Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы №682 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі466.48 Kb.
#174277
  1   2   3
Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 Қаулысы

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілсін.

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысымен бекітілген



Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы 1. Жалпы ережелер

  1. Осы Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

  2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық нормалары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Темір жол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді.

  4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. жоспардан тыс тасымалдау - ағымдағы ай ішінде түскен өтінім бойынша негізгі жоспарда көзделмеген жүк тасымалдау;

  2. кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық үдерісі (БТП) - кірме жол мен түйісу станциясының өзара әрекет ету шарттарын анықтайтын технологиялық акт, ол ұйымның меншікті локомотив қызмет көрсететін және орташа тәуліктік жүк айналымы 50 және одан көп вагоннан тұратын кірме жолы үшін әзірленеді;

  3. мүкәммал вагон (контейнер) - ТМД елдері, Латвия, Литва және Эстония темір жол әкімшілігінде темір жол әкімшілігінің ақпараттық-есептеу орталығының автоматтандырылған дерекқорында тіркелген жүк вагоны (контейнері);

  4. айналмалы маршрут - бір жөнелтуші біртекті жүк тиеген бір жөнелту станциясынан бір жүк алушының атына бір станцияға тағайындалған және жүк түсіргеннен кейін бос вагондар бастапқы станцияға жүз пайыз қайтарылатын бір жүк құжатымен ресімделген белгіленген салмақтағы және

ұзындықтағы поезд құрамы;

  1. маршрут - жүк жөнелтуші кірме жолда немесе темір жол станциясында құрастырған белгіленген салмақтағы немесе ұзындықтағы поезд құрамы;

  2. тасымалдаудың негізгі жоспары - алдағы айға тасымалдаушы қабылдаған және келіскен жүкті тасымалдауға өтінім (жоспар);

  3. реттеуші тапсырма - түсіруден бос вагондарды беру және тиеуге бос вагондарды қабылдауға, сондай-ақ жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге және вагондарды (контейнерлерді) станциялар бойынша тең бөлуге арналған станция тапсырмасы;

  4. қосарланған жүк операциясы - жүк алушының өзі түсірген вагонды, контейнерді жүк тиеуге пайдалануы;

  5. жалғама жол - станциялардың парктерін немесе станцияны кірме жолдармен қосатын арнайы тағайындалған темір жол;

  6. мамандандырылған контейнерлер - арнайы конструкциясы бар сусыма, сұйық, тез бүлінетін, қауіпті және басқа да жүктің жекелеген түрлеріне арналған контейнерлер;

  7. тиеу, түсіру (жүктен босату) мерзімдері (технологиялық уақыт) - жалпы пайдалану орындары мен кірме жолдарда дайындау, қосалқы және қорытынды операцияларға жұмсалған уақыт шығынын есепке ала отырып, жүктерді механикаландырған немесе механикаландырылмаған тәсілдермен тиеуді және түсіруді орындауға жұмсалатын уақыт (бұдан әрі - техникалық уақыт);

  8. ҚКК тақтайшасы - «Қауіпсіз контейнерлер жөніндегі халықаралық конвенцияда» (ҚКК) белгіленген, әмбебап контейнерді жасағанда немесе күрделі жөндегенде міндетті түрде есігіне бекітілген және оны пайдалану қауіпсіздігін куәландыратын тақтайша;

  9. кедендік тақтайша (КБК) - контейнерге бекітілген және оның жүктерді кедендік бақылаумен тасымалдауға жарамдылығын растайтын белгілі бір мөлшердегі және мазмұндағы тікбұрышты металл пластина;

  10. көліктік пакет - әмбебап, арнайы біржолғы пайдаланылатын немесе табандықпен немесе табандықсыз көп айналымдық пакет құралдардың көмегімен өзара бекітілетін ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, бөшкелердегі, мамандандырылған контейнерлердегі) немесе ыдыссыз жүктің жекелеген орындарынан қалыптастырылған ірілендірілген жүк орны;

  11. әмбебап контейнер - жүкті орналастыруға арналған ішкі көлемі бар көп рет қолданылатын, бір немесе бірнеше көлік түрімен жүк тасымалының сақталуын қамтамасыз ететін, брутто массасы, габаритті мөлшері, конструкциясы және таңбалануы бойынша стандартты және механикаландырылған тиеу, түсіру (жүкті босату) және қайта тиеуге арналған конструкциясы бар, жүктердің кең номенклатурасын тасымалдауға пайдаланылатын көлік жабдығының біріздендірілген жүк бірлігі;

  12. әмбебап орташа тонналық контейнер - тиісінше ең жоғарғы рұқсат етілген брутто массасы 3 және 5 тонна, сыйымдылығы 5 және 11 текше метр, тиісінше 3-тен және 5-тен басталатын тоғыз мәнді нөмірі бар әмбебап контейнер;

  13. әмбебап ірі тонналық контейнер - брутто массасы 10 және одан көп тонна және ұзындығы 10 және одан көп ағылшын футы болатын, ИСО стандартына сәйкес келетін таңбалау коды бар және Контейнерлер жөніндегі халықаралық бюрода (ВІС) тіркелген әмбебап контейнер;

  14. тасымалдардың электрондық дерегі (бұдан әрі - ТЭД) - компьютердің жадында болатын және құжаттармен электрондық алмасу және жүкті тасымалдау мен ілесіп жүруге қатысты хабарламаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректер жиынтығы;

  15. деректермен электрондық алмасу (бұдан әрі - ДЭА) - ақпараттық желілерді, бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдану арқылы тараптар келіскен деректерді тапсыру хаттамаларының негізінде жүргізілетін жүк тасымалдары мәселелері бойынша деректермен (құжаттармен, хабарлармен) алмасу;

  16. тиеу және түсіру орындары - жүк операцияларын жүргізуге және жүктерді сақтауға ашық станциялардағы жүктерді тиеуге және түсіруді орындауға арналған жол, қоймалар, алаңдар, платформалар;

  17. өз осіндегі жүк - тасымалдау төлемақысы төленген толық тасымалдау құжаты бойынша бос түрде жөнелтілген жылжымалы құрам;

  18. меншік вагон (контейнер) - көлік құралы (жабдығы) ретінде берілетін және тиісті нөмірленуі (префиксі) бар меншік құқығы немесе басқа заңды негізде жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жүк вагоны (контейнері);

  19. тікелей аралас қатынастағы тасымалдау - тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылар санына қарамастан, бүкіл тасымалдауға бірыңғай тасымалдау құжатын толтыру арқылы ұйымдастырылған екі және одан көп көлік түрімен жүргізілетін жүкті тасымалдау.

  1. Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Заңда белгіленген мәндерде қолданылады.

  2. Жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін тасымалдаушы мен жүкті жөнелтуші арасында тасымалдау шарты жасалады, ол бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті уақтылы және сақтаулы түрде жөнелту станциясынан жеткізу станциясына дейін жеткізіп, жүк алушыға тапсыруға міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) жүк тасымалдауға ақы төлеуге және оны қабылдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жүктерді тасымалдау шарты темір жол көлік жүкқұжатын жасаумен ресімделеді.

Жүк тасымалдау шарты жүк жөнелтушіге жөнелту станциясының темір жол көлігі жүк құжатына күнтізбелік мөртаңба қойылып, жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берілген және жүкті тасымалдауға қабылдау туралы қабылдау-тапсыру құжаттарына (вагондарды беру-алу ведомосі, жаднама, натурлық парақ) кол қойылған сәттен бастап жасалды деп есептеледі.



Тасымалдау шарты жүк алушы немесе уәкілеттік берілген адам темір жол көлігі жүкқұжатын алғаннан кейін және жол ведомосына, сондай-ақ жүкті қабылдау туралы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

  1. Тасымалдау үдерісін орталықтан басқаруды және ұйымдастыруды, жүк тасымалдаушыларға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуді магистральдық темір жол желісі операторы жүзеге асырады.

  2. Тасымалдаушы жүк тасымалдау бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін магистральдық темір жол желісінің операторы көрсететін магистральдық темір жол желісі қызметтерін қолданады.

  3. Магистральдық темір жол желісінің операторы темір жол көлігінде техникалық құралдарды тиімді пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын негізге ала отырып, магистральдық темір жол желісі бойынша жылжымалы құрамның өткізілуін қамтамасыз етеді, тасымалдау үдерісін үйлестіруді, орталықтан басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

  4. Жүк жөнелтуші, жүк қабылдаушы жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыстарды орындау үшін тармақ иеленушісінің, тасымалдаушының, экспедитордың, жылжымалы құрам иесінің және басқа да адамдардың қызметтерін шарт негізінде қозғалыстың, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен пайдаланылады.

  5. Вагон (контейнерлер) операторы тасымалдау үдерісінде қатысушыларды шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету бойынша, вагондар (контейнерлер) қозғалысын бөлу және басқаруы бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ тасымалдаушымен шарт негізінде вагон (контейнер) операторы қызметтерін көрсету жолымен тасымалдау үдерісіне қатысады.

  6. Тасымалдау үдерісіне қатысушылар темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау мақсатында өз қызметкерлерінің қажетті кәсіби даярлығын қамтамасыз етеді, қозғалыс қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаудың ерекше шарттарымен байланысты жұмыстарды орындауға адамдарға рұқсат берілуін бақылауды жүзеге асырады.

  7. Кірме жолдар, олардың құрылыстары және құрылғылары жүктердің бірқалыпты тиелуін, түсірілуін (босатылуын), жүк айналымына сәйкес маневрлік жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.

  8. Тасымалдаушының, жүк тасымалдаумен байланысты қызметтерді ұйымдастыру және/немесе орындау үшін тартылатын, тасымалдау үдерісіне қатысушылардың және өзге де адамдардың қызметтерінің құнын жүк тасымалдау шартының тараптары белгілейді.

  9. Магистральдық темір жол желісі бойынша жүкті тасымалдауды жүктерді жөнелтушінің жүк тасымалдауға қабылданған өтінімі негізінде тасымалдаушы жүзеге асырады.

  10. Тасымалдаушылар жүк жөнелтушілердің өтінімдері негізінде жүктерді тасымалдау жоспарын жасайды және магистральдық темір жол желісі операторына олардың поездарын қозғалыс кестесіне енгізуге өтінім береді.

Келісілген жоспар бойынша жүкті тасымалдауға арналған өтінімнің орындалуын тасымалдаушы жүк жөнелтушінің есепке алу карточкасында осы Қағидада белгіленген тәртіппен ескереді.

  1. Магистральдық темір жол желісінің операторы тасымалдаушы келісуге ұсынған жүктерді тасымалдау жоспарларын қарайды. Поездар қозғалысының графигін, өткізудің технологиялық мүмкіндігін магистральдық темір жол желісінің операторы поездарды өткізу және тасымалдаушылардың

өтінімдерін ескере отырып, тасымалдау жұмыстарын орындау бойынша магистральдық темір жол желісі учаскелерінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері негізінде әзірлейді.

  1. Жүкті тасымалдау тасымалдаушының немесе локомотивтік тартым операторының локомотивтік тартымымен тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің (жүк алушының) немесе вагондар (контейнерлер) операторының вагондарында (контейнерлерінде) жүзеге асырылады.

Тасымалдау үдерісіне Қазақстан Республикасы Жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімінде тіркелген, магистральдық темір жол желісіне жіберу талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күйдегі жылжымалы құрам жіберіледі.

  1. Тасымалдаушы жүкті тасымалдауды жылжымалы құраммен жүзеге асырады және тасымалдау құжаттарында көрсетіледі.

  2. Жүк жөнелтуші мен вагон (контейнер) иесінің өзара қатынастары олардың арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.

  3. Тасымалдаушыда меншікті локомотив паркі болған жағдайда, ол оған тиесілі локомотивтермен басқа тасымалдаушыларға және тасымалдау үдерісіне қатысушыларға локомотивтік тартым операторы ретінде локомотивтік тартым қызметтерін көрсетеді.

  4. Тармақ иеленуші темір жол кірме жолының, оның құрылыстары мен құрылғыларының техникалық жай-күйін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

  5. Тасымалдаушы және жүк жөнелтуші жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жасасуы мүмкін, ол бойынша тасымалдаушы жүкті белгіленген мерзімдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтуші - жүкті тасымалдауға уағдаласқан көлемде ұсынуға міндеттенеді.

Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартпен тасымалдаудың көлемдері, мерзімдері, сапасы, көлік құралдарын ұсыну және тасымалдауға жүкті беру шарттары, сондай-ақ өзге де шарттар айқындалады.

Жоспарлау, тасымалдау үдерісін жүзеге асыру, жүкті тасымалдаумен байланысты операциялар тәртібі мен технологиясы, құжаттарды ресімдеу мен актілер жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізу тәртібі көлік саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық, актісінде белгіленеді.



  1. Тасымалдарды жоспарлау

  1. Темір жол көлігімен жүкті тасымалдау жүк жөнелтушілер облысаралық және халықаралық қатынастарда жоспарланған ай басталғанға дейін 14 күннен кешіктірмей және үшінші елдерге халықаралық қатынаста 20 күннен кешіктірмей ұсынатын жылжымалы құрамды тиістілігі бойынша бөлу арқылы жүктердің номенклатуралық топтарының белгіленген тізбесі бойынша жук жөнелтушінің айлық өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Қате ресімделген жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдерді тасымалдаушылар қарауға қабылдамайды.

  1. Жүкті тасымалдау жоспары бойынша өтінімдерді жүк жөнелтушілер ұсынады.

  2. Жүк жөнелтушілер жүкті тасымалдау жоспары бойынша өтінімді ұсынады, жүкті өтінімде көзделген мөлшерлерде уақтылы және бірқалыпты беріп отырады және тиеуді белгіленген мерзімде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдерінде жүк алушының жүкті тиеу, түсіру (жүктен босату) бойынша мүмкіндігінен аспайтын көлемді мәлімдейді.

Тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімдерге сәйкес вагондардың жүк тиеудің барлық пункттері бойынша уақтылы және бірқалыпты берілуін қамтамасыз етеді.

  1. Үшінші елдерге тасымалдау деп ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден, сондай-ақ Латвия, Литва, Эстониядан басқа елдерге межеленген жүкті тасымалдау түсініледі.

  2. Үшінші елдерге халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды айлық жоспарлауды жүк жөнелтушілер жүктің түрлері және межеленген елдері бойынша теңіз порттары мен шекаралық станциялардың белгіленген мамандандырылуын сақтай отырып, жүктің тиісті түрлерін тасымалдаудың жалпы жоспарлары есебінен жүзеге асырады.

  1. Тасымалдау жоспарының орындалуын есепке алу карточкасын жасау

  1. Жүк тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімнің орындалуы есепке алу карточкасында ескеріледі. Есепке алу карточкасын тасымалдаушы жүк жөнелту станциясында тасымалдаушы әрбір қабылданған өтінім бойынша жеке жүргізеді. Жүк жөнелтушінің өтініші бойынша оған есепке алу карточкасының көшірмесі беріледі.

Жүк жөнелтушінің меншікті жүйесі және/немесе тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне қол жеткізуі болған кезде есепке алу карточкасын жүргізу жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы арасында қабылданған ақпараттық өзара іс-қимыл жасау технологиясына және стандарттарына сәйкес ДЭА арқылы автоматты тәсілмен жүзеге асырылады. Қажет болған кезде ДЭА-да заңнамаға сәйкес немесе тараптардың келісіміне сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбалар қолданылады.

Есепке алу карточкасына жүк жөнелтуші және тасымалдаушының станциядағы өкілі әрбір есептік тәулік немесе қабылданған өтінімге сәйкес жүктерді тиеу үшін белгіленген тәуліктер аяқталуы бойынша, ал ай аяқталуы бойынша станция бастығы кол қояды. Жүк жөнелтуші есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқан кезде тасымалдаушы жалпы нысандағы актіні жасайды.



  1. Есепке алу карточкасын жөнелту станциясында тасымалдаушы қабылдаған жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің негізінде ресімдейді. Есепке алу карточкасына өтінім нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі.

