Теміртау қаласының 2013-2017 жылдарға арналғАН



бет2/2
Дата09.06.2016
өлшемі399.5 Kb.
#124412
1   2

Іске асырылатын Қазақстанның жедел индустриялық-инновациялық дамуының 2011-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ЖИИДМБ) 7 инвестициялық жобасы Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген 35-тен астам индустриялық жобаны іске асыру арқылы өнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға мүмкіндік береді.


Шағын және орта бизнес саласында экономикалық белсенділікті арттыруға нақты сектор кәсіпорындарын сауықтыру және олардың «Бизнестің жол картасы- 2020», «Өндірімділік 2020» және «Экспорт 2020» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын қызметін ынталандыру шаралары ықпал етеді.

2013-2015 жылдарға арналған теміртау моноқаласын дамыту кешенді жоспарының «Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту» атты екінші бағыты шеңберінде келесі іс-шаралар көзделді:



1. Қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру:

1. жоба. «Қарцемент» АҚ 115 тұрақты жұмыс орнын аша отырып, Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5 технологиялық желілерді іске қосу.

2. жоба. «Simplex Mash» ЖШС 700 тұрақты жұмыс орнын аша отырып, вагондар мен арбалар жасау.

2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.

- «Теміртау электромеханикалық комбинаты» ЖШС ферромарганец пен ферроселикомарганец алуға арналған ферроқорыту пешін салу;

- «Практика Т» ЖШС электроэрозиялық жабдықта мөртабандар мен тығыздау қалыптарын жасау зауытын салу;

- «Bassel Group LLS» ЖШС КарГРЭС-1 қосалқы жабдығымен қуаты 50 МВт болатын К-68-8 конденсациялық турбинасын орнату.



3. Қала құраушы кәсіпорындардың Теміртау қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.

Қала құраушы кәсіпорындардың Теміртау қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы шеңберінде «АрселорМиттал Темітау» АҚ маңына жаңа қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру жұмысы жүргізілуде.



4. Шағын және орта бизнесті дамыту:

1) жаңа өндірістер құруға 1,5-тен 3,0 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру;

2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шараларын көрсету: өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

3) "АрселорМиттал Теміртау» АҚ қала құраушы кәсіпорнымен шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаны іске асыру: шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру (мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ);

4) қызметін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету үшін қалада микрокредиттік, донорлық және ірі компанияларды тарта отырып, бизнес-инкубаторлар құру және олардың жұмыс істеуі («АрселорМиттал Теміртау»);

5) қалада Кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру және жұмыс істеуі.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасау әкімшілік кедергілерді азайтуды; инфрақұрылым мен ақпараттық қамтамасыз етудің одан әрі дамуын; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Жалпы кәсіпкерлерді кредиттерді субсидиялау арқылы қолдау көмірді байыту фабрикасы салуды, тоқыма емес материалдарды өндіруге, вагондар мен арбалар жасауға, моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдарды өндіруді, алкогольсіз сусындарды өндіру және бөліп құюды, Теміртау қаласының автопаркін жаңартуды және т.б. жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Тау-кен өнеркәсібінде өндірісті әртараптандыру

Тау-кен өнеркәсібі саясатының басты мақсаты шикізітты ел ішінже жоғары деңгейде өңдеу, базалық металдарға шығу және өнеркәсіптің машина жасау, құрылыс индустрия сияқты және т.б. басқа салаларын қамтамасыз ететін жоғары деңгейдегі өнімдерді өндіру болып табылады.

Алға қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасында тау-кен саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде келесі шаралар арқылы жүзеге асырылады:

- шағын және орта бизнестi тарта отырып, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру, қосылған құны жоғары терең қайта өңдеу өнiмдерiнiң үлесiн ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;

- ресурсты және энергияны қажетсiнудi төмендету мақсатында саланың жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарын жаңғырту және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу;

- шикiзатты алу және кешендi қайта өңдеу, өнiмнiң жаңа түрлерiн әзiрлеу бойынша инновацияларды дамыту және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетiн белсендi түрде инновациялық үдерiстерге тарту;

- салалық жобаларды қажеттi иңфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

- минералдық шикiзат базасын кеңейту және қалпына келуін қамтамасыз ету.

- саланы бiлiктi еңбек ресурстарымен, оның iшiнде орта техникалық буынмен қамтамасыз ету;

- ішкi нарыққа шикiзатты және металлургия өнiмдерiн жылжытуға жәрдемдесу;

- сала кәсiпорындарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын төмендету.
Құнсыздану деңгейін тежеу

Құнсызданудың өсуіне жол бермеу және оны жоспарланған 6,0-8,0% коридорында ұстап тұру үшін ішкі рыноктағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру жалғасатын болады.

Азық-түлік рыногында бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету азық-түлік рыногын рыноктық тетіктерді қолдана отырып реттеу жөніндегі кешенді шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ол азық-түлік тауарларының, көкөністердің тұрақтандыру қорларын құруды, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын салуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды көздейді.

Рыноктағы мұнай өнімдеріне, азық-түлік тауарларына бөлшек баға жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізілетін болады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.

Әлеуметтік-елеулі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және құнсыздану үдерістерін тежеу жұмысы жалғасады, ол шаралардың бірі азық-түлік тауарлары бағасының болжамды коридорын анықтау және әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бөлшек бағалардың шекті мәнін және бөлшек бағалардың барынша мүмкiн өлшемiн белгілеу жолымен болжамдау болып табылады.

Бұл шараларды іске асыру құнсыздану деңгейін жоспарланған деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.


Қазақстандық мазмұн

Мемлекеттің қазақстандық мазмұн саясатын және оның өсуіне ықпал ету әдістерін жетілдіру саласындағы қызметі төмендегілерге бағытталатын болады:

- жоғары сапалы бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілерін ішкі рынокта сервистік қолдау;

- кәсіпкерлердің сұраныстағы тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында «Қазақстандық мазмұн» интернет-ресурс» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және одан әрі дамыту;

- отандық өндірушілер мен әлеуетті тапсырыс берушілердің қатысуымен өткізілетін көрмелердің, форумдардың, кеңестердің, кездесулердің, дөңгелек үстелдердің тиімділігін арттыру, оқыту және ағарту сипатындағы анықтамалық әдебиет пен брошюраларды басып шығару.
Бизнес климатты жақсарту

Ішкі сұранысты дамыту және шағын және орта бизнесті дамытуды сыртқы сұраныстың қысқаруы жағдайында қолдау үшін лицензиялық-рұқсат беру жүйесін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру арқылы бизнес-климатты жақсарту жұмысы жалғасатын болады. Қазіргі уақытта рұқсат беруші құжаттарды (рәсімдерді) тағы 30%-ға қосымша қысқартуды көздейтін заң жобасы әзірленді. Заң жобасымен келесілер көзделеді:

- азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін, сондай-ақ ақпараттық сипаттағы рұқсат беру құжаттары үшін бірыңғай хабарлау тәртібін енгізу;

- шағын бизнес субъектілеріне тіркелген сәттен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексеру жүргізуге тыйым салу;

- бизнестің толық еркіндігінің «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат» қағидатын заңды бекіту;

- мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес олардың құзыретіне кірмейтін функцияларды орындауына тыйым салу;

- бизнес қауымдастықты тарта отырып жүргізілген заңнама аудиті нәтижесінде анықталған қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайту;

- субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлік санаттарына жатқызу критерийлерін қайта қарау.

Бұдан әрі рұқсат беру заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілетін, рұқсат беру тізбесі қауіптілік дәрежесіне қарай топтастырыла және оларды беру рәсімдеріне бірыңғай талаптар белгілене отырып Бірыңғай Заңда белгіленетін болады.
Коммуникациялық инфрақұрылым

Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартудың мақсаты халықтың жоғары өмір сүру деңгейін, олардың қанағаттанушылығын, сондай-ақ қызметтерді алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелердің оларды көрсету стандарттарына көшуі жалғасады. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарында бекітілген сапа нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы жақсарту жұмысы жүйелі түрде жүргізілетін болады.

3. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған мақсатты индикаторлары және болжамы
Өнеркәсіп өнімі көлемінің өсу қарқынының артуы 2012-2017 жылдарда 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2013 жылғы 116,3%-дан 2017 жылғы 131,2%-ға дейін болжамданып отыр.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне өңдеу секторында жаңа өндірістердің енгізілуі мен қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен өндіріс көлемінің артуы ықпал ететін болады.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсу қарқыны 2012 жылғы деңгейге 2013 жылы 7%-ға және 2017 жылы 22,5%-дейін өседі.

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндірудің өсуі 2012 жылғы деңгейге 2013 жылғы 17,8%-дан 2017 жылғы 33%-ға дейін болжамдануда.

Электр өндіру, бу, газ беру және ауаны кондициялаудың өсуі 2012 жылғы деңгейге 2013 жылғы 101,8%-дан 2017 жылғы 104,3 %-ға дейін жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013-2017 жж. 2013 жылғы 1273,3 млн. теңгеден 2017 жылғы 1473,8 млн. теңгеге дейін немесе 2012 жылғы деңгейге қарағанда 18,9%-ға ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің өсуі 2013-2017 жж. орташа 0,3%-ды құрайды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылы 86,9 млрд.теңгені немесе 2012 жылға 110%-ды құрайды, 2017 жылға қарай 127,3 млрд.теңгені немесе 2012 жылы күтіліп отырған деңгейге 177%-ды құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2017 жылы 5600 бірл. құрайды немесе 2012 жылы күтіліп отырған деңгейге өсім 2,4%.

Шағын және орта бизнеске қамтылғандар саны 2017 жылға 24,6 мың адамды құрайды немесе 2012 жылы күтіліп отырған деңгейге өсім 9,3%.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіретін өнімнің (жұмыстар, қызметтер) жоспарланған көлемі 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 1,8 есе артады және 45,9 млрд. теңгені, 2017 жылы –49,7 млрд. теңгені құрайды, 2012 жылға өсім – 8,2 %.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 2013 жылы –– 28,7 мың ш. метр, 2014 жылы –31 мың ш метр, 2015 жылы –31 мың ш. метр, 2016 жылы – 31,5 мың ш. метр, 2017 жылы – 33,1 мың ш. метр тұрғын үй енгізу жоспарлануда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі жұмыстар болжамдануда:

- 20,3 мың жұмыссызды жұмысқа орналастыру ( 2013 ж. - 3,9 мың адам, 2014 ж. - 4,1 мың адам, 2015 ж. - 4,1 мың адам, 2016 г. - 4,1 мың адам, 2017 ж. - 4,1 мың адам);

- 6,5 мың жұмыссызды қоғамдық жұмыстарға жіберу, оның ішінде: 2013 ж. – 0,8 мың адам, 2014 ж. –0,8 мың адам, 2015 ж. –0,7 мың адам, 2016 ж. - 0,7 мың адам, 2017 ж. - 0,7 мың адам.

- жұмыспен қамту қызметі арқылы 1,2 мың жұмыссызды, күн сайын 250 адамнан қайта оқыту.

Денсаулық сақтауда:

- халықтың өмір сүру ұзақтығының күтілетін ұлғаюы 2017 жылға 68,2 жасқа дейін (2013 ж. – 65,6; 2014ж. – 67; 2015ж. – 67,8; 2016ж. – 68; 2017ж. – 68,2);

- жалпы өлімнің төмендеуі 2017 жылға 11,8 -ге дейін (2013ж. – 12,9; 2014ж. – 12,8; 2015ж. – 12,5; 2016ж. – 12; 2017ж. – 11,8);

- ана өлімін 2017 жылға нөлдік белгіде ұстап тұру;

Білім беру саласында 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбиемен мектепке дейінгі жастағы балаларды 99 пайыз қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қала бойынша мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл - мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі шеңберіндегі балабақшалар салу, жаңа шағын орталықтар ашу және қолданыстағыларын кеңейту, мақсатына сай пайдаланылмай отырған балабақша ғимараттарын босату және қалпына келтіру, жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

2014-2015 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі шеңберінде 4 балабақшаны (1230 орындық) пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. 2017 жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жалпы саны 5,6 мың адамды қамти отырып, 25 бірлікті құрайды.

2015 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады.

Жоғары және бірінші санатты жоғары біліктіліктегі педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2017 жылы 43,2 %-ды құрайды (2012ж. – 41,1 %).

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2013-2017 жылдарға арналған болжамы 1-қосымшада көрсетілген.



4. Теміртау қаласының бюджеттік параметрлерінің болжамы
4.1 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

Орта мерзімдік кезеңдегі салық-бюджет саясаты мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Әрі қарайғы экономикалық өсу жағдайы салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Салық саясаты шеңберінде 2013-2015 жылдары мемлекеттің кірістерді бөлу бойынша сенімді құралы ретінде салықтардың әлеуметтік маңызды, ынталандырушы және фискалдық функциялары нығайтылады.

Осыған байланысты ортамерзімдік кезеңде салық саясатының шаралары келесілерге:



  • қолайлы инвестициялық климат жасауға, ішкі және сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;

  • бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;

  • мемлекеттік функциялар мен міндеттемелерді толық көлемде қаржылық қамтамасыз етуге бағытталады.

Шығыстар саясаты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында ең жоғары тікелей нәтижеге жету қажеттілігіне орай бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін ескере отырып қарастырылған бюджетті әзірлеу және атқару арқылы мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Бюджет саясаты экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімдік кезеңде келесілерге:

- халықтың әл-ауқатын арттыруға;

- экономиканы жаңғырту және әртараптандыруға;

- мемлекет тарабынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталады.

Және экономиканың дамуын ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянсыз жүзеге асырылады.

Алдағы орта мерзімдік кезеңде бюджет саясаты экономикаға оң әсер ететін оңтайлы шаралар мен бюджет қаражаттары көлемін белгілеу, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ қадағаланатын салада/аяда/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, соңғы нәтижелерге және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады.

Бюджеттің дағдарыс әсеріне «иммунитетін» арттыру мақсатында «Жаңа бюджеттік ереже» енгізіледі - бұл ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері жақсарған жағдайда жүзеге асырылатын шартты қаржылық шығыстар.
Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген. Бюджетаралық қатынастар Қарағанды облысының экономика және бюджеттік басқармасымен белгіленеді.
4.2 Қала бюджетінің болжамы

2013-2015 жылдарға арналған қала бюджетінің кірістері Салық және Бюджет кодекстерінің ережелерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамды параметрлері базасында белгіленген.

Қалалық бюджет кірістері түсімінің болжамы

мың теңге




Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл













Кірістер (трансферттерді қоспағанда)

9 417 506

9 707 327

10 000 769

Салықтық түсімдер

9 344 800

9 629 833

9  918 160

Салықтық емес түсімдер

20 584

21 724

22 934

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

52 122

55 770

59 675

2013-2015 жылдарға арналған қала бюджеті кірістерінің болжамын жасау кезінде қалалық бюджеттің 2011 жылғы атқарылуы туралы есеп мәліметтері, 2012 жылы күтіліп отырған түсімдерді бағалау ескерілді.

Қалалық бюджеттің кірістері құрамындағы неғұрлым көп үлес салмақты әлеуметтік салық және төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы құрайды, бұлар үшін салық салу базасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің және бюджеттік мекемелердің 2012 жылға арналған жалақы қоры болып табылады.

2013 жылға арналған қалалық бюджет кірістері 2012 жылғы бағалауға қарсы төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша түсімдер қарқыны есебінен 7,4%-ға арта отырып, 9 417 506 мың теңге сомасында белгіленді (2012ж. бағалау – 8 767 394 мың т.).

Жалпы қала бойынша жалақы қоры 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыскерлері жалақысының 10%-ға дейінгі тарифтік жалақы мөлшеріне дейін артуы, басқа кәсіпорындар жұмыскерлері мен шағын және орта бизнес субъектілерінің жалақы қорының өсу қарқыны ескеріле отырып есептелді.

Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжамды өсуі, салалард өндірістің, оның ішінде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістерді енгізуді ескере отырып ұлғаюы ықпал ететін болады.


4.3. Бюджеттің 2013-2015 жылдарға арналған шығыстарының басымдықтары

Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында қойған міндеттерді ескере отырып 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары төмендегілер болады:




  1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуға ықпал ету жолымен халық табысын арттыру үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын толық көлемде іске асыру жалғасады, еңбек ресурстарын оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, ұтқырлығын арттыру шаралары қаржыландырылады.

2013-2015 жылдарға арналған Теміртау моноқаласын дамыту кешенді жоспарының «Теміртау қаласы еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғары әлеуметтік-экономикалық әлеует және экономикалық өсу орталықтары арқылы жоғарылату» атты үшінші бағыты шеңберінде келесі шаралар көзделді:



  • қаланың өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған халқын оқыту және жұмысқа орналастыру;

  • еңбек ресурстарын техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарында кәсіптік дайындау.

  1. Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету

Халықты, бірінші жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту жаңа бағыт алатын болады.

Теміртау моноқаласын дамыту бағдарламасында өзге мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын шаралар қарастырылды:



  • 2012-2020 жылдарға кезектігілерге арналған жалдамалы тұрғын үй салу;

  • 2012-2020 жылдарға жас отбасыларына арналған жалдамалы тұрғын үй салу;

  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

2012 жылы қалалық бюджет есебінен 3 үйді: Тольятти көшесі №44, 46 және Школьная № 55 үйлерін реконструкциялауға және осы үйлерге инженерлік желілерді салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Үйлерді реконструкциялау 2013-2014 жылдарда жүргізіледі.

Аталмыш шаралар халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге және тұрғын үйге мұқтаж кезектегілер санын азайтуға мүмкіндік береді.




  1. Өңірлік дамыту

2012 жылы Теміртау монмоқаласының экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру басталады.

Жыл сайын моноқаланы дамытуға кәсіпкерлікті белсенді дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлінетін болады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының ІV «Теміртау қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту» бағыты шеңберінде келесілерге бағытталған жобаларға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыру көзделді:


  • тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын реконструкциялау және (немесе) салу (су-, жылу-, электр, кәріз):

  • ТЭЦ салуға ТЭН, ЖСҚ әзірлеу;

  • жылу көтергіш сорап стансыларын салу;

  • нөсерлік кәрізді реконструкциялау;

  • автомобиль жолдары мен кварталішілік жолдарды салу;

  • қаланы жайластырудың келесі жұмыс түрлері бойынша бірінші кезектегі мәселелерін шешу:

  • жолдарды орташа жөндеу, су құбырлары желілерін жөндеу, сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру, тіркелмеген қоқыс үйінділерін жою, қала аумағын көгалдандыру;

  • білім беру объектілерін күрделі жөндеу;

  • 4 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу: №1, 2 емханалар, туберкулезге қарсы шипажай, перзентхана.



4.Адам капиталының сапалы өсуі

Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші кезекте Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасының ісшараларын қаржыландыру жүзеге асырылады.

Денсаулық саласында басымдықтардың бірі Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру болады. Бағдарлама шеңберінде медициналық көмекті көрсетудің барлық кезеңдерінде халықтың онкологиялық сақтығын арттыратын, ерте және қазіргі диагностика, емдеудің жаңа тиімді әдістері кіретін жүйелі іс-шаралар қабылданады.

Әлеуметтік сала объектілерін әрі қарай нығайту жалғасады:мектептердің компьютерлік паркін жаңарту, химия, физика, биология, мультимедиялық кабинеттер және жоғары технологиялық жабдық сатып алу, мектеп жиһазын жаңарту және балабақшаларды материалдық-техникалық жабдықтау.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық санын ұлғайту мақсатында спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қаражат бөлінеді.
5.Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.

Аталмыш бағыт шеңберінде тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру басым болады.

2013-2015 жылдарға арналған Теміртау моноқаласын дамыту кешенді жоспарының төртінші бағыты бойынша, өзге мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде келесі шаралар жоспарлануда:


  • Сәтпаев атындағы каналдан қалаға дейін су тартқысы мен тазарту имараттары бар ұзындығы 39,5 км су құбырларын салу;

  • қаланың су құбырлары желілерін реконструкциялау, 30 км;

  • Соцқаланың шаруашылық-фекалдық канализациясын реконструкциялау және салу;

  • №2, 3 фекалдық сорап стансыларын реконструкциялау.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын оларды ұсынуды бұдан әрі электрондық форматқа көшіру жолымен арттыру жөніндегі шаралар қаржыландырылады.
6. Индустриялық-инновациялық дамыту

2012-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандыру мен жаңғыртудың басты құралы болып қалады.

Бағдарлама шеңберінде 133554,0 млн. теңге сомасына «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ дамыту және жаңғырту» ірі инвестициялық жобасын іске асыру жалғасады.

Сонымен қатар, Жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағдарламалардың, оның ішінде «Өндірімділік 2020», «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламаларының, салалық бағдарламалардың ісшаралары, экономиканы энергетика, көлік және газ инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақтар құруды қоса алғандағы шаралар басым түрде қаржыландырылатын болады.


7. Бюджет шығыстарының маңызды басымдықтарының бірі мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің толық көлемде орындалуы болып табылады.

Жергілікті бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттарына білім беру, дене шынықтыру, сумен қамтамасыз ету, газдандыру, табиғат қорғау шаралары, тұрғын үй, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт нысандарын салу саласындағы жобалар жатқызылды.

Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайту шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын іске асыру басым болады.

2013-2015 жылдарға арналған Теміртау моноқаласын дамыту кешенді жоспарының төртінші бағыты бойынша, өзге мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен авариялар, апаттар мен зілзалаларға қарсы инфрақұрылымды дамытуға келесі шаралар жоспарлануда:

- Теміртау қаласында 6 шығарылымға арналған және Ақтау кентінде 2 шығарылымға арналған өрт депосын салу;

- 3 шығарылымға арналған арнайы техника үшін гараж боксын және судан құтқару стансысы үшін 2 эллинг салу;

- № 22 мамандандырылған бөлімнің өрт депосын және судан құтқару стансысын күрделі жөндеу.
4.4. Бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялардың) негізгі басымдықтары
Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес алдағы ортамерзімдік кезеңге жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу өңірдің экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын артыруға қатысты мәселелерді шешудің маңыздылығы талаптарына жауап бере алатын басымдықтар бойынша жүзеге асырылады.

Орта мерзімдік перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының шешуші бағыттары төмендегілер болады:




  1. Әлеуметтік саланы жаңғырту

Теміртау моноқаласын дамыту кешенді жоспарының төртінші бағытының өзге мемлекеттік және салалық бағдарламалары шеңберінде 2015 жылы № 22 мектепті шағын орталық ретінде реконструкциялау жоспарлануда.

2014-2015 жылдарда мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі шеңберінде 1230 орынға арналған 4 балабақша салу жоспарлануда.

Нәтижесінде балалрды мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қамту 99%-ға жетеді.

2013-2015 жылдарда білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмысы жалғасын табады, оның ішінде: мектептердің компьютерлік паркін жаңарту, мектеп жиһазын жаңарту, жоғары технологиялық жабдық, физика, химия, биология, мултимедиялық кабинеттер үшін оқу жабдығын және т.б. сатып алу.

Сонымен қатар, моноқала бағдарламасы бойынша балабақшаларды, мектептерді және денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымды жөндеу жоспарланып отыр.


  1. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, тұрғын үй құрылысын жаңғырту жолымен қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамыту.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде бірінші кезекте «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау, «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламалары бойынша жобалар іске асырылады.

Сонымен қатар, 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалдамалы тұрғын үй салу арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.


Теміртау қаласының

2013-2017 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму



болжамына 1-қосымша

Теміртау қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің 2013-2017 жылдарға арналған болжамы


Көрсеткіштер

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017

жыл

бағалау

болжам

Нақты сектор көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, өткен жылға %

95,3

116,3

106,0

106,3

107

107

Тау-кен өнеркәсібі өнімінің көлемі және карьерлерді әзірлеу, өткен жылға %

104,1

106,9

106,9

107,0

107

107

Көмір және лигнитті қазуда НКИ, өткен жылға %

101

110,6

104,8

104,3

105

105

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі, өткен жылға %

94

117,8

106,0

106,4

106,5

106,5

Тамақ өнімдерінің НКИ, өткен жылға %

102

103,0

104,0

105,0

107,0

107,1

Сусындар өндірісінің НКИ, өткен жылға %

100,3

100,4

100,5

100,6

100,7

100,8

Тоқыма бұйымдары өндірісінің НКИ, өткен жылға %

101,0

102,0

102,5

103,0

103,1

103,2

Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің НКИ, өткен жылға %

95,0

104,0

104,5

104,5

104,5

104,6

Химия өнеркәсібі өнімдері өндірісінің НКИ, өткен жылға %

100,2

100,5

100,6

100,7

101,0

101,5

Металл емес басқа минералдық өнімдер өндірісінің НКИ, өткен жылға %

106,0

106,5

106,8

107,0

107,1

107,2

Металлургия өнеркәсібі өнімдері өндірісінің НКИ, өткен жылға %

94,6

116,5

107,0

107,5

108,0

108,1

Қара металлургия өнімдері өндірісінің НКИ, өткен жылға %

94,6

116,5

107,0

107,5

108,0

108,1

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын метал бұйымдары өндірісінің НКИ, өткен жылға %

100,1

100,2

100,3

100,4

100,5

100,6

Электрмен жабдықтау, газ бен буды беру, ауаны кондиционерлеу, өткен жылға %

105,8

101,8

101,3

101,2

101,2

101,2

Электр энергиясын беру және бөлу өндірісінің НКИ, өткен жылға %

103

102

101

100

100,2

100,2

Ауыл шаруашылығы



















Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, өткен жылға %

100,5

102,8

103,1

103,5

103,9

104,4

Өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ, өткен жылға %

100,1

100,2

100,5

101

103,9

104,4

Мал шаруашылығы өнімінің НКИ, өткен жылға %

100

100,5

101

101,5

103,9

104,4

Құрылыс



















Құрылыс жұмыстарының НКИ, өткен жылға %

110

101,5

101,8

101,9

102,0

102,2

Көлік



















Көлік қызметін көрсету және жинақтау, өткен жылға %

106,9

107,0

107,1

107,1

107,1

107,1

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау

690

738

790

845

904

967

Жүк айналымы, млн.тонна-км

41155

44036

47118

50416

53945

57721

Байланыс



















Ақпарат және байланыс қызметтерінің НКИ, өткен жылға %

102,5

103

103

103

103

103

Сауда



















Бөлшек тауар айналымының НКИ, өткен жылға %

113,8

114,1

114,3

114,5

114,7

115

Көтерме тауар айналымының НКИ, өткен жылға %

103

104,6

105

109

114,4

114,4

Әлеуметтік сала көрсеткіштері

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

2011 жылдың 1 тоқсанынан бастап еңбек рыногы көрсеткіштері облыс деңгейінде есептеледі

Жұмысқа қамтылғандар саны, мың адам

оның ішінде жалдамалы жұмысшылар, мың адам

Жұмыссыздар саны, мың адам

Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халыққа %

Кадрларға барлық қажеттілік, мың адам

822

840

460

490

650

800

о.і. ЖИИДМБ шеңберіндегі қажеттілік, мың адам

670

630

155

170

200

300

Ең төмен жалақы мөлшері, теңге

17439

18660

19966

21364

22859

24459

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

98713

106610

115139

125501

139796

150476

Нақты жалақы индексі, өткен жылға, %

101,3

108

108

109

111,4

108

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

1618

1731

1852

1982

2121

2269

Зейнеткерлер саны, мың адам

25397

25552

25707

25862

26017

26172

Базалық зейнетақы төлемі мөлшері, теңге

8720

9330

9983

8904

10682

11430

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

17491

18715

20025

21427

22927

24532

Күнкөріс мөлшері, теңге

17439

18660

19966

21364

22859

24459

Табысы күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесі, %

0,1

0,09

0,08

0,08

0,07

0,07

Орта техникалық білімі бар кадрларды шығару, адам

933

1041

1064

1018

1089

1070

Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды шығару, адам

374

470

363

429

466

480

Теміртау қаласының

2013-2017 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму



болжамына 2-қосымша


Теміртау қаласының 2013 – 2015 жылдарға арналған

бюджеттік параметрлерінің болжамы

Көрсеткіштердің атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

бағалау

болжам

Түсімдер













ЖӨӨ % есебімен













Кірістер

8 057 932

9 417 506

8 921 534

9 493 418

ЖӨӨ % есебімен













Салықтық түсімдер

7 933 222

9 285 182

8 780 263

9 342 574

Салықтық емес түсімдер

22 203

22 641

23 910

25 268

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

102 507

109 683

117 361

125 576

Трансферттер түсімдері

1 120 960










Ұлттық қордан түсетін кепілдік берілген трансферт













Бюджеттік кредиттерді өтеу













Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

3 852

4 122

4 410

4 719

Шығыстар

10 118 018

9 417 506

9 707 327

10 000 769

ЖӨӨ % есебімен













өткен жылға % есебімен













Тапшылық













ЖӨӨ % есебімен













Мұнай емес тапшылық













ЖІӨ % есебімен



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет