – әлеуметтiк мәнiн:

облысаралық қатынастарда – Қазақстан Республикасының Үкiметi;

ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;

5) багаж – жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;

6) бекіту-пломбалау құрылғылары – вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері;

7) билет кассасы – оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, темір жол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері;

8) вагон – темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;

9) вагондар (контейнерлер) операторы – вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер;

11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк – темір жолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк;

12) жолаушы – жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;

13) жолаушы агенттігі – тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға;

14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі;

15) жол дамытылымы – магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы;

16) жөнелтушi – багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

17) жүк – жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;

18) жүк алушы – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;

19) жүк-багаж – жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;

20) жүк жөнелтушi – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;

21) жүк жөнелтiлiмi – бiр темiр жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;

22) жүк терминалы – жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені;

23) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;

24) контейнер – жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;

25) контрагент – рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға;

26) концессия шарттары бойынша темiр жолдар – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темiр жол желiсiне енгiзiлмеген темiр жолдар;

27) концессия шарттары бойынша темiр жол көлiгiнiң объектiлерi – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темiр жол желiсiне енгiзiлмеген объектiлер;

28) концессия шарттары бойынша темiр жол көлiгi объектiлерi бар темiр жол қызметтерi – концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темiр жол көлiгi объектiлерi бар темiр жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;

29) кiрме жолдар – жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiр жолдар;

30) кiрме жолдар қызметтерi – тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері;

31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары – қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды темір жолдарға шығару-жинау шартында белгіленген темір жолдар;

32) қабылдау-тапсыру операциялары – жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер;

33) қауiптi жүктер – өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер;

34) қол жүгi – жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;

35) локомотив инфрақұрылымының объектілері – тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер;

36) локомотив инфрақұрылымының операторы – меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға;

37) локомотивтiк тартқыш операторы – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелік ететін, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметтерін ұсынуға уәкілетті орган берген рұқсаты бар тұлға;

38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi – темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;

39) магистральдық жолдар – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темiр жол станцияларын қосатын темiр жолдар;

40) магистральдық темiр жол желiсi – магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықтарды, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистральдық темiр жол инфрақұрылымы;

41) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi – магистральдық темiр жол желiсiн пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;

42) магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы – магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым;

43) маневрлік жұмыс – вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;

44) пайдалану құжаттамасы – темiр жол көлiгi мен жабдықтарын пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн құжаттама;

45) поезд – белгіленген сигналдары, вагонсыз локомотивтері, моторлы вагондары мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамы бар, бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған тартқыш көлік құралдары (локомотивтерімен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрі түйістірілген, магистральдық темір жол желісі операторы белгілеген маршрут бойынша жүретін вагондар құрамы;

46) салмағы ауыр жүк – массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк;

47) станциялық жолдар – кiрме жолдарды қоспағанда, темiр жол станциясының шекарасындағы темiр жолдар;

48) тармақ иеленушi – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темiр жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;

49) тасымалдау – тасымалдаушының, магистральдық темiр жол желiсi операторының, локомотивтiк тартқыш операторының, вагондар, контейнерлер операторының және тасымалдау процесiне басқа да қатысушылардың багажды, жүктердi, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін жөнелту пунктiнен жеткізу межеленген пунктке апару мақсатында орындайтын өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;

50) тасымалдауға болатын мерзiм – тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;

51) тасымалдау қағидалары – тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

52) тасымалдау құжаттары – ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, темiр жол көлiгi жүкқұжаты);

53) тасымалдау процесi – тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;

54) тасымалдау процесiнiң қатысушысы – темiр жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға;

55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж – жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;

56) темір жол вокзалы – халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

57) темiр жолдар – жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);

58) темiр жол көлiгi – темiр жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;

59) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушы (бұдан әрi – тасымалдаушы) – жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;

60) темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары – тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiр жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;

61) темір жол қатынасы – жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;

62) темiр жол станциясы – поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;

63) уәкiлеттi орган – темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

64) Ұлттық тасымалдаушы – мәртебесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, жылжымалы құраммен арнаулы тасымалдауларды орындайтын және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;

65) Ұлттық темiр жол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi бойынша құрылған, ұлттық басқарушы холдинг бірден бір акционерi болып табылатын, магистральдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн акционерлiк қоғам;

66) экспедитор – тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.

 

 



2-бап. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат

1. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясат:

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темiр жол көлiгi қызметін ұсынуға және алуға еркiн қол жеткiзуi;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;

3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

2. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты:

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) темiр жол көлiгiнiң магистралдық темiр жол желiсiн және жылжымалы құрамын дамыту;

2) тасымалдарды дамыту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)



3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темiр жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) темiр жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке және жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың заңсыз араласуына жол бермеу;

6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;

7) магистралдық темiр жол желiсiнiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

8) қоршаған ортаны қорғау;

9) темiр жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;



210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) темiр жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу;



210.28.12. № 369-IV ҚР

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет