Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет10/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Биохимиялық процестердің жүйелік ұйымдастыру заңы немесе Берталонфи заңы
2. Жүйелік және регуляторлық факторлар
3. Ақпараттың тасымалдануы
Тест тапсырмалары
1. Негізінен дайын органикалық заттармен қоректенетін және өз денесінің құрамын бейорганикалық заттардан түзе алмайтын организмдер
А) Автотрофты организмдер
В) &Гетеротрофты организмдер
С) Фотосинтездеуші жасушалар
D) Ядросыз тірі заттар
Е) Жасушалар
2. Қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде органикалық зат түзетін организмдер
А) &Автотрофты организмдер
В) Гетеротрофты организмдер
С) Фотосинтездеуші жасушалар
D) Ядросыз тірі заттар
Е) Жасушалар
3 Ақуыздық заттың тіршілік ету тәсілі, оның тіршілік етуінің ең маңызды кезеңі, сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасу үдерісі
А)& Тіршілік
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) Даму
Е) Көбею
4. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы
А) Ассимиляция
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) &Анаболизм
Е) Катаболизм
5. Биохимиялык процестердің жүйелік ұйымдастыру заңы
А) Морган -Эфрусси заңы
В) Вернадскийдің бірінші заңы
С) & Берталонфи заңы
D) Дарвин заңы
Е) Сент - Илер заңы

1

№ 10
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жүйелік және регуляторлық факторлар
2. Ақпараттың тасымалдануы
3. Ақуыз синтезі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жүйелік және регуляторлық факторлар ағзаның тіршілік әрекетін және дамуын анықтайды. Осыған байланысты генетикалық (ішкі) және экологиялық (сыртқы) информация түрінде айқындауға болады. Олар ағзаның биологиялық информациясының жиынтығын құрайды.
Генетикалық және биохимиялық зерттеулердің негізінде биологиялық информациялардын негізгі заттары анықталады. Оларды информатид және семонтид деп айтамыз. Оларға жоғары спецификалық полимерлер, заттар жатады. Олардың алғашқы құрылымында информация сақталған, олар ағзаның қасиетін және белгісін анықтайды. Информадтидтар нуклеин қышқылдары мен белоққа жатады. 
Информадияның тасымалдануы ДНК-дан ДНК-ға (репликация), ДНК-дан РНК-ға (транскрипция), РНК-дан ДНК-ға (кері транскрипция), РНК-дан ақуыздарға (трансляция) жолдарымен берілуі мүмкін.
Ақуыздарды синтездеу барысында гендік информация информациялық РНҚ-ның төрт әріпті тілінен ақуыздардың 20 әріптік тіліне аударылады. Рибосомаларда қамтамасыз етілетін бұл процесті трансляция деп атайды.
Ақуыз молекулаларын синтездеуге РНҚ-ның үш типі де информациялық немесе матрицалық, РНҚ (иРНҚ) тасымалдаушы, немесе ерігіш, РНК (тРНК) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ) қатысады.
Экологиялық информация белок инфармотидтерге адекваттык әсер етеді. Мұндай жағдайда адаптивтік ферменттердің және антиденелердің қалыптасуы жүреді. Жануарлардың көптеген түрлерінде информация жүйке жүйесі арқылы да қабылданады. Мұндай жағдайда информацияны алып жүрушілер нейрондар болып табылады.
ДНК құрылымында спонтанды өзгерістер мутациялардың пайда болуы сыртқы әсерлердің жағдайларына байланысты. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады немесе летальды зардаптарға әсер етеді.
Биологиялық популяцияларда әртүрлі мутациялардың резервтерінің қоры бар. Бірақ олар рецессивті түрде.
Теориялық биологияда ағылшын ғалымы Конрод Хэл Уоддингтоң информация туралы түсінікті өзгерту керек деп есептеді. Биологиялық информация - тұқымқуалаушылықтың қасиеті. Ағзаның дамуы генетикалық информацияны құрайды. Ол ДНК құрылымында кодталған.
Тұқымқуалаушылықтың дискреттік қасиетінің негізі – тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының және табиғатының ашылуына байланысты құрылды. Бұл бағытта ағылшындық биолог-ғалым Томос Хант Морган (1866-1945) және оның мектебі көптеген ізденістер жүргізіп, белсенді жұмыс атқарды.
Биохимиялық процестерге генетикалық бақылау жасағаң Борис Эфрусси болды. Оның жұмыстарының мысалдарынаң геннің морфологиялық белгілерін анықтауға болады. Оның еңбектері генетика мен биологияның жеке дамуына үлес қосып, біраз жетістіктерге алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет