«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)
|
Базалық топ
|
8312
|
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)
|
БТБА шығарылымы, бөлімі
|
52-шығарылым: Темір жол көлігі және метрополитен бөлімі
|
БТБА бойынша кәсіп
|
Жолды бұру бекетінің кезекшісі
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша разрядтары
|
2
|
2-4
|
Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Санаттар
|
-
|
-
|
Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Санаттар
|
-
|
-
| 2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)
|
Темір жол станциясы
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
Қозғалыстағы жылжымалы құрам, көлік құралдары, механизмдер; жұмыс орнының жер бетінен биіктікте орналасуы; жоғары шу деңгейі; жоғары вибрация деңгейі; жұмыс аймағының өте шаң-тозаңды болуы және ауаның газдануы; жұмыс аймағы ауасының жоғары немесе төмен температурасы; ауаның шамадан тыс ылғалдығы және қозғалмаулығы; электр өрісінің жоғары кернеулілігі; статикалық электр қуатының жоғары деңгейі; тәуліктің қараңғы кезіндегі жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы; физикалық артық жүктеме; пойыз қозғалысы кезінде темір жолдарда жұмыстарды орындау барысындағы жүйке-психикалық жүктемелер; қауырт және ауыр еңбек.
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты
|
Жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас мөлшері: 18 жас.
Ер адам істейтін жұмыс, себебі төзімділікті, күшті денсаулықты, дене күшін талап етеді.
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша
Жұмысқа рұқсат беру: дәрігерлік куәландырудан өту, кіріспе және алғашқы нұсқамадан өту, оқу және сынақ тапсыру, сынақ мерзімінен өту.
Жұмыс тәртібі: далада
Еңбек және демалыс тәртібі: сағат 9-дан 21-ге дейін күндізгі ауысымда, одан кейін сағат 21-ден 9-ға дейін түнгі ауысымда және 48 сағат демалыс
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіптік білімі және оқыту деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
2
|
12 жылдық мектеп аясындағы салалық білім. Бір үлгідегі қарапайым міндеттерді орындау кезіндегі еңбек мәні, құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызметтің рефлексиясы туралы базалық білім.
|
Талап етілмейді
| 3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі (кәсіптің еңбек функциялары)
Еңбек функцияның №
|
Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)
|
1
|
Бекітілген жолды бұру бекетінде кезекшілік қабылдау
|
2
|
Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін, жолды бұру бекетінің және темір жолдың дұрыс жұмыс істеуін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, пойыздарды қабылдау, жөнелту, маневрлік жұмыстарға қатысу.
|
3
|
Бекетке бекітілген стрелка ажыратпасын дұрыс күйде ұстау. Бекітілген жолды бұру бекетіндегі кезекшілікті тапсыру.
|
4 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі
(функционалдық карта)
Еңбек функцияның №
|
Еңбек мәні
|
Еңбек құралдары
|
Міндеттер
(еңбек іс-әрекеттері)
|
1
|
Жолды бұру бекеті
|
Пойыздарды қабылдау, жөнелту бойынша жұмыстарға және бекітілген стрелка ажыратпасы бекеттерінде маневрлік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-саймандар. Шам, ысқырық, жалауша, дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, телефондық байланыс құралдары, тежегіш башмақтар
|
1-1) еңбек қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ауысым алдындағы, мақсатты нұсқамадан өту; станциялық жолдардағы жол жағдайымен, алдағы жұмыс жоспарымен, оларды орындау бойынша іс-шаралармен станция кезекшісі (бұдан әрі – СК) арқылы танысу; ауысым өткізушіден жұмыс орнындағы құралдардың, сигналдық құралдардың және жолды бұру бекетінің қасында орналасқан стеллаждағы тежегіш башмақтардың дұрыстығын және қолда болуын тексеріп қабылдап алу, ауысым өткізушіден ДУ-67 нысанды «Тежегіш башмақтарды есепке алу журналындағы» жазбаны «Ауысымды қабылдау, өткізу журналымен» салыстыру; кезекшілікті қабылдау нәтижелері және жұмысқа әзірлігі туралы станция кезекшісіне баяндау.
|
1-2) Бекеттегі барлық жолды стрелка ажыратпаларын қарап тексеру. Станция жоддарында тұрған барлық пойыздар мен вагондардың шектік бағандардан асып тұрмауына, өзара байланыстырылғанына, жүріп кетуден тежегіш башмақтармен қорғалғанына көз жеткізу.
|
1-3) Жолды бұру бекетінің аға кезекшісінен немесе кезекшісінен станция кезекшісінің пойыздарды қабылдау, жөнелту, маневрлік жұмыстарды орындауға қатысты нұсқаулары туралы ақпарат алу
|
2
|
Жылжымалы құрам, темір жолдардың ТРА станцияларында белгіленген шекаралары
|
Пойыздарды қабылдау, жөнелту бойынша жұмыстарға және бекітілген стрелка ажыратпасы бекеттерінде маневрлік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-саймандар. Шам, ысқырық, жалауша, дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, телефондық байланыс құралдары, тежегіш башмақтар
|
2-1) стрелканы қажетті бағытқа бұру арқылы пойыздарды қабылдау, жөнелту бағытын немесе маневрлік жұмыстарды жүргізу бағытын дәл әрі уақытында дайындау, бағыттың әзірлігі туралы станция кезекшісіне баяндау
|
2-2) Келуші немесе жөнелтілетін пойыз өткен кезде жолды бұру бекетінің аға кезекшісі және кезекшісі жылжымалы құрамның жай-күйіне, ашық жылжымалы құрамдағы жүктің дұрыс орналасуына, көзделген сигналдардың болуына және қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін басқа да жағдайларға көңіл бөлуі тиіс; анықталған кемшіліктер туралы дереу станция кезекшісіне хабарлауы, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда пойызды тоқтату шарасын қолдануы тиіс.
|
2-3) Пойызды станцияға тоқтатпай басты жолмен өткізген кезде жолды бұру бекетінің кезекшісі пойызды тәуліктің күндізгі уақытында оралған сары жалаушамен, ал түнгі уақытында – қол шамының түссіз ақ жарығымен белгі береді, пойызды бүйір жолмен тоқтатпай өткізгенде немесе пойызды станцияға тоқтатып бүйір жолға қабылдаған кезде тәуліктің күндізгі уақытында – ашылған сары жалаушамен, түнгі уақытта – сары жарығы бар қол шамымен белгі береді. Станциядан жөнелтілетін пойыздарды жолды бұру бекетінің аға кезекшісі мен кезекшісі барлық жағдайда: тәуліктің күндізгі уақытында оралған сары жалаушамен, ал түнгі уақытында – қол шамның түссіз ақ жарығымен шығарып салады.
|
3
|
Бекетке бекітілген стрелка ажыратпасы
|
Стрелка ажыратуларын ұстауға арналған қажетті құралдар.
|
3-1) жолды бұру бекетінің стрелкаларын таза ұстау, босаған бұрандаларды бекітіп бұрау, үлкен шегелерін қағу, стрелка ажыратпасынан қар, мұз, топырақ, құм мен қоқысты уақытында тазартып отыру, барлық үйкелетін бөліктерін мұқият майлау және әсіресе, тұйықтардың астындағы стрелка жастықшаларын мұқият майлау керек.
|
3-2) Стрелка ажыратпасына қызмет және күтім жасау үшін қажетті аспаптар мен материалдарды дұрыс күйде және белгіленген мөлшерде (тізімдемеге сай) ұстау
|
3-3) ауысым қабылдаушыға дұрыс құралдарды, сигналдық жарақтарды және тежегіш башмақтарды тапсыру; кезекшілікті тапсыру нәтижесі туралы станция кезекшісіе баяндау.
| 5 Кесте. СБШ 2-деңгейі жолды бұру бекеті кезекшісінің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндет
шифры
|
Жеке және кәсіптік құзыреттері
|
Дағдылары мен біліктері
|
Білімі
|
1-1)
1-2)
1-3)
|
Темір жол станциясының бекітілген бекеті шегіндегі пойыздарды қабылдау, жөнелту және маневрлік жұмыстарға арналған бағыттарды әзірлеу үшін жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет
|
Сигналдық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, құжаттамамен жұмыс істеу, стрелка ажыратпасы механизмдерімен жұмыс істеу, жолды бұру бекетінің аға кезекшісінің, кей жағдайларда станция кезекшісінің нұсқауларын орындау.
|
Техникалық пайдалану ережесі, темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелері, жолды бұру бекеті кезекшісінің лауазымдық нұсқаулығы, тежегіш башмақтарды есепке алу, беру, сақтау тәртібі туралы нұсқаулық
|
2-1)
2-2)
2-3)
|
Темір жол станциясының бекітілген бекеті шегіндегі пойыздарды қабылдау, жөнелту және маневрлік жұмыстарға арналған бағыттарды әзірлеу үшін жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет
|
Орталықтандырылмаған стрелканы ажырату, станцияда пойыздарды қабылдау, жөнелту бағытын дайындау, маневрлік жұмыстарды орындау, жылжымалы құрамды тежегіш башмақтармен бекіту, сигналдық құралдармен жұмыс істеу, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережесі
|
Стрелка ажыратпасының механизмдері, жолды бұру бекеті кезекшісінің нұсқаулығы, станцияның техникалық-басқарушы актісі, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелері, тежегіш башмақтарды және вагондарды бекітуге арналған құрылғыларды есепке алу, беру, сақтау тәртібі туралы нұсқаулық , Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, пойыздарды қабылдау, жөнелту бағыттарын дайындау, маневрлік жұмыстарды орындау кезінде орталықтандырылмаған стрелкаларды ажырату және жабу ережесі, пойыздарды өткізу және маневрлік жұмыстарды орындау, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережелері.
|
3-1)
3-2)
3-3)
|
Бекетке бекітілген стрелка ажыратпаларын дұрыс күйде ұстау үшін жауапкершілікті болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет
|
Стрелка ажыратпалары механизмдерімен жұмыс істеу, сигналдық құралдармен жұмыс істеу.
|
Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережелері, стрелка ажыратпаларының механизмдері, жолды бұру бекеті кезекшісінің лауазымдық нұсқаулығы .
|
4. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері
5. Кәсіби стандартты әзірлеушілер
PRC «Career-Holdings»
6. Келісу парағы
Ұйым атауы
|
Келісілген күні
| Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің техникалық және кәсіптік білімді және кадрлар даярлауды дамыту бойынша салалық кеңес | |
7. Кәсіптік стандарттың сараптамасы және тіркелуі
Осы кәсіптік стандарт ____________________ бекітілді және тіркелді.
Кәсіптік стандарттар тізіліміне енгізілді. Тіркеу № ___________
Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________
Достарыңызбен бөлісу: |