  2. Жоспарлы ай басталғанға дейін тасымалдаушы жүк жөнелтушімен келісім бойынша бір ай және тәулік ішінде тиеудің біркелкілігін және бірқалыптылығын қамтамасыз ететін жоспардың орындалу тәртібін белгілейді. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындауды ұйымдастыруға негіз онкүндік өтінімдер болып табылады, оларды жүк жөнелтушілер жүк тасымалдаушыға онкүндіктің күндері бойынша тиеу мөлшерлерінің күнтізбелік кестесімен әрбір онкүндік басталғанға дейін берген күнін қоспағанда, күнтізбелік 3 күн бұрын тасымалдауға береді. Жылжымалы құрамның тиеуге біркелкі берілуін қамтамасыз ету мақсатында бұрын келісілген тәртіп бойынша жүк жөнелтуші онкүндік өтінімде қабылданған жүк тасымалдары жоспары бойынша өтінімнің немесе күнтізбелік жоспардың тиеудің орташа тәуліктік нормасын негізге ала отырып, онкүндік өтінімде осы онкүндікке келетін вагондардың, контейнерлердің санынан кем болмайтын мөлшерін көрсетеді. Көлемдері шамалы болған кезде (5 вагоннан аспағанда) тасымалдаушы вагондарды беруге арналған өтінімдерді жекелеген тәуліктерде қабылдайды.

  1. Жүкті тасымалдауға қабылдау

  1. Жүктерді тасымалдауға қабылдау қабылдау-тапсыру жолдарында жүзеге асырылады.

  2. Жүктерді тасымалдау вагондап, контейнерлік, ұсақ, топтап және маршруттық жөнелтілімдерін жүзеге асырылады.

Тасымалдануы үшін жеке вагон беру талап етілетін, бір көлік темір жол жүкқұжаты (бұдан әрі - жүкқұжат) бойынша тасымалдауға ұсынылатын жүк вагондап жөнелтілім деп есептеледі.

Тасымалдануы үшін бір контейнер беру талап етілетін, бір жүкқұжат бойынша тасымалдауға ұсынылатын жүк контейнерлік жөнелтілім деп есептеледі.

Тасымалдануы үшін жеке вагон немесе контейнер беру талап етілмейтін, бір жүкқұжат бойынша тасымалдауға ұсынылатын жүк ұсақ жөнелтілім деп есептеледі.

Тасымалдануы үшін бір вагоннан артық, бірақ маршруттың жөнелтілімнен кем беру талап етілетін, бір жүкқұжат бойынша тасымалдауға ұсынылатын жүк топтап женелтілім деп есептеледі.

Тасымалдануы үшін массасы немесе ұзындығы бойынша маршруттар үшін белгіленген нормаларға сәйкес келетін мөлшерде вагондарды беру талап етілетін, бір жүк құжат бойынша тасымалдауға ұсынылатын жүк маршруттың жөнелтілім деп есептеледі.


  1. Жүктерді беру

  1. Тасымалдаушы шартқа сәйкес жүк алушыға жүктердің оның мекенжайына келіп қалғаны туралы алдын ала ақпарат ұсынуы мүмкін. Хабарлама тәсілі шартпен белгіленеді.

  2. Тасымалдаушы жүк алушыны межелі станцияда жүктердің оның мекенжайына келгені туралы келген күнінен кейінгі тәуліктің күндізгі уақытындағы сағат 12 кешіктірмей хабардар етеді.

Межелі станцияға келген жүктер туралы хабарламаның тәртібі мен тәсілдерін тасымалдаушы белгілейді. Тасымалдаушының жүк алушымен шарты бойынша хабарламаның өзге тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі. Хабарлама үшін қолда бар байланыс құралдары пайдаланылады.

Хабарлама үшін шығыстарды өтеу тасымалдаушының жүк алушымен шартында анықталады.

Жүк алушының хабарламаларды қабылдауын қамтамасыз ету үшін хабарламаларды қабылдау бойынша жауапты адамдар анықталады, олардың фамилиялары және телефондарының, факстарының, телекстерінің нөмірлері жазбаша нысанда тасымалдаушыға хабарланады.

Хабарламаны беру тапсыру станцияда жүктердің келгені туралы хабарламалар кітабында белгіленген нысанда бір уақытта тіркеледі.

Жүктің келуі туралы хабарламаға хабарламаны тапсыру күні мен уақыты жазылады.

Егер тасымалдаушы жүктердің келгені туралы хабарламаса, онда жүк алушы вагондарды, контейнерлерді пайдалану үшін төлемақыдан және жүктердің келгені туралы хабарламаны алғанға дейін оларды сақтау үшін алынатын алымдардан босатылады.



  1. Кедендік бақылаудағы жүктердің межелі станцияға келгені туралы тасымалдаушы кеден органдарын хабардар етеді.

  2. Жүк алушы өзінің мекенжайына келген жүкті қабылдауды және тасымалдаушыға тиесілі төлемдерді төлеуді қамтамасыз етеді.

Жүк алушының оның мекенжайына келген жүктерді қабылдаудан бас тартуына жол берілмейді.

  1. Жүктерді вагондар мен контейнерлерден түсіруді жүк алушы жүзеге асырады. Қабылдау-тапсыру операциялары түсіру орнында жүргізіледі.

  1. Вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдану

  1. Тасымалданатын жүктердің сақталуын және бөтен адамдардың кіруін болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында тиелген вагондар мен контейнерлер:

  1. тасымалдаушының, жүкті ол тиегенде немесе жол бойында қайта тиегенде;

  2. жүк жөнелтушінің, жүкті жүк жөнелтуші тиегенде;

  3. порттың, кемежайдың, жүкті, порт кемежай жүру жолында порт қайта тиегенде және олар жүк жөнелтуші болып табылғанда;

  4. жүру жолында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және теміржол көлігі туралы заңнамаға сәйкес тексеру үшін ашқан кезде кеден органдарының бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.

  5. Бұл ретте кеден органдарының бекіту-пломбалау құрылғылары жөнелтушінікіне теңестіріледі.

  1. Бекіту-пломбалау құрылғылары (блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері) вагонның, контейнердің тұтастығын бұзбай олардан алу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.

  2. Бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату вагондардың, контейнерлердің ақаусыз бекіту құрылғыларына бекіту-пломбалау құрылғыларында жазылған ақпаратты кедергісіз көзбен шолып оқу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

Бекіту-пломбалау құрылғылары мыналарға орнатылады:

  1. әмбебап жабық вагонда - вагонның әрбір жағынан есіктердің жапсырмаларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  2. цистернада - жоғарғы жүк тиеу люгінің қақпағында - осы Қағидада пломбалаудың ерекше тәртібі көзделген жағдайларды қоспағанда, бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  3. астыққа арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  4. минералды тынайтқыштарға арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру

люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  1. цементке арналған жабық хоппер-вагонда - әр жүк түсіру люгінің әрбір штурвалының бекіту құрылғысында және әрбір тиеу люгінде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  2. жеңіл автомобильдерді тасымалдауға арналған жабық вагонда - әрбір бүйірдегі алаңы мен өту алаңы есіктерінің бекіту құрылғыларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;

  3. контейнерлерде - мамандандырылған изотермиялық вагонда соңғы жабылатын есіктің оң жармасында сол жақта орналасқан тұтқаға бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы - баспа тақтайшалармен және бекіту құрылғысының иінтірегімен жабдықталған есіктерде, вагонның әрбір жағынан - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы немесе -вагонның әрбір жағынан пломбалау үшін төменгі құлақшалармен жабдықталған есіктерде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы.

Вагондардың басқа үлгілерінде бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату оларды пломбалау үшін арнайы көзделген орындарда немесе түйіндерде жүргізіледі.

Егер цистерналардың конструкциясы төменгі ағызу аспабын ашуға жоғарғы тиеу люгінен ашпастан жол берілмейтін болса, олардың төменгі ағызу аспаптары пломбаланбайды.

Бекіту-пломбалау құрылғылары мынадай белгілерден тұрады:


  1. темір жол әкімшілігінің әріптік қысқартылған атауы;

  2. кемінде алты белгіден тұратын дербес бақылау белгісі;

  3. дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;

  4. бекіту-пломбалау құрылғысының шығарылған жылының соңғы саны;

  5. бекіту-пломбалау құрылғысының атауы.

Бірдей, сондай-ақ анық емес және толық емес дербес бақылау белгілерімен бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдануға рұқсат етілмейді.

Дербес қадағалау белгісі салынған бекіту-пломбалау құрылғысы дайындаушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының (олар бекіту-пломбалау құрылғыларын қолданған кезде) қатаң есепке алуына жатады. Пайдаланылған бекіту-пломбалау құрылғыларын тасымалдаудан кейін жүк алушы пайдаға асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет