Темір жол көлігі туралы 2001 ж. 8 желтоқсандағы №266-іі



бет2/8
Дата04.07.2016
өлшемі468.5 Kb.
#176742
1   2   3   4   5   6   7   8
Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту болып табылады.

3. Темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.



 

3-бап. Темiр жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi

1. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.

 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-бап. Темiр жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Темiр жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 

5-бап. Темiр жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiр жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темiр жол компаниясына берiледi.

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Магистралдық темiр жол желiсiне жатпайтын темiр жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн.



Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  3-тармақпен толықтырылды



3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темір жолдарға және темір жол көлігі объектілеріне концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.

Концессия шарттары бойынша темір жолдар және темір жол көлігінің объектілері концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық темір жол желісінің құрамына енгізілмейді.

 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды



5-1-бап. Темір жолдарды сыныптау

Темір жолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.

 

6-бап. Магистралдық темiр жол желiсi



210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тасымалдаушылар магистралдық темiр жол желiсi бойынша тасымалдарды Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында сәйкес жүргiзедi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Тасымалдаушы магистралдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темiр жол желiсiнiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы магистралдық темiр жол желiсi көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желiсiн пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткiзу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)

4. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсiн салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.

Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

Магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.



 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды

6-2-бап. Темір жол қатынастарының түрлері

1. Темір жол қатынастары мынадай түрлерге:

1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;

2) жүк тасымалдау болып бөлінеді.

2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау:

1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;

2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.

3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау:

1) облысаралық – әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;

2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау;

3) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақты қаламен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау болып бөлінеді.

4. Жүктерді тасымалдау:

1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;

2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі темір жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.



 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-бап. Темiр жол қатынасын тоқтату

Мемлекеттiк меншiк болып табылатын темiр жол бойынша темiр жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкiметi белгілеген тәртіппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.



 

8-бап. Темiр жол көлiгiндегi шарттар

1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.

2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттiк басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.

3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Темiр жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.



Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтік инфрақұрылым операторының қызметтерін пайдаланады.

Локомотивтік тартқыш операторы бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.

 

9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу



Жылжымалы құрам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

 

10-бап. Лицензиялау



Темiр жол көлiгiндегi қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  11-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара)



11-бап. Сәйкестікті растау

1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.

 

12-бап. Тарифтер және ақы төлеу



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы көрсететiн қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгерді

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.

3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.

 

13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру

Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келiсiмiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.

 

2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару



 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен  (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  (бұр. ред .қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен ; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді



14-бап. Темiр жол көлiгiндегi мемлекеттiк басқару

1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:

1) темiр жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекiту;

2) Ұлттық темiр жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;

3) Ұлттық темiр жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн белгiлеу;

4) Магистральдық темiр жол желiсiн пайдалану қағидасын бекiту;

5) Магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидасын бекiту;

6) магистральдық темiр жол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;

7) Темiр жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiр жолдар арқылы жүру және өту қағидасын бекiту;

8) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

9) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту;

10) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;

11) Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау қағидасын бекiту;

12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық жолаушы қатынастарын айқындау;

13) Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту;

14) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;

15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

15-1) темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

17) темiр жол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiне және оның тiршілiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi бекiту;

18) Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидасын бекiту;

19) Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту;

20) Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту;

21) Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидасын бекіту;

22) Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;

23) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Уәкілетті органның құзыретіне:



1) темiр жол желісін және темiр жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекiту;

2) темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;

3) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;

4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;

5) темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттiк бақылау;

6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртiбiн белгiлеу;

7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртiбi мен шараларын белгiлеу;

8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;

9) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

11) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, темір жол көлігімен тасымалданатын жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;

12) темiр жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртiбiн бекiту;

13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;

14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;

15) темір жол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртiбiн айқындау;

17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау;

18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртiбiн айқындау;

19) Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту;

20) магистральдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар саласындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;

21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;

22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;

23) поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

24) Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту;

25) Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту;

26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөнiндегi қағиданы бекiту;

27) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту;

28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;

29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;

30) Локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсынуға рұқсат беру қағидасын бекіту;

31) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;

32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;

33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;

34) «Қазақ­стан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет